» Материалы за 03.02.2021

Уролог дәрігер

                                         Урология кабинеті    


Урология кабинеті жаңа типті ғимараттың 2 қабатында орналасқан. Урология кабинеті «Андро-Гин» аппаратымен жабдықталған. Онда дәрігер Жасанов Ерболат Ермекбайұлы жұмыс істейді.

Ол 1998-2004 ж.аралығында М.Оспанов атындағы БКММА емдеу ісі мамандығы бойынша толық курсын бітіріп шыққан.

2004-2005 ж.хирургия саласы бойынша интернатурадан өткен.

2006 ж. урология мамандығы бойынша маманданған және 2012 ж. урология саласы бойынша біліктілігін артырған.

2013 ж. Қазақстандық эндоскопиялық хирургтер ассоциациясынын ІІІ –ші сьезіне қатысып, “Урологиядағы эндовидеохирургиялық араласу” мастер – классына қатысып, сертификат алған.

АКФ темір жол емханасында 2005 ж. бері уролог мамандығы бойынша жұмыс істейдыі.

Урология кабинетінде күніне 20-25 науқас қабылданады және «Андро-Гин» аппаратымен ем қабылдайды.

Бұл жабдықты: 1. Пейрони ауруында

                           2. Созылмалы уретритте

                           3. Созылмалы простатит пен т.б сырқаттарды емдеуге қолдануға болады.

3-02-2021, 21:13

Емхана терапевттері

2-ші жалпы тәжірибелік аймақ ересектер мен балаларға отбасылық дәрігерлік көмек береді. Созылмалы және инфекциялық аурулардын алдын алу, алғашқы медициналық көмек көрсету, отбасын жоспарлау бойынша жалпы медициналық көмек көрсетеді.  Ересектер мен балаларды диспансерлік есепке алу, емдеу, бақылау, ақысыз дәрі – дәрмекпен қамтамасыз ету жұмыстарын атқарады. Жүкті әйелдердің уақытылы есепке тұруын қадағалайды, бақылайды, босанғаннан кейінгі оңалту шараларын жүргізеді. Отбасын жоспарлау және контрацепция туралы сұхбаттар жасайды.  Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеруден өткізеді скрининг( № 145 бұйрық бойынша) . 

Әр науқасты диагнозы бойынша лабораториялық жалпы тексерулер мен интрументалды тексерулерге (УЗИ, рентген кабинет, ФГДС , ЭКГ аппараты, Холтер аппараты, ЭЭГ аппараты, КТ) жолдайды. Басқа тар сала мамандарына кеңеске жібереді.

Физиотерапиялық кабинеттерге жолдайды . 

Зейнеткерлер мен тұрмысы төмен отбасыларға жеңілдіктер қарастырылған . 

Аймақтық дәрігер :  Қорғанбекқызы Райхан. 

Медбикелер :  Байсалбаева Айнұр 2 санатты медбике. 

Скендірова Индира.


4-ші терапиялық аймақ емханаға бекітілген тұрғындардың денсаулығын қорғау, созылмалы және инфекциялық аурулардын алдын алу, алғашқы медициналық жәрдем беру, отбасын жоспарлау бойынша жалпы медициналық көмек көрсетеді. Диспансерлік есепке алу, емдеу, бақылау, ақысыз дәрі – дәрмекпен қамтамасыз ету жұмыстарын атқарады. Жүкті әйелдердің уақытылы есепке тұруын қадағалайды, бақылайды, босанғаннан кейінгі оңалту шараларын атқарады. Отбасын жоспарлау және контрацепция туралы әнгімелер жүргізеді. Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеруден өткізеді скрининг (№ 145 бұйрық бойынша). 

Әр науқасқа диагнозы бойынша лабораториялық жалпы тексерулер мен интрументалды тексерулерді (УЗИ , рентген кабинет , ФГДС , ЭКГ аппараты, Холтер аппараты , ЭЭГ аппараты, КТ ) нұсқайды. Басқа жеке мамандарға кеңеске жіберіеді. Физиотерапиялық кабинеттерге жолдайды. 

Зейнеткерлер мен тұрмысы төмен отбасыларға жеңілдіктерді ескереді. 

