» Материалы за Шілде 2020 жылы

Мейірбикеге мың алғыс

Қауіпті вируспен бетпе-бет келу оңай дейсіз бе? Әсіресе, қауіпті дерт жұқтырған жандардың өмірі үшін жанын шүберекке түйген медицина саласының қызметкерлері антына адалдық танытуда. Осындай жанның бірі-АЙНАГУЛОВА ЛӘЗЗАТ ӘБУҒАЗЫҚЫЗЫ.

Өз мамандығын ойдағыдай тәмәмдаған мейірімді мейіркеш ЛӘЗЗАТ «Қазалы теміржол ауруханасы» ЖШС, терапия бөлімінің мейірбикесі, бірінші санаттағы білікті маман.

Қауіпті індетпен ауырған жандарға емімен де, жылы сөзімен де шипа дарытқан мейіркеш, жұмыс жасаған уақытында өзін іс тәжірибесі мол сауатты, білікті маман ретінде жақсы жағынан көрсетіп келеді. Тәртіптілігімен, жинақылығымен ерекшеленетін мейіркеш шұғыл жағдайда сауатты әрекет етіп, өз мамандығы бойынша мүлтіксіз іс атқаруда.

Қауіп-қатердің жоғары деңгейлігіне қарамастан халқына адал қызмет етіп жүрген ЛӘЗЗАТ ӘБУҒАЗЫҚЫЗЫНА осы қалпыңыздан таймай, биік белестерді бағындырыңыз деп тілейміз.

Nur Otan Qazaly


Тоо Казалинская Жд Больница

23-07-2020, 14:05

Дертке дауа - дәрігер


Жалпы, медицина – жауап­кер­­шілігі мол, жүгі ауыр сала­лардың бірі. Сондықтан кез кел­ген адам біліктілік пен аса шыдамдылықты талап ететін жауапты мамандықты жоғары деңгейде меңгеру оңай емес екендігін мойындайды. Бұл саланың маңыздылығы сол, дәрігердің жұмыс барысында ешқашан қателесуіне болмайды. Сол себепті дәрігерлер үнемі тәжірибелік білімін жетілдіріп, ізденіс үстінде болып, өз сала­сында ем жүргізудің барлық тәсілдерін жетік меңгеруі тиіс. 

Осындай жауапты әрі білікті дәрігерлердің бірі, COVID-19 инфекциясына қарсы күресте алдыңғы шепте жүрген ақ халатты абзал азамат– «Қазалы теміржол ауруханасы» ЖШС, жан сақтау бөлімінің меңгерушісі, дәрігер анестезиолог реаниматолог ҚУАНЫШБАЕВ ЖАСҰЛАН СЕРІКҰЛЫ.

Ерінбей еңбек етіп, өзіне де, еліне де зор пай­дасын тигізген ақ халатты абзал жан – өзгелерге үлгі етуге әбден лайықты еңбек адамы. Ма­мандығына жан дүниесімен бе­рілген білікті дәрігер үшін «ақ ха­латты абзал жан» деген елдің құр­метті атағы ең биік һәм қа­сиетті ұғым болып саналады. Өз мамандығын жоғары деңгейде меңгерген ақ халатты абзал жанды жұртшылық «алтын қолды дәрігер» деп те атайды. Тіпті, тағдыр салған тауқыметтен енді құтылмаспын деп үмітін үзген жандардың өзін емдеп, дертін жазған білікті дәрігерді антына адал, абыройлы жан десек артық айтқандық емес. 

Адал еңбегінің арқасында елдің алғысына бөленіп жүрген білікта маманға зор денсаулық пен сарқылмас сабыр тілейміз.

#ДәрігергеМыңАлғыс


Nur Otan Qazaly


Тоо Казалинская Жд Больница

23-07-2020, 14:04

МЕЙІРБИКЕГЕ АЛҒЫС

Халық денсаулығының мық­ты болуы – еліміздің медицина саласында еңбек етіп жүрген ақ халаттылардың қолында екендігі мәлімОсы реттеауданымыздың денсаулық саласында жемісті еңбек етіпхалықтың алғысына бөленіп жүрген, «Қазалы теміржол ауруханасы» ЖШСтерапия бөлімінің бірінші санатты мейірбикесі 

АХАНОВА ГҮЛСАРА ШАХАНҚЫЗЫна ерекше алғыс білдіреміз.

Жұмыс жасаған уақытында өзін іс тәжірибесі мол сауаттыбілікті маман ретінде жақсы жағынан көрсетіп жүрген мейіркеш, COVID-19 инфекциясына байланысты жарияланған төтенше жағдайы кезінде ұйымдастыру жұмыстарына белсене қатысыпхалыққа медициналық көмек көрсетіп келеді.

