» Материалы за Тамыз 2020 жылы

Халыққа қызмет – мерейлі міндет

Қазалы жерінде аудандық орталық ауруханадан бөлек теміржол ауруханасы да күн-түн халыққа аянбай қызмет көрсетеді. Ғасырдан астам тарихы бар емдеу мекемесінің өңірдегі алар орны айрықша. Ақхалаттылар ордасының бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы мекеме басшысы Құбыл Ршымбетовпен сұхбат жүргізуді жөн көрдік.


– Құбыл Ршымбетұлы, аурухананың 120 жылдығына да аз қалыпты. Сондықтан алдымен өткенге көз жіберсек...


–1904 жылы Қазалы уезінде халыққа медициналық қызмет көрсету мақсатында амбулатория ашылды. Онда ең әуелі фельдшер және акушер жұмыс істеген. 1905 жылы Орынбор теміржол бөлімінің құрылуына байланысты теміржол ауруханасы ашылды. Осы жылы амбулатория 5 орындық болып қайта құрылады. Басында ауруларды фельдшер маманы ат арбамен аралап, медициналық қызмет көрсеткен. 1917 жылы теміржол ауруханасы 40 төсектік орынға көбейтіледі. Бұл сол кездің өзінде теміржол жұмысшыларының денсаулығына көп көңіл бөлінгенін көрсетеді.

Ұлы Отан соғысы жылдарында теміржол ауруханасы госпитальға айналған. Түрлі жарақатпен түскен солдаттарды қабылдап, ем жасаған. Төсек саны 1970 жылы 220-ға дейін көбейтілді. 2000 жылдан бастап «Көліктік медицина қызметі» АҚ Қазалы филиалы теміржол ауруханасы, 2005 жылы қайта тіркеуден өтуіне байланысты «Көліктік медицина қызметі» АҚ Қазалы филиалы теміржол ауруханасы болды. 2017 жылдың 20 қыркүйегінде «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» ЖШС филиалы «Қазалы теміржол ауруханасы» болып қайта құрылды. Қазіргі таңда «Қазалы теміржол ауруханасы» ЖШС болып аталады.


– Сіздерде қызмет көрсету аясы шектеулі ме, әлде сырттан келгендерді де қабылдай бересіздер ме?


– Біздің ұжым Қазалы, Арал, Қармақшы аудандарында тұратын теміржолшыларға, олардың отбасыларына, теміржол зейнеткерлерін көпсалалы мамандандырылған, алғашқы медико-санитарлық, консультациялық-диагностикалық медициналық көмек көрсетеді. Профилактикалық шаралар жүргізеді. Емделушілердің қолжетімді медициналық көмек алу құқығы қамтамасыз етілген. Жоспарлы емдеу кезінде ауруханаға жатқызбай, бас тарту жағдайлары жоқ. Науқастарды жатқызу «Портал бюросы» арқылы қабылданады, қалғаны күндізгі ауруханада емделеді.

Аурухананың жаңа үлгiдегi ғимараты 1994 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Ондағы жер телiмiнiң ауданы 5137,3 шаршы метрді құрайды. Үш қосалқы корпустағы дәрiхана, ас бөлiмі, кiр жуатын үй және басқалары санитарлық талаптарға сәйкес жабдықталған. Жоспарлы түрде 140 кереуетке есептелген. Филиал құрылымында консультациялық-диагностикалық қызмет көрсету үшін бір ауысымда 350 адамды қабылдауға арналған теміржол емханасы жұмыс істейді. Консультациялық-диагностикалық бөлімде 3 терапиялық, 4 педиатриялық, 6 жалпы тәжірибелік және 2 өндірістік дәрігер қызмет етеді. Емханаға қарасты жеті медициналық бекетте 7 фельдшер және Сексеуіл, Төретам денсаулық пункттерінде 2 линиялық дәрігер қызмет етеді.

