» Материалы за 04.02.2021

Емхананың қарау бөлмесі

Емхананың қарау бөлмесі
4-02-2021, 21:50

Гинекология бөлімшесі

Қазалы темір жол ауруханасының гинекология бөлімшесі үш қабатты типтік аурухананың 1-ші қабатында орналасқан. Бөлімше 12 төсек-орынға есептелген. Бөлімшеде 3 орындық 2 палата, 2 орындық 3 палата, егу бөлмесі, асхана, манипуляция, бөлім меңгерушісінің бөлмелері бар. 

   Бөлімшенің негізгі мақсаты: бөлімшеге келген науқастарға жоғары дәрежелі медициналық көмек көрсету, диагноздарын анықтап, стандарттарға сәйкес жоғарғы сапалы ем жасау,дәрігерлер мен медбикелердің білім дәрежесін шыңдау, деонтологияны сақтай отырып халыққа арнайы көмек көрсетуді жақсарту. 

Бөлімше меңгерушісі ІІ-ші санаттағы акушер-гинеколог Асқар Садуақасұлы Ахмедов, жұмыс өтілі - 3 жыл. Аға медбике Смет Сақыпжамал, жұмыс өтілі - 13 жыл. Бөлімшеде 1-ші санатты 5 медбике жұмыс істейді, 5 мейірбикенің маман сертификаты бар.

Бөлімшеге науқастар жоспарлы және жедел түрде түседі. Ем алушыларға түскеннен бастап  толық   диагноз қойылып, 20-30 минут ішінде қажетті емі басталады. УДЗ, ЭКГ кеңінен қолданылады. 

Науқастарға міндетті түрде антибиотикке сезімталдығы анықталады, толық лабораториялық сараптаулар жасалады. Жедел жатыр қабынуы диагнозымен келген науқастарды тексеруде клиникалық, биохимиялық сараптамалар, электролиттер . физиопроцедуралар жасалады: УВЧ, электрофорез, соққылы-толқынды терапия, ЕДШ (ЛФК), массаж, кварц, емдік ванналар, кедр бөшкесі, вибромассаж және т.б. Емдеу барысында стандарт бойынша жаңа технологиялық дәрі-дәрмектер пайдаланылады.

Осы тексерулер мен емдеудің нәтижесінде науқастарға уақытылы және сапалы медициналық көмек көрсетіледі. Гинекология бөлімшесінде жыл сайын күрделі жөндеу жұмыстары өтеді.

 


4-02-2021, 21:03

Терапия бөлімшесі

  1. Терапия бөлімшесі 20 төсек-орынға арналған. Бөлімше жаңа типті аурухананың 3-ші қабатында орналасқан. Онда 1, 2, 3 орындық палаталар бар. Сонымен бірге егу бөлмесі, асхана, аға медбике, бөлім  меңгерушісі бөлмелері орналасқан. Ардагерлер, соғыс ардагерлеріне және мүгедектерге арналған палата да бар. Терапия бөлімінде гастроэнтерологиялық, кардиологиялық, кардиоревматикалық,

пульмонологиялық, гемотологиялық, жалпы терапиялық науқастар емделеді.

Бөлімшеге 1-ші санатты дәрігер кардиолог Айжарикова Бакыт  Шалғынбайқызы менгерушілік етеді. Жұмыс өтілі - 27 жыл, аға медбике Жаксылыкова Райкул Утебаевна, жұмыс өтілі - 41 жыл. Бөлімшеде 1 санатты 5 медбике   жұмыс істейді, 2 мейрбикенің маман сертификаты бар.

Барлық науқастарға 3 тәулік ішінде диагноз қойылады, ем алушыларға түскеннен кейін 20-30 мин ішінде ем басталады, әрі қарай емге түзетулер, қосымша мамандар кеңесі емдері қосылады. 

2020 жылы бөлімде 4 оттегі  концентраторы іске қосылды.

Кардиоревматикалық науқастарды тексеруде мына аппараттар арқылы тексеру жүргізіледі: ЭКГ, ЭХОКГ, СМАД, Холтер мониторы, УЗДГ, ИФА. 

Пульмонологиялық науқастарға компьютерлік томография,

рентгенография, қақырық МБТ-ға, антибиотикке сезімталдығына тексеріледі. Гастроэнтерологиялық науқастарды тексеруде  ФГДС, УЗИ,  хеликобактерийге ИФА, асқазан рентгеноскопиясы пайдаланылады. 

Сырқаттарға диагноз қоюда ФГДС, УЗИ, Rº графия, ЭКГ, ИФА, УЗДГ, Холтер   мониторы, СМАД, компьютерлік томография тәсілдері кеңінен қолданылады.

Барлық науқастарды тексеруде клиникалық, биохимиялық сараптамалар, соның ішінде КШС, тропонин, электролиттер, КФК және серологиялық байқаулар пайдаланылады. Барлық науқастарға өзінің диагнозына байланысты физиопроцедуралар жасалады: УВЧ, Электрофорез, соққылы-толқынды терапия, ЕДШ (ЛФК), массаж, кварц, биоптрон, экран, ультратон, емдік ванналар, кедр бөшкесі, вибромассаж және т.б. Емдеу барысында стандарт бойынша жаңа технологиялық дәрі-дәрмектер пайдаланылады.

Осы тексерулер мен емдеудің нәтижесінде науқастарға уақытылы және сапалы медициналық көмек көрсетіледі.

4-02-2021, 16:25

Неврологиялық бөлімше

Теміржол ауруханасының неврологиялық (жүйке) бөлімшесі типті аурухананың 2-ші қабатында орналасқан. Бөлімше 10 төсек-орынға арналған. Бөлімшеде бас ауруы, бел ауруы, ми қан тамырларының зақымдалуымен ауырған науқастар емделеді. Бөлімшеде 1 дәрігер жұмыс істейді. 

Бөлімше меңгерушісі – Өтеулі Шолпан Қарақұлқызы, аға мейірбикесі – Елюбаева Іңкәр Уликпанқызы. 

Жауапты мейірбике, ауысымдағы мейірбикелер және кіші мейірбикелер жұмыс атқарады. Бөлімшеде дәрігерлер, егу бөлмесі, санитарлық бөлмелер, шаруашылық бөлмесі, асхана бар. Палаталары 5, 4 және 2 адамдық бөлмеде сервистік палаталар жұмыс жасайды.  Науқас жататын бөлмелер тұрмысқа қажетті барлық заттармен қамтамасыз етілген. Емдеу барысында стандарт бойынша жаңа технологиялық  дәрі-дәрмектер қолданылады.

Барлық науқастарға өз диагнозына сәйкес физиопроцедуралар жасалады: ультражоғары жиілікті (УЖЖ-УВЧ), электрофорез, соққылы–толқындық терапия, емдік дене шынықтыру (ЕДШ), массаж, кварц, «Биоптрон», «Экран», «Ультротон» жабдықтары арқылы ем, емдік ванналар қолданылады. Бұл тексерулер мен емдеу нәтижесінде науқастарға дер кезінде және сапалы медициналық қызмет көрсетіледі. Бөлімше қызметкерлері өз білім деңгейлерін ұдайы жетілдіріп тұрады. Бөлім қызметкерлері аурухананың дамуына барынша өз үлестерін қосуда.

4-02-2021, 16:11