Аймақтық   дәрігер :   Сырымбаев Наурызбек  . 2013 жылдан бері қызмет атқарады . Қосымша УЗИ , КТ аппараттарына түсіру және оны оқып науқастарға тағайындама береді.

Медбикелер :  Жиенкожаева Гулсим 1 санатты медбике.

Байділда Жазира . 2014 жылдан бері жұмыс жасайды.

 



3-02-2021, 20:11

Хирургиялық бөлімше

Қазалы темір жол ауруханасының хирургиялық бөлімшесі үш қабатты типтік аурухананың 2-ші қабатында орналасқанБөлімше 15 төсек-орынға есептелгенБөлімшеде 5 орындық 4 палата, 3 орындық 1 палата, 2 орындық  2 палата, 1 орындық 3 палататаза таңу бөлмесііріңді таңу бөлмесіегу бөлмесіасханаклизма жасау бөлмелерінен тұрадыОперация жасау бөлімі, манипуляция бөлмесі, плазмаферез бөлмесі, стерилизация бөлімі бөлек қанатта орналасқан. Сол себепті қазіргі кездегі стандарттарға сай ота жасау мүмкіншілігі бар. 

Операция жасау бөлімі үлкен және кіші зал, операция алды бөлмесі, дәрігерлер бөлмесі, мейіркештер бөлмесі, стерильді аспаптарды сақтау бөлмелерінен тұрады. Операциялық құралдардан: видеолапароскопиялық қондырғы, травматологиялық, жалпы хирургиялық, нейрохирургиялық жиынтықтармен толық жабдықталған.  

Хирургия бөлімшесінің меңгерушісі бірінші  санатты дәрігер-хирург Ахмедов Садуақас Абибуллаұлы, жұмыс өтілі – 29 жыл. Травматолог-ортопед дәрігер жоғары санатты Амангелді Қуантқанұлы Қанатов, жұмыс өтілі - 29 жыл.

Бөлімшеде 2012 жылдан бастап жоғары мамандандырылған травматологиялық-ортопедиялық көмек көрсетілуде. Осы аралықта жамбас буындарын ауыстыру, сынған сүйектерді интрамедуллярлық остеосинтездің қазіргі заманғы әдістерімен қалпына келтіру оталары жасалады. «С-дуга» құрылғысы 2016 жылы алынып, ота барысында кең қолданылуда. Лапароскопиялық   қондырғы 2002 жылы алынып жұмыс істеуде. Лапароскопиялық оталардан холецистэктомия, асқазан ойық жарасын тігу, аппендэктомия оталары жасалуда. 

Травматолог-ортопед дәрігер жоғары санатты Қанатов Амангелді Қуантқанұлы, жұмыс өтілі - 29 жыл.

Уролог дәрігер Жасанов Е.Е жедел және жоспарлы түскен урологиялық науқастарға көмек көрсетеді. Жұмыс өтілі - 17 жыл

2015 жылдан бастап 15 орындық нейроинсульт бөлімшесі ашылды. 2 дәрігер нейрохирургиядан дайындықтан өткен. Нейрохирургиялық жарық түсіргіштер, ота жасауға арналған микроскоп, видеолапароскопиялық орталыққа қосатын нейрохирургиялық жапсырма, электротрепан, доғалық рентгеноскоп аппараттары алынып, жылына 10-15 ке дейін трепанация жасалуда.

2020 жылы хирургиялық бөлімшеде күрделі жөндеу жұмысы жасалды. Барлық есік, терезелер пластикке ауыстырылды, палаталардың едендеріне паркет салынды.

Осы қабатта реанимация бөлімі 8 орындық болып жұмыс істеп тұр. Реанимация бөлімі 8 төсек орынға есептелген. Реанимация бөлімі орталықтандырылған оттегі орталығына қосылған. Барлық құрал-жабдықтармен: мониторлар, дефибриллятор, тыныс алдыру аппараттарымен және дәрі –дәрмектермен толық қамтамасыз етілген. 2021 жылы «Фабиус» атты операция кеізнде жасанды тыныстандыру аппараты алынды.

3-02-2021, 16:13

«Коронавирустың адам өкпесіне тигізетін әсері қандай?» - маман жауабы

Дәрігер үш рентген суретімен бөлісті: сау адамның, темекі шегуші және COVID-19 жеңіл түрде ауырған науқастың өкпе суреттері.

