СУ ТАСҚЫНЫ ОРЫН АЛҒАН ЖАҒДАЙДАҒЫ ЖАДНАМА
Әрқашан дайындықта ұстауға тиісті заттар тізімі:
құжаттар салынған сөмке немесе жолдорба;
тағам және судың үш күндік қоры;
алғашқы медициналық көмек дәріқұтысы және ең қажетті дәрі-дәрмектер;
электрлі тасымалдау фонары және сіріңке;
жылы аяқ киім мен киімдер.
Су тасқынында қалай әрекет ету керек:
Су тасқыны қаупі төнгенде және адамдарды көшіру жайлы хабарлама берілген кезде, тез арада кешікпей белгілі тәртіппен, екі тәуліктік азық қорын және қажетті заттарды алып, жерді су басу қаупі бар апатты аймақтан белгіленген қауіпсіз аймаққа немесе көтеріңкі жерге шығыңыз. Көшірудің соңғы пункітіне жеткенде күту қажет.
Құтқарушы жақындаған кезде сабырлылықпен, үрейсіз сабырлық сақтап, баяу жүзу құралына отыру керек. Сонымен қатар құтқарушылардың талаптарын орындап, жүзу құралына артық салмақ салмау қажет. Қозғалыс кезінде анықталған орынды тастап кетуге қатаң тиым салынады, жүзу құралының ернеуіне отыруға болмайды, құтқарушы экипаждың айтқанын қатаң орындаңыз.
Егер адам суға батып бара жатса:
Суға батып бара жатқан адамға қалқымалы зат лақтырып, оны құрғатып, көмекке шақыру қажет. Зардап шегушіге жүзіп барар кезде судың ағысын байқаңыз. Егер батып бара жатқан адам өз іс-әрекетін бақылай алмайтын болса, онда оның арт жағынан барып, шашынан ұстап, жағаға сүйреу керек.
https://syr-media.kz/khabarlandyru/1296-su-tasyny-oryn-alan-zhadayday-zhadnama.html
Жаңа 2018 жылмен құттықтау
«Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі филиалы - Қазалы теміржол ауруханасының 2017 жылғы атқарған жұмыстары мен алдағы
уақыттағы міндеттері туралы
Қадірлі қонақтар! Құрметті әріптестер!
Бүгінгі таңда елімізде денсаулық сақтау жүйесін реформалауға үлкен талпыныс жасалуда. Ұлт саулығы, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері мен мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына айналды. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадамы - соның айқын көрінісі. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының негізгі 5 бағытына дайындалған «Жол карталарын» іске асыру жүргізілуде. Ондағы ортақ мақсатымыз медициналық көмекті - қолжетімді, дәрігерлік қызметті - сапалы ету.
Ұлт Жоспарында қойылған басты міндеттердің бірі - міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін енгізу болатын. «100 нақты қадамның» 80-ші қадамында оның мемлекет, жұмыс беруші және азаматтың ынтымақтастығы негізінде жүзеге асатыны айқын көрсетілген. Сондай-ақ, жаңа жүйе бастапқы медициналық-санитарлық көмекті (БМСК) бірінші кезекте қаржыландыруға басымдық бермек.
Тәуелсіздігіміздің тарихында Қазалы теміржол ауруханасы түрлі қиындықтардан өтіп, талай белестерді артқа тастап келеді. Бүгінде аурухана көпсалалы емдеу мекемесі ретінде облысқа кеңінен танымал. 100 төсек-орынмен қамтылған мекемеден жыл сайын 3300-3400 науқас ем алып шығады. Диагностикалық, аспаптық, дәрігерлік тексерулер, емдеу тәсілдері мен науқастарды қайта қалпына келтіру жұмыстарын жолға қойған аурухана аймақтағы көпсалалы медициналық ұйымдардың біріне айналып отыр. Бұл, әрине, білікті мамандардың жанқиярлықпен еткен еңбегінің жемісі.
Адам жанының арашашысы болу - жүректілікті талап ететін қызмет. Мемлекетіміздің ең басты құндылығы - адам өмірі болып табылады. Бұл орайда оның толыққанды бақытты өмір сүруі тікелей оның денсаулығына байланысты. Осы тұста біздің мекемеде 62 дәрігер, 182 орта және 79 кіші буын медицина қызметкері қоғам саулығы үшін тынымсыз еңбек етіп жүр.
