» Материалы за Қаңтар 2019 жылы

Аймақ медицинасы алға басты

Адамзат үшін аса бағалы екі құндылық барБірі – уақытекіншісі – денсаулықБүгініміздің бүтінкелешегіміздің кемел болуы ұлт денсаулығына тікелей байланыстыБүгін біз осы бағытта облыста атқарылып жатқан тындырымды тірлік төңірегінде сөз қозғамақпыз.


Серпінге бастайтын статистика


Қазіргі кезде аймақ басшылығы ден­саулық сақтау саласының дамуына ай­рықша көңіл бөліп отырСөзіміздің дәле­­лін облыстық денсаулық сақтау бас­­қар­масының бас­пасөз қызметі ұсынған соңғы 5 жылдың статистикасынан көремізЗаман талабына сай жаңа технологияны қолданысқа енгізуматериалдық-техникалық базаны күшейтупро­филактикалықдиагностикалық және емдік шаралар мақсатындағы қар­жыландыру көлемі осы аралықта 39,8%-ке арттыЕлді мекендердегі бастапқы мед­и­циналық-сани­тарлық көмек ұйымдарының 63%-і жаңар­тылды.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шең­берінде 9 дәрігерлік амбулаторияжер­гілікті бюджет есебінен 4 фельдшерлік-акушерлік, 5 медициналық бекет қызметін пайдалану мүмкіндігі тудыДенсаулық сақтау ұйымдарын талапқа сай техникамен жабдықтау көрсеткіші 34,9%-ке өстіСоңғы 2 жылдың өзінде 25 нысан пайдалануға берілдіОлардың қатарында облыстық балалар ауруханасыҚазалы аудандық орталық ауруханасыЖаңақорған аудандық емханасы, 14 дәрігерлік амбулатория мен 11 медициналық бекет бар.

    Бір жыл бұрын облыстық медици­налық орталықтың Байқоңыр филиал­ында Қазақстан азаматтарына арнал­ған емхана жұмысын бастадыОған 25 мыңнан астам отандасымыз тір­келіпқызметін пайдалануға көштіБұ­ған Қармақшы ауданына қарасты Ақай мен Төретам елді мекендерінің тұрғындары қатты қуандыӨйткені ауылдағы ағайын басы ауырыпбалтыры сыздаса, 90 шақырым қашықтықта орналасқан Жосалы кентіне қатынауға мәжбүр еді.

– Жедел жәрдем қызметін жаңғырту жұмыс сапасын жақсартуға мүмкіндік берді. 14 бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымында арнайы медициналық көмек бөлімше­лері ашылдыЖаңадан 28 топ іске қосылыпбір топтың орташа тәу­ліктік жүктемесі 2 есе төмендедіНәтижесінде жедел жәрдем бригадаларына шақыру түскен сәттен бастап айтылған мекен-жайға жету уақыты орта есеппен 11,5 минуттан 9,8 ми­нутқа қысқарды, – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова.

Сыр өңірінде санитарлық авиация жұмысы жақсы жолға қойылғанАталған қызмет түрі технологиялық тұрғыдан жетіліпмедициналық кө­мек сапасы едәуір арттыАрнайы авто­кө­ліктерге қондырылған GPS құ­рыл­ғылары реанимобильдердің қозға­лысын бақылап қана қоймаймежелі жерге жедел жетуге мүмкіндік береді.


Білікті кадр – 

сапалы қызмет


Аймақ медицинасында маман тап­шылығы мәселесі біртіндеп оң шешімін тауып келедіБұған атқа­рылып жатқан ауқымды жұмыс септігін тигізіп отыр. 2016 жылдан облыс әкімінің гранты негізінде еліміздің 5 жоғары оқу орнында 42 жас даярлана бастадыОлардың алғашқы легі биыл оқуды аяқтаптуған жерге келіп қызмет етуге әзірАтап айтқанда, 2019 жылы – 16, 2020 жылы – 15, 2021 жылы – 10, 2022 жылы 1 дәрігер резидентураны бітіредіТәжірибелі 30 дәрігерді даярлау үшін биыл тағы облыс әкімінің арнайы гранты бөлінді.

Республикадағы жетекші медици­налық оқу орындарымен жасалған меморандумдар шеңберінде маман әзірлеуолардың біліктіліктерін көтеру көзделіп отырБұл – саланы қажетті маманмен қамтамасыз етудегі игі қадамдардың біріАқ халат­тылардың білімін шыңдапкәсіби­лігін арттыру үшін жергілікті бюджеттен қомақты қаражат бөлініп келедіСоның есебінен өткен жылы 767 маман білімін жетілдірсе, 720 дәрігер шеберлік дәрістеріне қатысыпқұзыреттіліктері мен біліктіліктерін жоғарылатты.

