» Материалы за Наурыз 2019 жылы

Сіздің сәбиіңіз туылды:

Сіздің сәбиіңіз туылды: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жаңа туған нәрестеге не береді

  Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында жаңа туылған ҚР азаматына не берілуі тиіс екені айтылды. Бұл туралы Қазақпарат.

Қордың баспасөз қызметі айтып өткендей, "Медициналық дәрі қорабына" су термометрі, медициналық термометр, зарарсыздандырылған таңғыш, мұрын жолдарына арналған сұйықтықтан тазалайтын құрал, балаларға арналған крем, балаларға арналған сабын, қолға арналған антисептик және регидратациялық тұздар, зарарсыздандырылған шөп кіреді. 

Қолдан және аралас жолмен қоректенетін балаларға бір жасқа дейін тегін емшек сүтін алмастырғыш мына жағдайларда беріледі:

— Егер емізетін анада ВИЧ инфекциясы, туберкулездың белсенді түрі анықталса;

— Егер ана цитостатиктерді, радиактивті, тиреоидты, психотропты, есірткілік препараттарды қабылдаса;

— Егер емізетін ананың қан жүйесінде және қантүзу аппараттарында ауыр дерттердің, онкологиялық аурулардың түрі болса, бүйрек жеткіліксіздігінің дамуына байланысты бүйректің ауыр дерттерімен ауырса, іріңді-септикалық аурулар, гипогалактиканың алғашқы формалары болса;

— Психологиялық аурулары болса (психоз және босанғаннан кейінгі ауыр депрессиялар), туа біткен және жүре пайда болған жүрек ақаулары болған жағдайда, жүрек дерттеріне шалдықса, эндокринді аурулардың ауыр дерттері кездессе, аллергиялық аурулардың күрделі түрлері кездессе;

— Егер балада туа біткен лактазды жетіспеушілік, галактоземия, фенилкетонурия, "үйеңкі шәрбаты" ауруы болса;

"Қоспа асыранды нәрестелерге, көпұрықтық жүктіліктен туылған балаларға, аналары стационалық емде жатқан балаларға, күндізгі бөлімде оқитын студент-аналардың балаларына беріледі", — деп толықтырды ӘМСҚ. 

26-03-2019, 15:39

Антибиотиктер жайлы 20 шындық

Халықтың медициналық білімін жетілдіру мақсатында білікті клинфармаколог Жанар Сыздықованың кеңесінKyzylorda-news.kzel.kzсайтына сілтеме жасап назарға ұсынады.

- Алкоголь антибиотиктердің тиімділігін төмендететіні рас па?

- Иә. Себебі, Антибиотик және алкоголь бір-бірімен үйлеспейтін екі нәрсе. Алкоголь антибиотиктердің жанама әсерін күшейтеді. Ұйқының қанбауы, бас айналу, жүректің айнуы, асқазан бұзылысы секілді жайсыздықтарға тап боласыз.

Одан бөлек:

– бас ауруының күшеюі;

– асқазанның түйілуі, лоқсу;

– тершеңдік;

– жүрек соғысының жиілеуі;

– қан қысымының лезде көтерілуі;

– бауырдың бұзылысы;

– теріде аллергиялық белгілер;

– ең ауыры – өлімге әкеледі.

Бұл уақытта организм инфекцияның әсерінен әлсіреп тұрғандықтан, алкоголь денсаулыққа зиян келтірмейді дегеннің өзінде тезірек айығуға кедергі болады.

Спирттік сусындарды тек антибиотиктерді қабылдап жүрген уақытта ғана емес, одан кейінгі үш-төрт күн бойы қабылдамаған дұрыс!

- «Антибиотиктерді алма шырынымен, сүтпен ішуге болмайды», – дейді, расымен солай ма?

- Расында апельсин, грейпфрут, алма, ананас және тағы басқа шырындармен, сонымен қатар сүтті тағамдармен ішуге тиым салынады. Неге? Себебі, бұл айтылғандар (ілгерідегілер) антибиотиктердің сіңу процесін өзгертіп, емделу тиімділігіне зиянын тигізеді.