Техас технологиялық университетінің Медицина ғылымдары орталығының доценті, дәрігер Бриттани Бэнкхед-Кендалл COVID-19-дың адам өкпесіне тигізетін әсері туралы айтты.

Дәрігер үш рентген суретімен бөлісті: сау адамның, темекі шегуші және COVID-19 жеңіл түрде ауырған науқастың өкпе суреттері.

Дәрігер сау адамдардың рентген суреттері мөлдір болатынын түсіндірді. Темекі шегушілердің өкпе суреттері тыртықтарға байланысты кей жерлері ақ түстес болып келеді. Коронавирустан кейін өкпеде кең көлемде мөлдір емес жерлер көрінеді. Бұл COVID-19 және ауа жетіспеушілігінен туындаған қатты тыртықтарға байланысты болады.

Коронавирус көбінесе өкпе сұйықтыққа толып, қабынған кезде пайда болатын пневмония сияқты асқынуларға әкеледі. Ауырған адамдарда созылмалы жөтел, ентігу, мұрыннан өкпеге дейінгі тыныс алу жолдарындағы эпителий жасушаларының зақымдануы дамиды. Асқыну жағдайлары COVID-19-дың симптомсыз түрімен ауырып жазылған адамдардың 70-80% - да байқалған.

Банкхед-Кендалл денсаулық сақтау саласындағы көптеген сарапшылары індеттің жазылып щыққандарға ұзақ мерзімді әсерін қадағалаудың гөрі өлім-жітім деңгейіне назар аударатындықтарына алаңдаушылық білдірді.

Сонымен қатар, дәрігер COVID-19-дан жазылғаннан кейін де демікпе сақталған жағдайда жедел медициналық көмекке жүгінуге шақырды.

sn.kz

3-02-2021, 15:13

“Қазалы теміржол ауруханасы” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры РШЫМБЕТОВ ҚҰБЫЛ

РШЫМБЕТОВ Құбыл 1948 жылы 13 қарашада  Қызылорда облысы Арал ауданы, Қасқа-Құлан ауылында дүниеге келген, ұлты - қазақ, білімі – жоғары. 1967 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтына түсіп, осы оқу орнының емдеу ісі факультетін 1973 жылы бітіріп шықты.

          Сол жылы Қазақ теміржолына қарасты Жамбыл теміржол ауруханасында біржылдық интернатурадан өтті.

          1974 жылы Қызылорда теміржол ауруханасына жолдамамен жұмысқа орналасты.

          1974 жылдан 1977 жылға дейін осы ауруханада терапевт дәрігер болып және инфекция бөлімінде бөлім меңгеруші болып қызмет атқарды.

          1988 жылдан қосымша инерефлексотерапевт қызметін атқарды.

          1977 жылдың қаңтар айынан бастап Қазалы теміржол ауруханасында дәрігер терапевт, дәрігер инфекционист болып қызмет атқарды.

          1979 жылы Қазалы теміржол ауруханасына бас дәрігерінің орынбасары болып тағайындалды, 1994 жылдың тамыз айынан 1997 жылдың ақпан ай аралығында осы аурухананың бас дәрігері қызметін атқарып келді.

          1997 жылдың ақпан айы мен қыркүйек айы арасында Қазалы орталықтандырылған аудандық ауруханасының бас дәрігерінің қызметін атқарды.

          1997 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазалы теміржол ауруханасының бас дәрігері қызметін осы уақытқа дейін атқарып келеді, қазіргі қызмет атауы директор.

Бұл уақытқа дейін, теміржол ауруханасы да затына сай атын өзгертті, 2000 жылдың 17 қантардан бастап «Көліктік медицина қызметі» ААҚ басқарма төрағасының №1 бұйрығына сәйкес «Көліктік медицина қызметі» ААҚ Қазалы филиалы теміржол ауруханасы құрылды. 2005 жылдың 25 мамырдан бастап «Көліктік медицина қызметі» АҚ басқарма төрағасының №39/17 бұйрығына сәйкес қайтадан тіркеуден өтуіне байланысты «Көліктік медицина қызметі» АҚ Қазалы филиалы теміржол ауруханасы болып өзгертілді. 2010 жылдың 12 қантардан бастап «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» АҚ директорлар кенесінің №1 хаттамасына сәйкес «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» акционерлік қоғамының филиалы «Қазалы теміржол ауруханасы» болып қайта ұйымдастырылды. Және «Қазалы теміржол ауруханасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасының міндетін атқарушысының 2018 жылғы 09 сәуірдегі №332 бұйрығы негізінде бекітілген Жарғысына сәйкес бөліну жолымен «Қазалы теміржол ауруханасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып қайта ұйымдастырылды.