Алыс-жақын шет елдерде болыптәжірибе алмасыпкөрген-білгенін жұмыс барысында кәдеге асырып үлгергендер аз емесСолардың бірі – облыстық балалар ауруханасының бас мейірбикесі Гаухар ӘбеноваОл былтыр сәуірде Финляндия елінде тағылымдамадан өткен 16 адамның қатарында болыпмейіргерлік қыз­метті жаңа қырынан танып қайтты.

– Ол жақтағы әріптестерімнен көп нәрсені үйрендімОрта буынды медицина қызметкерлерінің жекелей декоманда құрамында да пациенттерге сапалы қызмет көрсете алатынына көзім жеттіДәрігерге дейінгі көмек сапасы айтарлықтай жоғарыМедицина ұйымдары қажетті аппаратпентехникамен қамтылған, – дейді Г.Әбенова.

Салаға қадр тартуолардың білік­тілігін көтеру жұмысы әлі де жал­ғасадыБұл өз кезегінде медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттырыпхалықтың медициналық көмек деңгейіне қанағаттануына әсер ететіні анық.


Дәрігер үшін де

пациент үшін де

тиімді


Биылдан бастап емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттарды цифрлық нұсқада жүргізуге көшіпқа­ғазбастылықтан құтылуға қадам жа­садыЕлбасы атап өткендейбұл 2020 жылға қарай ел тұрғындарының электронды денсаулық паспорттарын жасауғакезекті жоюғақызмет көр­сету сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Осы орайда денсаулық сақтау саласын цифрландыру мақсатында бекітілген жол картасы аясында атқарылып жатқан жұмыс ауқымы кеңҚалалықаудандық деңгейдегі медициналық ұйымдар толықтай интернеткомпьютерлік техника және ақпараттық жүйемен қамтылдыАталған жүйеде пациент туралы дерек көрсетіледіал бұл клиникалық шешім қабылдау үшін дәрігерлердің қолдануына ыңғайлы әрі тиімді.

– Облыс былтыр шілдеден бастап медициналық құжатты электронды жүйе­ге көшіру бойынша пилоттық жо­баға қосылдыҚазіргі таңда 94 түрлі құжат электронды жүйеге көші­рілдіТұрғындарға ақпараттық және электронды көмек көрсету мақса­тында «DamuMed» мобильді қосым­шасы қолданысқа енгізілдіОл арқы­лы дәрігер қабылдауына алдын ала жазылуғадәрігерді үйге шақыр­туғарецептеңбекке уақытша жарам­сыз­дық парағызертханалық талдау нә­тижесі туралы мәлімет алуға боладыБүгінде оның қызметін пайдаланушылар үлесі 41,7%-ке жетіп отыр, – дейді облыстық денсаулық сақтау бас­қармасы бөлімінің бас маманы Ғайни Ерғали.

Жыл басынан бері жаңа жүйенің қызметіне жүгінгендер саны 10 есе көбейдіОның көмегімен дәрігердің онлайн қабылдауына 122 мыңнан ас­там адам жазылып, 9 мыңға жуығы дәрігерді үйіне шақыртқанОдан бөлекхалықтың белгілі бір тобы үшін скринингтікфлюроографиялық тексеруден өту керектігі туралы sms-хабарлама жіберілуде.

Мамандар цифрлық технология амбулаториялық деңгейде диагностика жүргізугеауру түрлерін дер кезінде анықтауғапациенттерді уақытылы емдеугесауықтыруға ықпал етеді деп есептейдіҚазіргі кезде клиникалық-диагностикалық зерттеудің барлық түрі электронды түрде КМИС бағдарламасына түсірілудеОл арқылы дәрігер жұмыс орнында отырып-ақ мәліметпен таныса алады.

Сонымен қатардеректерді мұра­ғаттау мүмкіндігі бар электронды флю­ротека модулі іске қосылдыБұл облыстық мекемелердегі мамандар­дың қорытынды нәтижені екінші рет оқуына мүмкіндік береді. 2018 жылдың маусымынан бастап бар­лық медициналық ұйым еңбекке жарам­сыздық парағын электронды форматта беретін болды.