Сол сияқты бұл сұйықтықтарды таблетка қабылдаған соң, үш сағаттан кейн ішуге болады.

Ең дұрысы – бөлме температурасындағы су. 200 мл мөлшерде су ішуге тырысыңыз. Бұл лоқсудың алдын алып, асқазанмен байланысты кері эффектілердің туындауынан сақтайды.

- Антибиотиктерді тамақтану барысында қабылдаса бола ма?

- Бұл жерде сізге тағайындалған антибиотиктің түріне байланысты. Кейбіреулерін міндетті түрде бос асқазанға ішу керек, сонда ғана оның әсері жақсы болады. Ал кейбірін тамақтанып болған соң, қабылдайсыз. Бұл үшін дәрігеріңізбен ақылдасып немесе препараттың нұсқаулығына көз жүгірткен абзал.

- Антибиотикпен үйлестіруге келмейтін қандай тағам түрлері бар?

- Қатаң тиым салынған тағам түрлері жоқ, сондықтан рационыңызды өзгертудің қажеттілігі шамалы.

Уақытша ұсыныстар ғана болуы мүмкін. Жоғарыда антибиотикті сүтпен бірге ішуге болмайтыны туралы сөз қозғалды. Сол секілді май, йогурт, сыр мен тағамдық қоспаларды таблеткаға дейін бір-бір жарым сағат, қабылдағаннан кейін үш сағат пайдаланбаған жөн.

- Ал дәрі ше?

- Спиртке негізделген кез келген препараттармен қатар ішуге тиым салынады. Айтпақшы, бір қарағанда спиртпен тамақты шайып, не сүрту пайдалы болып көрінгенімен, одан да зиян шегуіңіз мүмкін.

Ал басқа да кері әсері бар препараттардың тізімі антибиотиктің нұсқаулығында тұрады. Оны міндетті түрде оқып шыққан жөн. Себебі, олар бір-біріне жанама әсер етіп, ағзаға пайдасын азайтады.

- Кері әсерін төмендету үшін антибиотиктерді белгіленген мөлшерден аз қабылдаса бола ма?

- Жоқ. Сіз өз организміңізге зиян келтіріп қана қоймай, бактерияларға да жағдай жасап бересіз. Оның нәтижесі көңіліңізден шықпайтыны анық. Шалажансар микробтар мутацияланып, антибиотиктерге үйреніп алады. Бұл – қабылдап жатқан препараттан ешқандай пайда күтпе деген сөз. Сіз дерттен айықпағандықтан, дәрігеріңіз жаңа препаттарды тағайындауға мәжбүр болады.

Есте сақтаңыз: антибиотиктің дозасын әуел бастан сіздің организміңізге зияны аз тиетіндей, ал бактерияларды тиімді құртуға лайықтап тағайындайды.

- Жұту оңай болу үшін таблеткаларды бөлшектеуге бола ма?

- Жоқ, бұл антибиотиктің жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.

- Антибиотиктерді бір тәулікте қалай дұрыс қабылдауға болады?

- Антибиотиктің тиімділігі бір күнде қалай қабылдағаныңызға да байланысты. Егер «тәулігіне екі рет ішу керек» десе, әр 12 сағат сайын қабылдап отырыңыз. Ал үш рет деп көрсетілсе, қабылдау уақытының арасы сегіз сағаттан болады.

- Антибиотиктер гормондық контрацептивтердің тиімділігін төмендететіні рас па?

- Рас. Міндетті түрде дәрігеріңізге қалай қорғанатыныңызды жеткізіңіз. Ол сізге жүкті болып қалмау үшін кеңес береді.

- Неге антибиотиктер ішектерде проблема тудырады?

- Антибиотиктердің басты тапсырмасы – ауру тудыратын бактерияларды өлтіру. Соның нәтижесінде микроағзадағы теңгерім бұзылып, диарея, іштің кебуі, метеоризм секілді жағымсыздықтарға ұшыратады. Бір апта қабылданған антибиотик ішектегі микрофлораның құрамын бір жылға дейін өзгертіп жібереді.