Мұнда ересектер мен балаларға амбулаториялық-емханалық, шұғыл алғашқы, ересектер мен балаларға көрсетілетін стационарды алмастыратын, мамандықтар бойынша консультациялық-диагностикалық және стационарлық медициналық көмектер көрсетіледі. Сондай-ақ анестезиология және реаниматология, нефрология, жалпы терапия, хирургия, акушерлік және гинекология, невропатология, оториноларингология, эндокринология, педиатрия, жалпы дәрігерлік тәжірибе, кардиология, гастроэнтерология, дерматовенерология, стоматология, офтальмология, травматология және ортопедия, аллергология, пульмонология, онкология, рентгенология, гирудотерапия, нейрохирургия, медициналық реабилитология, дәстүрлі медицина, урология, трансфузиология, психиатрия, наркология, физиотерапия, емдік дене шынықтыру, массаж, эксперттік медициналық көмек жасалады. Сонымен бірге ауруханада балалар мен ересек арасында нысаналы мақсаттағы топта «В», «С» гепатитке, әйелдер арасында жатыр обырына, колоноскоптық әдісімен ересектер арасында тік ішек, тоқ ішек обырына, ерлер арасында қуық безі, асқазан, өңеш және бауыр обырына, қан айналым жүйесі ауруларына, су қараңғылыққа, қант диабетіне тексеру жүргізіледі.


– Тағы қандай қызметтерді жүзеге асырасыздар?


– Аурухана құрамында бейінді бөлімшелер қызмет атқарады: хирургия бөлімінде 12, оның ішінде травматологиялық төсек, жоғары технологиялы медициналық көмек төсегі, гинекология бөлімінде 12 терапия бөлімінде 20, неврология бөлімінде 12, балалар бөлімінде 12, нейроинсульт бөлімінде 20, реанимация бөлімінде 8, ақылы қызмет бөлімінің керует саны 12, күндізгі стационарда 40, оның ішінде емханалық 15 төсек қойылған. Сонымен қатар, параклиникалық бөлімдер – клиника-диагностикалық, бактериологилық, биохимиялық, иммун-ферменттік зертхана, функционалдық диагностика жүргізу (рентгенологилық, рентгеноскопиялық зерттеулер, маммография, рентген, компьютерлік томография, «С-дуга» рентгенодиагностикалық аппарат, доплерография, барокамера, УДТ-диагностика, эхо-энцефалоскопиялық, фиброгастроскопиялық, эхоэнцефаллографиялық, доплерографиялық зерттеулер), физиотерапиялық бөлім емдік денешынықтыру, соққылы толқын терапиясы, үгу столы, мойын массажын жасау аппараты, парафин, емдік массаж, емдік тұзды және 10 түрлі дәрілік ванналар, кедр саунасы, су асты массажы, джакузи, мануалдық емдеу, Су-Джок емдеу, барокамера жұмыс істейді. Компьютерлік томография аппаратымен Арал, Қазалы және Қармақшы аудандарының халқына қызмет көрсетіледі. Айта кетсек, ауруханаға бекітілген стационарлық науқастар, мүгедектер, зейнеткерлер, жасөспірімдер, «Батыр ана» орденімен, «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған әйелдер және медициналық ұйымдардың жолдамасы бойынша пациенттер тегін өткізіледі.


– Қазалы теміржол ауруханасының дамуына өзіндік қолтаңбасын қалдырған білікті мамандар жеткілікті. Соларды атап өтсеңіз...


– Аурухананың даму тарихында көптеген бас дәрігерлер алмасты. Атап айтқанда А.Заколодкин, Глушко, Е.Степанова, Б.Есмагамбетова, Ж.Қазмағамбетов, В.Лим, Қ.Сансызбаев аурухана ісінің ілгерілеуіне тер төгіп, халықтың ықыласына бөленді. Көп жылдар бойы медицина саласында еңбек етіп, зейнет демалысына шыққан дәрігерлер – А.Сейсенов, Г.Канатова, А.Жұбатов, А.Тлекешова, Қ.Сәрсенбаев, Қ.Каликов та өз ісінің мамандары болды. Ауруханада еңбек ететін тәжірибесі мол дәрігерлер – С.Артықбаев, Ж.Елеуов, М.Төребай, Е.Дәрібаев, С.Ахмет, Ш.Байбазарова, С.Төлегенов, Ш.Медетбаева, Б.Айжарықова, А.Кулбаева, Ж.Досбергенованың есімі теміржолшылар арасында ғана емес, бүкіл ауданға белгілі. Мекеменің есеп бөлімін жүргізетін бас есепші – К.Жақсылықова қаражаттың кіріс-шығысын орнымен реттейді.

