» Материалы за Сәуір 2019 жылы

Қызылорда облысында ангиографиялық 2 зертхана ашылады

Kyzylorda-News.kz Қызылорда облысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 41 жоба жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

8 дәрігерлік амбулатория мен 2 емхана салу және озық үлгідегі 11 медициналық құрылғы алуға 21 миллиард теңге жұмсалмақ. Бизнес өкілдерімен бірлескен меморандум шеңберінде 2 ангиографиялық қондырғы облыстық медициналық орталық пен Қазалы аудандық ауруханасында орнатылады.

Жаңа машиналар дәрігердің барынша инновациялық тәсілдерді қолдануына мүмкіндік береді. Рентген жүктемесін азайтып, науқас операция үстелінде аз уақыт жатады. Ангиографиялық зертханалардың құрылуымен жүректегі, мидағы және ішкі ағза мүшелерінің майда тамырларын анық көруге мүмкіндік пайда болады. «Оңалту бағдарламасы да жеңіл өтеді», – дейді мамандар.

«Ескі ангиограф құрылғысында жылына 2, 2 жарым мың операция жасалса, жаңа апаратта арифмологтар, нейрохирургтер, эндовоскулярлық хирургтердің операция 2 есе көбеймек», - дейді хирург Алмас Әбілпатта.

«Бұл құрылғы 250 мың тұрғынға шаққанда 1 қондырғы болу керек. Ал осы қондырғымен түгелдей жабдықтасақ, облыстың қажеттілігін толықтай жабамыз», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Олжас Ысқақов.

Жүрек қан-тамыр дертіне шалдыққандарға дереу емдік шаралар жүргізуде тиімділігі жоғары аппараттармен алдағы мамыр айында алғашқы операция жасалады. Ауыл-аймақта тұратын сырбойылықтардың да медициналық қызметке қолжетімділігін арттыру бағытында денсаулық сақтау нысандары көптеп салынып жатыр.

«2017-2018 жылдары осы бағытта жалпы құны 1 млрд 178 млн теңге болатын 1 қалалық емхана іске қосылды және 3 дәрігерлік амбулатория қолданысқа берілді. 2019 жылы 9 дәрігерлік амбулатория құрылысы жүріп жатыр», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Олжас Ысқақов.

Сондай-ақ өңірде онкологиялық бөлімшесі бар көпбейінді 300 төсектік аурухана салынады. Сырдарияның сол жағалауынан бой көтеретін нысан да мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бой көтереді.


https://syr-media.kz/news/9258-yzylorda-oblysynda-angiografiyaly-2-zerthana-ashylady.html 
24-04-2019, 15:29

Академик ауданда болды


Әйтеке би кентіндегі жарты ғасырдан астам тарихы бар Қ.Сәтбаев атындағы №216 орта мектепте тағылымды шара өтті. Оған Қазалы ауданына іссапармен келген медицина ғылымдарының докторы, ҚР Профилактикалық медицина академиясының академигі Ерболат Дәленов пен осы мектептің түлегі медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Айгүл Абдулдаева және ардагер ұстаз, Қазалы ауданының құрметті азаматы Шарафадин Алтынбай қатысты. Бүгінгі таңда Айгүл Абдулдақызы «Астана» медицина университетінің профилактикалық медицина және тамақтану кафедрасында технология және оқу процесін мониторингілеу бөлімінің бастығы болып еңбек етуде.


Алдымен қонақтар білім ордасы ауласындағы қазақтың тұңғыш академигі Қаныш Сәтбаевтың бюстіне гүл шоғын қойды. Мектеп оқушылары дайындаған қолөнер бұйымдарының көрмесімен танысты.


Негізгі шара жаңадан салынған спорт залда өтті. Оған мектептің ұстаздары мен шәкірттері көптеп жиналып, жерлес академиктің әңгімесін қалт жібермеуге тырысты. Өз кезегінде Ерболат Дербісәліұлы адамның ең қымбат байлығы оның денсаулығы екенін тілге тиек етіп, осы тұрғыда атқарып жатқан жұмыстарына тоқталды. Ал, осы мектептен сапалы білім, саналы тәрбие алып, бас қаладағы беделді оқу орындарының бірінде қызмет істейтін Айгүл Абдулдаева оқушыларға «Астана» медицина университеті туралы жан-жақты айтып берді.


Кездесуде медицина саласының білікті мамандарына аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов алғысын айтып, білім шаңырағының 50 жылдығына орай шығарылған “Ұлағат ұясы” атты кітапты сыйға тартты.


Бұл күні Ерболат Дәленов бастаған медицина саласының мамандары Қазалы ауданаралық ауруханасының ұжымымен де кездесті. Басқосуда медицина ғылымдарының кандидаты Айгүл Абдулдаева, облыстық онкология орталығының бас дәрігері Сәкен Серғазиев дұрыс тамақтану жолдары, аурудың алдын алу, өмір сүру көрсеткішін жақсарту, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында баяндама оқып, өздерінің тәжірибесімен бөлісті.