Өз ісіне жауапты әрі қауіпті індетпен күресуде біліктілік танытып жүрген мейіркешке ұзақ өмір мен зор денсаулық тілейміз.


Nur Otan Qazaly


Тоо Казалинская Жд Больница

23-07-2020, 14:02

БАРШАҢЫЗҒА РАХМЕТ!

COVID-19 инфекциясына байланысты пандемия кезінде «Қазалы теміржол ауруханасы» ЖШС жатқан науқастарға «Қазалы жолшы» мекемесі директоры Серік ӨТЕГЕНОВ 50 балон кислород, 5 квартал тұрғыны Қалниязов НҰРБОЛАТ 50 балон кислороджәне 5 квартал тұрғыны 

АЙМАҒАМБЕТОВ Бейбіт аурухана қызметкерлеріне 1000 дана бетперде алып беріпауруханада жатқан науқастарға өз көмектерін көрсетті

Қазақ «жақсының жақсылығын айтнұры тасысын» демекшіқысылтаяң сәтте қолдау көрсеткен азаматтардың ерлігін,халыққа жасаған жақсылықтарын айтпай кету әбестік.

«Қазалы теміржол ауруханасы» ЖШС әкімшілігі халыққа жасап жатқан көмектеріңіз Алладан қайтсын

Өздеріңіз секілді жаны жылыжүрегі жомартпейілі кеңқамқор азаматтарымыздың барына ризамыз

Сіздерге сәттілікжоғары жетістікмықты денсаулықбақ береке тілеймізЕңбектеріңіз табысты болсын


«Қазалы теміржол ауруханасы» ЖШС ұжымы

20-07-2020, 13:58

Дертті жеңген жандар


Қазалы теміржол ауруханасының терапия бөлімінде 20 төсек коронавирус инфекциясымен ауырған науқастарға арналды.
 
Бұл ретте теміржол ауруханасы терапия бөлімінің аға мейіpкеші Ләззат Айнағұлова:
 – Алғашқыда күніне 10-15-ке дейін науқас түсті. Дегенмен олардың барлығы коронавирус инфекциясын жұқтырды деп нақты диагноз қойылмаған. Барлығын пневмониямен емдеп шықтық. Түгелі ауыр халде болды, кислородпен тыныс алды. Қолымыздан келгенді аянып қалмадық. Науқас саны көп болған соң 10 күннен жатқызып, температураларын түсіріп, сатурацияларын көтеріп, бірқалыпқа келген соң үйлеріне шығардық. Ары қарай күтіммен барлығы қалпына келеді. Осы кезге дейін теміржол ауруханасынан 32 адам ем алып шықты. Біз дертті жеңген жандардың бүгінгі жай-күйін білмекке телефон арқылы байналысқан едік. Олардың дәрігерлерге айтар алғысы шексіз.
 
 

Ербол АҚНИЕТОВ:
 – Алдымен сәл суықтап ауырып қалдым. 28 маусым күні дене қызуым көтеріліп, бойымды әлсіздік биледі. Шақырған жедел жәрдем көлігі дер кезінде келіп, теміржол ауруханасына жеткізді. Бір күн жансақтау бөлімінде жаттым. Дәрігерлер тынымсыз еңбек етті. Нәтижесінде келесі күні палатаға ауыстырылдым. Ауруханадан 10 күн дегенде шықтым. Дене қызуым, қан қысымым барлығы өз орнына келді. Әуелі Алла, екінші дәрігерлердің арқасында осы күнге жеттім. Реанимация бөліміндегі барлық қызметкерлерге, терапия бөліміндегі Гүлхан, Жанар апайларға, Айнұр қарындасыма, Ақылбек ініме, басқа да қызметкерлерге алғысым шексіз.
 Гүлхан апа өзінің сөздерімен, ақыл-кеңесімен жігер берді, қуаттандырды, өмірге деген құштарлығымды арттырып, үлкен қолдау көрсетті.
 Бәріңіз елге төнген індеттен сақ болыңыздар. Дәрігерлер кеңесін тыңдап, шектеулер мен тыйымдарды ұстаныңыздар. Науқастанып жатқан жандарға Алла шипасын берсін, ауырмаңыздар!
 
