Аудан тұрғындарына коронавирусқа қарсы екпе алу жөнінде

Құрметті Қазалы ауданының тұрғындары!


Екпе кесірлі кеселді ауыздықтайды.


Бүгінде дүниенің түкпір-түкпіріне тараған коронавирус індетін ауыздықтауда әлем елдері бар күш-мүмкіндіктерін жұмсауда. Кесірлі кесел біздің елді де әбігерге түсірді. Мұндайда сала мамандары жұқпалы дертті жеңудің бір ғана жолы – вакцина салдыру екендігін айтуда. Дегенмен халықтың ойы екіұдай. Бірі ерікті түрде екпе алуға келіссе, екіншілері індетке қарсы дәріден бас тартуда.

Күнделікті тәж бейнесіндегі вирустың дүниежүзіндегі миллиондаған жанды әлсіретіп, мыңдағанын жалмап жатқанын ақпарат көздерінен байқап жүрміз. Сондықтан арасын ұзатпай, мықты деген бүкіл әлем ғалымдары ауруға қарсы екпе дайындауға кірісті.

Қазалы ауданы теміржол емханасында осы күнге дейін Спутник 1-тур егілгені- 1650

2-тур егілді -698, Хаят вакцинасы

1- тур егілгені -500

2 тур - 27 адам коронавирусқа қарсы вакцина егілді. Қазіргі таңда Хаят Вакс (Арабская Вакцина) вакцинасының 1-турының 1000 дозасы "Қазалы теміржол ауруханасы" ЖШС,емхана бөлімінде егу жұмыстары жалғасын табады. Коронавируска қарсы ұжымдық иммунитетті қалыптастырып, қауіпті індеттің алдын алу мақсатында ерікті түрде вакцина алуға шақырамыз.

Егу бекетінің мекен жайы: Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Әйтеке би 1, Қазалы теміржол емхана ғимараты 23 кабинет орналасқан дәрігерлік амбулаторияларда

үзіліссіз таңғы сағат 08:00-ден түнгі сағат 00:00-ге дейін ала аласыз.

4-06-2021, 11:43

Балалардың мерекесімен құттықтау

Құрметті балдырғандар! 

Қадірменді ата-аналар


Сіздерді бүгінгі "1- маусым халықаралық балаларды қорғау күніменқұттықтаймын!!! Елімізде жас өлкен ұрпағымыз аман болсын!!! Барлығыңызға ашық аспанбейбіт өмірсәбилерге бақытты балалық шақәрқашанда сыңғырлаған күлкі тілеймізӘр уақытта дендері сау болыпОтанымыздың мақтанышы болуларына тілектеспіз

Жұртымызеліміз тынышденіміз саубасымыз аманжұмысымыз жемісті болсын


Ізгі ниетпен : Кұбыл Ршымбетов,

«Қазалы темір жол ауруханасы» ЖШС

директоры

1-06-2021, 13:27

Аудан тұрғындары назарына!!! КТ, МРТ, ПЭТ қызметтерін көрсететін мекемелер тізбесін ұсынамыз!

Компьютерлік томография


Көпбейімді облыстық ауруханасы.

ул.Абая 65

Көпбейімді қалалық ауруханасы.

ул.Абуова 29

Облыстық балалар ауруханасы 

ул.Амангелди 5А

Облыстық кеңес беру-диагностикалық орталығы

ул.Абая 60

Қазалы теміржол ауруханасы 

Ул. Ерімбет Колдейбекулы 92


Магниттік-резонанстық томография


Центр "Nova Diagnostic" 

ул.Байтурсынова 123.

Диагностический центр "Invivo" ВДП

ул.Скаткова 105

Центр урологии и андрологии ТОО "Medium"

ул.Бейбарыс 192А

28-05-2021, 17:47

ХАБАРЛАНДЫРУ! ЕНДІ ЕКПЕНІ КЕЗ КЕЛГЕН УАҚЫТТА АЛА АЛАСЫЗ

Сәуір айының 29-нан бастап «Covid-19» қарсы 

вакцинаны аймақ бойынша барлық емханаегу орындарынан аптасына 7 күн бойы үзіліссіз таңғы сағат 08:00-ден түнгі сағат 00:00-ге дейін ала аласыз

Яғни коронавирус инфекциясына қарсы екпе салдыру халыққа енді кез келген уақытта қолжетімді болмақ.

29-04-2021, 11:14

Аудан тұрғындарына коронавирусқа қарсы екпе алу туралы

Аудан тұрғындарына коронавирусқа қарсы екпе алу туралы. 
6-04-2021, 21:18

НАУРЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Ұлыстың Ұлы күні баршаңызға құт-берекеырыс-несібемол бақыт әкелсінАқтың молаятынжарықтың ұзаратыннұрдың молығатынтіршіліктің жаңаратынөмірдің жаңғыратынпейілдің түзелетінкөңілдің кеңейетін кезеңі - Наурыз құтты болсын!!!

Елімізде бейбітшіліктоқшылықмолшылықберекебірлік болсын!

Әр шаңыраққа шаттықкөшпейтін бақсарқылмас дәулетырыс әкелсін!

Алла Әр адамзатқа мықты денсаулықсәттілік,арман-мақсаттарының орындалуына қажырлы қайратмұқалмас жігер берсін!

Әр жанұяға көл-көсір қуанышбаянды бақ берсін!

Әр жанұяғадастархандары нанғақоралары жанға толсын!

Әр жүректе тыныштық болсын!!!

Ақ мол болсынҰлыс оң болсын! Наурыз құтты болсын!!!


Ізгі ниетпен,

«Қазалы теміржол ауруханасы» ЖШС директоры

Кубыл Ршымбетов

22-03-2021, 12:38

8-ші наурызбен құттықтау

Құрметті де аяулы Арулар! 


Көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын.
 Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке - бірлік, мол табыс, махаббат пен әсемдік тілеймін!
 Көктем мерекесі көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, жүздеріңізге нұр шашсын!!!
 Әрқашан үйіңізден жылылық кетпесін.
 Бұл күн ізгіліктің, мейірімділіктің, әдеміліктің нышаны.
 Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегінде сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс - құт дарысын. Сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт, көтеріңкі көңіл - күй тілеймін! 


Ізгі ниетпен:

Қазалы теміржол ауруханасы" ЖШС директоры 

Кубыл Ршымбетов

8-03-2021, 12:02

1-ші наурыз Алғыс айту күнімен құттықтау

1-наурыз Алғыс айту күнімен құттықтаймын! 


Алғысқа бөлене беріңіздер!

• Алладан рақым болсын!

• Ауызбіршілік болсын!

• Көңілдеріңізді кір шалмасын!

• Бармақтай бақ, шаш-етектен дәулет берсін!

• От басы, ошақ қасы аман болсын!

• Дастарқандарыңызға береке берсін!

• Көйлектеріңіз көк, көңілдеріңіз тоқ болсын!

• Мерейлеріңіз үстем болсын Осыдан артык сыйлық бар ма. Мерекенің басқа мерекелерден артықшылығыда осы да. Алғысқа лық толы күн болсын!


 

Игі ниетпен: Қазалы теміржол ауруханасы" ЖШС директоры 

Кубыл Ршымбетов

1-03-2021, 11:59