Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У ! ! !

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У ! ! !

2017 жылдың 13-маусым күні Арал ауданы Сексеуіл кентінде ҚР Ішкі істер министрлігінің №903-904 мамандандырылған құрамында 10 дәрігер және 16 медбике және 53 қызмет көрсетуші персоналы бар «Денсаулық» поезды келді.
2017жылдың 14 маусымынан бастап Сексеуіл кентінің азаматтарын қабылдап, медициналық көмек көрсетуді бастады.
«ҚТЖ-жүк тасымалы» АО-ның атқарушы директор президенті О.Кулаковтың бекіткен «Денсаулық» поездының қозғалыс кестесіне сәйкес, Арал ауданында аталған поезд 13-маусым айының 13-і мен 30-ы аралығында төмендегідей елді мекендерді аралау жоспарлануда:
1.Арал ауданы,Сексеуіл кентінде маусым айының 13-18-і күндері аралығы
2. Арал ауданы Қарақұм ауылдық округі Абай ауылында – маусым айының18-21-і күндері аралығы
3.Арал қаласында – маусым айының 21-25-і күндері аралығы
4.Арал ауданы Сапақ ауылында – маусым айының 25-26-сы күндері аралығы
5.Арал ауданы, Шөміш ауылында – маусым айының 26-28-і күндері аралығы
6.Арал ауданы, Бекбауыл ауылында маусым айының
28-30-ы күндері аралығы



Сая Ералиева

20-06-2017, 18:58

АДАМ ЖАНЫНЫҢ АРАШАШЫСЫ


Диагнозды дұрыс қою, ауруға зерттеу жүргізу, әр пациентке кәсіби ем тағайындау – бұл медицина саласындағыдәрігерлерге аса қажетті қасиет. Әркез Гиппократ антын қабылдаған шипагер өзінен көмек сұрап келген адамның өміріне жауапты болып табылады. Осындай сындарлы жұмысты абыроймен еңсеріп жүргендердің бірі – Гүлмария Дарменова. Ол«Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» акционерлік қоғамының Қазалы теміржол ауруханасы филиалының І санаттағы дәрігер невропатологы. Қазір нейроинсульт бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының келісіміне сәйкес 2016 жылы теміржол ауруханасы жанынан 20 орындық нейроинсульт орталығы ашылды. Мұнда жедел бас ми қан айналысының бұзылысы бар науқастар үшін неврологиялық бөлімнің қызметі ұйымдастырылып, Қармақшы, Қазалы, Арал халқының денсау­лығын қадағалау міндеті жүк­телген. Бөлімшедегі нау­қастарға жоғары дәрежелі меди­циналық көмек көрсету мен диагноздарын анықтап, сапалы ем жасау Гүлмарияның негізгі міндеті саналады.

Гүлмария Ертуғанқызы мектептен соң, алдымен Қызылорда медициналық училищесін, кейін Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетін қызыл дипломмен бітірген. Бір жылдық интернатураны жалпы практикалық дәрігер мамандығы бойынша М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық академиясының медорталығында өткізген ол мол тәжірибе жинап, кәсіби біліктілігін арттырды.

2001 жылдан бері Қазалы теміржол ауруханасының неврология бөлімінің меңгерушісі және қосымша балалар дәрігер невропатологы қызметтерінде болды. Қажырлы еңбегі мен іскерлігінің арқасында рефлексотерапия дәрігерінің қызметін игерген. Тәжірибесін шыңдау мақсатында неврология саласы бойынша М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық академиясының медициналық орталығында, Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтында, Алматыдағы «ХАК» медицина орталығында, «Астана» АҚ медициналық университетінде білімін толықтырған.

Жасаған ем-домы адамдар жанына дауа болған Гүлмария Ертуғанқызы дәрігерлік борышына үлкен жауапкершілікпен қарайтын осындай білікті маман.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА

http://qazaly.kz/adam-zhanyny-arashashysy/

17-06-2017, 18:57

ҚЫЗМЕТІМЕН ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНГЕНДЕР

ҚЫЗМЕТІМЕН ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНГЕНДЕРҚазалы теміржол емханасына қарасты халық саны – 20615. Оның ішінде балалар – 4515, ересектер – 16100. Емхана Сексеуіл мен Төретам бекеттері аралығындағы халыққа медициналық қызмет көрсетеді. Бір күндешамамен 300-350 адамға дейін қабылдай алады. Бүнда терапевтер менпедиатрлар, жалпы тәжірибелік дәрігерлер жұмыс жасайды.