- Ішекті тезірек қалыпқа келтіру үшін не істеу керек?

- Тірі микроағзасы бар биоқоспаларды қабылдауға (пробиотиктер) болады. Бұл антибиотиктерден әлсіреп қалған ішекке орналасып, микрофлораны қайтарып, бұрынғы қалпына келтіріп, бұзылыстардың қаупін төмендетеді.

Зерттеулер дәлелдегендей, ең жақсы нәтижені сүт қышқылды бактериялары бар пробиотиктер мен Saccharomyces boulardii ашытқыш саңырауқұлақтары береді.

Мұндай биоқоспаларды антибиотиктерді қабылдап жүріп те, толық крусын қабылдап болған соң да пайдалануға рұқсат. Тек олардың арасында үш сағаттық үзіліс болу керек. Әйтпесе, қоспаның пайдасы ұзаққа сақталмайды.

- Ішектегі микрофлораларды қалыпқа келтіру үшін йогурт пен айран ішсе бола ма?

- Пробиотиктер азық-түліктерде де кездеседі. Ішектің жағдайын жақсарту үшін антибиотик терапиясы кезінде немесе аяқтаған соң ферменттелген тағамдарды рационыңызға енгізіңіз: ашытылған қырыққабат; уксус қолданылмаған тұздалған тағамдар; мисо жапон сорпасы; ферменттелген тұзды сүт өнімі; сүт қышқылы (йогрут пен айран).

- Антибиотиктің бір курсын қабылдасам да, жазылатын түрім жоқ. Не істеу керек?

- Инфекция қайта келгені – жақсы белгі емес. Мүмкін бактерияларыңыз сіз ішкен препаратқа бейімделіп алған болар. Десе де, бұл да нақты жауап болмайды. Әлсіз иммунитетіңізбен жаңа бактериялық ауруды қағып әкеткен шығарсыз. Қандай жағдай болмасын, емдеп жатқан дәрігеріңізбен кеңесіңіз. Ол сізге басқа антибиотиктер жазып беруі керек.

Екі курстың ортасында уақыт жоғалтып немесе төзе тұрамын деп ойламаңыз. Сізге бастысы – дертті жылдамырақ жеңу.

- Антибиотиктерді жиі-жиі іше берсе, әсері болмай қалуы мүмкін бе?

- Мүмкін, тіптен тиімділігі жоғалу да ғажап емес. Микробтардың антибиотиктерге төзімділігі адам денсаулығына ең үлкен қауіп әкеледі. Микроағзалар мутацияланып, дәрілерге бейімделіп алады. Оның нәтижесінде әлі заманауи ғылым жеңе алмай келе жатқан жаңа супербактерия дүниеге келеді. Бұл – өте қауіпті! Мәселен, антибиотиктерге төзімділігі кесірінен туберкулезден жылына 250 мың адам ажал құшады.

Өкінішке қарай, сол супербактериялардың өмірге келуіне өзіміз кінәліміз. Антибиотиктерді дұрыс пайдаланбаймыз немесе соңына дейін жеткізбейміз, дәрігерге жүгінбей өздігімізден препараттарды жөн-жосықсыз қабылдай береміз.

Антибиотиктердің жұмысын жақсартқыңыз келсе, оларды қабылдаудағы басты тәсілдерден ауытқымаңыз.

- Ағзаға зиян келтірмес үшін, антибиотиктерді жылына қанша рет қабылдаған дұрыс?

- Антибиотиктер дәрумен емес. Оны тек дәрігердің тағайындауымен ішу керек. Егер сізде бактериялы инфекция болса, терапевт сізге өткен жылы қанша рет қабылдағаныңызға қарамай, антибиотик жазып береді.

- Балаларға антибиотик қабылдауға бола ма?

- Әлбетте. Егер балада бактериялы инфекция болса, дәрігердің белгілеуімен антибиотиктер ішуге болады.

-Антиобиотиктер қан анализіне әсер ете ме?