Ауруханада жалпы саны 410 маман, оның ішінде 66 дәрігер (6 жоғары санатты, 10 бірінші санатты, 2 екінші санатты, 202 (2 жоғары санатты, 38 бірінші санатты, 31 екінші санатты) орта медициналық қызметкер, 78 кіші медициналық қызметкер, 72 өзге қызметкерлер еңбек етеді.


– Білуімізше 2016 жылы нейроинсульттік бөлім ашылды. Бұның қазіргі аяқ алысы қалай?


– 2016 жылдың 15 ақпанынан Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығына сәйкес, аурухананың төсек қоры шеңберінде 24 төсектік нейроинсульттік орталық ашылды. Науқастарды дер кезінде қабылдап, жедел медициналық көмек көрсету үшін тиісті құрал-жабдықтар, құрылғылармен, дәрі-дәрмектермен, тасымалдауға арналған арбалар және лифтімен жарақталды. Үлкен және кіші операциялық залдар тәулік бойы нейрохирургиялық операциялар жасау үшін дайындалып, арнайы құралмен қамтамасыз етілген. Реанимациялық-анестезиологиялық бөлімше 9 төсекке кеңейтіліп, осы заманғы қондырғылармен қамтылып, нейрохирургиялық операциялардан кейінгі қосымша реанимациялық 4 төсектік палата ашылды.

Сонымен қатар аурухананың травматологиялық қызметі жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге дайын және көрсетілген медициналық қызметті ақылы негізде жасауға толық мүмкіндігі бар. Бүгінгі таңда аурухананың материалдық-техникалық базасы жақсартылған, барлық бөлімдерге пластикалық терезелер орнатылып, жергілікті бу қазандығынан ыстық су келуі қамтамасыз етілді. Газбен жылытылады, ішкі су жүйесі пластикалық құбырларға ауыстырылды. Сондай-ақ стационар ғимаратының сыртқы қабырғасы плиталармен көмкерілді.

Тұрғындар денсаулығын жақсартуда мақсат еткен әріптестердің халыққа қызмет жолында мерейлі міндеттер үдесінен табыла береріне сенім мол.


– Сұхбатыңызға рахмет!

Әңгімелескен Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА

https://qazaly.kz/zanalyk/suhbat/15572-halya-yzmet-mereyl-mndet.html 


25-08-2020, 21:03

ӘМСҚ медициналық қызметтерді қашықтықтан қалай алуға болатындығын түсіндірді

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры карантиндік шараларға байланысты қазіргі шектеулерді ескере отырыпазаматтарға медициналық қызметтерді қашықтықтан қалай алу керектігін түсіндірді.

Тар бейінді мамандардың кеңестерітелемедицина арқылы консультацияларсондай-ақ рентгендік суретті қайта оқуэлектрокардиограммаларды декодтау енді қашықтықтан қабылдау кезінде де қол жетімді.
 
Бұрын қашықтықтан кеңес беру созылмалы аурулары бар науқастарды (учаскелік жалпы практика дәрігерітерапевтпедиатрдинамикалық бақылау кезінде қолданылғанҚашықтықтан медициналық қызмет көрсетудің ерекшеліктері 2020 жылғы 17 шілдеден бастап күшіне енген Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодексте (129-бап) айқындалған.
 