 

Емхана заманауи технологиялар ЭЭГ, УДЗ, Жаңғырық-кардиография, «Доплер», рентген, маммография, Холтер мониторы, компьютерліктомографиямен жабдықталған.

Сондай-ақ,ЖПД, иммунологиялық кабинет, дені сау бала бөлмесі, балаларғажеке кіруге арналған фильтр, инфекциялық, ПОР, ресурстықорталық кабинеттері, ҚазақстанРеспубликасы Денсаулық сақтау және әлеуметтікдаму министрлігінің бұйрығынасәйкес диспансерлік есепте тұрған науқастардытегін дәрі-дәрмектерменқамтамасыз ету үшін дәріхана ашылуына байланысты дайындық жұмыстарын жүргізуде, РПН, екіқабат және туу жасындағы әйелдер, онкологиялықнауқастар, ПБГ (емдеуге жатқызу бюро Порталы), «Д»науқастарды электрондық тіркеу, ИСЛО, «АИС»- емхана, АПП регистрлері енгізілген.

Емхананы «Денсаулықсақтау ісінің үздігі» төсбелгісініңиегері, денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша 1-ші санатты дәрігер, филиал директорының емхана жөніндегі орынбасарыСерік Адаев басқарады.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Жыл сайын Қазақстан халқының денсаулығын жақсарту қарыштап дамып,өрелі істер өркендеп келеді. Еліміздіңәрбір аймақтарында ауруханалар мен дәрігерлік-амбулатория үйлері бой көтерді.Жаңа ғимараттар іші заманауи медициналық құралдар, қолайлыаппараттармен жабдықталып, елигілігіне берілуде. Мұндайжағдайды біздің аудан тұрғындары да пайдаланып отыр.

Бүгіндері Қазалыда200-ден астам жоғары білімді дәрігер, 950-дей орта буын медицина қызметкерлері сырқаттарға қызмет көрсетеді. Басыауырып,көңілі жабырқаған жандарға қуаныш сыйлаған барша ақ халаттылар қауымын төл мерекелерімен құттықтаймыз. Еңбектеріңжемісті болып, мерейлеріңөсе берсін!

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат.
17-06-2017, 18:56

Мерекелік құттықтау

Мерекелік құттықтау

 

Ардақты ақ халатты абзал жандар!

Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, қадірлеген. Елеулі еңбектеріңіз ерекше құрмет пен сенімге ие. Себебі сіздерді әрқашан жоғары жауапкершілік, халыққа қызмет жасау, көмекке зәру жандарға қол ұшын беруге даяр тұру сияқты қасиеттер ерекшелендіріп тұрады.

Бүгінгі таңда елімізде денсаулық сақтау жүйесін реформалауға үлкен талпыныс жасалуда.Ұлт саулығы, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері мен мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына айналды. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың бес институттық реформасын жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадамы соның айқын көрінісі. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының негізгі 5 бағытына дайындалған «Жол карталарын» іске асыру жүргізілуде. Ондағы ортақ мақсатымыз медициналық көмекті қолжетімді, дәрігерлік қызметті сапалы ету.

Ұлт Жоспарында қойылған басты міндеттердің бірі-міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін енгізу болатын, 100 нақты қадамның 80-ші қадамында оның мемлекет, жұмыс беруші және азаматтың ынтымақтастығы негізінде жүзеге асатыны айқын көрсетілген. Сондай-ақ, жаңа жүйе бастапқы медициналық-санитарлық көмекті (БМСК) бірінші кезекте қаржыландыруға басымдық бермек.

Міндетті әлеуметтік медициналық қор құрудың негізгі мақсаты – медициналық қызмет сапасын арттыру болса, сонымен қатар, енгізілетін жүйе - медицина қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді деп күтілуде. Әлеуметтік сақтан­дыру жүйесі - адамның қандай ауыр нау­қас­қа шалдықпасын, сақтандыру жүйесі шеңберінде тиісті медициналық кө­мекке иек арта алатындығына кепіл бола алады. Бұл бағытта аурухана ұжымы қызу дайындық жұмыстарын жүргізу үстінде.

