» Материалы за Наурыз 2021 жылы

Туберкулез жөнінде не білген жөн?

24 наурыз – Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні


Туберкулез - әдетте өкпені зақымдайтын елеулі кесел. 

Туберкулездің берілу жолы ауалық-тамшылық, әсіресе жұғу ықтималдығы науқас адаммен жиі жұғысуда (контактта) арта түседі.

Туберкулезді қабылдауға бейімділік организмнің қорғаныс күштері әлсіз адамдарда (мысалы, ерте жастағы балалар, кәрі адамдар, ЖИТС-ке щалдыққандар мен АИТВ-жұқпаланғандар) жоғары болады. Туберкулез емделмегенде елеулі зардаптарға жетелеуі мүмкін. Балаларда кесел көбіне бастапқы кешен (аздаған ауырлық дәрежесіндегі дерт түрі) формасында кездеседі. Дұрыс, толық жүргізілген емде баланың жұқпадан толығымен сауығуы мүмкін. Дегенмен, егер денсаулықтың және иммунитеттің жалпы жағдайы нашарласа, бірнеше жылдардан кейін кеселдің қайта соғуы ықтимал.

Туберкулездің даму себебі туберкулез микобактериясымен (ТМБ) жұқпалану болып табылады.   

Туберкулездің симптомдарында екі аптадан астам уақытқа созылатын күшті жөтел, кеуде клеткасындағы ауыру, қанмен немесе қақырық түсумен өтетін жөтел, жүдеп, салмақ жоғалту, дене температурасының жоғарылауы, түндегі терлеу, тәбеттің төмендеуі, әлсіздік немесе шаршау, тізе аумағында орналасқан қоңыр-қызыл ауыртпалы тері асты түйіндері көбіне елеулі рөл атқарады.

Туберкулездің асқынулары өкпеден тыс, яғни басқа ағзалардың зақымдануы түрінде білінеді (мысалы сүйек жүйесі, ми, бүйрек). Егер туберкулезге күдік туындаса дәрігерге қаралған жөн. Дәрігер нұсқаған дәрілерді толықтай қабылдау қажет. Дәрі қабылдау үзілгенде немесе оларды ерте алып тастағанда дәріге төзімді туберкулездің дамуы мүмкін. Жақсы желдетілген бөлмеде жеткілікті тынығу, толыққанды калориясы бар ас ішу, алкогольден және темекіден бас тарту, дене шынықтырумен ұдайы айналысу қажет. 


Серік ЕРДАЛИЕВ,

«Қазалы темір жол ауруханасы»

ЖШС эпидемиолог дәрігері,

Әйтеке би кенті,

Қазалы ауданы 


Сурет www.efarma.ru сайтынан алынды


24-03-2021, 12:24

НАУРЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Ұлыстың Ұлы күні баршаңызға құт-берекеырыс-несібемол бақыт әкелсінАқтың молаятынжарықтың ұзаратыннұрдың молығатынтіршіліктің жаңаратынөмірдің жаңғыратынпейілдің түзелетінкөңілдің кеңейетін кезеңі - Наурыз құтты болсын!!!

Елімізде бейбітшіліктоқшылықмолшылықберекебірлік болсын!

Әр шаңыраққа шаттықкөшпейтін бақсарқылмас дәулетырыс әкелсін!

Алла Әр адамзатқа мықты денсаулықсәттілік,арман-мақсаттарының орындалуына қажырлы қайратмұқалмас жігер берсін!

Әр жанұяға көл-көсір қуанышбаянды бақ берсін!

Әр жанұяғадастархандары нанғақоралары жанға толсын!

Әр жүректе тыныштық болсын!!!

Ақ мол болсынҰлыс оң болсын! Наурыз құтты болсын!!!


Ізгі ниетпен,

«Қазалы теміржол ауруханасы» ЖШС директоры

Кубыл Ршымбетов

22-03-2021, 12:38

ҚР COVID-19ға қарсы вакцинация өткізу туралы медициналық қызметкерлерге арналған бейненұсқаулық

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ
 ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ


15-03-2021, 14:22

8-ші наурызбен құттықтау

Құрметті де аяулы Арулар! 


Көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын.
 Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке - бірлік, мол табыс, махаббат пен әсемдік тілеймін!
 Көктем мерекесі көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, жүздеріңізге нұр шашсын!!!
 Әрқашан үйіңізден жылылық кетпесін.
 Бұл күн ізгіліктің, мейірімділіктің, әдеміліктің нышаны.
 Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегінде сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс - құт дарысын. Сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт, көтеріңкі көңіл - күй тілеймін! 


Ізгі ниетпен:

Қазалы теміржол ауруханасы" ЖШС директоры 

Кубыл Ршымбетов

8-03-2021, 12:02

1-ші наурыз Алғыс айту күнімен құттықтау

1-наурыз Алғыс айту күнімен құттықтаймын! 


Алғысқа бөлене беріңіздер!

• Алладан рақым болсын!

• Ауызбіршілік болсын!

• Көңілдеріңізді кір шалмасын!

• Бармақтай бақ, шаш-етектен дәулет берсін!

• От басы, ошақ қасы аман болсын!

• Дастарқандарыңызға береке берсін!

• Көйлектеріңіз көк, көңілдеріңіз тоқ болсын!

• Мерейлеріңіз үстем болсын Осыдан артык сыйлық бар ма. Мерекенің басқа мерекелерден артықшылығыда осы да. Алғысқа лық толы күн болсын!


 

Игі ниетпен: Қазалы теміржол ауруханасы" ЖШС директоры 

Кубыл Ршымбетов

1-03-2021, 11:59