Әрқашан дайындықта ұстауға тиісті заттар тізімі:
құжаттар
салынған сөмке немесе жолдорба;
тағам
және судың үш күндік қоры;
алғашқы медициналық көмек дәріқұтысы және ең
қажетті дәрі-дәрмектер;
электрлі тасымалдау фонары және сіріңке;
жылы аяқ киім мен киімдер.
Су тасқынында қалай әрекет ету керек:
Су тасқыны қаупі төнгенде және адамдарды
көшіру жайлы хабарлама берілген кезде, тез арада кешікпей белгілі тәртіппен,
екі тәуліктік азық қорын және қажетті заттарды алып, жерді су басу қаупі бар
апатты аймақтан белгіленген қауіпсіз аймаққа немесе көтеріңкі жерге шығыңыз.
Көшірудің соңғы пункітіне жеткенде күту қажет.
Құтқарушы жақындаған кезде сабырлылықпен,
үрейсіз сабырлық сақтап, баяу жүзу құралына отыру керек. Сонымен қатар
құтқарушылардың талаптарын орындап, жүзу құралына артық салмақ салмау қажет.
Қозғалыс кезінде анықталған орынды тастап кетуге қатаң тиым салынады, жүзу
құралының ернеуіне отыруға болмайды, құтқарушы экипаждың айтқанын қатаң
орындаңыз.
Егер
адам суға батып бара жатса:
Суға
батып бара жатқан адамға қалқымалы зат лақтырып, оны құрғатып, көмекке шақыру
қажет. Зардап шегушіге жүзіп барар кезде судың ағысын байқаңыз. Егер батып бара
жатқан адам өз іс-әрекетін бақылай алмайтын болса, онда оның арт жағынан барып,
шашынан ұстап, жағаға сүйреу керек.
https://syr-media.kz/khabarlandyru/1296-su-tasyny-oryn-alan-zhadayday-zhadnama.html