ЕКПЕ ҚАУІПТІ АУРУЛАРДАН ҚОРҒАЙДЫ (Фотобаян)

ЕКПЕ ҚАУІПТІ АУРУЛАРДАН ҚОРҒАЙДЫ (Фотобаян)

 

2018 жылдың сәуір айының 23-і мен 29-ы аралығында аудан тұрғындары арасында «Сізді және сіздің айналаңыздағы адамдарды ауыр түрде өтетін аурулардан қорғау үшін вакцинациялар әрекет етуде!» ұранымен иммундау апталығының өтуіне байланысты :

-25 сәуір күні Ы.Алтынсарин атындағы №204 орта мектебінде мұғалімдер мен техникалық қызметкерлер арасында және 26 сәуір күні №28 «Ақбота» бөбекжай-балабақшасында ата-аналарға Қазалы теміржол емханасының учаскелік терапевті П.С.Сейдахметованың қатысуымен семинар өткізілді.

-27 сәуір күні С.Сейфуллин атындағы №165 мектепте Қазалы теміржол емханасының учаскелік терапевті Г.Е.Сейтнесипова оқушылар арасында семинар өткізді.

ЕКПЕ ҚАУІПТІ АУРУЛАРДАН ҚОРҒАЙДЫ (Фотобаян)
ЕКПЕ ҚАУІПТІ АУРУЛАРДАН ҚОРҒАЙДЫ (Фотобаян)
ЕКПЕ ҚАУІПТІ АУРУЛАРДАН ҚОРҒАЙДЫ (Фотобаян)

 

Аслан ЕРМЕКБАЕВ

2-05-2018, 10:43

ҰЖЫМДАҒЫ МИКРОКЛИМАТ

ҰЖЫМДАҒЫ МИКРОКЛИМАТ

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» ММ-де ұжымдық ахуалды қалыптастыруға байланысты, бас құтқарушы-психолог Ж. Бегманова «Ұжымдағы микроклимат» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

Тренинг барысында жеке құрамға "Ұжымдағы микроклимат " туралы қысқаша түсінік беріп, тренинг ережелерімен таныстырды. Жасақ қызметкерлер арасындағы түсінушілік пен әріптестеріне деген сенімділікті орнату, ұжымдағы жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыру мақсатында, "Орындық", «Шапшаң қимылда», "Ұжымдық есеп", «Өрмекші торы», «Лабиринт", "Сіз қандай жұмыскерсіз", «Орныңды ауыстыр», «Кедергіден өту» т.б. тренинг жаттығуларды ойдағыдай орындады. Құтқарушылар төрт топқа бөлініп, «Төрт құбыла» тақырыбында туған жерге байланысты сурет жарысын қызығушылықпен салып, өз жұмыстарын қорғай білді. Сондай-ақ, "Теңізге саяхат" атты релаксациялық жаттығуын орындатып, 10-15 минуттай кофе-брейк ұйымдастырылды.

Тренинг соңында, жасақ қызметкерлерден бүгінгі іс-шарадан алған әсерлерімен бөлісіп, алғыстарын білдірді.

 

Ж. Бегманова

ҚР ІІМ ТЖК «ОӨАЖҚЖ» ММ-нің

медициналық-психологиялық

бөлімінің бас құтқарушы-психологі

https://syr-media.kz/news/2858-zhymday-mikroklimat.html

12-04-2018, 13:15

Өзіңді туберкулезден қорға! (фотобаян)

Өзіңді туберкулезден қорға! (фотобаян)

 

Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай аудан көлемінде үстіміздегі жылдың 24 ақпан - 24 наурыз аралығында «Өзіңді туберкулезден қорға!» ұранымен туберкулездің алдын алу айлығы жарияланып, түрлі бағытта іс-шаралар ұйымдастырылды.

Осы орайда 28 ақпанда Қазалы темір жол ауруханасының емхана аумағына қарасты Қазалы вагон жөндеу депосында Қазалы теміржол емханасының СӨСҚ бөлімшесінің ұйымдастыруымен акция өткізілді.