Қазіргі таңда облыс тұрғындарын электронды төлқұжатпен қамту көр­сеткіші 95,3%-ті құрап отырДәрі­гер оның көмегімен пациенттің денсау­лығы жөніндегі толық ақпаратқа қа­ныға аладыКөмек көрсету орны мен медициналық ұйымдардың ақпа­рат жүйесіне қарамастанадам денсау­лығына қатысты мәлімет бір базада жинақталадыБұл шаралардың бар­лығы уақыт үнемдеудіқағазбасты­лықтан құтылудыхалықтың медици­наға сенімін нығайтуды көздейді.


2018 жылкөрсеткіш пен нәтиже


Сырбойылықтардың өмір сүру ұзақтығы 1,9 процентке артып, 72,6 жасқа жетті.

* 1000 адамға шаққанда өлім-жітім көрсеткіші 1,8%-ке;

Қан айналым жүйесінен болатын өлім-жітім көрсеткіші 10,4%-ке;

Қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім 0,9%-ке төмендеді.

Қатерлі ісіктерді алғашқы сатысында анықтау көрсеткіші 15%-ке жоғарылады.

* Туберкулезбен ауыру көрсеткіші 9,2%-ке;

* Одан болатын өлім-жітім деңгейі 12,5%-ке азайды.


2019 жыл: мақсат пен міндет


* Жалағаш аудандық орталық ауруханасының;

* Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде емхананың;

* Көппрофильді 300 төсек орынды аурухананың құрылысын бастау.

* Шиелі ауданындағы орталық аурухана құрылысын аяқтау.

* Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Қызылорда қаласында №1 қалалық емхананы іске қосу.

* Қазалы аудандық ауруханасының базасында Арал, Қазалы, Қармақшы аудандары мен Байқоңыр қаласының тұрғындарына арнап кардиологиялық орталық;

* Облыстық кеңес беру диагностикалық орталығының базасында аллергологиялық, chek-up орталық ашу.

* Балаларға кардиохирургиялық және офтальмохирургиялық көмек көрсетуді жаңадан енгізу.

* Арал, Жаңақорған аудандық орталық ауруханаларын ІІІ деңгейге өткізу, облыстық медицина орталығының Байқоңырдағы филиалын перинаталды көмекті өңірлендірудің І деңгейіне өткізу.

* Облыстық медицина орталығының Байқоңыр қалалық филиалының төсек қорын 30-ға көбейтіп, жансақтау бөлімшесі бар хирургия бөлімін ашу. 

* Медицина ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 1,7 млрд теңгеге құрал-жабдықтар алу (одан бөлек 500 млн теңгеге санитарлық автокөліктер алу).


Назерке Саниязова.

https://syrboyi.kz/negizginews/27884-ayma-medicinasy-ala-basty.html 
31-01-2019, 13:25

Дәрігер тапшылығы азайып келеді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.

Жалпы, мамандар тапшылығын азайту 2016 жылдан бастап қолға алынған. Сол жылдан бастап облыс әкімінің гранты негізінде 42 резидент еліміздің 5 жоғары оқу орындарында даярлануда. Ағымдағы жылдан бастап олар оқуларын бітіріп келмекші.

– 2019 жылы – 16 дәрігер, 2020 жылы – 15 дәрігер, 2021 жылы – 10 дәрігер, 2022 жылы – 1 дәрігер резидентураны бітіріп өңірімізге келеді деп күтілуде. Одан бөлек, ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен 30 жалпы тәжірибелік дәрігерлерді даярлауға облыс әкімінің арнайы гранты бөлініп, аймақтық саланы дәрігерлермен қамтуға мүмкіндік жасалып отыр. Сонымен қатар, еліміздегі жетекші, іргелес орналасқан жоғары медициналық оқу орындарымен: Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетімен, Қазақ Ұлттық медицина мен Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университтерімен екіжақты Меморандумға қол қойылып, мамандарды даярлау, олардың біліктіліктерін көтеру мақсатында жоспарлы жұмыстар жүзеге асырылуда, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова.

Өткен жылы дәрігер мамандардың біліктілігін арттыру үшін жергілікті бюджеттен 128 041,0 мың теңге қаражат бөлініп, 767 маман білімін жетілдірсе, 720 дәрігер – шеберлік сыныптарында біліктіліктерін арттырды. Мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға, оның ішінде олардың шеберліктерін жақын және алыс шетелде шыңдауға зор көңіл бөлінуде. Ағымдағы жылда жергілікті бюджет қаражаты есебінен Корея мемлекетінде 7 маман біліктіліктерін арттырса, Қазан қаласында (Татарстан Республикасы, Ресей) 157 маман білімдерін көтерді.

Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласында ақпараттық жүйелерді біріктіру, мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық паспортын енгізу, «қағаз қолданбайтын ауруханаға» көшу арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру жұмыстары жүргізілуде.


Өңірлік коммуникациялар қызметі


ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДА ДӘЙЕКТІ ІСТЕР БАР

Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте облыс­тық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова салада өткен жылы атқарылған жұмыстарды саралады.

Басқарма басшысының айтуынша, соңғы заманауи технологияларды енгізуге, материалды-техникалық базаны күшейтуге, профилактикаға, науқастарды диагностикалау мен емдеуге қаржыландыру көлемі ұлғайып, соңғы 5 жылда 39,8 процентке артса, елді мекендердегі-бас­тап­қы медициналық сани­тарлық көмек көрсететін ұйым­дардың 63 проценті жаңартылған. Ал, соңғы екі жылда 25 медициналық нысан қолданысқа берілген.

Денсаулық сақтау ұйым­дарын заманауи медициналық техникамен жабдықтауға соңғы 5 жыл ішінде 8047,4 млн теңгеге құрал-жабдықтар сатып алынып, нәтижесінде саланы жарақтандыру көрсеткіші 34,9%-ке өсіп, былтыр 79,26 процентті құрады.

– Өткен жылы Байқоңыр қаласында облыстық медицина орталығының филиалы ашылып, осы уақытқа дейін Ресей Федерациясы ұйымдарынан қызмет алып жүрген 25 мыңнан аса қазақстандық тіркелді. Ақай, Төретам елді мекен­деріндегі тұрғындарға ма­мандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында биылдан бас­тап аталған елді мекендердегі медициналық мекемелер филиал құрамына берілді. Қазіргі таңда филиалда 14 жалпы тәжірибелік аймақ ашылып отыр,– деп атап өтті А.Әлназарова.

Шұғыл медициналық көмек сапасын арттыру мақсатында 14 бастапқы медициналық- са­нитарлық көмек көрсету ұйы­мында жедел жәрдем бөлімшелері ашылып, жаңадан 28 топ іске қосылған. Осының нәтижесінде жедел жәрдем тобының саны 2017 жылмен салыстырғанда 57-ден 75-ке өскен. Онан бөлек, жедел жәрдем, стационарлық және амбулаториялық емдеу ұйымдарында «Көмек» және «КМИС» медициналық ақпараттық жүйелері арасында интеграция жасалған. Сонымен бірге, облыстағы 10 жедел медициналық көмек көрсететін стационардың қабылдау бөлім­дері жаңартылып, триаж жүйесі енгізілген.

Ауыр науқастарға сани­тарлық авиацияны шақыртулар саны 14,3 процентке өсіп, 1204-ті құраған.

Белгілі болғанындай, өңірде «2018-2020 жылдарға арналған хирургия (балалар және ересектер), реанимация-анестезиология, неонатология салаларын дамыту жөнінде Жол картасы әзірленіп, жүзеге асырылуда. Осыған орай, былтыр 256 млн теңгеге жуық қаржыға медициналық құрал-жабдықтар алынып, балалар ауруханасы хирургиясының жабдықталуы 70,3 проценттен 92 процентке жеткізілген.

Неонатальды хирургия мамандарының біліктілігін арттыру мақсатында екі маман Корей елінде білімін жетілдірді. Нәтижесінде сәбилер өлімі 8,6 процентті құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 4 есеге төмендеген. Сондай-ақ, балалар ауруханасында көлемді ота­лар саны 512 жағдайға өскен. Хирургиялық ота жасаудың жаңа 22 әдісі тәжірибеге енгізіліп отыр.

Тегін медициналық көмек­тің кепілдік берілген көлемі шеңберінде амбулаториялық деңгейде тұрғындарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін өткен жылы бөлінген қаржы 2017 жылмен салыстырғанда екі есеге өсіп, тұрғындарды тегін дәрілік заттармен қамту 100 процентті құраған.

Мамандар тапшылығын азайту мақсатында 2016 жылдан бастап облыс әкімінің гранты негізінде 42 резидент еліміздің 5 жоғары оқу орнында даярлануда. Есепті кезеңде сонымен бірге, 30 жалпы тәжірибелік дәрігер даярлауға облыс әкімінің арнайы гранты бөлінді.