- Иә. Кейбір антибактериялы препараттардан:

– Лейкоциттердің деңгейі төмендейді. Нақты айтқанда дәл мұндай реакцияны көпшілігімізге таныс антибиотик левомицетин (хлорамфеникол) береді;

– Гистамин деңгейі өседі. Бұлай гликопептидті антибиотик жұмыс жасайды;

– Бауыр сынамасының нәтижесі бұрмаланады. Бұл эффект пенициллин және стрептомициннен келеді.

– Сонымен қатар, антибиотиктер гемоглобин мен тромбоциттер деңгейін түсіріп, қанның ұю уақытын созып, антиглобулин тестінің нәтиежесін бұрмалайды.

Мұндай кері көрсеткіштердің болатынын медицина мамандары жақсы біледі. Сол себепті, сізді қан анализіне антибиотикті тағайындаған дәрігер жіберсе, препараттың әсерін есепке алып, дұрыс нәтиже шығаратынына күмәніңіз болмасын.

Ал егер басқа дәрігер жолдаса, оған міндетті түрде антибиотик қабылдағаныңызды ескертіп қойыңыз.

- Антибиотиктер қан анализіне әсер етуін қашан тоқтатады?

- Антибиотиктердің қаншалықты көмегі болғанын білу үшін, қан тапсыру уақытын, емдеу курсын қабылдаған соң 14 күн өткенде ғана белгілеңіз.

- Антибиотик қабылдап жүріп күнге күюге (загар алуға) бола ма?

- Кеңес берілмейді. Кейбір антибиотиктер терінің фотосезімталдығын арттырады. Бұл дегеніңіз, күнге күю (загар) кезінде теріңіз пигментенуге ұшырауы мүмкін.

Егер күннің сәулесіне шомылуға ынтығып тұрсаңыз, өз дәрігеріңізбен ақылдасқаныңыз жақсы.

- Спортпен шұғылдануға ше?

- Дұрысы – шұғылданбау! Антиобиотиктердің кері әсері шаш етектен – диареядан бастап, жүрек аритмиясына дейін баруы ықтимал. Онымен қоса, сіңірлердің жағдайы күрт нашарлап кетеді. Тиісінше, ол түрлі жарақаттарға шалдықтырады. Сол себепті антибиотиктерді қабылдап жүрген уақытта, мүмкіндігіңізге қарай, спорттық жаттығуларды қоя тұрыңыз. Егер фитнес залына баруды жалғастырсаңыз, жүктемені азайтып, жаттығу уақытын да біршама қысқартыңыз.

Ауруды жеңу – өз қолыңызда...
21-03-2019, 15:38

«Қазіргі қуанышты жаңалық осы» Біртанов сүйінші сұрады

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінен кейін журналистердің сұрағына жауап берді. «Денсаулық саласына қатысты Мемлекет басшысы нақты тапсырма қойды.

Елбасы тікелей атап өткендей, дамытуды қажет ететін ең маңызды бағыт – алғашқы медициналық көмек, амбулаториялық көмек. Себебі дамыған елдерді алсақ, жалпы бүкіл дәрігердің консультациялық көмегінің 80%-ы – алғашқы медициналық көмектің мамандары, яғни жергілікті учаскелік дәрігерлер, терапевт, педиатрлар», — деді Елжан Біртанов.
 Сонымен қатар, ол осы бағытты дамыту үшін бірнеше нақты тапсырма берілгенін атап өтті. «Елбасы Жолдауында да ең жиі кездесетін ауруларды арнайы мемлекеттік бағдарламаға көшіруді айтты. Осыған орай, 2019 жылдың қаңтарынан бастап, осы бағдарламаны енгізіп жатқан дәрігерлердің, мейірбикелердің жалақысын 20% көтердік. Қазіргі қуанышты жаңалық – дәрігерлердің жалақысын көтеру», — деп сөзін жалғады министр.
 Сондай-ақ, Елжан Біртанов министрлік осы саладағы басым бағыттарды игеруге дайын екенін айтты. «Алғашқы көмектің қолжетімділігін арттыру үшін жұмыстар басталып кеткен. Ол үшін дәрігер үйге жақын болу керек. Біз үлкен ауруханаларда 20 дәрігер отырғанына үйреніп қалғанбыз. Оған жету үшін тұрғындар 40 минут кететінін анықтадық. Автобусқа отырып жеткенше ұзақ уақыт. Енді осының орнын толтыру үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде кіші орталықтар ашылады. Сонда дәрігерге 5-10 минутта жететіндей қыламыз. Осылайша, халық алғашқы медициналық көмекке тез қол жеткізеді», — деп сөзін түйіндеді Денсаулық сақтау министрі.

