» Материалы за Желтоқсан 2018 жылы

БАЛЫҚШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА: СУ АЙДЫНДАРЫ ҚАУІПТІ!

БАЛЫҚШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА: СУ АЙДЫНДАРЫ ҚАУІПТІ!

Аязды күндер басталысымен облыстың су айдындары, аса қауіпті аймаққа айналады. Төтенше жағдайлар тудыруы мүмкін алғашқы мұз қату басталады, мұз адам салмағын көтеретіндей болып көрінеді. Алайда, бұл алдамшы. Осы кезде мұз бетіне шығу, оның үстіне балалар ойындарын ұйымдастыру - өзін-өзі ажал аузына апарумен тең.

Әрине, қыс кезінде негізгі «тәуекел тобына» жататын әрбір балықшының жанында болуы тиіс жеке құтқару құралдары жайлы айтпай кету мүмкін емес. Бір адамның дене салмағының қалыңдығы 7 см. жеткен мұз шыдай алады, ал бірнеше адамды көтеру үшін мұздың қалыңдығы 15 см. болуы қажет. Дәстүр бойынша әсіресе, қамысты не балдырлы сондай-ақ, бұлақтың құйылысы бар немесе түбінен қайнар ағып жатқан жерлердегі, жағаға жақын жердегі мұз жұқа болады. Сөзсіз, мұндай жерлерден қауіптену керек!

Мұз бекігеннен кейін де қырағылықты жоғалтпау қажет, мұз үстінде болған кезде міндетті түрде қауіпсіздік ережелерін сақтау маңызды. Мұңда шетел тәжірибесіне жүгінсек артық болмас. Мәселен, Швецияда өзін сыйлайтын балықшы «өзін-өзі құтқару құралдарынсыз» мұзға шықпайды. Бұл құрал екі жағынан металл біліктерімен қол-ұстаулары бар киімге бекітілген мықты арқаннан тұрады. Жалпы алғанда, мұз астына кеткен адамға көмек көрсету үшін, әр балықшыда ұзындығы 12-15 метрден кем емес, мықты арқан болуы қажет. Балықшының өзімен бірге су бетінде адамды көтеріп тұра алатын бір тілім тығыз пенопласт болса, артықтық етпейді.

Бақытсыз жағдай бола қалса, не істеу керек?

Зардап шегуші жылымға жармаса, су бетінде ұсталынып тұруы тиіс және мұз бетіне шығуға тырысуы қажет, ал маңындағылар - дереу көмекке келу керек. Қол астындағы кез-келген қолайлы құралдардың – ұзын бөкебай, таяқ немесе жіптің көмегімен адамды тез арада жағаға шығару керек, өйтпегенде, су болған киімдері оны су түбіне қарай тартады. Құтқарылған адамды - тез арада жылытып, оған алғашқы медициналық көмек көрсету керек.

Су айдынының мұзында төтенше жағдай болған кезде «112» телефон нөмірі арқылы құтқару қызметін шақырыңыз.

 

Қызылорда облысының ТЖД
«ӨСжАҚЖҚ» ММ

https://syrboyi.kz/akparat/27204-balyshylardy-nazaryna-su-aydyndary-aupt.html
30-12-2018, 08:51

«Медициналық пойыздар» әлеуметтік жобасы кезінде 3000 кіші хирургиялық ота жасалды

«Медициналық пойыздар» әлеуметтік жобасы кезінде 3000 кіші хирургиялық ота жасалды

Әлеуметтік жоба жұмысы барысында медициналық пойыздар бригадасы алпыс жеті мыңнан астам диагностикалық емшара, үш мың кіші хирургиялық операция жүргізді. Бұл туралы жоба қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Дияс Әзбергенов мәлімдеді.

Сондай-ақ, ол осы жобаның маңыздылығын атап өтті, себебі оның арқасында шалғайда орналасқан елді мекендерде сапалы медициналық көмек көрсетілгендіктен халықтың өмір сүру деңгейі артып келеді, оның ішінде денсаулықтың жоғары деңгейі шартты болып табылады.

