ҚАЗАЛЫ ТЕМІРЖОЛ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАЗАСЫНДА ИНСУЛЬТТЫҚ ОРТАЛЫҚ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫҚызылорда облысында осы жылдың 6 айында УДДГ (ультрадыбыстық доплерография) зерттеуімен 1 886 адам тексеріліп, 80-де стеноз анықталып, 89%-на консервативті ем тағайындалып, 11%-на каротидті эндоартерэктомия отасы жасалған. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова мәлімдеді. Оның айтуынша атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Денсаулық сақтау Министрлігі
бекіткен Жол карталардын индикаторлары толық орындалды. Осы ауруларға шұғыл
медициналық көмекті ұйымдастыруда «алтын сағат» уақытын сақтау өте маңызды.
Осыған байланысты, аймақтағы жол қатынастарының ұзақтығын ескере отырып,
елді мекендерде орналасқан халыққа мамандандырылған көмектің қолжетімділігін
қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылдың ақпан айында Қазалы теміржол ауруханасының
базасында ауданаралық II деңгейлі инсульттық орталық ашылған болатын. http://syr-media.kz/o-am/azaly-temirzhol-auruhanasyny-bazasynda-insultty-ortaly-zh-mys-zhasajdy/ |