Мұнан соң қонақтар Жанқожа батыр кесенесі мен Ғ.Мұратбаевтың мемориалдық музейін аралап, Қазалы қаласындағы “Қазалы-Конфет” цехының жұмысымен танысты.

Жеңісбек АЙЫМҚҰЛОВ,

Суретті түсіргенНұрлан ҚАНАТ

https://qazaly.kz/kogam/8964-akademik-audanda-boldy.html 

23-04-2019, 12:34

ИММУНДАУ АПТАЛЫҒЫ


24-30 сәуір аралығында өңірде «Алдын алсақтанегіл!» ұранымен иммундау апталығы өтедіСоңғы он жылда үздіксіз өтіп келе жатқан шара екпеден қалып қалғандардың қайта екпе қабылдауына мүмкіндік бередіБұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының міндетін атқарушы Әлия Әбдіқайымова мәлімдеді.

– Иммундау апта­лы­ғы­ның мақсаты – аза­мат­тардың жасына және егі­луге тиісті екпелер түріне сәйкес жұқпалы ауруларға қарсы жоспарлы алдын ала егу шараларымен қамтуАталған шара тұрақты ем­ханаға қарасты және тір­келмегентұрақты тұр­ғы­лықты мекен-жайы жоқ азаматтарғаолардың бала­ларынаҚР Ұлттық алдын ала егу кестесіне сәйкес облыс төңірегіндегі барлық емханаларда жүргізіледіПрофилактикалық ек­пе­лер­ді арнайы егу бөлме­ле­рінде жыл сайын оқу­дан өткенаттестация нәти­же­сімен рұқсат алған аяжандар егедіБұл ретте 312 дәрігер, 1323 орта буынды  медицина қызметкерлері бі­ліктіліктерін ­арттырдыҚа­зір барлық емдеу меке­мелері дайынекпелер тү­гелжетіспеушілік жоқ, – деді Ә.Мүтәліпқызы.

Жалпы еліміз бойынша жұқпалы аурудың 21 түріне қарсы екпелер жүргізіледіОлардың барлығы талапқа сайтексерістен өткенСон­дықтан күдіксіз қа­был­дай беруге боладыДесе дебиыл облыста қызылша ауруымен тіркелгендер де кездестіМұның себебін де­партамент басшысы екпе қабыл­дама­ғанның әсері екен­дігін айтты.

– Екпе алу – адамды жұқпалы аурудан қор­ғай­тын бірден-бір шараСоңғы уақыттарда аймақта екпенің арқасында көптеген аурулар деңгейі төмендедіДегенменбиыл қызылша ауруы­мен тұрғындар тіркелдіОсы аурудың 83 проценті егілмегендер арасынан шық­қанБүгінде діни себептерге байланысты да екпеден 101 адам бас тартудаОның 76 проценті 2 жасқа дейінгі балаларБұлармен арнайы жұмыстар жүргізілудеБіз өңір тұрғындарынан осы ап­талық уақытында тиісті егумен қамтылуын сұрай­мыз, – деді  облыстық қо­ғамдық денсаулық сақтау де­партаменті басшысының мін­детін атқарушы Әлия Әб­діқайымова.


Мейрамгүл Дауылбайқызы,

"Сыр бойы"

https://syrboyi.kz/zedelnews/29527-immundau-aptalyy.html 

22-04-2019, 15:27

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын алайық


Әр жылда күлімдеген көктеммен бірге аса қауіпті жұқпалы аурулар тобына жататын Конго-Қырым геморрагиялық қызба ауруының эпидемиологиялық маусымы да келеді. Яғни осы кезде табиғатта кенелер саны тез көбейіп, олардың ішіндегі ауру тасымалдаушы кенелер адам денсаулығына қауіп туғызады.  

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруы немесе көкала – табиғи ошақтық аса қауіпті жұқпалы вирусты инфекция. Бұл аурудың аса қауіптілігі өлім-жітім көрсеткішінің өте жоғары болуында - 30-70% аралығында.

Көкала ауру бірінші рет 1944 жылы Қырымда тіркелген, 1945 жылы вирусы анықталған. 1956 жылы Конго мемлекетінде осыған ұқсас ауру тіркеліп, вирусын зерттей келе, Қырымда тіркелген аурудың вирусымен бірдей болып шыққан. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруы дүниежүзінде Африка, Азия елдерінде, оның ішінде Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Пәкістан, Түркия және Ресей мен бірқатар Европа елдерінде кездеседі.

Географиялық ерекшеліктеріне байланысты Қазақстанның 4 аймағы осы аурудың табиғи ошағы болып табылады: Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстары және Шымкент қаласы. Ағымды жылы Қызылорда облысында 123 елді мекен осы ауруы бойынша қолайсыз деп анықталды. Атап айтар болсақ, Арал ауданында – 26 елді мекен, Қазалы ауданында – 12 елді мекен, Қармақшы ауданында – 15 елді мекен, Жалағаш ауданында – 12 елді мекен, Сырдария ауданында – 11 елді мекен, Шиелі ауданында – 17 елді мекен, Жаңақорған ауданында – 20 елді мекен және Қызылорда қаласында – 10 аймақ. ҚКГҚ ауруы бойынша эндемиялық аймақта жоқ дегенде бір науқас немесе вирус тасымалдаушы кене тіркелген кезде бүкіл елді мекен эндемиялық ошақ болып саналады.