          1981 жылдан І санаттағы дәрігер терапевт.

          1996 жылдан жоғарғы санаттағы дәрігер терапевт, 2006 жылы І санаттағы дәрігер ұйымдастырушы. 2013 жылдан  жоғары санатты қоғамдық денсаулық сақтау ұйымдастырушы.

1987-1991 жылдары халық депутаттары поселкелік кеңесінің депутаты болды. 2003 жылы уудандық мәслихаттың депутаты болып сайланды.

          Төмендегідей салалар бойынша білімді жетілдірді:

          Алматы қаласында 1976 жылы (жұқпалы аурулар), 1980 жылы Алматы қаласында (гастроэнтерология), 1988 жылы (рефлексотерапия)

          1986 жылы Ташкент қаласында «Емдік-профилактикалық көмекті басқару мен ұйымдастыру» циклы,  1987 жылы Қызылорда қаласында кардиология жөнінде семинар, «Миокард инфаркті мен стенокардияның қарқынды терапиясы» 2001 жылы Қызылорда қаласында денсаулық саласын реформалау жөнінде, 20001 жылы Қызылорда қаласында (терапия, кардиология, гастроэнтерологияның өзекті мәселелері)

          1989 жылы Юрмала қаласында (электропунктура)

          1994 жылы Ақтөбе қаласында (сақтандыру медицинасын жоспарлау)

2001 жылы Алматы мемлекеттік дәрігерлердің білімін жетілдіру институтында «Анестезиологии, реаниматология және қарқынды терапияның таңдаулы мәселелері» тақырыбы бойынша Қызылорда қаласында өткен 1 ай көшпелі циклы. 

2004  жылы Алматы қаласындағы қоғамдық денсаулық сақтаудың жоғарғы мектебінде  “Тұрғындарға көрсетілетін стационарлық көмектің өзекті мәселелері”тақырыбы бойынша - 144 сағат,

2005 жылы Алматы мемлекеттік дәрігерлердің білімін жетілдіру институтының “Терапияның қазіргі мәселелері ”- 144 сағат тақырыбы бойынша Қызылорда қаласында өткен 1 ай көшпелі циклы. 

2006 жылыАлматы қаласындағы қоғамдық денсаулық сақтаудың жоғарғы мектебінде “Денсаулық сақтаудың ресурстарын басқарудың өзекті мәселелері” тақырыбы бойынша – 144 сағат.

01.03.-30.03.2006 ж. аралығында Ақтөбе ГМИФУВ "Медициналық-санитарлық көмекті ұйымдастырудың өзекті мәселелері ". 

2007 жылы Қызылорда ҚР ДСМ ДСҰЖМ "Жүйені реформалау кезіндегі денсаулық сақтау ісін басқару мен экономикасының өзекті мәселелері" - 144 сағат.

16.11.-21.11.2009 жж Қызылорда қаласында "Денсаулық сақтау саласындағы басшылар мен мамандарға арналған стационарлық (стационарды алмастырушы) көмекке ақы төлеудің мәселелері" - 42 час.

 01.10.-29.10.2009 жыл аралығында РГКП АГИУВ "Кәсіби кеселдердің алдын алу" - 144 час.

Астана қаласы Ұлттық медициналық холдинг 08.-09.09.2010 жж "Болашақ госпиталі ".

Қызылорда қаласы ҚР ДСМ ДСҰЖМ 27.09.-08.10.2010 жж "Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік мекемелердің жұмыс істеуінің ұйымдастырушылық-құқықтық және экономикалық негіздері" (куәлік ПК№14708). 

ИМТ ПППЭ мекемесі 01.11.-20.11.2010 жж "Профпатология (еңбек медицинасы) мен өнеркәсіптік мекемелердің жұмысшыларына медициналық көмекті ұйымдастыру"- 162 час.