Есепті жылы қайта даярлаудан 4 дәрігер, біліктілігін жетілдіруден 5
дәрігер және 10 мейіргер өткізілді, 10 дәрігер мен мейіргер маман сертификатын алды, 6 дәрігер және 30 мейіргер санаттылыққа ие болды.
Ауруханада жүзеге асырылған денсаулық сақтау саласына қатысты бағдарламалардың барлығы ел саулығын нығайтуға үлес қосуда. Атап айтқанда, 2017 жылы аурухананың травматолог мамандары жоғары технологиялы медициналық қызмет көрсетті (жамбас буынын эндопротездеу және остеосинтез жасау), мемлекеттік тапсырыспен 5 науқасқа ота жасап, емдеп шығарды. 20 төсектік нейроинсульт орталығында осы уақытқа дейін Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарынан түскен 400-ден астам науқас емделіп шықты. Компьютерлік томограф аппаратымен Арал, Қазалы, Қармақшы аудандары және Байқоңыр қаласының тұрғындарына тәулік бойы тегін және ақылы түрде тексерулер жүргізіледі. УДЗ аппаратымен стационарлық науқастарға ай сайын 350-400 зерттеулер тегін жүргізіліп келеді.
Ауруханада «Телемедициналық» байланыс іске қосылған. Бұл байланыс арқылы күрделі науқастар 14 республикалық клиникалық, ғылыми-зерттеу, облыстық медициналық, перинаталдық, диагностикалық орталықтарынан кеңес ала алады және дәрігерлер селекторлық кеңестер мен видеоконференцияларға қатысып, білімін жетілдіруде.
2017 жылы 27637695 теңгеге ауруханаға қажетті медициналық мақсаттағы бұйымдар, оның ішінде «SOS медциналық сигнализациясы», бұрылмалы вертикализатор, ИВЛ аппараты, реанимациялық монитор, жүргізу имитаторы, хирургиялық электрокоагулятор, компьютерлер жиыны, жылжымалы дизель электр станциясы және тағы басқа да құрал-жабдықтар сатып алынды.
Аурухананың қабылдау бөліміне орналастырылған «SOS» бағдарламасы арқылы маман дәрігерлерді жедел шақыру ұйымдастырылған.
Емханада кешенді медициналық ақпараттық жүйесі (КМИС) толық іске қосылды. Пациенттердің кезегін азайту мақсатында «Терминал» электрондық кезек жұмыстары жүргізілуде. Мемлекеттік қызмет «электронды үкіметінің» egov.kz веб-порталы арқылы «дәрігердің қабылдауына жазылу мен үйге шақыру»30%-ке, бірыңғай халық тіркелімі бойынша (РПН) 5%-ке жеткізілді. Жүкті әйелдер мен туу жасындағы әйелдерді регистрге енгізіп жұмыс жасалуда. Жүкті әйелдердің кезек күтпеу үшін «жасыл дәліз» арқылы қабылдау жалғастырылуда. Бала шақтағы ауруларды ықпалдастыра енгізу (БШАЫЕ) бағдарламасы кеңінен қолданылуда.
Мұның бәрі тұрғындарға медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға, әр отбасының, әр азаматтың денсаулығын жақсартуға оң ықпал етуде.
Нәтижесінде, есепті жылы аурухана ұжымы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен Қызылорда облысының әкімдігі арасындағы облыс тұрғындарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі 2015-2018 жылдарға арналған МЕМОРАНДУМ–ның нысаналы көрсеткіштері бойынша біршама табыстарға қол жеткізді.
Атап айтқанда, аймақта ана мен бала өлімі тіркелген жоқ. Халықтың күтілетін өмір-сүру ұзақтылығы 72,1 жасқа өсті. 1000 адамға шаққанда жалпы өлім – жітім 3,5-ке, 100 мың халыққа шаққанда қан айналым жүйесінің ауруларынан болатын өлім – жітім 58,0-ге, онкологиялық аурулардан болатын өлім – жітім 49,0-ға, жарақаттанулардан, жазатайым оқиғалардан және уланулардан болатын өлім – жітім 4,7-ге дейін төмендеді. Емхананың жұмыс сағаттарында созылмалы аурулары бар науқастарға шақырулардың үлесі 15%-ке төмендетіліп, дәрігергее жүгіну үлесі 61,0%-ке ұлғайтылды. Стационарлық көмекті тұтыну (1000 халыққа шаққанда) 145,0-ке дейін төмендетіліп, жоспарлы емдеуге жатқызу 50,1%-ке дейін ұлғайтылды. Ұйымдағы ұйымдастырушылық техниканы (компьютерлер, серверлер және басқалар) жыл сайын жаңарту 20%-тен кем емес. Локалды ақпараттық жүйелерді енгізу 100% қамтылды.