Заманауи технологиялар мен әртүрлі байланыс арналарының арқасында медициналық ұйымдар пациенттерге қашықтықтан қызмет көрсету мүмкіндігіне иеАлдағы уақытта қашықтықтан көрсетілетін қызметтер тізімі кеңейтілетін болады.
 Д
әрігердің онлайн-кеңесін қалай алуға болады?
 1. 
Өз емханаңыздың Call-орталығы арқылы немесе басқа байланыс арналарымобильді қосымшалар арқылы дәрігердің кеңесіне жазылу (бар болса).
 2. 
Кеңес беру күні мен уақытын таңдаңызСонымен қатартар маманның қабылдауына жазылу үшін алдымен учаскелік дәрігерден жолдама алу керекяғни ең алдымен терапевтке/ЖПД-ға қабылдау үшін өтініш беру керек.
 3. 
Таңдалған байланыс арнасы арқылы маманнан белгіленген уақытта қоңырау (аудио немесе видеокүтіңіз.
 
«Дәрігерден кеңес алу үшін емханаға барудың қажеті жоқОл науқас қай жерде болмасынқашықтықтан қол жетімдіБұл жағдайда дәрігер дәрі-дәрмектерге рецепт жаза аладыАурухана парақтарынзертханалық зерттеулердің тексерулердің нәтижелерін көруге боладыЯғниосы қызметтерді алу үшін емханаға келудің қажеті жоқ» деп ӘМСҚ-да атап өтілді.
 
Қорда түсіндірілгендейқашықтықтан медициналық қызметтер диагностикаемдеумедициналық оңалту және аурулар мен жарақаттардың алдын-алусандық технологиялар көмегімен зерттеулер мен бағалау үшін ұсынылады.
 
Бұл ретте учаскелік дәрігердің қашықтықтан кеңес беруі МСАК медициналық ұйымдарына жан басына шаққандағы норматив төлемі шеңберінде ТМККК тізбесінеал нақты көрсетілген қызметтер үшін (ТМККК бойынша қызмет көрсетілетін созылмалыәлеуметтік мәні бар және инфекциялық аурулардан басқаМӘМС шеңберінде тар бейінді мамандардың консультациялары кіреді.
 
Сұрақтар туындаған жағдайда азаматтар Қорға Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы жүгіне алады.
 «
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі


https://tolqyn.kz/zanalyk/15313-ms-medicinaly-yzmetterd-ashytytan-alay-alua-bolatyndyyn-tsndrd.html 

20-08-2020, 21:17

МӘМС: 1 қазанға дейін кімдер жарна төлемейді?


Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына міндетті төлемдер бойынша кімге кейінге қалдырылды және неге кәсіпорын қызметкерлері МӘМС-те медициналық қызмет көрсетуден бас тартуда-бизнестің ең өзекті мәселелеріне жауап береміз.
 
 

МӘМС үшін төлемдерді  1 қазанға дейін кім төлемейді және кімдер үшін жеңілдік кезеңі 1 шілдеде аяқталды?
 
 

1 сәуірден 1 шілдеге дейін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдарды төлеуден мынадай қызмет түрлері бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілері босатылды:
 – автомобильдерді, жеңіл автокөлік құралдарын, мысалы, мотоциклдерді, автомобиль бөлшектерін, тораптарды және керек-жарақтарды бөлшек саудада сату;
 – дәріханаларды, тамақ өнімдерін, сусындар мен темекі бұйымдарын сатуды қоспағанда, ірі сауда желілеріндегі, стационарлық сауда объектілеріндегі, саудаобъектілері болып табылатын мамандандырылмаған дүкендердегі бөлшек сауда;
 –  жол бойындағы жолақта орналасқан техникалық қызмет көрсету станциялары жүргізгендерді қоспағанда, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу;
 – әуе жолаушылар көлігі;
 – қонақ үйлердің және тұруға арналған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі;
 – жеке немесе жалға алынған жылжымайтын мүлікті жалдау және басқару, сонымен қатар коммерциялық үй-жайларды жалға беру.
 1 сәуірден 1 қазанға дейін МӘМС жарналарын төлеуден босату әрекет етеді және ШОБ субъектілері үшін 29 қызмет түрі бойынша қызметкерлердің сақтандырылуы сақталады:
 Заң кеңесшілері, нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, медиаторлар;
 Коммерциялық қызмет және басқару мәселелері бойыншак еңесшілер;
 Туристік агенттіктер мен туроператорлар;
 санитарлық-эпидемиологиялық, ауруханалық және санаторлық-курорттық ұйымдар;
 жеке меншік мектепке дейінгі, бастауыш және орта оқу орындары;
 жеке дәрігерлік практика, стоматология;
 концерт және театр залдары;
 фитнес-клубтар;               
 тоқыма және үлбір бұйымдарын жуу және химиялық тазалау;
 шаштараздар мен сән салондары.
 