www.qazbrand.info

14-03-2019, 14:53

Директор - Бас дәрігер

Ршымбетов Құбыл, 1948 жылы Қызылорда облысы Арал ауданы, Қасқа-Құлан ауылында туған, ұлты қазақ, білімі жоғары, 1967 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтына түсіп, осы оқу орнының емдеу ісі факультетін 1973 жылы бітіріп шыққан.
Осы жылы Қазақ теміржолына қарасты Жамбыл теміржол ауруханасында біржылдық интернатурадан өткен.
1974 жылы Қызылорда теміржол ауруханасына жолдамамен жұмысқа келген.
1974 жылдан 1977 жылға дейін осы ауруханада терапевт дәрігер болып және инфекция бөлімінде бөлім меңгеруші болып қызмет атқарған.
1977 жылдың қаңтар айынан бастап Қазалы теміржол ауруханасында дәрігер терапевт, дәрігер инфекционист болып қызмет атқарды.
1979 жылы Қазалы теміржол ауруханасына бас дәрігерінің орынбасары болып тағайындалды, 1994 жылдың тамыз айынан 1997 жылдың ақпан ай аралығынды осы аурухананың бас дәрігері қызметін атқарған.
1997 жылдың ақпан айымен қыркүйек айы арасында Қазалы орталықтандырылған аудандық ауруханасының бас дәрігерінің қызметін атқарды.
1997 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазалы теміржол ауруханасының бас дәрігері қызметін осы уақытқа дейін атқарып келеді, қазіргі қызмет атауы директор.
Бұл уақытқа дейін, теміржол ауруханасы да затына сай атын өзгертті, 2000 жылдың 17 қантардан бастап «Көліктік медицина қызметі» ААҚ басқарма төрағасының №1 бұйрығына сәйкес «Көліктік медицина қызметі» ААҚ Қазалы филиалы теміржол ауруханасы құрылды. 2005 жылдың 25 мамырдан бастап «Көліктік медицина қызметі» АҚ басқарма төрағасының №39/17 бұйрығына сәйкес қайтадан тіркеуден өтуіне байланысты «Көліктік медицина қызметі» АҚ Қазалы филиалы теміржол ауруханасы болып өзгертілді. 2010 жылдың 12 қантардан бастап «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» АҚ директорлар кенесінің №1 хаттамасына сәйкес «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» акционерлік қоғамының филиалы «Қазалы теміржол ауруханасы» болып қайта ұйымдастырылды.
1981 жылдан І санаттағы дәрігер терапевт.
1996 жылдан жоғарғы санаттағы дәрігер терапевт, 2006 жылы І санаттағы дәрігер ұйымдастырушы.
Ршымбетов Қ. төмендегідей салаларда білімін жетілдіріп отырды:
Алматы қаласында 1976 жылы (жұқпалы аурулар), 1980 жылы Алматы қаласында (Гастроэнтерелогия), 1988 жылы (Рефлексотерапия)
1986 жылы Ташкент қаласында (Управления и организация лечебно профилактической помощи)
1987 жылы Қызылорда қаласында кардиология жөнінде семинар, қарқынды терапия инфаркт миокарда стенокардия, 2001 жылы Қызылорда қаласында денсаулық саласын реформалау жөнінде, 20001 жылы Қызылорда қаласында (терапия, кардиология, гастроэнтерология өзекті мәселелері)
1989 жылы Юрмола қаласында (Электропунктура)
1994 жылы Ақтөбе қаласында (сақтандыру медицинаны жоспарлау)
2001 жылы Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтының "Анестезиология, реаниматология және интенсивті терапияның тандаулы сұрақтары”, "Эндокринология, кардиология және интенсивті терапияның тандаулы сұрақтары” тақырыбы бойынша Қызылорда қаласында өткен 1 ай көшпелі циклына қатысты.
2004 жылы Алматы қаласындағы қоғамдық денсаулық сақтауының жоғарғы мектебінде "Халыққа медициналық көмек көрсету үшін стационарлық көмекті басқару сұрақтарын”-144 сағат тақырыбы бойынша білімін жетілдірді.