Айта кету керек, 2017 жылдың 20 қыркүйегінен бастап аурухана атауы өзгертіліп, «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі филиалы - «Қазалы теміржол ауруханасы» болып қайта құрылды. Соған байланысты, денсаулық сақтау саласындағы қызмет түрлеріне лицензия мен лицензияға қосымшалар толық қайта ресімделіп, 5 жыл мерзімге рұқсат алынды.
Алдағы жылы да біздің мекеме 2017 жылғы қол жеткізген жетістіктерін одан ары жалғастыратынына сенімім мол. Ал ол үшін барлық мүмкіндіктер жасалуда (мемлекеттік тапсырыс, қаржыландыру, материалдық-техникалық база, кадр мәселелері).
Құрметті әріптестер! Біздің әрқайсысымыз өмір мен денсаулықтан артық құндылық жоқ екенін жақсы түсінеміз. Дәл осы баға жетпес құндылықты сақтап қалуға негізделетін аса жоғары жауапкершілік Сіз бен бізге жүктеледі. Сөзсіз, Сіздердің толассыз қызметтеріңіздің өлшемінде қуанышымен қауышқан талай адамдардың тағдыры тұр. Алдағы уақытта адам тәнінің қиналысы мен қасіретін жүрегімен сезіне білетін Сіздерді халыққа қалтқысыз еңбек етеді деп сенемін.
Қадірлі қонақтар! Құрметті әріптестер!
Алда жақсылығымен, жағымды жаңалығымен баршаны қуантар, келе жатқан Жаңа Жыл мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге Жаңа 2018 жыл мол бақыт, шалқар шаттық, зор қуаныш, құт-береке, жарқын жетістік пен асыл татулық әкелсін! Керегелеріңіз кеңейіп, шаңырақтарыңыз биіктей түссін! Әрбір жаңа бастамаларыңыз тек қана жеңіс пен сәттілікке ұласа берсін! Ырыстарыңыз көп болып, табыстан табысқа жете беріңіздер! Жоспарларыңыз іске асып, тілектеріңіз орындалсын! Жұмыста - табыс, жүректе - тыныштық, денсаулық - мықты болсын. Алға қойған барлық мақсат орындалсын!
Игі тілекпен: Қ.РШЫМБЕТОВ,
«Апаттар медицинасының
теміржол госпитальдары» ЖШС филиалы –
Қазалы теміржол ауруханасының директоры
Сурет UaUa.INFOсайтынан алынды.
МӘМС-ға жарна төлеу туралы
МӘМС-ға жарна төлеу туралы
Төлем бойынша топиктер. Осы жерден жүктеп алуға болады.МӘМС қызметіне жарна қалай төленеді?
Биыл елімізде денсаулық сақтау саласының жаңа жүйесі іске қосылды. Осыған орай, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры құрылды. Келешекте соның есебінен қазақстандық азаматтардың барлық медициналық шығындары төленуі тиіс. Бұл жөнінде толығырақ білу үшін Қазалы теміржол емханасының меңгерушісі Сейілхан Артықбаевпен жүздескен едік.
– Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мерзімінің
2020 жылдың 1 қаңтарына шегерілуіне байланысты жарналар мен аударымдарды төлеу тәртібі өзгере ме?
– Жұмыс берушілер үшін мемлекеттік сақтандыру қорына аударатын аударымдар мөлшері өзгермейді: 2018-2019 жылдары 1,5 пайыз, 2020 жылдан бастап – 2 пайыз.
Қарамағында жалдамалы жұмыскерлері бар жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының иелері жарнаны осы тәртіп бойынша төлейді.
Жеке тұлғалар – жарна төлеуден 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін босатылады.