 

Жеңілдік кезеңі аяқталғаннан кейін (1 қаңтардан 1 шілдеге дейін) бизнес өткен 6 ай үшін өз қызметкерлері үшін аударымдар төлеуі керек пе?
 
 

Иә. Жеңілдікті кезең-бұл төлемдерді кейінге қалдыру, оларды төлеу бойынша міндеттемелерді жоймайды. Осылайша, «МӘМС туралы» Заңның 5-бабының 3-тармағына сәйкес, қорға аударымдар және (немесе) жарналар төленбеген тұлғалар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алу құқығын алу үшін Қорға төленбеген кезең үшін, бірақ төлеу күнінің алдындағы он екі айдан аспайтын мерзімде жарналарды төлеуге міндетті. Сондықтан жұмыс берушілер өткен 6 ай үшін олардың қызметкерлері МӘМС пакетін пайдалану мүмкіндігіне ие болуы үшін ақы төлеуі қажет.
 
 

Қызметкерлерге аударымдардың мөлшері қандай?
 
 

Жұмыс беруші қызметкер үшін қызметкердің табысынан 2% мөлшерінде аударымдар төлейді, сондай-ақ қызметкердің есептелген жалақысынан 1% ұстап қалады.
 
 

Жұмыс берушіге қызметкерлер үшін аударымдарды уақтылы төлемегені немесе толық төлемегені үшін өсімпұлдар немесе айыппұлдар есептеле ме?
 
 

Иә. Өз қызметкерлері үшін жарна аударатын жұмыс берушілер үшін МӘМС бойынша берешек үшін төлем күнін қоса алғанда, мерзімі өткен әрбір күн үшін берешек сомасының 1,25% мөлшерінде өсімпұл көзделген. Егер жұмыс беруші қызметкерге ақы төлемесе немесе оны уақтылы жасамаса, қызметкер МӘМС пакетінен медициналық көмек ала алмаса, оның мәртебесі автоматы түрде «сақтандырылмаған» күйіне өзгереді.
 
 

Жұмыс беруші Қазақстанның резиденттері болып табылмайтын қызметкерлер үшін  Қорға ӘМС аудару керек пе?
 
 

Иә. Егер қызметкер Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің (Армения, Беларусь, Қырғызстан, РФ) азаматы болса, жұмыс беруші Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың және «МӘМС туралы» Заңның талаптарына сәйкес ай сайын қызметкерге аударымдар жүргізуге міндетті. 
 
 

Жұмыс беруші жарналарды ЖК ретінде дербес аударатын қызметкер немесе АҚС шарты бойынша қызметкер үшін аударымдар жүргізуі тиіс пе?
 
 

Иә. Жұмыс беруші қызметкердің қосымша әлеуметтік мәртебесінің болуына қарамастан, өз міндеттемелеріне сәйкес аударымдар жүргізеді. Бұл ретте қызметкер өзі үшін ЖК ретінде 1,4 ЕТЖ-нің 5% – ы немесе 2 975 теңге мөлшерінде, не шарт бойынша алынатын табыстың 1%-ы мөлшерінде АҚС-ның шартшысы ретінде жарналарды аударады. Бұл ретте барлық көздерден алынатын салық салынатын жиынтық табыс 10 ЕТЖ-ден немесе 425 мыңтеңгеден аспауы тиіс.
 
 

1 қазанға дейін қызметкерлер үшін аударымдар төлеуден босатылған кәсіпорындардың қызметкерлері МӘМС-тен медициналық көмек ала ала ма?
 