2005 жылы Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтының "Терапияның заманауи сұрақтары”- 144 сағат тақырыбы бойынша Қызылорда қаласында өткен 1 ай көшпелі циклына қатысты.
2006 жылы Алматы қаласындағы қоғамдық денсаулық сақтауының жоғарғы мектебінде "Денсаулық сақтау ресурстарын басқару өзекті сұрақтары”-144 сағат тақырыбы бойынша білімін жетілдірді.
01.03.-30.03.2006г. аралығында Ақтөбе ММИ ДБЖФ "Медико-санитарлық көмекті басқару өзекті сұрақтары ".
2007 жылы Қызылорда РК ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі «Денсаулық сақтау жүйесін реформалау кезіндегі экономикалық және басқару ісі бойынша өзекті сұрақтары"-144 сағат.
01.10.-29.10.2009 жыл аралығында Алматы дәрігерлердің білімін жетілдіру МИ "Кәсіби аурулардың алдын алу"-144 сағат.
16.11.-21.11.2009 Қызылорда "Денсаулық сақтау саласындағы басшылар мен мамандарға стационарлық (стационарды алмастыратын) көмек жөнінде сұрақтар"- 42 сағат.
Астана қаласы Халықаралық медициналық холдинг 08.-09.09.2010 тақырыбы "Болашақ госпиталі".
Кызылорда қаласындағы қоғамдық денсаулық сақтауының жоғарғы мектебінде 27.09.-08.10.2010 "Организационно-правовые и экономические основы функционирования гос.предприятий на праве хоз.ведения" тақырыбы бойынша білімін жетілдірді (св.ПК№14708),
Алматы «М ӘЕМ, КП және ӨЭИ» 01.11.-20.11.2010 тема "Кәсіби патология"- 162 сағат.
Алматы қаласындағы қоғамдық денсаулық сақтауының жоғарғы мектебінде 07-02.05.2012 тема "Эффективное управление государственным предприятием на праве хозяйственного ведения"- 54 сағат.
Алматы РУМЦГЗ 03-07.09.2012 "В области Гражданской защиты"
Алматы қаласындағы қоғамдық денсаулық сақтауының жоғарғы мектебінде 11.03.-04.11.2013 «Денсаулық сақтау менеджменті» медициналық мамандығы бойынша – 864 сағат көлемінде қайта даярлықтан өтті.
Жұмыс кезінде өзін жақсы ұйымдастырушы, өз ісінің білікті маманы екенін көрсете білді. Медициналық манипуляцияларды жетік меңгерген: қантамырына катетер құю, жұлынға, өкпеге пункция жасау, ауыр науқастарға реанимациялық көмек көрсету және жақсы ұйымдастырушылық қабілеті бар басшы екенін ұжымға таныта білді.
Жаңа типті аурухана құрылысының толық аяқталуына, және ауруханаға қажетті медицина саласындағы озық үлгідегі аппаратуралармен жабдықталуына тікелей ықпал жасады олар:
УЗИ, плазмаферез, лазер аппараттары, гастрофиброскоп, "Барокамера”, "Маммография”, ультрадыбысты доплерограф, Электрокардиограф «ЭК-3Т-01-«Р-Д»» «Россия», Проявочный процессор (Китай), ВС-3000 Автомат гематологиялық анализатор (Китай), ВА-88 Полуавтоматты биохимиялық анализатор (Китай), эндовидеолапаротомия аппараттары көмек көрсету үшін ішкі резервті пайдалана отырып, су мен емдейтін бөлім және медициналық аппаратурамен қамтамасыз етілді.
2010 жылы - Офтальмоскоп прямой, Эхоэнцефаллограф портативті жиынтығымен, стол операционный 3008С, Комп.суточный мониторинг ЭКГ и АД «Валента», Комплекс аппаратно программный электроэнцефалографический Мицар ЭЭГ, Стерилизатор ВК-75, Парафинонагреватель Каскад – 15, АПП ударно волновой терапии BTL-5000, АПП механотерапевт CERAGEM, Прибор д/комб физиотерапии портативный, АПП искуств вентиляции РО-6-06.