Азаматтық-құқықтық келісім шарт негізінде табыс табатын тұлғалар төлейтін жарна мөлшері төмендетілді. Олар 2020 жылдан бастап табыстың 1 пайызы, 2021 жылдан бастап 2 пайызы көлемінде жарна береді. 2018-2019 жылдары олардың табысынан жарна ұсталмайды.
Жеке кәсіпкерлер 2018-2019 жылдары өзіне жарна аудармайды. Бірақ қарамағындағы қызметкерлеріне жұмыс беруші ретінде жарна аударуды тоқтатпайды. Атап кетсек, 2018-2019 жылдары 1,5 пайыз, 2020 жылдан бастап – 2 пайыз.
Жұмыс берушілер жалдамалы жұмыскерлердің жалақысынан 2020 жылы 1 пайыз, 2021 жылдан бастап 2 пайыз ұстап, қор есебіне аударуды қамтамасыз етеді.
Мемлекет жекелеген санаттағы азаматтар үшін жарнаны 2020 жылдан бастап алатын болады. «Міндетті медициналық сақтандыру туралы» заңның 26 бабы 2,3 тармақтарына сай аударылатын жарна мөлшері оған дейінгі екі жылға бекітілген орташа айлық жалақының 4 пайызын құрамақ.
Жоғарыда көрсетілген санаттарға жатпайтын тұлғалар біржолғы ең төменгі жалақының 5 пайызын төлеп, сақтандыру жүйесіне қосыла алады.
– 2017 жылы жеке кәсіпкерлер жарнаны қалай төлейді?
– Жалпы тәртіптегі жеке кәсіпкер – «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңның 30-бабы 6-тармағы бойынша жеке кәсіпкерлер 2017 жылдың шілде-желтоқсан айларына жарна аударады. Жарна келесі айдың 25-інен кешіктірілмей төлеуге міндетті. Яғни, 2017 жылдың желтоқсаны үшін жарнаны 2018 жылдың қаңтарында төлеуге болады. Олар 2018-2019 жылдары жарна төлеуден босатылған.
Жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимін пайдаланатын жеке кәсіпкерлер де 2017 жылдың шілде-желтоқсан айлары үшін төлем жүргізеді. Жеңілдетілген декларация ҚР салық органдарына салықтық есеп беретін кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-інен, ал, салықтар есеп беретін кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей өткізіледі. Сондықтан соңғы төлем 2018 жылдың 25 ақпанынан кешіктірмей төленуі тиіс. Себебі, 2018-2019 жылдары жарна төлеуден босатылған.
Сұхбаттасқан,
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА.
https://qazaly.kz/kogam/401-mms-yzmetne-zharna-alay-tlened.htmlМӘМС-ға төлемдер бойынша топиктер
МӘМС-ға төлемдер бойынша топиктерСкринингтен өтіңіз және қатерлі ісікті болдырмаңыз!
Опубликовано: 13 дек. 2017 г.
Құрметті
достар!
Сізге біздің әріптестеріміз Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу
институтының дайындаған «Скринингтен өтіңіз және қатерлі ісікті болдырмаңыз!»
атты бейнежазбасын ұсынамыз.
МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ НЕДЕ?
1.Қазақстанда медициналық сақтандыру жүйесін енгізу реформасының жүзеге асырылу мерзімі неге байланысты түзетілді?
– МӘМС-тің Қазақстандағыбюджеттік-сақтандыру үлгісі дегеніміз, қолданыстағызаңнамаға сәйкес, мемлекеттіңбасым ролі арқылы халықтың барлық санатының, бизнестің, азаматтыңөзінің сақтандыру жарналарымен аударымдарын төлеуге міндетті ынтымақтытүрде қатысуы. Барлық сақтандырылған азаматтардыңмедициналық қызметтер көрсету пакетіне тең дәрежеде қолжетімділігі «әркімнен мүмкіндігіне қарай» және «әркімге қажетіне қарай» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Дегенмен, әлеуметтіксауалнамалар құрылымында жүргізілгенсараптамалық бағалаулардың нәтижелерікөрсеткендей, аталған реформаныжүзеге асыруда елеулі қауіптер баршылық — «өзін өзі қамтушылардың» сақтандыружүйесінен тыс қалу қаупі жоғары. Белгілі бір ресми табыстары жоқ, салық пен әлеуметтікжарна төлемейтін адамдар тұрғындардың біршама бөлігін – 2,7-3(?) млн құрайды, яғни, олар формальды экономикадантыс қалған.