Тәуелсіздігіміздің тарихында Қазалы теміржол ауруханасы түрлі қиындықтардан өтіп, талай белестерді артқа тастап келеді. Бүгінде аурухана көпсалалы емдеу мекемесі ретінде облыс тұрғындарына танымал. 140 төсек-орынмен қамтылған мекемеден жыл сайын 3300-3400 науқас ем алып шығады. Диагностикалық, инструменталдық, дәрігерлік тексерулер, емдеу тәсілдері және науқастарды қайта қалпына келтіру жұмыстарын жолға қойған аурухана аймақтағы көпсалалы медициналық ұйымға айналып отыр. Бұл, әрине, білікті мамандардың жанқиярлықпен еткен еңбегінің жемісі.

Адам жанының арашашысы болу- жүректілікті талап ететін қызмет. Мемлекетіміздің ең басты құндылығы- адам өмірі болып табылады. Бұл орайда оның толыққанды бақытты өмір сүруі тікелей оның денсаулығына байланысты. Осы тұста біздің мекемеде 67 дәрігер, 179 орта және 79 кіші буын медицина қызметкері қоғам саулығы үшін тынымсыз еңбек етіп жүр.

Ауруханада жүзеге асырылған денсаулық сақтау саласына қатысты бағдарламалардың барлығы ел саулығын нығайтуға үлес қосуда. Атап айтқанда, 2015 жылы жаңа техно­логиялардан эндовидеохирур­гиялық кешен арқылы өт қалта­сына және кистомаға, аппенди­цитке лапароскопиялық жолмен, компьютерлік томограф, УДЗ және «С-дуга» рентгендиагности­ка­лық кешені көмегімен оталар жасау енгізілді. 2016 жылдан бастап ауруханада 20 төсектік нейроинсульт орталығы ашылып, осы уақытқа дейін Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарынан түскен 400-ден астам науқас емделіп шықты, арнайы дайындықтан өтіп, қажетті аппараттармен қамтама­сыз етілген тәжірибелі маман-нейрохирургтар компьютерлік томографтың көмегімен науқас­тардың ми қан тамырларының ауруларын анықтап, күрделі нейрохирургиялық оталар жасап келеді. Қазіргі кезде аурухананың травматолог мамандары жоғары технологиялы медициналық қызмет (жамбас буынын эндопротездеу және остеосинтез) көрсетуде, 2017 жыл­дың 5 айында мемлекеттік тапсы­рыспен 4 науқасқа ота жасап, емдеп шығарды.

Компьютер­лік томограф аппаратымен Арал, Қазалы, Қармақшы аудандары және Байқоңыр қаласының тұрғындарына тәулік бойы тегін және ақылы түрде тексерулер жүргізіледі, УДЗ аппаратымен стационарлық нау­қастарға ақысыз қызмет көрсеті­ліп, ай сайын 350-400 зерттеулер жүргізіліп келеді.

Бүйрек жетіс­пеушілігі бар науқастарға гемо­диа­лиз бөлімінде "ІD Senіm” фирмасымен келісім-шарт негі­зінде 5 аппаратпен Арал, Қазалы, Қармақшы аудандары және Байқоңыр қаласының тұрғында­рына ем-шара жасалады.

Ауруханада «Телемедициналық» байланыс іске қосылған. Бұл байланыс арқылы күрделі науқастар 14 республика­лық клиникалық, ғылыми-зерттеу, облыстық медициналық, пери­наталдық, диагностикалық орта­лық­тарынан кеңес ала алады және дәрігерлер селекторлық кеңестер мен видеоконференцияларға қатысып, білімін жетілдіріп келеді.

Емханада жанұя медицинасы қағидаты енгізілуде, қызметкерлер жалпы практика дәрігері мамандығы бойынша үздіксіз білім алуда, барлық аймақтық дәрігерлер кезең-кезеңімен жалпы дәрігерлік практикаға ауыстырылып жатыр. Осы жылдан бастап емханада амбулаторлық хирургия орталығы ашылды. Келуші пациенттерге мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында электронды кезек жүйесі іске қосылды. Қант диабеті, артериалдық гипертензия, бронхиалдық астма, ана мен бала мектептері мен ресурстар орталығының жұмысы жандандырылып, жаңа деңгейге көтерілді.

