» Материалы за Қыркүйек 2019 жылы

"Қазалы теміржол ауруханасы" ЖШС туралы фотомонтаж

«Қазалы теміржол ауруханасы» жауапкершілігі шектеулі
 серіктестігінің қызметі туралы фотомонтаж-презентация.

Презентацияны мына жерге өтіп қарауға және жүктеп алуға болады: 

http://www.myshared.ru/slide/1402629/
25-09-2019, 17:58

Қызылордада тұрғындарды емханаға тіркеу жалғасуда

Kyzylorda-news.kz. Тұрғындар 15 қыркүйек - 15 қараша аралығында мекен-жайларына қарасты емханаларға тіркеле алады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Әлеуметтік медициналық сақтандыру" фонд филиалының директоры Руслан Бектібаев мәлімдеді.

Өткен жылы облыстың 13 491 тұрғыны емханаларға өз қалауы бойынша тіркелу науқанында өз мүмкіндіктерін пайдаланған.

«Қазір облыста тіркелім бойынша 776 651 тұрғын бар.

2018 жылы облыс халқын 19 емхана тіркеуге алса, оның 13-і мемлекеттік, 6-уы жекеменшік емханалар. 2019 жылы 20 емхана тіркеу науқанына қатысса, 13-і мемлекеттік, 7-уі жекеменшік иелері. Тіркелген азаматтардың жалпы санының көпшілігі - 77,5% мемлекеттік клиникаларда тіркелген, қалған 22,5% жеке клиникаларды таңдаған», - дейді Руслан Бектібаев.

Емханаларға тіркеу не үшін қажет? Егер тұрғылықты мекен-жайы бойынша қаралып жүрген емхана көңіліңізден шықпаған жағдайда емхананы ауыстыру құқығын беруге және нарықтың жаңа қатысушыларына халыққа қызмет көрсету тапсырыстарын қабылдауға мүмкіндік беру үшін жасалады.

Биыл емханаларға өз қалауымен тіркелуі "eGov" электронды үкімет веб-порталы арқылы жасалады.

https://syr-media.kz/news/12180-yzylordada-tryndardy-emhanaa-trkeu-zhalasuda.html

23-09-2019, 11:14

Қазалыда тұңғыш рет жүрекке күрделі ота жасалды


Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданаралық ауруханасында алғаш рет жаңа технологиялармен жабдықталған «Ангиограф» аппаратының көмегімен жүрек қан тамырларына ота жасалды. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл күні жергілікті дәрігерлер облыстық медицина орталығының рентген-эндоваскулярлы хирургия бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Исмаиловтың жетекшілігімен 4 науқасқа күрделі ота жасады. Операция үстінде білікті маман аудандық аурухана дәрігерлері Кенесары Баспаев, Аян Қазиұлы, фельдшер Қасқырбай Молдабаев, мейіркеш Әлия Сүлейменова, рентген лаборант Ғалымжан Жайылқановтарға бар білгенін үйретті.

Айта кетейік, кеше Қазалы ауданаралық ауруханасында «Medtronik» ЖШС арқылы мемлекеттік жеке серіктестікпен алынған «Ангиограф» медициналық аппараты іске қосылған болатын. Бұл заманауи құрылғы елімізде аудандық деңгейде алғаш рет Қазалыда орнатылып отыр. Осы аппараттың көмегімен енді біздің дәрігерлер Арал, Қармақшы аудандары мен Байқоңыр қаласының тұрғындарына медициналық көмек көрсетеді.

Ол үшін тиісті құжаттар дайындалып, ауқымды жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, дәрігерлер Нұрлан Алмат, Кенесары Баспаев, Аян Қазиұлы А.Н.Сызғанов атындағы ұлттық хирургия ғылыми орталығынан қайта даярлау курстарынан өтіп, білімдерін жетілдірді.

Сондай-ақ, олар облыстық медицина орталығының жұмыс орны есебінен тәжірибе алмасты.



https://syr-media.kz/news/11964-azalyda-tysh-ret-zhrekke-krdel-ota-zhasaldy-foto.html

11-09-2019, 16:32

Руслан Бектібаев: Медициналық қоғам орасан зор өзгерістер қарсаңында

- Жолдау елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру жөніндегі міндеттерге арналған. Мемлекет басшысы медициналық қызметтердің сапасын халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің маңызды компоненті болып табылатынын атап өтті. Сондықтан, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылады. Мемлекет тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін сақтайды.

ТМККК және МӘМС пакеттері бірінші кезекте халықтың әлеуметтік осал топтары үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Мәселен, 2020 жылдан бастап жеңілдігі бар 15 санаттар үшін жарнаны мемлекет төлейді. Жұмыс берушілер, жұмыскерлер, кәсіпкерлер денсаулық қоржынын толтыруды жалғастырады.

МӘМС-ке түскен барлық қаражат Ұлттық банкте сақталады және МӘМС жүйесінің медициналық пакеттеріне жұмсалады.. Осылайша, медициналық қызметтерге арналған жеке «қалта» шығындарының төмендеуі және қымбат тұратын медициналық қызметтерге қолжетімділіктің айтарлықтай артуы күтілуде.

Біз Мемлекет басшысының Жолдауын толығымен қолдаймыз және қойылған міндеттерді іске асыру үшін барлық күш-жігерімізді, тәжірибе мен біліктілігімізді саламыз.


Руслан БЕКТІБАЕВ, 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ 

Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры.

https://syr-media.kz/birpikir/11774-ruslan-bektbaev-medicinaly-oam-orasan-zor-zgerster-arsaynda.html 

3-09-2019, 15:31