 

Өмірбек ДҮЙІСОВ:
 – Мен жақында ғана төтеннен келген ауруға тап болдым. Сол сәтте дертіме шипа іздеп, ақ халатты абзал жандардың көмегіне жүгіндім. Қазалы теміржол ауруханасындағы терапия бөлімінде ем қабылдадым. Бөлім меңгерушісі Бақыт Шалғынбайқызына және барлық бөлім қызметкерлеріне алғысым шексіз. Халықтың қамын ойлап, күн-түн демей еңбек етіп жатқан сіздерге де мықты денсаулық, рух-жігер тілеймін.
 «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол» ізде деген мақал бар. Барша тұрғындарды қауіпті дертпен жұдырықтай жұмылып күресуге шақырамын. Үйден шықпай, карантин талаптарын қатаң ұстанып, өз-өздеріңізді күтіңіздер.
 
 

Қарлыға ҚҰЛСЕЙТОВА:
 – Өзім Қазалы теміржол ауруханасының қабылдау бөлімінде жұмыс істеймін. 29 маусым күні температурам көтеріліп, ауруханаға түстім. Бір жақты пневмония деген диагноз қойылды. Дене қызуым 38,5-ке көтерілді. Үш күн бойы антибиотик салды. Жеті күн дегенде ауруымнан айығып, үйге шықтым. Аурухана ұжымына, директордың орынбасары Сейілхан Артықбаев, терапия бөлімінің басшысы Бақыт Айжарықова, аға мейіркеш Үміт Жұмабаева, барлық мейірбикелер мен санитарлық қызметкерлерге алғысым шексіз. Бәрі де аяғынан тік тұрып еңбек етуде. Қажет деп тапқан дәрі-дәрмекті беріп, үзіліссіз ем жасады.
 Қазіргі таңда медицина қызметкерлері киіп жүрген қорғаныш киімдерімен жұмыс істеу оңай емес. Оны өзім де киіп көрген соң жақсы түсінемін. Күн-түн демей түрлі қиындыққа қарамай адамдардың аурудан айығып кетуіне күш салып жатқан дәрігерлерге алғысым шексіз.
 Бұл күндердің барлығы артта қалып, мамыражай күніміз қайта оралсын. Елде тыныштық, әр отбасында амандық болсын деп тілеймін. Ауырмаңыздар ағайын, сақтанып жүріңіздер.
 Қазалы ауданаралык ауруханасының КВИ бөлімі 110 тәулік төсекпен қамтылған. Оның 50-і КВИ карантин,30-ы КВИ провизор, 15-і КВИ инфекция бейіні. КВИ карантин бейіні бойынша – 392, КВИ провизор – 24, КВИ инфекция – 5 адам жатыр. Бүгінгі таңда 442 науқас емделіп шықты. Үй карантинде 184 болып, бақылаудан алынған. Қазіргі таңда 32 адам үй карантинде. Симптомсыз КВИ 35 болып тұр.
 
 

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА

https://qazaly.kz/kogam/15044-dertt-zhegen-zhandar.html 

11-07-2020, 20:49

АБЗАЛ АЗАМАТТАРҒА МЫҢ АЛҒЫС!

COVID-19 жұқпасынна байланысты пандемия кезінде облыстық маслихаттың депутаты Тілеп ИБАДУЛЛА «Қазалы теміржол ауруханасы» ЖШС емделіп жатқан науқастарға 50 балон оттегі алып беріп, ауруханада жатқан науқастарға өз көмегін көрсетті.

«Қазалы теміржол ауруханасы» ЖШС әкімшілігі облыстық маслихаттың депутаты Тілеп ИБАДУЛЛАҒА алғыс айтып, халыққа жасап жатқан көмегіңіз Алладан қайтсын. Сізге денсаулығыңыз күйлі-қуатты, ғұмырыңыз ұзағынан, отбасыңызға амандық, кәсібіңізге береке, көрер қуанышыңыз молынан болсын деп тілейміз! Мерейіңіз үстем, қадір-қасиетіңіз зор болсын деген игі тілегін білдіреді.


Және де аудандағы белгілі кәсіпкер АСҚАРОВА Шакизада жолдасы екеуі бір мал әкеп, күндіз-түні жүрген аурухана дәрігерлеріне және жатқан науқастарға садақа жасап, тамақ үлестірді. 

Алла ешкімге бұл заманда мұқтаждық қылмасын.

Алайда осындай қиын қыстау кезде, өз еріктерімен көмек қолын ұсынып жатқан аудан белсенділеріне алғысымыз шексіз!! 

Бар жасап жатқан игі істері бір Алладан қайтсын!


«Қазалы теміржол ауруханасы» ЖШС ұжымы


9-07-2020, 12:11