 

Ия, мүмкін. 1 қазанға дейін пандемияға байланысты шектеу шараларын енгізуден барынша зардап шеккен экономика секторларында қызметін жүзеге асыратын ШОБ субъектілерінің қызметкерлеріне әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына берілген тізімдерге сәйкес  «сақтандырылған» мәртебесі беріледі.  
 Егер сіз сақтандырылмаған болсаңыз да, сіз мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмек пакетінде медициналық көмекке құқығыңыз бар екенін есте ұстаған жөн. Учаскелік дәрігер, педиатр, жалпы практика дәрігері мамандарының қабылдауы, дәрігерді үйге шақыру, жедел-жәрдем, емхана мен стационар деңгейіндегі шұғыл көмек, әлеуметтік маңызы бар, жұқпалы ауруларды, онкологиялық ауруларды емдеу осы пакетке кіреді және сақтандырылған мәртебесіне қарамастан барлығына көрсетіледі.

kyzylorda-news.kz
 


17-08-2020, 21:07

МӘМС: дербес төлеушілерден ТОП-6 сұрақ


Әлеуметтік медициналық сақтандырудың тәуелсіз төлеушілері қандай проблемаларға жиі кездеседі және «сақтандырылмаған» мәртебеде не істеу керек - біз азаматтардың ең өткір сұрақтарына жауап береміз.


- Дербес МӘМС төлеуші кім, ол қанша және қайда төлейді?
 
 

- Егер азамат еш жерде жұмыс істемесе, әлеуметтік осал санатқа жатпаса, өзін-өзі жұмыспен қамтушы немесе ЖК болып табылмаса, ол медициналық сақтандыру үшін 1 ЕТЖ-нің 5% немесе 2 125 теңге мөлшерінде жарна төлеуі қажет. МӘМС жүйесіне қатысудың бұл тәсілі оралмандар мен ел аумағында тұрақты тұратын адамдарға да қолжетімді.
 Жарналарды әр түрлі жолдармен төлеуге болады - екінші деңгейлі банктер және олардың мобильді қосымшалары, «Халық банкі» терминалдары, KASSA 24, QIWI, медициналық мекемелердегі жедел төлем терминалдары, «Қазпошта» АҚ филиалдары, Kaspi.kz мобильдік қосымшасы арқылы.
 
 

- Сақтандыру мәртебесін қайда және қалай тексеруге болады?
 
 

- МӘМС жүйесіне қатысу мәртебесін немесе сақтандыру мәртебесін бірнеше жолмен тексеруге болады: бұл ретте ең аз ақпаратты-тегін, атын және әкесінің атын, сондай-ақ ЖСН көрсете отырып Қор сайтында (fms.kz), ҚР ДСМ сайтында, https://t.me/SaqtandyryBot телеграм-боттың көмегімен, egov.kz. порталда.
 
 

- Егер төлем уақытында жүргізілсе, ал жүйеде сіз сақтандырылмаған болсаңыз, МӘМС жүйесіндегі мәртебеңізді қалай даулауға болады?
 
 

- Себептерді нақтылау үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының бірыңғай байланыс орталығына жүгіну немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшасына өтінім жіберу немесе өз өңіріңіздегі қордың филиалына жүгіну қажет. Әрбір жағдай жеке тәртіппен қаралады.
 
 

- Егер сіз 1 шілдеге дейін МӘМС үшін жарна аударсаңыз, өткен айлар үшін төлеуіңіз керек пе және ол үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар бола ма?
 
 

- Иә. Жеңілдікті кезең алдымен 1 наурызға дейін, содан кейін 1 шілдеге дейін төлемдерді кейінге қалдырды, бірақ оларды төлеу бойынша міндеттемелерді жоймады. Осылайша, «МӘМС туралы» Заңның 5-бабының 3-тармағына сәйкес, қорға аударымдар және (немесе) жарналар төленбеген тұлғалар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
 жүйесінде медициналық көмек алу құқығына ие болу үшін Қорға төленбеген кезеңге төлеу күнінің алдындағы он екі айдан аспайтын мерзімде жарналарды төлеуге міндетті. Сондықтан МӘМС пакетін пайдалану мүмкіндігі болу үшін өткен 6 ай үшін жарна төлеу қажет.
 Бұл ретте дербес төлеушілер үшін МӘМС бойынша берешек үшін өсімақы көзделмеген
 
 

- Егер Сіз жұмыс істесеңіз, бірақ төленбейтін уақытша демалыста болсаңыз, МӘМС үшін өз бетіңізше төлеуіңіз керек пе?
 