Сонымен қатар Ы.Алтынсарин атындағы №204 және С.Сейфуллин атындағы №165 орта мектептерінде кең ауқымды акция ұйымдастырылды. Кездесу барысында оқушылар туберкулездің алдын алдын алу туралы біліп, салауатты өмір сүрудің барлық шарттарын ұстану қажетттілігін түсінді. Оқушылар өздеріне қажетті сұрақтар қойып, сөзжұмбақтар жасырылып, өз денсаулықтары туралы көп мағлұмат алды.

Бұл акцияның басты мақсаты: туберкулездің жеке және қоғамдық алдын алу шаралары мен туберкулездің алғашқы белгілері жөнінде, туберкулездің жұқтыру қауіпі мен ауыр салдары туралы халықты ақпараттандыру, өздерінің денсаулығына жауапты болуға тәрбиелей отырып, профилактикалық тексеруден міндетті түрде өтудің маңыздылығын түсіндіру. Акцияға емхана СӨСҚ мамандары, Қазалы ТЖА орталығының жауапты маманы, Қазалы теміржол ауруханасының учаскелік дәрігерлері ауру деңгейін тұрақтандыруда жүргізіліп жатқан індетке қарсы шаралары туралы сөз етті.

Өзіңді туберкулезден қорға! (фотобаян)
Өзіңді туберкулезден қорға! (фотобаян)
Өзіңді туберкулезден қорға! (фотобаян)
Өзіңді туберкулезден қорға! (фотобаян)
Өзіңді туберкулезден қорға! (фотобаян)
Өзіңді туберкулезден қорға! (фотобаян)

Серік ЕРДАЛИЕВ

26-03-2018, 06:48

Тегін медициналық көмектің жаңа қағидалары күшіне енді

Тегін медициналық көмектің жаңа қағидалары күшіне енді


Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жаңа қағидалар күшіне енді. Осылайша, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу тізімі жаңа шарттармен толықты. Дәрінің қауіпсіздігі мен сапасы фармакологиялық-экономикалық талдау негізінде бағалануы тиіс. Сонымен қатар қазақстандық дәрігерлермен ұсынылған емдеу хаттамаларына енгізілуге міндетті. Бұл елімізде өршіп тұрған сырқат түрлерін азайту мақсатында қолға алынған бастама. Бұдан бөлек препарат қазақстандық ұлттық формулярға енгізіліп, мемлекеттік тіркеуден өтуі керек. Айта кетер жайт, бұл үдеріс толығымен он-лайн тәртіпте жүзеге асатын болады. Осы мәселелер Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында талқыланды.

Арнұр Нұртаев, ҰДЗСО бас директорының бірінші орынбасары:

- Цифрландыру жүйесіне көшуге байланысты бұл үдерістің барлығы онлайн тәртіпте тіркеліп, толығымен электронды түрде жүзеге асады. Өтініш білдірушілер Ұлттық дәрілік заттарды сараптау орталығына келіп, құжаттар өткізуге уақыт жұмсамайды.

Источник:http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/227730-tegin-meditsinaly-k-mekti-zha-a-a-idalary-k-shine-endi
17-03-2018, 12:36

МӘМС: МӘЛІМЕТ КӨШІРМЕСІН ҚАЙДАН АЛАДЫ?

МӘМС: МӘЛІМЕТ КӨШІРМЕСІН ҚАЙДАН АЛАДЫ?

Азаматтар бірінші жартыжылдықтың соңына қарай өз атына аударылған МӘМС төлемдері туралы мәліметтің көшірмесін ХҚКО-нан ала алады.

Нақтырақ айтсақ ол былай: Мемлекеттік қызметтің бұл түрі тұрғындарға бірінші жартыжылдық соңында МӘМС жүйесіне қатысу барысы мен өз атына аударылған төлемдер туралы мәліметті Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алуға мүмкіндік береді.