Мекеменің заманауи құралдармен жабдықталуы, жаңа медициналық технологиялардың енгізілуі тұрғындарға медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға, әр отбасының, әр азаматтың денсаулығын жақсартуға оң ықпал етуде.

Біздің әрқайсысымыз өмір мен денсаулықтан артық құндылық жоқ екенін түсінеміз. Дәл осы баға жетпес құндылықты сақтап қалуға негізделетін аса жоғары жауапкершілік Сіз бен бізге жүктеледі.

Қазақта «Тәні саудың жаны сау» аталы сөз бар. Сондықтан бүгінгі таңда аурудың алдын алу біз үшін өте өзекті болып табылады. Бұл жолда Сіздер аянбай тер төгіп келесіздер. Сіздердің шипалы қолдарыңыздың арқасында өмірден күдер үзген талай науқас жарық дүниеге қайта оралды. Бүгінгі мерекеде осындай игілік нұрын сеуіп, халық денсаулығын жақсарту жолындағы еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіргім келеді. Сөзсіз Сіздердің толассыз қызметтеріңіздің өлшемінде қуанышымен қауышқан талай адамдардың тағдыры тұр. Алдағы уақытта адам тәнінің қиналысы мен қасіретін жүрегімен сезіне білетін Сіздерді халыққа қалтқысыз еңбек етеді деп сенемін.

Құрметті әріптестер!

Барлық медицина қызметкерлері мен өз әріптестерімді кәсіби төл мерекелерімен шын жүректен құттықтап, дендеріне саулық, баянды бақыт, еңбекте табыс, төзімділік пен күш-қайрат, отбасыларына береке-бірлік, амандық тілеймін. Игілікті істеріңізге деген адалдықтарыңыз, азаматтардың денсаулығы үшін аянбай жасап отырған қызметтеріңіз жемісті болсын. Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай.Дәулетіміз шалқып, береке-бірлігіміз жараса берсін!

Құрметпен, Құбыл РШЫМБЕТОВ,

«Апаттар медицинасының теміржолгоспитальдары» Акционерлік қоғамының филиалы- Қазалы теміржол ауруханасының директоры

16-06-2017, 14:24

МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ҚАТЫСУ ТӘРТІБІ

МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ҚАТЫСУ ТӘРТІБІМІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ҚАТЫСУ ТӘРТІБІ
9-06-2017, 15:39

ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ ЖАЙЛЫ ЕСКЕРТІЛДІ

ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ ЖАЙЛЫ ЕСКЕРТІЛДІ

ТЖД Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық басқармасы мен қалалық ТЖБ-ның қызметкерлері және Апаттар медицинасы орталығының мамандары бірлесе отырып, №187 М.Шоқай атындағы қазақ орта мектебінде ата-ана мен мектеп мұғалімдеріне «Жазғы демалыс кезіндегі өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау» және «Суға түсу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау» тақырыбында түсіндірме сабақ өткізілді. Онда ата-аналарға өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау және су айдынында зардап шегушіні құтқару тәсілдерімен таныстырды.
Сонымен қатар, департамент қызметкерлері ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ ЖАЙЛЫ ЕСКЕРТІЛДІ
Э. АСАНОВА,
Қызылорда облысы ТЖД ӨҚСБж ПБ-ның инженері,
азаматтық қорғау аға лейтенанты

http://syr-media.kz/news/auipsizdik-erezheleri-zhajly-eskertildi/
2-06-2017, 12:49

Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелері Жер сілкінісіне алдын ала дайын болу

Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелері Жер сілкінісіне алдын ала дайын болуЖер сілкінісі кенеттен пайда болады және қас-қағым сәтте өтеді.Сол себептен, қай жерде болмасаңыз да, уйде,жұмыста,далада,көлікте апат орын алған жағдайдағы өзіңіздің іс-әрекеттеріңізді алдын-ала жоспарлап қойғаныңыз абзал.Отбасы мүшелеріне осындай жағдайда не істеу керектігін және алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін үйретіңіз.Ең қажетті заттарды ,құжаттарды,ақша мен қолшамды қол астында ұстаңыз.Бірнеше тәулікке жететін ішуге арналған су мен консерваларды сақтаңыз.Қауіпті, улы,химиялық заттарды бөлек,шеттетілген жерде ұстаңыз.