 

- Қызметкер үшін аударымдарды жұмыс беруші еңбекақы төлеу қорының 2% мөлшерінде жүргізуі тиіс. Сондай-ақ, жұмыс беруші қызметкерден есептелген жалақының 1% - ын ұстайды. Алайда, коронавирустық инфекция мен карантиндік режимдегі қиын жағдайды ескере отырып, көптеген кәсіпкерлер нөлдік коэффициентпен жұмыс істейді және аударымдар жасауға мүмкіндігі жоқ. Бұл жағдайда сақтандырылмаған болу қаупі жоғары. Уақытша шара ретінде қызметкерлерге жарналарды дербес төлеуші ретінде төлеу ұсынылады.
 
 

- Резидент емес тұлғалар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өз бетінше жарна төлей ала ма?
 
 

Мүмкін. Бірақ уақытша тұруға ықтиярхаты және ЖСН болмаған жағдайда, мұндай төлеушілер МӘМС пакетінен медициналық көмек ала алмайды. Оған оралмандар мен ел аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер жатпайды.
 Егер сіз сақтандырылмаған болсаңыз да, сіз мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмек пакетінде медициналық көмекке құқығыңыз бар екенін есте ұстаған жөн. Учаскелік дәрігер, педиатр, жалпы практика дәрігері мамандарының қабылдауы, дәрігерді үйге шақыру, жедел жәрдем, емхана мен стационар деңгейіндегі шұғыл көмек, әлеуметтік маңызы бар, жұқпалы ауруларды, онкологиялық ауруларды емдеу осы пакетке кіреді және сақтандырылған мәртебесіне қарамастан барлығына көрсетіледі.
 
 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі



https://tolqyn.kz/kogam/15159-mms-derbes-tleushlerden-top-6-sra.html 

13-08-2020, 21:15

МӘМС: БЖТ-ны қандай мөлшерде және қайда төлейді?


- БЖТ дегеніміз не, оның мөлшері қандай, қалай төлеу керек, біз өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуының ең өзекті мәселелерін талқылауға тырыстық.
 БЖТ кім төлей алады?
 
 

- Бірыңғай жиынтық төлемді жеке қосалқы шаруашылық қызметкерлері, отбасылық кәсіпорындардың ақы төленбейтін қызметкерлері және жыл сайынғы айналымы 1 175 АЕК-тен кем немесе жылына 3,2 млн. теңгеден кем қызметкерлері жоқ кәсіпкерлер төлей алады. Басқа жағдайда, бұл төлемді пайдалануға болмайды. Ел аумағында тұрақты тұратындарды және оралмандарды қоспағанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар да жарналарды төлеушілер бола алмайды. 
 
 

- БЖТ-ны  қандай мөлшерде және қайда төлейді?
 
 

- Осы жылдың сәуір айында АЕК мөлшерінің ұлғаюына қарамастан, БЖТ мөлшері 1 АЕК немесе қалаларда тұратын жеке тұлғалар үшін – 2 651 теңге және басқа елді мекендерде тұратын жеке тұлғалар үшін – 0,5 АЕК немесе 1 326 теңге деңгейінде қалды. Салық кодексінің 775-бабына сәйкес БЖТ есептеу және төлеу тәртібі тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына АЕК мөлшері негізінде белгіленеді. Төленген сома келесідей бөлінеді: 30% – зейнетақы қорына, 40% – ӘМС қорына, 20% – әлеуметтік сақтандыру қорына, 10% – табыс салығын төлеуге кетеді.
 БТЖ төлемін әр түрлі жолдармен төлеуге болады – екінші деңгейлі банктер және олардың мобильді қосымшалары, «Халық банкі» терминалдары, KASSA 24, QIWI, медициналық мекемелердегі жедел төлем терминалдары, «Қазпошта» АҚ филиалдары, Kaspi.kz мобильдік қосымшасы арқылы.
 
