Ұлыстың Ұлы күні баршаңызға құт-береке, ырыс-несібе, мол бақыт әкелсін. Ақтың молаятын, жарықтың ұзаратын, нұрдың молығатын, тіршіліктің жаңаратын, өмірдің жаңғыратын, пейілдің түзелетін, көңілдің кеңейетін кезеңі - Наурыз құтты болсын!!!
Елімізде бейбітшілік, тоқшылық, молшылық, береке- бірлік болсын!
Әр шаңыраққа шаттық, көшпейтін бақ, сарқылмас дәулет, ырыс әкелсін!
Алла Әр адамзатқа мықты денсаулық, сәттілік,арман-мақсаттарының орындалуына қажырлы қайрат, мұқалмас жігер берсін!
Әр жанұяға көл-көсір қуаныш, баянды бақ берсін!
Әр жанұяға, дастархандары нанға, қоралары жанға толсын!
Әр жүректе тыныштық болсын!!!
Ақ мол болсын! Ұлыс оң болсын! Наурыз құтты болсын!!!
Ізгі ниетпен,
«Қазалы теміржол ауруханасы» ЖШС директоры:
Кубыл Ршымбетов