 

Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелері Жер сілкінісіне алдын ала дайын болуЖанұяның ересек мүшелері пәтерді тоқсыздандыруды,магистральдік газды және су құбырын өшіре білу керек.

Жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер

Жер сілкінген сәтте сіздің ой-әрекетіңіз бен іс-қимылыңызға 5-10 секунд қанауақытыңыз бар. Осы сәтте үрейге еркіндік беріп, абдырып-сасып қателессеңіз, арты бақытсыздыққа әкелуі ықтимал. Өзіңізді де, өзгелерді де үрейлендірмеңіз.

Үйдің ішінде:

Сілкініс кезінде далаға жүгіріп шығуда немесе жер сілкінісінің яғни үйдің ішінде кетуді пәтердің қай қабатта орналасуына байланысты шешуге тиіссіз. Егер сіз көп қабатты үйдің бірінші немесе екінші қабатында тұратын болсаңыз, далаға шығуға мүмкіндігіңіз бар. Далаға қашып шыққаннан кейін үйден аулақ тұрған жөн. Үшінші және одан жоғары қабаттардан қашып шығу қауіпті екенін естен шығармаңыз.

Сілкініс басталысымен үй ішіндегі қауіпсіз деген орындарға тез жетуге тырысыңыз. Ішкі қабырғаның қауіпсіз тұсында үйдің ішкі бұрышында, есік жақтауларының ортасында, тіреуіш ашалардың жанына тұрасыз (шкаф іші кереует). Терезелер мен ауыр жиһаздардан алыс тұрыңыз. – лифтті пайдаланбаңыз. – есіктен далаға шыққан уақытта жан таласып, бір- біріңізге кедергі жасамауға тырысыңыздар. – үйлерден электрбағаналардан аулақ тұрыңыз, электрсымына жақындамаңыз. – сілкініс кезінде үйге кірмеңіз.

Ең алдымен балаларға,қарттарға және мүгедек адамдарға қауіпсіз жерге жетуге немесе мүмкіндік болса далаға шығуға көмектесіңіз.Көпқабатты үйлердің берілген аймақтың сейсмологиялық деңгейін есепке ала отырып тұрғызылатындығын етсен шығармаңыз, сондықтанүрейге еркіндік беріп,сасқалақтамаңыз.

Далада:

Сілкініс кезінде ғимараттардың ішіне кірмеңіз,оларға жақын тұрмаңыз.Мейілінше ашық жерде,ғимараттардын қашықта болғаныңыз жөн.Дегенімен ғимараттқа жақын жерде қалыпқалсаңыз есік жақтауына тұрыңыз.

Автомобиль ішінде:

Сілкініс басталған сәтте жүріп келе жатқан автомобильді ашық жерге тоқтатқан дұрыс. – жолаушылар асып-саспай байыпты түрде транспорт ішінде отырып, жер сілкінісінің басылуын күткен жөн. Келешекте болуы ықтимал күшті сілкіністердің құпияларымен жеке таныс болған жөн. Жер асты дүмпуінің болу себептерін, анық қай жерде болып, қалай таралатындығының қандай қосымша әрекеттерінің өзі де көптеген мәліметтер оқып –білу қажет. Екіншіден, тұрған халықтың апаттан сақтану дайындығы дәрежесі жоғары болуы тиіс. Тек осы шарттар орындалған жағдайда ғана зілзала апаттар адам өмірі мен халық байлығына айтарлықтай шығын келтірмейді.

Жер сілкінісінен кейінгі іс-әрекеттер:

Мұқтаждарға алғашқы көмек көрсетіңіз.Балалар мен қарттардың қауіпсіздігін қамтамассыз етіңіз.Радионы тыңдаңыз.

