» Материалы за Сәуір 2021 жылы

ХАБАРЛАНДЫРУ! ЕНДІ ЕКПЕНІ КЕЗ КЕЛГЕН УАҚЫТТА АЛА АЛАСЫЗ

Сәуір айының 29-нан бастап «Covid-19» қарсы 

вакцинаны аймақ бойынша барлық емханаегу орындарынан аптасына 7 күн бойы үзіліссіз таңғы сағат 08:00-ден түнгі сағат 00:00-ге дейін ала аласыз

Яғни коронавирус инфекциясына қарсы екпе салдыру халыққа енді кез келген уақытта қолжетімді болмақ.

29-04-2021, 11:14

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БОЛЫП ӨТТІ.

28 сәуір күні "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясының Қазалы ауданы бойынша филиалында 

Қазалы Мемлекеттік Кірістер Басқармасы

Казалинская Жд Больница Тоо

Қазалы Ауданының Білім Бөлімі

Қазалы Ауданаралық Аурухана

ұйымдастыруымен мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты қоғамдық қабылдау болып өтті. 

Қабылдау ковид инфекциясының таралуының алдын алу және карантиндік режим талаптарын сақтау үшін орталықтағы қызмет алушылармен әңгімелесу, пікір алмасу, сұрақ жауап форматында өтті.

Қызмет алушылар емхана өкілдеріне вакцина туралы, тегін дәрі-дәрмектер мен оның алу жолдарына байланысты сұрақтар қойып, жауап алды. 

Салық басқармасы тарапынан мекен жайы өзгерген жағдайдағы кәсіпкерлердің іс-әрекеті, салық төлеу мерзімдері мен тәртіптері туралы және білім бөлімі тарапынан баланы асырап алу, мүгедек жастар оқыту және жұмысқа орналастыру жөнінде сұрақтарға жауап берілді.

Қоғамдық қабылдау алдағы уақытта да жалғасын табады.

28-04-2021, 14:35

«Қамысты бос ұстасаң, қолыңды кеседі»: Гүлшара Әбдіқалықова үндеу жариялады

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова эпидахуалға қатысты қызылордалықтарға үндеу жариялады.


«Бүгін облысымыз «қызыл аймаққа» енді. Бұл қуанатын жағдай емес.


Пандемия басталғаннан бергі уақытта өңірде 4890 жағдай тіркелген. Әлемді дүрліктірген індеттің беті қайтар түрі жоқ. Соңғы уақытта вирус жұқтырғандардың саны тым көбейіп барады.


«Қамысты бос ұстасаң, қолыңды кеседі» дейді дана халқымыз. Сақтық шараларына мән беруді ұмытсақ, көзге көрінбейтін тажалдың кез келген сәтте қатер төндірері анық. Оны тек сақтану арқылы ғана жеңе аламыз.


Осы ретте, жергілікті мекемелердің, халыққа қызмет көрсету орындарының басшылары вирус тез тарайтын адамдар тығыз жиналатын орындарда, ғимараттарда халықтың сапырылысын реттегені жөн.


Денсаулық алдымен өзімізге керек. Сондықтан, әрбір адам өзіне ғана емес, отбасына, туған-туысына, айналасындағы адамдарға зиянын тигізбеуі тиіс. Той-томалақ, ас беру, басқа да көпшілік жиындарды жақсы күндерге қалдыра тұрайық. Денсаулығымыз бәрінен қымбат екенін ұмытпағанымыз жөн. Қарапайым қағидатты ескерейік: маска, антисептик және арақашықтықты сақтау.


Қымбатты жерлестерім, қауіпті індеттің ұзаққа созылмасы үшін осы қағидаттарды ескеріп, өз денсаулықтарыңызға асқан жауапкершілікпен қарап, карантин талабына бағынуға шақырамын.

Ел болып қатерлі індетті бірге жеңіп, жарқын күндерге бірге жетейік!

Жақынымызға жанашыр болайық!

Саулық сақтықта екенін естен шығармайық!», – деді аймақ басшысы.

https://syr-media.kz/news/19605-amysty-bos-stasa-olydy-kesed-glshara-bdalyova-ndeu-zhariyalady.html 


21-04-2021, 18:55

Бюджеттегі жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы бейнеролик

Бюджеттегі жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы бейнеролик
20-04-2021, 17:57

7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні

 
 
Атаулы күн Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының құрылған күнінде (1948 жылдан беріаталып өтеді.
 