Біздің жоспарымыз бойынша, бірінші жартыжылдық соңында азаматтар МӘМС жүйесіне қатысу барысы мен төленген жарналар туралы мәліметті Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы алу мүмкіндігіне ие болмақ. Мысалы, қазір бұл мәліметті "электронды үкіметтің" egov.kz порталы арқылы алуға болады. Ол үшін электронды цифрлық қолтаңба қажет. Цифрлық қолтаңбасы бар кез келген азамат "жеке кабинетке" кіріп, МӘМС төлемдерінің соңғы рет қашан жасалғанын анықтап біле алады.

Мұның аса ыңғайлы еместігін азаматтарымыз жиі айтып жүр. Ал, бұл қызмет ХҚКО арқылы көрсетіле бастағаннан кейін тұрғындар өз атына аударылған жарналар мен аударымдар туралы мәліметті, сондай-ақ МӘМС жүйесінің қатысушысы деген анықтама қағазын да сол жерден ала алады.

Бахыт ИСМАХАНБЕТОВ,

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша

филиалының директоры.

https://syr-media.kz/news/2372-mms-mlmet-kshrmesn-aydan-alady.html

 

15-03-2018, 15:14

Қазалыда командалық-штабтық оқу-жаттығу өтті

Қазалыда командалық-штабтық оқу-жаттығу өтті

Қазалы ауданында «Көктем-2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы болып өтті.

Оқу-жаттығуда тасқынның, су басудың қаупі мен туындауы кезінде азаматтық қорғау құрылымдарының дайындығы тексерілді.

Оған аудан әкімінің орынбасары Ж.Мұратбаев қатысып, аудандағы төтенше жағдайлар қызметінің жұмыстарымен танысты.

https://qazaly.kz/zanalyk/1993-azalyda-komandaly-shtabty-ouzhattyu-tt.html
9-03-2018, 06:07

СУ ТАСҚЫНЫ БОЛҒАН КЕЗДЕ ӨЗІН ҰСТАУ ЕРЕЖЕСІ

СУ ТАСҚЫНЫ БОЛҒАН КЕЗДЕ ӨЗІН ҰСТАУ ЕРЕЖЕСІ


Егер сіз су тасқыны мен су басу қаупі туралы дабыл алсаңыз не істеу керек?

Егер сіздің аудан су тасқыны мен су басудан жиі зардап шегетін болса, онда су басу аймағының шекараларын, сондай-ақ биік жерлерді, өзіңіз тұратын жерге жақын орналасқан, сирек су басатын жерлерді, сондай-ақ сол жерлерге баратын төте қысқа жолды біліп және есте ұстаңыз,

Қайықтың, су салдарының және жүзу құралдарының дайындауға қолда бар материалдардың сақтау орындарын есте сақтаңыз. Эвакуация болған жағдайда бірінші кезекте өзіңізбен бірге алатын құжаттардың, мүлік пен дәрілердің тізімін алдын-ала жасаңыз.

Құндылықтарды, қажетті жылы киімдерді, артық тамақтарды, суды, сондай-ақ дәрі-дәрмектерді арнайы шамаданға немес рюкзак қапшыққа салып қойыңыз. Қайық пен басқа да жүзу құралдарын дайындаңыз. Оларды су айдап әкетпес үшін, міндетті түрде байлап қойыңыз.

Су тасқыны мен су басу қаупі туралы дабыл алған кезде:

- суды, газды және электр тоғын өшіріңіз;

- жанып тұрған пешті сөндіріңіз;

- егер уақытыңыз жеткілікті болса үйдің жоғарғы қабатына (шатырға) құнды заттар мен мүліктерді, тұщы су қорын және ұзақ мерзімге сақтауға келетін консервіленген тағамдарды тасып шығарыңыз;

- ауылшаруашылық инвентарларын қауіпсіз орынға апарыңыз;

- өз үйіңізді апат соққысына дайындаңыз;