«Жоба қорытындысы бойынша, жұмыс барысында дәрігерлер қырықтан астам (41 360) адамды тексерді. Сонымен қатар, дәрігерлік қаралулардың жалпы саны жүз тоқсан екі мыңдай (192 195) болды», — деп атап өтті Дияс Азбергенов.

Сонымен қатар, «Денсаулық» пойызы медициналық бригадасының бас дәрігері Арзықұл Кенжеев дәрігерлер өз пациенттерін құтқарған жағдайларды атап өтті. Сонымен, оның айтуынша, туберкулез, жіті жүрек-қан тамырлары аурулары, сондай-ақ қатерсіз ісік жағдайлары анықталды.

Айта кету керек, медициналық бригадалардың құрамында терапевттер, тіс дәрігерлері, окулистер, маммологтар және басқа да мамандар бар. Жоба жұмысы барысында кезекпен 10 медициналық бригада іске қосылды.

Жоба аясында 2018 жылы дәрігерлер өңірлерде ең көп таралған 5 ауруды анықтады. Оларға артериялық гипертония, ишемиялық ауру, қант диабеті, созылмалы бронхит және эндемиялық жемсау жатады.

Естеріңізге сала кетейік, «Медициналық пойыздар» жобасын «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен, сондай-ақ «Қазақстан темір жолы» жанындағы «Әлеуметтік жобалар қоры»-мен бірлесе 2010 жылдан бастап жүзеге асырды. Оның жұмысына еліміздің 9 аймағы — Алматы, Түркістан, Қарағанды, Павлодар, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарын қамтитын «Денсаулық» және «Саламатты Қазақстан» екі Денсаулық пойызы тартылды.

«Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

Қоғаммен байланыс және маркетингтік

коммуникациялар департаменті

https://syrboyi.kz/zedelnews/26979-medicinaly-poyyzdar-leumettk-zhobasy-keznde-3000-ksh-hirurgiyaly-ota-zhasaldy.html

24-12-2018, 11:36

СЕРИАЛ КӨП КӨРЕТІН АДАМДАРДЫҢ КҮЙЗЕЛІСКЕ ҰШЫРАҒАНЫ РАС ПА?

СЕРИАЛ КӨП КӨРЕТІН АДАМДАРДЫҢ КҮЙЗЕЛІСКЕ ҰШЫРАҒАНЫ РАС ПА?

Психологтар сериал көп көретін адамдардың күйзеліске ұшырағанын мәлімдеді. Бұл пікірді клиникалық психолог-гипнотерепевт Ирина Коржаева да растаған деп хабарлайды Life сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Егер адам сериал көретін болса, онда оның уақыты көп деген сөз. Ал егер оның уақыты жоқ болса да, басқа жұмыстарды істемей, сериал көретін болса, онда ол күйзеліске ұшыраған деп анық айтуға болады", -дейді Коржаева.

Сондай-ақ, психолог мұндай жағдай адамның өмірден шаршауы және ештеңеге қызығушылығы болмауынан туындайды деп отыр. Ол ішіндегі жалғыздықты сериалдың басты кейіпкерлерімен толықтыратын көрінеді.

"Егер адам күнде ұйықтар алдында сериалдың бір немесе екі сериалын көрсе, онда барлығы қалыпты. Ал егер одан да көп көретін болса, психологиялық жағдайына назар аудару керек", - деді маман.

Одан бөлек, психолог апта бойы сериал көретін адамдардың жұмысы немесе жақын досы жоқ екенін айтады. 

https://aqmeshit-aptalygy.kz/kogam/7186-serial-kp-kretn-adamdardy-kyzelske-shyraany-ras-pa.html
18-12-2018, 14:49

Тегін дәрі-дәрмек беру барысын бақылаудың жаңа жүйесі іске қосылады

Тегін дәрі-дәрмек беру барысын бақылаудың жаңа жүйесі іске қосылады

Қазақстанда тегін дәрі-дәрмек беру барысын бақылаудың жаңа түрі пайда болмақ. Жыл соңында іске қосылатын бұл жоба кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу процесін жетілдіруді көздейді.