Жергілікті биліктің, төтенше жағдайдың салдарын жою штабының нұсқауларына бағыныңыз.Электр сымдарының үзілген жерлерінің болмауын тексеріңіз.Қатты сілкініс кезінде қалада электр жарығы,автоматты түрде өшетінін естен шығармаңыз.Газ,су желілерінің зақымданбағандығын тексеріңіз.Баспалдықтардан түскнде абайлаңыз,оныңзақымданбағандығына көз жеткізіңіз.Ғимараттарға керегінсіз кірмеңіз.Сілкіністің қайталауына дайын болыңыз,себебі алғашқы 2-3 сағат ең қатерлі болып есептеледі.Сілкіністің қайталануы жайында жалған ақпарат таратпаңыз.Арнайы ақпараты қолданыңыз.Құлаған ғимараттыңішінде қалып қойсаңыз,мүмкіндігінше өзіңізге алғашқы көмек көрсетіңіз.Адамдармен байланысқа шығуға тырысыңыз,

от жақпаңыз.Күшіңізді үнемдеңіз.

Автор:

Алматы облысы ТЖД, төтенше жағдайлардың алдын-алу бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Сыдыков М.М.

http://zhardem.kz/news/8754

17-05-2017, 22:02

МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ –САПАЛЫ ӘРІ ҚОЛЖЕТІМДІ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК!

МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ –САПАЛЫ ӘРІ ҚОЛЖЕТІМДІ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК!

2018 жылдың 1 қаңтарынанМіндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі енгізіледі.

2017 жылдың 1 шілдесінен бастап әр-бір азамат сақтандыруқорынажарна төлеуге міндетті!!!

Қорға жарна аудару үшін әрбір адам қай санатқа жататынын анықтау қажет!

 

тұрғындардың төменДегі көрсетілген санаттарына жарнаны Мемлекет төлейді:

1) балалар;

2) жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;

3) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;

4) іс жүзінде үш жасқа толғанға дейінгі баланы (балаларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адамдар;

5) бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтімі бойынша демалыста отырған адамдар;

6) 18 жасқа дейінгі мүгедек балаға күтімді жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;

7) зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;

8) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі ең төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар;

9) тергеу изоляторларындағы адамдар;

10) жұмыс істемейтін оралмандар;

11) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар;

12) мүгедектер;

13) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күндізгі оқу бөлімінде оқитын адамдар;

14) оқуды аяқтағаннан кейінгі келесі күнтізбелік үш ай ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күндізгі оқу бөлімінде оқуын аяқтаған адам.

Егер отбасы мүшесі:

·Жұмыс беруші, дара кәсәпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушы, адвокат, кәсіби медиатор, азаматтық-құқықтық шарт бойынша табыс алатын жеке тұлға болса, Қорға аударымдар мен жарналарды 2017 жылдың 1 шілдеден бастап төлеуге тиіс.

·Жалдамалы қызметкерлердің жарна төлеуді бастау мерзімі — 2019 жылғы 1 қаңтар.

·Белсенді емес халық қатарында болса 2018 жылдың 1 қаңтарынан төлеуі тиіс.

ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРжалдамалы қызметкерлері үшін 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап жарна төлеуге міндетті.

 

 

2017ж.

2018ж.

2019ж.

2020ж.

Мемлекет жарналары

3,75%

4%

4%

Жұмыскерлер табысынан

1%

2%

Жұмыс берушілердің аударымдары

1%

1.50%

1.50%

2%

Дара кәсіпкерлердің жәнеөзін-өзі жұмыспен қамтушыларжарналары (2АЖ-дан)

5%

5%

5%

5%

Белсенді емес халық (1 АЖ-дан)

5%

5%

5%

* АЖ – ЕҢ ТӨМЕНГІ айлық жалақы:

2017ж.

2018ж.

2019ж.

2020ж.

1АЖ

24 459 тг.

 

28 284 тг.

 

29 698 тг.

 

30 886 тг.

 

2АЖ

48 918 тг.

 

56 568 тг.

 

59 396 тг.

 

61 772 тг.

 

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна уақытылы төленген жағдайда жоғарыда көрсетілген медициналық көмек түрлерінің барлығы қолжетімді болады.

Ол үшін:

·жергілікті емханаға тіркелуге тиіссіз! (05.04.2017ж.-30.06.2017ж. аралығында)

·міндетті жарналарды бекітілген уақытта төлеуге тиіссіз!

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша толық ақпаратты төмендегі байланыс құралдары арқылы Абай даңғылы №27 «Денсаулық үйі» ғимаратынан жұмыс уақытында ала аласыздар.

