» Материалы за Қараша 2019 жылы

2020 жылы дәрігерлердің жалақысы 30 пайызға өседі

Kyzylorda-news.kz. 2020 жылы дәрігерлердің жалақысы 30 пайызға өседі. Бұл туралы 19 қарашада Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің айтуынша, 2020 жылы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылады. Осыған орай, жүйенің дайындық деңгейін тексеру мақсатында 1 қыркүйектен бастап Қарағанды облысында медициналық сақтандыру пилоттық түрде іске қосылды. Оның негізгі мақсаты – медициналық қызметті алушылардың «сақтандырылу» статусын сәйкестендіру, тегін медициналық көмектің көлеміндегі және медициналық сақтандыру жүйесіндегі қызметтерді жеке-жеке есепке алу, 2020 жылдан бастап медициналық сақтандыру жүйесін толығымен енгізу мақсатында дайындық жұмыстарын жүргізу болып табылады. Жобаны іске асыру үшін бюджеттен қосымша 2,3 млрд теңге, оның ішінде профилактикалық қарап-тексеру мен консультациялық-диагностикалық қызметтердің қолжетімділігін жоғарылатуға 1,7 млрд теңге, медициналық оңалтуды кеңейтуге 600 млн теңгеге жуық қаражат бөлінді.

«Пилоттың оперативтік деректері бойынша екі айдың ішінде өңірде қымбат тұратын компьютерлік томография және магниттік-резонансты томография қызметтерінің саны - 178, медициналық оңалту қызметтері - 73 және консультациялық-диагностикалық көмек қызметтері 42 пайызға ұлғайды», - деді ол.

Оның дерегінше, халық қажеттілігінің негізінде оңалтуды қоса алғанда, медициналық көмектің басым түрлерін қаржыландыру келесі жылы 7 есеге және 2025 жылға қарай 11 есеге дейін өседі. Тарифтердің өсуі медицина қызметкерлерінің жалақысын арттыруға мүмкіндік береді. Келесі жылы дәрігерлердің еңбекақысы 30 және орта медицина персоналының еңбекақысы 20 пайызға ұлғаяды.


19-11-2019, 14:02

Қызылордада жұқпалы аурулар тіркелмеген

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында аса қауіпті инфекциялар және туберкулез ауруы бойынша эпидемиолоиялық ахуал тұрақталды. Сондай-ақ, туберкулез ауруы өткен жылмен салыстырғанда төмендеді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда облысының тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Ғалия Бәйменова мәлімдеді.

«2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша облыс тұрғындары арасында жұқпалы аурулардың түрлері құрөзек, сіріспе, көкжөтел, полиомиелит, іш сүзегі, туа біткен қызамық ауруы, қызамық, гемофильді инфекция жағдайлары орын алған жоқ. Мұнан өзге, тұмауға қарсы екпе егу үстіміздегі жылдың 1 қазанынан бастап жергілікті емханаларда жүргізілуде»,- деді Ғалия Бәйменова.

Департамент басшысы өнімдердің қауіпсіздігін қадағалауда санитариялық – эпидемиологиялық сараптамаға 2824 өнім сатып алынғанын айтты. Ол сынаманың 77 пайызы (2167) - тағам өнімдері. Сараптаманың қорытындысы бойынша кондитерлік өнімдерде, сүт және ет өнімдерінде сәйкессіздіктер анықталған. Сондай-ақ, микробиологиялық сәйкессіздіктер бойынша 18 нысанға тексеру актісі тағайындалып, жоспардан тыс зерттеу жұмыстары жүргізілген.

Брифингте ауыз су сапасы да қозғалды. Ғалия Әбсадыққызы су сапасын қадағалауда микробиологиялық зерттеуге 908 сынама алынып, оның 33-нен сәйкессіздіктер анықталғанын жеткізді.

https://syr-media.kz/news/13098-yzylordada-zhpaly-aurular-trkelmegen.html
5-11-2019, 10:09