 

- БЖТ төлемегені немесе уақтылы төлемегені үшін айыппұлдар немесе өсімпұлдар бар ма?
 
 

- Жоқ. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған төлеушілер үшін айыппұл мен өсімпұл қарастырылмаған.


- Егер сіз БЖТ-ны 1 шілдеге дейін төлемеген болсаңыз, өткен 6 ай үшін төлеуіңіз керек пе?
 
 

- Иә. Жеңілдік кезеңі алдымен 31 наурызға дейін жарамды болды, содан кейін 1 шілдеге дейін төлемдерді кейінге қалдыру ғана болды, бірақ оларды төлеу бойынша міндеттемелерді жоймады. Осылайша, «МӘМС туралы» Заңның 5-бабының 3-тармағына сәйкес, қорға аударымдар және (немесе) жарналар төленбеген тұлғалар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алу құқығын алу үшін қорға төленбеген кезең үшін, бірақ төлеу күнінің алдындағы он екі айдан аспайтын мерзімде жарналарды төлеуге міндетті.Сондықтан МӘМС пакетін пайдалану мүмкіндігі болу үшін сізге 1 қаңтардан бастап 2125 теңге мөлшерінде дербес төлеуші ретінде төлем жасау қажет.
 
 

- Сіз БЖТ төледіңіз, бірақ МӘМС жүйесіндегі мәртебе «сақтандырылмаған»болып шығады. Неге және не істеу керек? 
 
 

- Егер сіз БЖТ үшін алғаш рет төлеген болсаңыз немесе салыстырмалы түрде жақында төлей бастасаңыз, бірыңғай ақпараттық жүйе 2020 жылдың қаңтарынан бастап алдыңғы айлар үшін жарналарды төлегенге дейін «сақтандырылмаған»  мәртебесін береді. Яғни, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жұмыс істей бастаған сәттен бастап.
 Егер сіз БЖТ-ны жыл басынан бастап үзіліссіз ай сайын төлесеңіз, бірақ бұл ретте сізде «сақтандырылмаған»   мәртебесі болса, Халыққа қызмет көрсету орталығында («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы) төлем өткендігін нақтылау қажет. Көбінесе жарналар төлеу кезінде қате көрсетілген деректер себеп болады. Болмаса, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының бірыңғай байланыс орталығына жүгінуіңіз немесе өтінімді Qoldau 24/7 мобильді қосымшасына жолдауыңыз немесе өз өңіріңіздегі қордың филиалына жүгінуіңіз қажет. Әрбір жағдай себептері әртүрлі болғандықтан,  жеке қарастырылады. Каждый случай рассматривается в индивидуальном порядке. 
 
 

- БЖТ-ны бірнеше ай бұрын алдын ала төлеуге бола ма?
 
 

- Жеке тұлғалар бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып танылады және төлем жүргізілген күннен бастап және бірыңғай жиынтық төлемді төлеу жүргізілген айдың соңғы күніне дейін «сақтандырылмаған» мәртебесін алады. Сондықтан төлемді уақтылы және ай сайын жүргізу қажет. Алайда, мүмкін болса және төлеушінің қалауы бойынша келесі айлар үшін төлемдер жасауға рұқсат етіледі.
 Егер сіз сақтандырылмаған болсаңыз да, сіз мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмек пакетінде медициналық көмекке құқығыңыз бар екенін есте ұстаған жөн. Учаскелік дәрігер, педиатр, жалпы практика дәрігері мамандарының қабылдауы, дәрігерді үйге шақыру, жедел жәрдем, емхана мен стационар деңгейіндегі шұғыл көмек, әлеуметтік маңызы бар, жұқпалы ауруларды, онкологиялық ауруларды емдеу осы пакетке кіреді және сақтандырылған мәртебесіне қарамастан барлығына көрсетіледі.



kyzylorda-news.kz
 
 

11-08-2020, 21:10