Бірыңғай байланыс орталығы –8 7242 400001

Веб-сайт:http://fms.kz/index.php/ru/

Facebook:https://www.facebook.com/fondosms/

http://zhanaqorgan-tynysy.kz/mindetti-leumettik-meditsinaly-sa-tandyru-sapaly-ri-olzhetimdi-meditsinaly-k-mek/
16-05-2017, 20:54

БОЛСА ЕКЕН БАСШЫЛАРДЫҢ БӘРІ ОСЫНДАЙ


Іргетасы 1904 жылы қаланған үйде темір­жол­шыларға арналған тораптық ауруханасы орналасты. Бұл ғасырдан астам тарихы бар киелі шаңырақ. Кезінде талай қиындықты бастан кешіріп, 1996 жылы жаңа ғимаратқа көшті. Осы уақыттың ішінде үлкен аулаға неше түрлі ағаштар мен гүлдер егілді. Сөйтіп олар өздерінің қай нәр­сеге де бейім екенін көрсете білді.

Медициналық антын өмірлік ұста­нымы етіп, адам денсаулығының сақ­шысына айналған Құбыл Ршымбет­ов басқарған ұжымда шипалы емі, жылы лебізбен жан дүниеңді орнына келтіретін ақ халатты абзал мамандар аз емес. Атап айтсақ Бақыт Айжарықова, Жасұлан Қуанышбаев, Жолдас Елеуов, Садуақас Ахметов, Сейілхан Артықбаев, Қазбек Еспаев, Айгүл Құлмағамбетова, Аманкелді Қанатов, Серік Адаев, Алтын Дәріба­ева, аға медбике Райкүл, медбикелер Гүлназ, Шамшагүл, Гүлхан, Алуа, Сәуле, Ұлмекен, учаскелік медбикелер Жеңіскүл, Миуа, тағы басқа да жайдары жандар жиналған. Дәрігерлер күн демей, түн демей науқастарға меди­циналық көмек көрсетуге бар күш-жігерлерін салады. Тораптық теміржол ауруханасы қазіргі кезде заманауи меди­циналық құрал-жабдықтармен қам­­та­масыз етілген. Тұп-тура шипажай­да­ғыдай жағдай жасалған. Физкабинетте жаныңа не керектің бәрі бар. Электрлі массаждың небір түрі, ванна, душ сияқты жоғары дәрежедегі емдеу технологиялары түгел қол­данылады.

«Даулы адам сандалады, ауру адам сандалады» деген аталы сөзді әркім басына түскенде ғана біледі. Олай дейтінім, менің қосағым көп жылдан бері сырқаттанады, қант диабеті үнемі көтеріңкі, үш рет жүрегіне ота жасатқасын аяқ астынан ауыр жағдаймен ауруханаға жиі түседі. Менің өзім де ота арқылы өт жолын алдырып, содан кейін де ес-түссіз ұйқы безінің асқынуымен аурухананың тау­қыметін тартқан едім.

Жақында кемпіріміз екеуміз облыс орталығынан жүрекке ота жасатып келгенбіз. Аяқ асты қатты ауырып, жедел жәрдем арқылы теміржол ауруханасына түстік. Барған бойда айнала қаумалаған ақ халатты дәрігерлер ойласып, пікірлесіп шұғыл медициналық шаралар жасап, біздің есімізді жинауы­мызға көмектерін берді.

Қазалы тораптық теміржол ауруханасы Қазалы, Арал, Қармақшы аудандары мен Байқоңыр қаласының халқына медициналық қызмет көрсе­теді. Үсті-бастары мұнтаздай ақ халатты медбикелер қолдарындағы дәрі-дәрмегін егіп, жайдары жарқын жүзбен «жағдайыңыз, жақсы болады» деп көңілдендіріп, екінші біреулерге барады. Қандай жайсаң жандар десеңші! Науқастардың көпшілігі мұңайып келіп, шамалы күнде ауруынан айы­ғып, аяғына тұрып, батасын жаудырып, күліп-ойнап, жадырап-жайнап рахметін айтып, үйлеріне қайтып жатады. Менің шамалы күнде ұққаным, дәрігерлер мен медбикелердің тынымсыз тірлігі науқасқа деген жана­шырлықтары бөлек. Міндеті қызмет­теріне ынта-ықыласымен, үлкен жауап­кершілік сезіммен қарайды. Терапия, хирургия бөлімдерінен ардагерлерге арналған палата бөлініп, жоғары меди­циналық көмек тегін көрсетілуде. Бөлме тазалығы ойдағыдай, телевизор, кондиционер, тоңазытқышпен қам­тылған, жылы су, салқын суы ағып тұр. Науқастың бас жағына медбикені шақы­ратын электр нүктесі орнатылған. Нау­қастарды тексеретін жаңа технологиялар, узи, рентген, кардио, физкабинеттер дейсің бе керегіңнің бәрі табылады, сыртқа шықпайсың. Науқастың диагнозына байланысты үш мезгіл диеталық тамақ берілуде.