- бірінші қабаттағы барлық есік пен терезелерді жабыңыз, қажет болғанда және уақыт көтерсе терезелер сынбас үшін оларды тақтаймен немесе үйеңкі фанерасымен шегелеп тастаңыз;

- өзіңізбен бірге су өткізбейтін пакетте жеке құжаттар, ақша, бағалы заттар, медициналық қобдиша, мезгілге сай киім мен аяқ киім, жатын жаймалары мен дәретханаға қажеті заттарды сонымен қатар үш күндік тамақ (киімдер мен тамақты чемоданға немесе сөмкеге салған жөн) алыңыз;

- қауіпсіз ауданға көшу үшін белгіленген уақытта эвакуациялық жинақтау пунктіне барыңыз.

Кенеттен су басса:

- үрейленбей, сабырлылық танытыңыз;

- тез арада жақын жердегі қауіпсіз, биік жерге шығуға тырысыңыз, сумен сонымен қатар қолда бар жүзу құралдарының көмегімен көшуге тырысыңыз;

- егер бұл мүмкін емес болған жағдайда жоғарғы қабатқа немесе үйдің шатырына шығыңыз;

- су көтерілген жағдайда шатырға ал су тез көтерілген жағдайда – үй шатырының қырына шығу керек;

- балалар, ауру, әлсіз, жаураған адамдарды өзіңізге немесе шатырдың берік бөлігіне мысалы пеш құбырына байлаңыз;

- ағаштарға, бағандар мен сенімсіздік тударатын құрылыстарға шығуға болмайды. Олар су тасқынымен қозғалып, құлауы мүмкін;

- құтқарушылардың назарын аудару үшін үнемі апат дабылын беріп отырыңыз; күндізгі уақытта жоғары жерде ақ немесе түсті мата іліңіз, ал түнгі уақытта жарық дабылын беріңіз;

- құтқарушылар келгенге дейін жоғарғы қабатта және биік жерлерде қалыңыз;

- өз бетіңізбен көшіруді тек зардап шегушіге тез арада медициналық көмек көрсету қажет болғанда, тамақтың жоқтығынан, құтқарушылардың келуіне сенімсіздік туғанда немесе жай - күй нашарлағанда жүзеге асыруға болады;

- өз бетінше көшіруде жеке қайықтар мен катерлерді, бөренелер мен басқа да қолда бар құралдарды пайдаланыңыз.

Су қайтқаннан кейін:

- үй қирауы қауіпсіздігінің жоқтығына көз жеткізу үшін, үйді мұқият қарап шығу;

- ішкі бөлмелерді жарықтандыру үшін шырпыны немесе шамдарды қолданудан сақ болу (жарықтандыру үшін электрлі жарық түсіргіштер қолдануға болады);

- үзілген немесе жалғанбаған электрлі сымдардан сақтану;

- есте ұстаңыз, мамандардың электр торабын тексергенге дейін электр құралдарын қосуға тыйым салынады;

- қираған немесе нұқсан келген су құбырлары, газ және канализация магистральдары туралы тез арада коммуналды қызметтер мен ұйымдарға хабар беріңіз;

- суда қалып қойған азық түлікті санитарлы-эпидемиологиялық қызметтің тексерісінсіз тамаққа қолдануға тыйым салынады;

- су басқан жерлердегі құдықтарды міндетті түрде дезинфекциялау қажет.

Қызылорда облысы ТЖД

https://syr-media.kz/khabarlandyru/2192-su-tasyny-bolan-kezde-zn-stau-erezhes.html

6-03-2018, 12:49

ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ ҚАЛАЙ АЛДЫН АЛУҒА БОЛАДЫ?

24 наурыз – Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні


 

ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ ҚАЛАЙ АЛДЫН АЛУҒА БОЛАДЫ?Туберкулездің қоздырғышы немесе Кох бактериясы торшаішілік паразит микобактерия болып табылады. Қоздырғыштың бұл түрі адам, құс, жабайы және үй жануарларына аса қауіпті. Микобактерияның сыртқы қабығы липидтер мен күрделі балауыздан тұратындықтан оған сілтілердің әсер етуі аз. Көбеюі торшалық бөліну жолымен салыстырмалы баяу өтеді.