Басқарма басшысы салада ақпараттық жүйелерді біріктіру, мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, электронды денсаулық паспортын енгізу, «қағаз қолданбайтын аурухана» жүйесіне көшу арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру жұмыстарының қарқынды жүргізіліп жатқанын айтты. Мәселен, бұл бағытта 32 медициналық ұйымға ақпараттық жүйелер енгізіліп, 100 процентке жеткізілген.

Саладағы осындай қар­қынды жұмыстардың нәти­жесінде облыс халқының өмір сүру ұзақтығы 1,9 жасқа өсіп, 72,6 жасты құраса, өлім-жітім көрсеткіші 1000 тұрғынға шаққанда 1,8 процентке төмендеп, 5,44-ті құрап, нысаналы индикаторға қол жеткізілген. Қан айналым жүйесінен өлім-жітім көр­сеткіші 10,4%-ке тө­мен­десе, қа­терлі ісіктерді ерте сатысында анықтау көрсеткіші 15 процентке жоғарылап, 25,2 процентті көрсетуде.

Айнұр БАТТАЛОВА.

https://syrboyi.kz/densaylik/27681-densauly-satauda-dyekt-ster-bar.html 
22-01-2019, 12:29

Бір көзден сатып алудың №5 қорытынды хаттамасы

Бір көзден сатып алудың №5 қорытынды хаттамасы. Мына жерден қараңыз.  Скачать файл: protokol-5-too-merej-sposobom-iz-odnogo-istochnika.pdf [822,74 Kb] (cкачиваний: 5)
Посмотреть онлайн файл: protokol-5-too-merej-sposobom-iz-odnogo-istochnika.pdf
15-01-2019, 13:28

Бір көзден сатып алудың №3 қорытынды хаттамасы

Бір көзден сатып алудың №3 қорытынды хаттамасы. Мына жерден көріңіз.  Скачать файл: protokol-3-too-pharmprovid-sposobom-iz-odnogo-istochnika.pdf [711,77 Kb] (cкачиваний: 4)
Посмотреть онлайн файл: protokol-3-too-pharmprovid-sposobom-iz-odnogo-istochnika.pdf
15-01-2019, 13:26

Бір көзден сатып алудың №2 қорытынды хаттамасы

Бір көзден сатып алудың №2 қорытынды хаттамасы. Мына жерден қараңыз. Скачать файл: protokol-2-too-jekofarm-sposobom-iz-odnogo-istochnika.pdf [509,78 Kb] (cкачиваний: 3)
Посмотреть онлайн файл: protokol-2-too-jekofarm-sposobom-iz-odnogo-istochnika.pdf
15-01-2019, 13:19

Бір көзден сатып алудың №1 қорытынды хаттамасы

Бір көзден сатып алудың №1 қорытынды хаттамасы. Мына жерден қараңыз Скачать файл: protokol-1-pt-dezinfekcija-i-k-sposobom-iz-odnogo-istochnika.pdf [544,24 Kb] (cкачиваний: 4)
Посмотреть онлайн файл: protokol-1-pt-dezinfekcija-i-k-sposobom-iz-odnogo-istochnika.pdf
15-01-2019, 13:17

Қатерлі ісіктің негізгі жеті симптомы аталды

Лондондағы Макмиллан онкологиялық орталығының ғалымы Крис Стил онкологқа дереу қаралатын жеті негізгі симптомды атады. Сонымен, ғалымның айтуынша, мынадай жағдайларда дәрігерге қаралу қажет: асқазанның немесе қуықтың жұмысында кенет өзгерістер болса, 

түсініксіз қан ағуы, 

төсте немесе басқа да тұстарда ісік пайда болуы, 

жұтыну қиындағанда, 

меңнің түсі немесе көлемі өзгерсе, 

қатты жөтел және 

жара жазылмаса. 

Стилдың айтуынша, бұл белгілер онкологиямен байланысты болмауы да мүмкін, алайда бұл қаралмауға себеп емес. "Өз симптомдарыңызды тексертіп, дәрігерлердің уақытын босқа жұмсамайсыздар", - дейді маман. Ағылшын ғалымы он жағдайдың төртеуінде қажет кезінде емделсе, дерттің алдын алуға болатынын еске салды.

https://aqmeshit-zhastary.kz/zanalyk/4360-aterl-skt-negzg-zhet-simptomy-ataldy.html
15-01-2019, 12:26

Елбасы денсаулық жүйесін жетілдіруге бағытталған заңға қол қойды

Елбасы денсаулық жүйесін жетілдіруге бағытталған заңға қол қойды


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев денсаулық жүйесін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды 
ҚазАқпарат.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

3-01-2019, 07:49