» Материалы за Қаңтар 2020 жылы

Құрметті ардагер атанды

Жыл басында редакцияға облыс орталығынан жағымды жаңалық жетті.

Денсаулық сақтау саласының тәжірибелі маманы, Қазалы теміржол ауруханасының бас дәрігері, іскер ұйымдастырушы, ауданға белгілі азамат Құбыл Ршымбетов тағы бір тартуға ие болды. Қызылорда облыстық ардагерлер Кеңесінің қаулысы бойынша Құбыл Ршымбетұлы «Қызылорда облысының құрметті ардагері» медалімен марапатталды. Газетіміздің жанашырын ақжолтай хабар, мерейлі марапатымен құттықтап, халыққа еткен қызметіңіз игілік жолына бағыттала берсін деген тілектестігімізді білдіреміз.


 
 

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат


https://qazaly.kz/kogam/12752-rmett-ardager-atandy.html 


14-01-2020, 12:12

Емханаға онлайн тіркелу үшін не қажет?

Kyzylorda-news.kz. Қазақстандықтар egov.kz электронды порталы, Telegram bot арқылы емханаға онлайн режимінде тіркеле алады. Өтініш бір жұмыс күні ішінде өңделеді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты. Онлайн тіркелу үшін азамат http://egov.kz сайтына өтініш жасап, «Медициналық көмек» батырмасындағы «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу» қызметін таңдауы қажет. Одан соң «Қызметке онлайн тапсырыс беру» түймесін басу керек.

Өтініш сәтті жолданғаннан кейін порталда «Сұраныс өңделуде» мәртебесі пайда болады.

Емхананың үйден, жұмыстан және т.б. 15-20 минут жаяу жүретін жерде орналасқаны жөн. Бұл дәрігерлерге қажет болған жағдайда үйіңізден жедел көмек көрсетуге, бүкіл отбасыңызбен бір дәрігерге қаралуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, тұрғылықты жер бойынша емханаға Telegram bot арқылы тіркелу мүмкіндігі бар, ол үшін Telegram мессенджерінде @Kenes1414Bot-қа жазылып, қарапайым тіркеуден өтіп, ары қарай қызмет түрі: медициналық ұйымға мессенджер арқылы тіркелуді таңдап, емхананы таңдау қажет. Қызметті көрсету мерзімі – бір жұмыс күні.

Ботпен жұмыс жасауды бастау үшін eGov.kz-ке тіркелген болып, ұялы телефонның нөмірін порталдың профиліне байланыстыру қажет. Телефонды тіркеу және байланыстыру ЭЦҚ пайдалана отырып жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығына хабарласып, азаматтың қаланың белгілі бір емханасына тіркелгені туралы ақпарат алуға болады.


https://syr-media.kz/news/14300-emhanaa-onlayn-trkelu-shn-ne-azhet.html

8-01-2020, 16:03