Монитор пациента РМ-7000, BTL-4000 COMBI – ПРИБОРД/КОМБ физиотерапии, Рефрактометр ИРФ-454Б2М, Светильник однорефлекторн передв НС-1, Светильник однорефлекторн передв НС-1, Цистоскоп универсальный ЦУ-1, Стоматологическая установка, Электроскальпель – коагулятор, Индикатор внутриглазного давления, Настольная зубтехническая бормашина, Рентгеновский диагностический комплекс, Стекло просвинцованное рентгензащитное, Стерилизатор ГП-40, Электрокардиограф многоканальный, Весы электронные В1-15 САША, Паровой стерилизатор ВК-75-01, Индикатор внутриглазного давления ИГД-02 ПРА, Ларингоскоп с 4-мя клинками взрослый. Қазалы, Арал, Қармақшы және Байқоныр халқына медициналық көмек көрсету үшін Гемодеализ бөлімі ашылып, қазіргі таңда жұмыс жасауда.
2012 жылы - Комплект деталей к компрессионно дистракционным аппаратом Г.А Илизарова для лечения переломов костей, насос инфузионный шприцовый SEP-10S, портативный аппарат ИВЛ, многосрезовый спиральный компьютерный томограф Nel Viz Dial в комплекте. Блокирующий остеосинтез, комплект гемиопротез тазобедренного сустава.
2012 жылдан бастап Мемлекеттік тапсырыс арқылы жоғарғы мамандандырылған медициналық көмек, травматология саласынан көрсетіледі, оған жауапты дәрігер травматолог-ортопед Канатов А.К. Оталар жасап аудан көлемінде науқастардың ризашылыға бөленіп келеді.
Теміржол мекеме басшыларымен бірлесе отырып, мекмелерден сауықтыру, физиотерапиялық көмек көрсету кабинеттерін ашты. Сонымен бірге халыққа медициналық қызмет көрсету үшін елді мекендерге алғашқы медициналық көмекті жақсарту және жақындату мақсатында 7 медициналық пункттің жұмыс жасауына ықпал жасады.
Жұмыс кезінде өзінің ұйымдастыру қабілетімен, білімділігімен, жұмысқа белсенділігімен ұжым арасында, халық арасында зор беделге ие болды. 1987-1991 жылдары Халық депутаттары поселкелік кеңесінің депутаты болды.
2001 жылы "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл” мерекелік медалімен марапатталды.
2003 жылы Аудандық мәслихаттының депутаты болып сайланды.
2004 жылы Денсаулық сақтау ісінің үздігінің иегері.
2005 жылы "Темірдолға 100 жыл” мерекелік медалімен марапатталды.
2006 жылы Қызылорда облысының денсаулық сақтау департаментінен "Аудан деңгейінде емдеу-диагностикалық жұмыстарына жаңа технологияларды белсенді енгізу” номинациясы бойынша дипломмен марапатталды.
2006 жылы Қазалы ауданының әкімінің денсаулық сақтау саласына жаңа технологияларды енгізіп, халыққа сапалы медициналық көмек көрсетудегі қызметі үшін "Жыл дәрігері” номинациясымен марапатталды.
2007 жылы Астана қаласында өткен "Қазақстанның провизорлармен дәрігерлердің ІІІ-съезіне” қатысты.
2011 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалымен наградталды.
2011 жылы Гонконг қаласына тәжірибе алу үшін «медициналық мекемелерін басқару» мамандандырылған іскер бағдарламасына қатысты.
2012 жылы «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға     қосқан үлесі ушін» кеуде белгісімен марапатталған.
2013 жылы Барселона қаласында жоғарғы мектебінде Менеджмента в Барселоне Graduate Schoolof Managementin Barcelona мамандандырылған іскер бағдарламасына қатысты.
2013 жылы «Лучшие люди» құрмет белгісімен марапатталды.
2013 жыллғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы бойынша «Шапағат» медалімен наградталды.