«2018 жылдың басында Медициналық сақтандыру қоры кепілдендірілген тегін көмек пакеті шеңберінде берілетін дәрі-дәрмек пен медицина бұйымдарына ақы төлеу тәртібін өзгертті. Яғни, бұрын дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдар ақысы дәрігер жазған рецепт бойынша төленіп келген болса, биылдан бастап дәрі қолма-қол берілген рецептілерге ғана төленеді. Атап айтқанда, пациент дәріні алған кезде тиісті құжаттарға қол қояды. Содан кейін төлем туралы мәлімет «Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету» ақпараттық жүйесіне енгізіледі. Ендігі кезеңде бақылау жүйесіне пациенттердің өздерін тарту көзделген. Бүгін біз осы жүйені нобайлы жоба ретінде іске қосып отырмыз», - деп түсіндірді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.

Дәлірек айтсақ, Денсаулық сақтау министрлігі, МСҚ мен «СК-Фармация» ЖШС бірлесіп SMS-хабарлама жүйесін іске қосты. Жоба шеңберінде пациенттерге 12 желтоқсаннан 2018 жылдың соңына дейін SMS-хабарлама жіберу көзделген. Хабарлама биылғы қараша-желтоқсан айларында тегін дәрі-дәрмек алғандар тізіміне енген пациенттерге жіберіледі. Жоспар бойынша, хабарлама рецептілерде көрсетілген 3 млн. нөмірге түсуі тиіс.

Хабарламада дәрі-дәрмектің берілген күні мен атауы көрсетіледі. Егер пациент препараттарды алмаған болса, SMS-хабарламағажауап ретінде «0» цифрын жолдайды немесе «СК-Фармация» ЖШС-нің 1439 байланыс нөміріне қоңырау шалуға болады.

«Әлбетте, пациенттердің амбулаторлық карталарында көрсетілген телефон нөмірлері қате болуы мүмкін. Сол себепті SMS-хабарламаны бәріне барады деу қиын. Сондықтан «СК-Фармацияның» байланыс орталығына шағымдануға болатынын еске салғымыз келеді», - деді Б. Исмаханбетов.

Алынған мәліметтер сарапталып, әр факті жеке-жеке тексеріледі. Анықталған заң бұзушылықтар ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Қоғамдық денсаулық сақтау комитетіне жолданады.

Хабарлама нәтижесі мен ақпараттық жүйедегі мәліметтер арасында айтарлықтай алшақтық табылып жатса, жоба мерзімі ұзартылады. Сонымен қатар, болашақта ол кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде көрсетілетін өзге де қызметтерге қолданылуы мүмкін.

МСҚ республикалық бюджеттен қаржыландырылатын тегін медициналық көмек (ТМКК) пакетінің және жұмыс берушілер, азаматтар мен мемлекет жарнасы есебінен қаржыландырылатын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакетінің операторы. ТМККК пакеті шеңберінде көрсетілген қызмет ақысын биылғы жылдың басынан бастап Қор төлеп келеді. Ал, МӘМС пакеті бойынша қызмет көрсету 2020 жылы басталмақ.

Дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдарды «СК-Фармация» ЖШС сатып алады (МСҚ-мен арадағы келісімшарттан түскен қаржы есебінен). «СК-Фармация» дәрі мен медициналық бұйымдарды келісімшарт бекіткен медицина ұйымдарынан түскен өтініштер негізінде сатып алады.

2018 жылы МСҚ мен «СК-Фармация» ЖШС арасында 101,9 млрд теңгеге контракт бекітілген болатын. Биылғы жылдың 13 желтоқсанына дейін Қызылорда облысы медицина ұйымдары 4,4 млрд теңгеге рецепт жазып берген. Соның ішінде, 4,1 млрд. теңгенің дәрісі пациенттер қолына тиген.

