» Материалы за Шілде 2019 жылы

2019 жылдың 6 айындағы емхана есебі

2019 жылдың 6 айындағы емхана есебі. Скачать файл: emhana-6ojynsha-2019zh-6-ajly-eseb.pdf [2 Mb] (cкачиваний: 7)
Посмотреть онлайн файл: emhana-6ojynsha-2019zh-6-ajly-eseb.pdf
26-07-2019, 15:32

2019 жылдың 6 айындағы стационар есебі

2019 жылдың 6 айындағы стационар есебі Скачать файл: stacionar-bojynsha-2019zh-6-ajly-eseb.pdf [952,78 Kb] (cкачиваний: 6)
Посмотреть онлайн файл: stacionar-bojynsha-2019zh-6-ajly-eseb.pdf
25-07-2019, 15:41

Медицина тарихындағы күрделі ота:

Медицина тарихындағы күрделі ота: Сиам егіздеріне британ дәрігерлері ота жасады


Бір-біріне басы қосылып туған сиам егіздері Сафа мен Марва Пәкістанда дүниеге келгенОсы жылдың ақпанында британдық дәрігерлері  екі қызды бір-бірінен айыру үшін күрделі ота жасады. Бұл медицина тарихындағы ең күрделі ота.

Жұмыстың нәтижесін көру үшін дәрігерлер қыздардың 3D принтерде басып шығарылған бас модельдерін қолданды. Отаны осылайша, виртуалды жасап көрді.

Ал екінші кезең өте қиын болды. Егіздердің басын бір-бірінен айыру кезінде қыздардың жүректері қиындай бастаған. Алайда, ота сәтті жасалды. 

Ота орнының қалпына келуі үшін бес ай кеткен. Қазір қыздар анасымен бірге үйлеріне жіберілді.


https://stan.kz 

18-07-2019, 12:38

Неврологиялық бөлімше

Теміржол ауруханасының неврологиялық (жүйке) бөлімшесі типті аурухананың 1 қабатында орналасқан. Бөлімше 20 төсек-орынға арналған.  Бөлімшеде бас ауруы, бел ауруы, ми қан тамырларының зақымдалуымен ауырған науқастар емделеді. Бөлімшеде 2 дәрігер жұмыс істейді. Жауапты мейірбике, ауысымдағы мейірбикелер және кіші мейірбикелер жұмыс жасайды. Бөлімшеде дәрігерлер, егу бөлмесі, санитарлық бөлмелер, шаруашылық бөлмесі, асхана бар. Палаталары 5, 4 және 2 адамдық бөлмеде сервистік палаталар жұмыс жасайды.  Науқас жататын бөлмелер тұрмысқа қажетті барлық заттармен қамтамасыз етілген. Емдеу барысында стандарт бойынша жаңа технологиялық  дәрі-дәрмектер қолданылады.
Барлық науқастарға өз диагнозына сәйкес физиопроцедуралар жасалады: ультражоғары жиілікті (УЖЖ-УВЧ), электрофорез, соққылы–толқындық терапия, емдік дене шынықтыру (ЕДШ), массаж, кварц, «Биоптрон», «Экран», «Ультротон» жабдықтары арқылы ем, емдік ванналар. Бұл тексерулер мен емдеу нәтижесінде науқастарға дер кезінде және сапалы медициналық қызмет көрсетіледі. Бөлімшеде бір қатар істер орындалды:атап айтқанда бөлімшедегі науқастар жататын бөлмелердің барлық есік, терезелері заманға сай пластикпен ауыстырылды. Сонымен қатар бұл бөлмелердің едендері мен дәрігерлер бөлмесінің, дәліздің едендері  паркетпен  ауыстырылды. Бөлімше қызметкерлері өз білім деңгейлерін ұдайы жетілдіріп тұрады. Бөлімше іші жұмыс жасау нұсқауына байланысты қабырға қағаздарымен  жабдықталған. Бөлімшеге жыл сайын ағымдағы жөндеу (әктеу, сырлау) жұмыстары атқарылады. Науқастар төсек жабдықтармен, ыдыс-аяқтармен толық қамтамасыз етілген. Бөлімшеде көгалдандыру жұмысы да қолға алынған. Аурухана ауласынан әр бөлімшеге жер бөлінген. Тиесілі жерге талдар және гүлдер егілген. Бөлім қызметкерлері аурухананың дамуына барынша өз үлестерін қосуда.
Барлық науқастарға 3 тәулік ішінде диагноз қойылады, ем алушыларға бөлімшеге түскеннен кейін 20-30 мин ішінде ем басталады. Әрі қарай емге түзетулер енгізіледі, қосымша мамандар кеңесі мен түзетілген ем-шаралары қосылады. Сырқаттарға диагноз қоюда УДЗ-УЗИ, рентгенография, ЭКГ, ИФТ-ИФА, УЗДГ, Холтер  мониторы, «Смад» тәсілдері, жаңғырық-ЭС, ЭЭГ, жаңа  аппарат компьютерлік томография кеңінен қолданылады. Ауруханаішілік жұқпа тіркелген жоқ.
Бөлімше меңгерушісі - Талғат Алданович Жиенқұлов, аға мейірбикесі - Іңкәр Лұқпанқызы Елубаева.

4-07-2019, 16:11