 
Денсаулыққа қатысты қызықты деректер:
 Түшкіргенде ағзаның барлық қызметітіпті жүрек те тоқтап қалады;

 Оптимизм денсаулыққа оң әсер етеді;

 Солақайлармен салыстырғандаоңқайлар 9 жыл ұзақ өмір сүреді;

 Жасы ұлғайған сайын адамның миы кішірейе береді;

 Сіз қызарған кезде асқазаныңыз да қызарады;

 Шие ракты емдейдіОл рак жасушаларын өзін-өзі жоюға итермелейді;

 Адам 50 мыңға жуық иісті ажырата алады;

 Күн сайын оятқышпен ояну - денсаулыққа зиянОдан адам ағзасының табиғи ырғағы бұзылыпкүйзеліске әкеп соғады;

 Душқа жиі түсуге болмайдыПайдалы бактериялар жуылып кетуі мүмкіняғни ағзаның қорғаныс қабілетін төмендетеді.

 

 
Денсаулықтарыңыз мықты болсын!
 Qazaqstan Ұлттық Телеарнасы

7-04-2021, 16:27

Гүлшара Әбдіқалықова: Жерлестерімнің қауіпті індет кезеңінде сақтанып жүргенін қалар едім

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова сырбойылықтарға өз денсаулығының қожасы өзі екенін ұмытпай, қауіпті індет кезеңінде сақтанып жүруін өтінді. Бұл туралы аймақ басшысы «Facebook» парақшасында жариялады.


Қадірлі жерлестер!


Бүгін – Дүниежүзілік денсаулық күні. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 1948 жылы құрылған, ал, 1950 жылдан бері құрылған күні атаулы күн ретінде белгіленген. Осы уақыттан бері әлемнің екі жүзге жуық мемлекеті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына мүше болып отыр.


Атаулы күні адамдар өз өмірінде денсаулықтың мәні қаншалықты зор екенін түсініп, бүкіл әлем болып денсаулықты жақсартуға шешім қабылдауы үшін өткізіледі.


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әр жылды медицинадағы аса көкейкесті мәселелердің біріне арнап отырады.Өткен жылдан бері әлемді жайлаған пандемия індеті адамзат баласының денсаулығына зор зиян келтіргені рас.


Көрінбейтін жауымызға айналған коронавирус індеті тағы қандай түрге еніп, қалай шыға келетіні белгісіз. Сондықтан, біз кез келген уақытта вирусқа қарсы тұра алатындай әзірлікті үзбеуіміз қажет. Сол үшінде қазіргі уақытта халықты ерікті түрде вакцинациялау жүріп жатыр. Оның тиімді екені әлемде дәлелденуде.


Қарап отырсаңыз, адамдардың тығыз жиналған жерінде вирус тез тарайды. Сондықтан да, әрбір адам өзіне ғана емес, отбасына, туған-туысына, айналасындағы адамдарға зиянын тигізбеуі керек. Ол үшін қарапайым қағидатты ескерсе болды: маска, антисептик және арақашықтықты сақтау. Адамзат баласы жаралғалы бері талай қатерлі індетті бастан кешірді емес пе? Олардың әрбірі адам өміріне қайғы-қасірет әкелді.


Денсаулық – баға жетпес асыл дүние. Оны қайтадан орнына әкелу оңайға соқпайды. Сол себепті, жерлестерімнің өз денсаулығының қожасы өзі екенін ұмытпай, қауіпті індет кезеңінде сақтанып жүргенін қалар едім. Саулық – сақтықта!


https://syr-media.kz/news/19483-glshara-bdalyova-zherlestermn-aupt-ndet-kezende-satanyp-zhrgenn-alar-edm.html 

7-04-2021, 12:26

Аудан тұрғындарына коронавирусқа қарсы екпе алу туралы

Аудан тұрғындарына коронавирусқа қарсы екпе алу туралы. 
6-04-2021, 21:18

Коронавирус. Вирустың алдын алу бойынша 7 қадам

Коронавирус. Вирустың алдын алу бойынша 7 қадам 
5-04-2021, 21:15