Алматы ҚР ДСМ ДСҰЖМ 07-12.05.2012 жж "Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік мекемені ықпалды басқару "- 54 сағат.

Алматы РУМЦГЗ  03-07.09.2012   повышение "Азаматтық қорғаныс аумағы "

01.08.-29.08.2018 жыл аралығында Алматы қаласындағы дипломнан кейінгі білім беру медициналық академиясы «Денсаулық сақтауды ұйымдастыру және басқару» 216 сағат.

Марапаттаулар:

          2001 жылы “Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл” мерекелік медалі.

2003-2007 жылдары Аудандық маслихатының депутаты. 

2004 жылы Денсаулық сақтау ісінің үздігінің иегері.

2005 жылы “Теміржолға 100 жыл” мерекелік медалі.

          2006 жылы Қызылорда облысының денсаулық сақтау департаментінен “Аудан деңгейінде емдеу-диагностикалық жұмыстарына жаңа технологияларды белсенді енгізу” номинациясы бойынша дипломы. 

          2006 жылы Қазалы ауданының әкімінің денсаулық сақтау саласына жаңа технологияларды енгізіп, халыққа сапалы медициналық көмек көрсетудегі қызметі үшін “Жыл дәрігері” номинациясы.

          2007 жылы Астана қаласында өткен “Қазақстанның провизорлар мен дәрігерлердің ІІІ-съезіне” қатысқан.

          2011 жылы  «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі.

          2011 жылы Гонконг қаласына тәжірибе алу үшін «медициналық мекемелерін басқару» мамандандырылған іскерлік бағдарламасына қатысу.

          2012 жылы  «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға    қосқан үлесі үшін» кеуде белгісі.  

          2013 жылы Барселона қаласында Барселонадағы Менеджменттің Жоғары мектебі Graduate Schoolof Managementin Barcelona мамандандырылған  іскер бағдарламасына қатысу.

          2013 жылы «Жақсы адамдар» құрмет белгісі.

2013  жыллғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы бойынша «Шапағат» медалі.

2014 жылы  «Денсаулық сақтаудың әлемдік тенденциялары. Индия тәжірибесі»  көшпелі тәжірибиелік семинарына қатысу.

2015 жылы ҚР Президентінің  сайлау науқанына белсенді қатысқаны үшін, ҚР Президентінің Алғысы.

2015 жылы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінен «Еңбек ардагері» медалімен марапатталу (куәлік №0034 28.05.2015 бұйрық №400).

2015 жылы Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің қауымдастығы қоғамдық бірлестігінен «Сыр медицинасының үздігі» медалі (куәлік №2 19.06.2015).

2016 жылы ҚР халқының өмірі мен денсаулығын сақтауға сінірген абыройлы еңбегі үшін «Алтын дәрігер» төсбелгісі.

2016 жылы Қызылорда облысының әкімінің Құрмет Грамотасы.

2016 жылы Қазақстан Республикасының қоғамдық наградалар және атақтар жөніндегі комитетінің шешімі бойынша «Қазақстанның Құрметті азаматы» ордені.

2019 жылы Қазалы аудандық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымы «Көп жылғы қоғамға сіңірген еңбегі үшін» Қазалы ауданының «Қызылорда облысының құрметті ардагері» медалі.

          Жалпы жұмыс өтілі - 47 жыл, аурухана басшысы қызметінде - 26 жыл.

          Отбасылы, 5 баласы бар. 

 











 
 

 
3-02-2021, 12:47

Ақылы бөлімше

Ақылы бөлімшенің басты мақсаты - ауруханаға келген әрбір науқасқа сапалы әрі білікті мамандандарылған және заманауи технологиялар арқылы қызмет көрсету. Қазалы темір жол ауруханасының ақылы қызмет бөлімшесі   04.07.2007 жылдан бастап өз қызметін «Ақылы бөлімше» болып бастады. Пациенттерді стационарға емдеуге жатқызу тәулік ішінде жүргізіледі. Емдеуге жатқызу күні түскен уақытына қарамастан емдік-диагностикалық ем-шаралар тағайындалады және емдәмдік тамақтандыру ұйымдастырылады.