ҚР Парламенті палаталарының 2017 жылғы 4 қыркүйектегібірлескен отырысында Мемлекет басшысы еліміздіңденсаулық сақтау саласын дамыту үшін медициналық сақтандыружүйесінің прогрессивтілігін айта келе, ҚР Үкіметіне денсаулықсақтау саласын реформалауқадамдарын қайта қарап, сақтандырумедицинасына азаматтардың барлық санаттарының тең дәрежеде (әділетті) қатысуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Сонымен бірге, Үкімет алдына халықтың өзін-өзі өнімсіз қамтамасызететін тобын ел экономикасына тарту, бизнестіңжәне мемлекеттің жүктемелеріназайту, Қордың қаржылық тұрақтылығын қамтамасызету үшін қажетті резервтерді қалыптастырубойынша мейлінше тиімді шараларды зерделеп, жасау міндетін қойды.
2. Қазақстанда МӘМС жүйесін одан әрі жүзеге асыруда қандай заңнамалық өзгерістер қарастырылуда?
– Қазіргі уақытта ҚР Парламенті Мәжілісіндезаңнамаға МӘМС аясында халыққа медициналықкөмек көрсету мерзімін кейінге шегеруді, АҚС шарт бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалар үшін жарна мөлшерін өзгертуді, жұмыс берушілерден басқа барлық санаттағылардың жарна төлеу уақытын кейінгі шегеруді қарастыратын бірқатар түзетулер енгізу мәселелері талқылануда.
Аталған
түзетулер нендей жағдайларды болжайды?
Біріншіден, МӘМС жүйесіндемедициналық көмек көрсету мерзімі 2018 жылдың 1 қаңтарынан 2020 жылдың 1 қаңтарынаауыстырылады;
екіншіден, сақтандырылмаған тұрғындарүшін мемлекет есебінен қажетті медициналықкөмек көрсету көлемі (КТМКК) 2022 жылдың 1 қаңтарынадейінсақталады;
үшіншіден, МӘМС жүйесіне мемлекеттіңжеңілдік санатындағы тұрғындарүшін төлейтін жарна төлемдерінің және жеке тұлғалардың (жалдамалыжұмыскерлер, өзін-өзі қамтушылар, оның ішінде ЖК,АҚС) жарна төлеу мерзімі 2020 жылдың 1 қаңтарынаауыстырылады;
төртіншіден, Жұмыс берушілер ӘМСҚ-на1-1,5% мөлшерінде жарна аударуды 2020 жылға дейін жалғастырабереді;
бесіншіден, АҚС шарттар бойынша табыс табатын жеке тұлғалардыңжарна мөлшері (жарна есептеу объектісінен) 5%-дан 1%-ға дейін азайтылады.
aлтыншыдан, аударымдармен жарналарды есептеу үшін ең төменгі шек (1 ЕТЖ) алынып тасталады,
жетіншіден, МӘМС жүйесіндегі«Үкімет – азаматтарүшін» МК қызметі мемлекеттік монополияғажатқызылады.
«Пешпен жылытудың қауіптілігі – улы газбен улану»
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлардепартаменті және «Өрт сөндіружәне авариялық құтқаружұмыстары қызметі» қызметкерлері және волонтер ретіндеАбылай-хан колледжістуденттері бірлесіп тұрмыстағыжылыту пешін дұрыс қолдану және көмір қышқыл газына улану фактісін азайту мақсатында «Жайна» сауда орталығында «Пешпен жылытудыңқауіптілігі – улы газбен улану» тақырыбында акция өткізілді.
2017-2018 жылу жылу беру маусымыкезезеңі басталғалы 2 көмірқышқыл газына улану фактісітіркеліп, 4 адам зардап шеккен, оның ішінде 1-еуі бала. Алдағы уақытта «Қауіпсіз Жаңа жыл», «Қауіпсіз көлік», «Көп қабатты ғимараттардағы қауіпсіздік», «Табиғат - ол өмір», «Балаларды жалғыз қалдырмаңыздар» тақырыбында акцияларұйымдастыру жоспарлануда.
Қызылорда облысы ТЖД
http://syrboyi.kz/zedelnews/15831-peshpen-zhylytudy-auptlg-uly-gazben-ulanu.html