Айгүл Аханова 

https://aqmeshit-aptalygy.kz/zanalyk/7165-tegn-dr-drmek-beru-barysyn-baylaudy-zhaa-zhyes-ske-osylady.html
13-12-2018, 14:47

Мұрат Бақтиярұлы: Білім, денсаулық сақтау басқармалары – "советтік" сарқыншақтар

Мұрат Бақтиярұлы: Білім, денсаулық сақтау басқармалары – "советтік" сарқыншақтар

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы Фейсбуктегі жеке парақшасында Дариға Назарбаеваның жергілікті жерлердегі білім басқармалары мен бөлімдерін жабу жөніндегі ұсынысын қолдап, пікір білдірді, деп хабарлайдыKyzylorda-news.kz.

 

«Әріптесім Д.Назарбаеваның пікірін толық қолдаймын. Облыстық білім басқармасы мен қалалық, аудандық білім бөлімдері артық құрылымдар. Қаржы (айлық, оқу құрал жабдықтарға тиісті) мектептерге тікелей берілу керек.

Сол сияқты облыстық денсаулық сақтау басқармасы да қысқартылуы керек. Өкінішке орай бұлардың бәрі "советтік" заманнан қалған нарықтық жүйеге сәйкес келмейтін сарқыншақтар. Әрбір емдеу мекемелері жұмыстарына өздері жауап беруі тиіс. Көптеген Европа елдерінде мұндай құрылымдар жоқ. Біз Грузияның тәжірибесін зерттеуіміз қажет. Бұл елде осыдан жеті жыл бұрын мұндай бақылау жасайтын " посредник" органдарды қысқартып тастаған. Білім мен медицина бұл елде ешбір елден кем емес», – деді сенатор.

Еске сала кетейік, бұған дейін ҚР Парламент Сенатының депутаты Дариға Назарбаева мектептерді тікелей қаржыландыруды ұсынған болатын.

«Қазір мектептерді жан басына қарай қаржыландыру жүйесі енгізіліп жатыр. Меніңше, ол ақша тікелей Астанадан бөлінетін болса, облыстық, қалалық және аудандық білім басқармалары мүлдем қажетсіз болып қалады. Бұл - өте маңызды мәселе. Себебі мектепке бюджет қаржысы бөлінгенде, ол ақша біраз уақыт жаңағы басқармаларда жатып қалады. Олар оны бүгін бере ме? Ертең бере ме? Ашығын айту керек, бюджет қаржысын үнемдейміз деп, толығымен бермеуі де мүмкін. Артынан кітаптарға, я болмаса, күрделі жөндеуге ата-аналардан жинай саласыңдар деп, жылы жаба салады. Ол жерде заңбұзушылықтар көп. Меніңше, ондай басқармалардың бәрін жауып тастау қажет. Мысалы, қазір «Күнделік» деген тамаша бағдарлама бар. Бюджеттен көп шығын шыққан жоқ. Бірақ ішінде мектептер, оқушылар, мұғалімдер мен ата-аналар туралы көп ақпарат бар», - деді Д.Назарбаева.

https://syr-media.kz/news/6937-mrat-batiyarly-blm-densauly-satau-basarmalary-sovettk-sarynshatar.html

6-12-2018, 10:34

Облыстық медициналық мекемелерге автокөліктердің кілті табысталды

Облыстық медициналық мекемелерге автокөліктердің кілті табысталды

ҚР Тұңғыш Президенті күні Қызылорда қаласында медициналық мекемелерге арнайы автотехникалардың кілтін табыстау рәсімі, сондай-ақ 112 бірыңғай диспетчерлік қызметінің тұсаукесері өтті.
Облыстың медицина мекемелеріне 7 мамандандырылған реанимобиль, шақыруларға қызмет көрсететін 15 "Ларгус" және 37 "УАЗ" автокөлігінің кілті табысталды.

Аймақ басшысы Қ.Көшербаев денсаулық сақтау саласы қызметкерлерін құттықтап, Елбасы Н.Ә. Назарбаев әрбір Жолдауында адам капиталын дамытуда халықтың денсаулығын нығайтудың маңыздылығын атап өтетіндігін айтты. Мәселен, биылғы Жолдауда Мемлекет басшысы Үкіметке 5 жыл ішінде денсаулық сақтау саласына барлық көздерден жұмсалатын қаражатты ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына дейін жеткізу қажеттігін тапсырды, бұл осы саланың халықаралық деңгейде дамуына мүмкіндік береді.

