Жер сілкінісі кенеттен пайда болады және қас-қағым сәтте өтеді.Сол себептен, қай жерде болмасаңыз да, уйде,жұмыста,далада,көлікте апат орын алған жағдайдағы өзіңіздің іс-әрекеттеріңізді алдын-ала жоспарлап қойғаныңыз абзал.Отбасы мүшелеріне осындай жағдайда не істеу керектігін және алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін үйретіңіз.Ең қажетті заттарды ,құжаттарды,ақша мен қолшамды қол астында ұстаңыз.Бірнеше тәулікке жететін ішуге арналған су мен консерваларды сақтаңыз.Қауіпті, улы,химиялық заттарды бөлек,шеттетілген жерде ұстаңыз.
Жанұяның ересек мүшелері пәтерді тоқсыздандыруды,магистральдік газды және су құбырын өшіре білу керек.
Жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер
Жер сілкінген сәтте сіздің ой-әрекетіңіз бен іс-қимылыңызға 5-10 секунд қанауақытыңыз бар. Осы сәтте үрейге еркіндік беріп, абдырып-сасып қателессеңіз, арты бақытсыздыққа әкелуі ықтимал. Өзіңізді де, өзгелерді де үрейлендірмеңіз.
Үйдің ішінде:
Сілкініс кезінде далаға жүгіріп шығуда немесе жер сілкінісінің яғни үйдің ішінде кетуді пәтердің қай қабатта орналасуына байланысты шешуге тиіссіз. Егер сіз көп қабатты үйдің бірінші немесе екінші қабатында тұратын болсаңыз, далаға шығуға мүмкіндігіңіз бар. Далаға қашып шыққаннан кейін үйден аулақ тұрған жөн. Үшінші және одан жоғары қабаттардан қашып шығу қауіпті екенін естен шығармаңыз.
Сілкініс басталысымен үй ішіндегі қауіпсіз деген орындарға тез жетуге тырысыңыз. Ішкі қабырғаның қауіпсіз тұсында үйдің ішкі бұрышында, есік жақтауларының ортасында, тіреуіш ашалардың жанына тұрасыз (шкаф іші кереует). Терезелер мен ауыр жиһаздардан алыс тұрыңыз. – лифтті пайдаланбаңыз. – есіктен далаға шыққан уақытта жан таласып, бір- біріңізге кедергі жасамауға тырысыңыздар. – үйлерден электрбағаналардан аулақ тұрыңыз, электрсымына жақындамаңыз. – сілкініс кезінде үйге кірмеңіз.
Ең алдымен балаларға,қарттарға және мүгедек адамдарға қауіпсіз жерге жетуге немесе мүмкіндік болса далаға шығуға көмектесіңіз.Көпқабатты үйлердің берілген аймақтың сейсмологиялық деңгейін есепке ала отырып тұрғызылатындығын етсен шығармаңыз, сондықтанүрейге еркіндік беріп,сасқалақтамаңыз.
Далада:
Сілкініс
кезінде ғимараттардың ішіне кірмеңіз,оларға жақын тұрмаңыз.Мейілінше ашық жерде,ғимараттардын қашықта болғаныңыз жөн.Дегенімен ғимараттқа жақын жерде қалыпқалсаңыз есік жақтауына
тұрыңыз.
Автомобиль ішінде:
Сілкініс
басталған сәтте жүріп келе жатқан автомобильді ашық жерге тоқтатқан дұрыс. – жолаушылар асып-саспай байыпты
түрде транспорт ішінде отырып, жер
сілкінісінің басылуын күткен жөн.
Келешекте болуы ықтимал күшті сілкіністердің құпияларымен жеке таныс болған жөн. Жер асты дүмпуінің болу себептерін, анық қай жерде болып, қалай таралатындығының қандай қосымша әрекеттерінің өзі де көптеген
мәліметтер оқып –білу қажет.
Екіншіден, тұрған халықтың апаттан сақтану дайындығы дәрежесі жоғары болуы тиіс. Тек осы шарттар орындалған жағдайда ғана зілзала апаттар адам өмірі мен халық байлығына айтарлықтай шығын келтірмейді.
Жер
сілкінісінен кейінгі іс-әрекеттер:
Мұқтаждарға
алғашқы көмек көрсетіңіз.Балалар мен қарттардың қауіпсіздігін қамтамассыз етіңіз.Радионы
тыңдаңыз.
Жергілікті
биліктің, төтенше жағдайдың салдарын жою штабының нұсқауларына бағыныңыз.Электр сымдарының үзілген жерлерінің болмауын тексеріңіз.Қатты сілкініс кезінде қалада электр жарығы,автоматты түрде өшетінін естен шығармаңыз.Газ,су желілерінің зақымданбағандығын тексеріңіз.Баспалдықтардан
түскнде абайлаңыз,оныңзақымданбағандығына көз жеткізіңіз.Ғимараттарға
керегінсіз кірмеңіз.Сілкіністің қайталауына дайын болыңыз,себебі алғашқы 2-3 сағат ең қатерлі болып есептеледі.Сілкіністің қайталануы жайында жалған ақпарат таратпаңыз.Арнайы
ақпараты қолданыңыз.Құлаған ғимараттыңішінде қалып қойсаңыз,мүмкіндігінше өзіңізге алғашқы көмек көрсетіңіз.Адамдармен байланысқа шығуға тырысыңыз,
от жақпаңыз.Күшіңізді үнемдеңіз.
Автор:
Алматы облысы ТЖД, төтенше жағдайлардың алдын-алу бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Сыдыков М.М.
http://zhardem.kz/news/8754