Ақылы  бөліме   3 қабатты ғимараттың 1-ші қабатында орналасқан. Науқастардың қолайлы емделуі үшін 1 орындық стандартты 2 палата және 2 адамдық 4 палата бар. Олар себізгімен,  тазалық - торабымен,  теледидармен, тоңазытқышпен жабдықталған және барлық палатада  әжетхана орналастырылған, ыстық сумен жабдықталған. Барлық палаталар жарық, бөлмелердің бәріне пластикалық есік, терезелер орнатылып, едендері паркетпен жабылған.

Көк тамырға және бұлшық етке егу үшін ем қабылдау бөлмесі бар. Ол барлық қажетті құралдармен, дәрі-дәрмекпен жабдықталған.
 Емдеудің ең бір негізгі құрылымы дұрыс емдік тамақтану болып табылады. Оны аурухананың кәсіби аспаздары дайындайды. Науқастар асты әдемі, жарық, таза асханада қабылдай алады. Асханада ыстық су үнемі үзіліссіз ағып тұрады. Онда науқастарға арналған  «Денсаулық дастарханы» деп аталатын диеталық тағамдар тақтасы бар.
 Қарыштап алға басқан медицина саласы білім жетілдіруді қатал талап етері сөзсіз. Ауруханада емделу кезінде қолайлы жағдайлар жасау, аурухана ғимаратындағы мінсіз тазалық пен тәртіп, дәрігерлердің мүлтіксіз  кәсібилігі, медициналық қызметкерлер тарапынан моралдық көмек пен мейірімді қарым-қатынасты барлық ақылы сервистік қызмет бөлімінде  емделген науқастар атап өтуде.
 Қиын жағдайға тап болған жағдайда адамдар көбінесе осы  ақылы қызмет бөлімшесінде ем қабылдауға тырысады. Себебі олар өздеріне стационарда ауруларын жеңіп шығатындай сапалы кепілдендірілген көмек көрсетілетініне сенімді.
 Емделушілерге қамқорлық көрсету — бұл үлкен құрмет және жауапкершілік. Өз денсаулықтарын ауруханамыздың кәсіби мамандарына сеніп тапсырып, мыңдаған адамдар күн сайын денінің саулығына, болашақтағы еңбек қабілеттігіне деген сеніммен өмір сүреді.

«Қазалы теміржол ауруханасы» ел талғамынан табылып жүрген іргелі мекеме. Нарықтың сынағынан сүрінбей өтіп, қалыптасуына бас дәрігердің сіңірген еңбегі ерекше. Ол «өзіне талап қоя білу, ұстамдылық пен мақсат қоюшылық – нағыз медициналық қызметкердің сапасын анықтайтын қасиеттер» - дейді. Мекеме табысының кепілі ұжымның жоғары кәсіби біліктілігі, қызметкерлер білімдерін жетілдіру, оның ішінде науқастарға деген мейірімділік пен қамқорлық қарым-қатынастың жасалуы екенін атап көрсетеді.
 Талмай ізденетін басшы өзгелерден де соны талап етеді. Ауруханадағы дәрігерлердің басым бөлігі жоғарғы  және бірінші санатты болуы сөзіміздің дәлелі.

Ақылы бөлімшеде: бірінші санатты невролог дәрігер Жиенкулов Талғат Алданұлы, бірінші санатты терапевт дәрігер Айжарикова  Бақыт Шалғынбайқызы, бірінші санатты невролог дәрігер Өтеулі Шолпан Қарақұлқызы, бірінші санатты  хирург-уролог дәрігер Жасанов  Ерболат Ермекбайұлы, үшінші санатты терапевт дәрігер Қайырбаева Маржан Жарекқызы және Сайрамбек Айшолпан Сайрамбекқызы жұмыс істейді. 

Бес медбике,олардың ішінде жоғары санатты медбике Мусаева Хадиша Абди-Камаловна, Абильдаева Баян, бірінші санатты медбике Өтеп Мақпал, Жұбатқанова Рауза, екінші санатты медбике Сәрсенбай Жұлдызай, үшінші санатты медбике Ауезханова Асылзат сынды орта буынды  қызметкерлер қызмет атқарады.