Мұндай бактериялардың ерекшелігі сыртқы факторлардың әсеріне төзімділігі.

Мысалы, микобактериялар суда 150 күнге дейін, кепкен күйде – бір жылдан астам, ал мұздатылған күйде – 30 жылға дейін тіршілік ету қабілетін сақтайды.

Егер адам тұратын мекен-жайда ылғалды, дымқыл және жарық аз болса, онда мұндай орта олардың өсіп-өнуіне қолайлы болып келеді. Ал күн жарығының әсерінен, олар керісінше лезде өледі. Мұндай микобактериялар уақыт өте келе әр түрлі антибиотиктердің әсеріне бойында тұрақтылықты өндіреді. Сөйтіп мультитөзімді туберкулездің (МТТ) дамуына жол ашады.

Туберкулезге шалдығатын адамдар санын азайту үшін арнайы профилактикалық шаралар жүргізіледі. Дерт профилактикасының басты ерекшелігі – бұл балалар мен ересектерде ерекшеліктік (спецификалық) иммунитет орнату. Мұндай иммунитет БЦЖ екпесінен соң адам бойында қалыптасады. Бірінші вакцинаны балаға туғаннан кейінгі алғашқы күндері жасайды. Белгілі бір мерзімде ревакцинаны қайталайды. Мұндай егу туберкулезге шалдығу қауіпін 50%-ке азайтады.

Ересек тұрғындарға арналып көпшілік флюорографиялық зерттеу жүргізіледі.

Тағы бір ықпалды тәсіл – химиопрофилактика болып табылады. Бұл әдіспен адамдағы сырқат дамуының алдын алады. Мұндай профилактиканы туберкулез таяқшасын тасымалдаушылармен контактта болғандарға; өкпесінде туберкулезден кейінгі өзгерістері барларға; туберкулезден сынама виражы бар балаларға; қант диабетіне, нашақорлыққа шалдыққандарға; психикалық ауытқулардан жапа шегетіндерге; кейбір формадағы тыныс алу ағзасының дерттері барларға; АИТВ-жұқпаланғандарға жүргізеді.

Химиопрофилактика негізінен көктем-күз айларында атқарылады.

Профилактикалық шараларға сондай-ақ туберкулезге күмәнді адамды оқшаулап, ауруханаға жатқызу, жұқпаланған адаммен контактта болғандарды жүйелі тексеру, науқастың тұрмыс жағдайын жақсарту, қажетті санитарлық-гигиеналық машықтарға науқас адамды және оның отбасы мүшелерін үйрету де жатады.

 

Сурет "АГАПЕ" Медицинский центр в Люблино сайтынан алынды

Серік ЕРДАЛИЕВ,

эпидемиолог-дәрігер,

Қазалы темір жол ауруханасы,

Әйтеке би кенті,

Қазалы ауданы

 


5-03-2018, 18:43

ҚР ДСМ Фармация комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент ХАБАРЛАМАСЫ

 ҚР ДСМ Фармация комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент ХАБАРЛАМАСЫ ҚР ДСМ Фармация комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент ХАБАРЛАМАСЫ

 

ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» № 983 қаулысының 142, 153-1 тармақтарына сәйкес, Департаментпен жеке және заңды тұлғаларға «Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы әкелуге (әкетуге) келісім және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру» және жеке тұлғаларға «Фармацевтикалық білімі бар мамандарға біліктілік санатын беру туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтері (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) жүзеге асырылады.
Осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы толық ақпаратпен Департаменттің ресми парақшасының, www.kyzylordamedfarm.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде мемлекеттік және орыс тілдерінде танысуға болады.

Г.А.БАЙМЕНОВА,
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы

26-02-2018, 12:15