 Табиғи ортада ҚКГҚ вирусы кенелердің және әртүрлі жабайы жануарлар мен үй жануарларының ағзасында болады. Аурудың негізгі тасымалдаушысы иксод кенелері. Кенелер күннің көзі жылысымен жылы қанды жан-жануарларға және адамдарға шабуыл жасайды. Сондықтан адамдар арасында Конго-Қырым геморрагиялық қызба ауруы кенелердің белсенділігі артқан кезде жиі кездеседі, яғни көктемде наурыз-маусым айлары мен күзде қыркүйек-қазан айларында. Ауру кене шаққанда немесе  қырқым кезінде кенелердің қаны арқылы, не болмаса ауру адамның қанымен жанасқанда жұғады.  

Аурудың белгілері: Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы немесе халық аузында айтылатын «көкала» ауруы аяқ астынан тез басталады.  Басталуы кез келген вирустық инфекцияда болатын белгілермен сипатталады – дене қызуының күрт көтерілуі, бас ауруы, тамаққа тәбетінің болмауы, буын мен белдің сырқырауы. Келесі күні лоқсуы, құсуы, іші өтуі, ине салған жерлері көгеруі, беті ісініп, қызаруы мүмкін. Ауру одан әрі дамыған жағдайда науқастың мұрнынан, қызыл иегінен, ішектен қан кете бастайды, тері бөртпелері және тері астына қан құйылу арқылы көкала дақтар пайда болады. Осының салдарынан науқастың жағдайы нашарлап, әлсірейді, жүректің соғуы жиілейді. Аурудың бірінші белгілері пайда болған жағдайда өлім-жітімді болдырмау үшін емдеуді мүмкіндігінше тез бастау керек. Қазіргі уақытта ҚКГҚ ауруын емдеу әдістері тиімді нәтиже беруде. Сондықтан егер Сізді кене шаққан болса, міндетті түрде тұрғылықты жер бойынша емдеу мекемесіне медициалық көмекке жүгініңіз. Медицина қызметкерлері 14 күн бойы медициналық бақылау жүргізеді.  

Кене шаққанда өзінің сілекейімен арнайы фермент бөледі, сол себепті көпшілік жағдайда кененің шаққаны білінбейді. Денеге жабысқан кенені байқаған кезде жақын орналасқан емхана немесе ауруханаға медкөмеккке жүгіну керек. Қорғалмаған қолмен кенені ұстау қауіпті екенін есте сақтаңыз! Кенені жалаң қолмен және бірден жұлып алуға болмайды, өйткені кененің тұмсығы қалып қойып, орны іріңдеп, жара болуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша кенені қарапайым медициналық қысқышпен (пинцетпен) немесе резина қолғап киіп, немесе шүберекпен неғұрлым тұмсығына жақын жай қысып ұстап, шайқамай, бұрамай тарту керек. Шаққан орнын иод ерітіндісімен немесе спиртпен залалсыздандыру қажет. Кенені шыны ыдысқа салып, медициналық мекемеге өзімен бірге апару керек (қажетті жағдайда кене зерттеледі) немесе Ұлттық сараптама орталығының Қызылорда облыстық филиалына тапсырып, ақылы түрде зерттеуге болады.  

Табиғи ошақтарындағы адамдарға кенелердің шабуылынан жеке қорғану үшін арнайы киім кию ұсынылады: қалпақты комбинезон, шалбардың балағын шұлықтың ішіне салу және резеңкелі манжетті жеңі бар көйлек кию қажет. Саяхатшылар және балалар табиғатқа демалысқа шыққан кезде кененің жабысқаны көрінетін ашық түсті жақсы қорғалған киім, аяқ киім, бас киіммен қамтылуы керек. Дененің ашық жеріне кенелерді қорқытатын репеленттер (спирттік зат, одеколон) және киімге кенелерді өлтіретін акарицидті құралдарды қолдану керек.  

 Кене малдың үстінде болатындығын ескере отырып, малды алдын ала ерте көктемде кенеге қарсы егіп, мал қорада кенеге қарсы улау жұмыстарын жүргізу қажет. Мал күтімімен айналысу барысында бөлек арнайы киім пайдаланып, мал қорадан шыққанда оны ауыстыру керек.

 Қызылорда облысы бойынша ерте көктемде және күзде кенеге қарсы дезинсекциялау жұмыстары жүргізілуде. Оған облыс бюджетінен тисті қаржы бөлініп, ағымдағы жылдың 10 сәуірінен бастап бұл жұмыстар Жаңақорған ауданы және Қызылорда қаласында басталды.



              Қызылорда облысы қоғамдық
              денсаулық сақтау департаменті

https://syrboyi.kz/zedelnews/29412-kongo-yrym-gemorragiyaly-yzbasy-auruyny-aldyn-alayy.html 

15-04-2019, 16:22