Бөлімшеде терапиялық бейін бойынша жүрек-қан тамырлар ауруларын, асқазан, жүйке ауруларын жоспарлы емдеу, алдын-алу шаралары жүргізіледі.

Аурухана заманауи технологиялармен, оның ішінде УДЗ кабинеті, компьтерлік томография, ФГДС, рентген кабинеттерімен жабдықталған. Ақылы бөлімеге келген науқастар өз диагноздарына сәйкес физиотерапевтік кабинетте массаж, кедр бөшкесі, емдік ванна, парафин, т.б. токпен әсер ету және массаж түрлерін қабылдай алады.

3-02-2021, 11:00

Аурухана дәріханасы

Теміржол ауруханасының дәріханасы типті аурухананың 1-ші қабатында орналасқан. Ауруханаішілік дәріханада 2 провизор, 2 фармацевт және 2 тазалықшы жұмыс істейді. 


Дәріхана жұмысына жауапты жоғары санатты провизор дәріхана меңгерушісі Қарабала Кулайша Жалиқызы. 2018 жылы болған  Республикалық «Жылдың үздік провизоры» сайысына қатысып 1-ші орын иегері атанды. ДС министрі Біртановтың атынан «Үздік провизор» статуясымен және дипломмен марапатталды. Сонымен қатар дәріханада провизор аналитик Қабылова Салтанат, фармацевтер Айтмырзаева  Асем,   Демекбай Гулбақыт жұмыс істейді. Дәріханада ыдыс жуу бөлмесі, заласыздандыру бөлмесі, ассистент бөлмесі және асептикалық  бөлмесі, санитарлық бөлмелер, шаруашылық бөлмесі, демалыс орны бар. 

Дәріханада егуге арналған, құюға арналған сұйық дәрілер, ішуге және сыртқа қолдануға арналған сұйықтар, жақпа майлар, ұнтақтар және көз дәрілері – барлығы 40-қа жуық түрлі дәрілер дайындалады.
 Оған қоса аурухананың 3-ші қабатында дәріхана қоймасы орналасқан. Онда сангигиена бөлімі, дайын дәрілер бөлімі, дезинфекциялық заттар қоймасы, , спиртті сақтайтын бөлме орналасқан. Аурухананың 1-ші қабатында дәріхана мен ақылы бөлімде науқастарға берілетін дәрілер сақтайтын бөлме. есірткілік және психотроптық заттарды сақтайтын бөлме орналасқан. Дәрілерді бөлімшелерге және медпунктерге дәріхана меңгерушісі береді. Ай сайын "1-С” бағдарламасы бойынша айлық есеп жүргізіледі, материалдық есеп құрастырылады. Дәріханада өрт қауіпсіздік дабылы мен есірткі және психотропты дәрілер сақтайтын бөлмеде жарықты дыбыстық дабылы орналасқан және ол аудандық күзет бөліміне қосылған.
 Ауданда су сапасының өте нашар болуына байланысты дәріханада "Гейзер” сүзгіші сорғышымен қосылған және сүзгіден аққан суды жинау үшін 2000 и 1000 литрлік  су жинайтын құты орналасқан.
 Стерильді дайындаған дәрілердің "К-2” және "К-3” қақпағын жабатын аппарат қолданылады. Оның біреуі 1994 ж. Болгарияда жасалған, ал екіншісі – 2010 ж Тюменде жасалған. 2010 ж жаңадан электронды таразы алынды ұнтақ өлшеуге.
 Дәріханада негетоскоп "УК-2” бар, дайындалған дәрілердің ішіндегі қосалқы түйіршіктерді тексеру үшін арналған.
 Дәріханада  2010 ж алынған рефрактометр. Рефрактометрмен дайындаған дәрілердің концентрациясы тексеріледі.
 Дәріханада дайындалған дәрілерге толық фармхимиялық тексеру жасалады, сонымен қатар тазартылған залалсыздандырған судың сапасы күнделікті тексеруден өткізіледі.
 Екі  "ВК-75” – 2010 ж және 2016 ж автоклавтары бар, дистиллятор "АЭ-25” – 2009 ж және 2020 ж алынған АЭ-25 дистилляторлары бар. Натрий хлориді ұнтағы мен шыны құтыларды залалсыздандыруға арналған термостат бар.

3-02-2021, 00:10