2014 жылы  «Мировые тенденции здравоохранения. Опыт Индии»  көшпелі тәжірибиелік семинарына қатысты.

2015 жылы ҚР Президентінің  сайлау науқанына белсенді қатысқаны үшін, ҚР Президентінің Алғысын алды.

2015 жылы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінен «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды (куәлік №0034 28.05.2015 бұйрық №400).

2015 жылы Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің қауаымдастығы қоғамдық бірлестігінен «Сыр медицинасының үздігі» медалімен марапатталды (куәлік №2 19.06.2015).

2016 жылы ҚРхалқының өмірі мен денсаулығын сақтауға сінірген абыройлы еңбегі үшін Алтын дәрігері  белгісімен марапатталды.

2016 жылы Қызылорда облысының әкімінің құрмет грамотасымен марапатталды

2017 жылы Қазақстан Республикасының қоғамдық наградалар және атақтар жөніндегі комитетінің шешімі бойынша «Қазақстанның Құрметті азаматы» орденімен марапатталды. 

2019 жылы Қазалы аудандық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымы «Көп жылғы қоғамға сіңірген еңбегі үшін» Қазалы ауданының «Құрметті азаматы» медалімен марапатталды.

Қазалы ауданының әкімінің  Бірнеше рет Облыстық, аудандық және мекеме мақтау қағаздарымен, ақшалай сыйлықтармен марапатталды. 

            Жыл сайын мереке күндері «Наурыз», «Медицина қызметкерлері», «Карттар күніне» орай аурухана зейнеткерлерін мереке іс шараларына шақырып сый-сияпат беріп отырамын және жағдайы төмен от басыларға жәрдем көрсетеді.

            

Ршымбетов К. жанұялы, 5 бала тәрбиелеп өсірген үлгілі отағасы. 40 жыл халық денсаулығын сақтауда үздік қызмет атқарған және 19 жыл іскер басшы, ұйымдастыру жұмыстарының үздігі.
 











 
 

 
14-03-2019, 12:47

Мейірбикенің жалақысы 100 мыңға дейін өседі - Елжан Біртанов


ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медицина саласындағы жалақысы төмен қызметкерлердің айлығын 30 процентке көтеруге қатысты есеп-қисапты жариялады, деп xабарлайды ҚазАқпараттілшісі.


Министрдің айтуынша, ағымдағы жылы 1 шілдеден бастап жалақысы төмен барлық медбикелер және кіші медициналық персоналдың жалақысы 30 процентке өседі. "Мысалы, мейірбикенің орташа жалақысы 76 мыңнан 100 мыңға дейін көтеріледі. Ал кіші медициналық персоналдың айлығы 48 мыңнан 64 мыңға артады. Оған қоса, жоғары сұранысқа ие мамандықтар бойынша дәрігерлердің жалақысы да ұлғаятын болады. Жалпы, 225 мыңнан астам медицина қызметкерлерінің жалақысы өседі. Осыған орай, 2019 жылы республикалық бюджеттен 37,6 миллиард теңге, ал 2020 жылдан бастап 78,7 миллиард теңге бөлінеді", - деді Е.Біртанов Үкіметтің бүгінгі отырысында. Айта кетейік, кеше "Нұр Отан" партиясының XVIII сьезінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев төмен жалақы алатын бюджеттік сала қызметкерлерінің айлығын 30 процентке көтеруді тапсырды. Бұдан бөлек, әкімдік қызметкерлерінің жалақысы 25 процентке көтеріледі. Осы мақсатта 1 триллионға жуық қаржы бөлінеді.   

1-03-2019, 15:48