» Материалы за 22.01.2021

Директордың емдеу жөніндегі орынбасары

Дәрібай Алтынгуль Асхатқызы 1954 жылы 3 сәуір ҚР Ақтөбе қаласында туған. 1971 жылы орта мектепті алтын медальмен бітіріп, сол жылы Ақтөбе мемлекеттік медициналық институты, педиатриялық факультетіне түсіп, 1977 жылы «қызыл дипломмен» бітіріп, Қызылорда қаласында теміржол ауруханасында бір жылдық интернатурадан өтеді. 1978 жылы Қазалы теміржол ауруханасына аймақтық дәрігер есебінде жұмысқа қабылданды. 1980 жылдан бастап 2000 жылға дейін осы аурухананың балалар бөлімшесінің меңгерушісі болып қызмет атқарды.
 2000 жылдың сәуір айынан бастап ұйымдастыру-әдістемелік бөлімнің ме
ңгерушісі болды.
 2000 жылдың желтоқсан айынан бастап кәзіргі кунге дейін дирктордың емдеу жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.
 2006 жылға дейін жоғарғы санатты дәрігер педиатр, ал содан кейін 2-ші санатты дәрігер-ұйымдастырушы, 2009 жыл
ы 1-ші санатты дәрігер-ұйымдастырушы, 2019 жылы қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша бірінші санатты біліктілік санаттылығы бар.
 Өз білімін бірнеше рет жетілдіріп, бала дәрігері және дәрігер-ұйымдастыруші ретінде біліктілігін к
өтеріп әр саладан оқыған.
 2002 жылы еңбегі бағаланып "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды. 2015 жылы 
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

2020 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
 Қәзіргі таңда аурухана  бойынша емдеу жұмыстарына жауапты, жаңа бағдарламалармен жұмыс жасап және жас мамандармен тәрбиелеу жұмыстарын жүргізіп отырады. Сонымен қатар мамандарды уақытылы білімін жетілдіруді ұйымдастырады.
 Емдеу барысында жаңа технологиядағы аппараттармен жұмыс жасауды және дәрі-дәрмектерді пайдалануды күнделікті қадағалап отырады.

Отбасылы, жұбайы- Дәрібай Ерболат Тәжібай ұлы осы ауруханада дәрігер-рентгенолог қызметін атқарады, балалары, немерелері бар.


 
 
 
 
22-01-2021, 13:01