"Денсаулық сақтау саласы аймағымыз үшін қашанда маңызды салалардың бірі болып табылады. Соңғы 5 жылда республикалық және облыстық бюджет қаражаты есебінен, апатты деп танылған медициналық нысандардың 64 пайызын жаңадан салуға мүмкіндік жасадық. Соның ішінде, Арал, Қазалы, Шиелі ауруханаларын салуға қол жеткіздік. Сондай-ақ, Жалағаш ауданында орталық аудандық аурухана құрылысын қаржыландыру мәселесі шешіліп, құрылыс ақпан айында басталады. Медицина саласына мемлекеттік-жекеменшікті әріптестікті тартып, 61 жобаны қарастырып отырмыз, бұл республика бойынша үздік көрсеткіш. Денсаулық сақтау саласында кадрлар даярлауға облыс әкімінің гранттары бөлінді, қазір 72 бакалавр мен резидент еліміздің медициналық ЖОО-да білім алуда. Біздің дәрігерлер бірнеше ай бойы Корея, Ресей Федерациясының клиникаларында білімін жетілдірді", - деді аймақ басшысы.

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Евгений Ким жедел-жәрдем, полицей, төтенше жағдайлар, өрт сөндіру, газбен қамту, анықтама қызметі біріктірілген «бірыңғай кезекші диспетчерлік 112» қызметі жобасын таныстырды.

Жол көлік оқиғасы кезінде жарақаттан кейінгі өлім-жітімді азайту мақсатында жергілікті полиция қызметінің 400-ге жуық жол патрульдік полиция қызметкері жарақат алған науқастарға алғашқы медициналық көмек көрсету қағидаттары бойынша оқудан өтті. Сонымен қатар, жергілікті полиция қызметінің жол бойындағы 30 бригадасына зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмек қобдишасы берілді.

Облыстық медициналық мекемелерге автокөліктердің кілті табысталдыСоңғы жылдары жарақаттар мен уланулардан болатын өлім себептері аймақ тұрғындарының қаза болу себептерінің алғашқы бестігіне кіреді. Осыған байланысты «2018-2019 жылдарға арналған жарақат алу және жазатайым оқиғалар, оның ішінде жол көлік апаты кезіндегі медициналық көмек көрсету кезіндегі интеграциялық моделін енгізу бойынша» Жол картасы бекітілді. Жол картасының аясында 2016 жылдан бері облыс тұрғындарына травматологиялық көмек көрсетудің 3 деңгейлі жүйесі ұйымдастырылды.
Жедел жәрдем қызметінің жұмысы облыс бойынша емделушілер туралы барлық деректер базасын басқаратын бірыңғай орталыққа шоғырланған. Бұл науқастарға уақытылы және тиімді көмек көрсету үшін емделушілер туралы ақпаратты жедел алуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде жазатайым оқиғалардан өлім биылғы 10 айда 31,3 пайызға төмендеді.

Аймақта барлығы 75 бригада, арнайы санавиация техникасы және бірыңғай медициналық Сall-орталық жұмыс істейді. Барлық санитарлық автотехника GPS қондырғылармен жабдықталған, қызметкерлер халықаралық шұғыл медициналық көмек стандарттары бойынша оқудан өтті, жедел жәрдем қызметінің жұмысын жетілдіру мақсатында емханаларға 10 жедел жәрдем бригадасы берілді,

Нәтижелі реанимация көрсеткіші 2 есеге жақсарды, ауруханаға дейінгі өлім жағдайлары 2,9% төмендеген, жол көлік оқиғасы орнына жету уақыты 31,7 пайызға жақсарды, шақыруларға кешігу көрсеткіші а 47,3 пайызға төмендеді.

http://www.syrboyi.kz/negizginews/26486-oblysty-medicinaly-mekemelerge-avtoklkterd-klt-tabystaldy.html
2-12-2018, 06:40