Құбыл Ршымбетов өзгенің кемші­лігінен сабақ алып, кемшін тұсын түзеп жүретін, артыққа да, жамандыққа да, астамшылыққа да бармай өзін бір қалыпты ұстайтын азамат. Ол айналасынан кемшілік іздеу үшін, әуелі әрдайым өзін-өзі бақылайды, сосын барып өзгелерге ақыл-кеңесін айтып, жолға қоюды әдетіне айналдырған. Мұндай адамдар болашақ ұрпақтың бойына рухани ізгілік қасиеттерін сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеуге жалпы азаматтық құндылықтарды, адамгершілік ұстанымдарды ғұмыр бойы басшылыққа алатын тұлға қалыптастыруға үлкен үлес қосатыны анық. Осындай тәсіл мен тәжірибе жастардың көңілін көтеріп, адами болмысын қалауға, бір-бірімен сыйластық дәрежесі артып, қарым-қатынасы күшейіп, мейірімділік пен сенімге жүгі­нері сөзсіз. Құбыл сияқты әрбір басшы өз саласына заман талабына сай жағдай жасап, оңтайлы жұмыспен қамтып отырса қарамағындағы қызметкерлер ешқайда кетпей, туған жерінде еңбек етіп, мамыражай, жайбарақат өмір сүре берген болар еді.

«Жанған шырақ жан-жағын­дағы­ларға жарық берер, жарық берген шырақты халық білер» дегендей әрбір азамат өзінің туған жерін түлетіп, халқына Құбылдай жанашыр болса өзінің де өзгенің де діттегені түгел болар еді.

Ол осы ұжымнан зейнетке шыққан­дарды әрбір мерекеде жинап, ақ дастарханын жайып, төрден орын беріп, тілек айтқызып, ақ батасын алуды үрдіске айналдырған. Дүниеден озғандардың отбасына ұжымын бастап барып, көңіл айту, кемтарларға көмек беру, ардагерлерге арнайы палата ашып, тегін емдеуді облыста бірінші болып қолға алған. Аудандық ардагерлер үйіне меди­циналық жабдықтарды тегін беріп, қамқорлық жасап, өзгелерге өне­ге көрсете білгенде осы ұжым.

Кезінде нарықтың қыспағына қайыспай, қарсы тұрған Құбыл Ршымбетов бастаған темірдей тәртіппен бір кісінің баласындай бірлікпен тынымсыз еңбек еткен мекеме өздерін қиындықты жеңудің, жетістікке жету­дің жолын өзгелерге көрсете білді. Нәтижесінде жабылу қаупінен аман алып қалып, қазір халыққа қалтқысыз қызмет жасап, жаңа технологияларды игеріп, ауруды ажалдан арашалап қалуға күн-түн демей жұмыс жасап, ерінбейтін ізденістері арқылы ауданда, облыста жоқ жаңа технологиялар әкеліп, орнатып, кадрларын жоғары мамандар арқылы оқытып, кәсіптері бойынша жаңа жетістіктерге қол жеткізіп, үлкен абырой мен құрметке, алғысқа кенелуде.

Қаншама жылдар бойы заман­ның ағымынан қалмай жоқтан бар жасап, мекемеге төніп тұрған қауіп­тердің көзін тауып ізін сақтап, ұжым­ның ауызбірлігін қамтып, намыс­тарын қорғап, жігерлендіріп, тынымсыз еңбекке бастап, ақыры рес­публикалық дәрежеге жеткізіп, аудан­ның абыройын асқақтатуға үлес қо­сып жүрген ғасырдан асқан жасы бар киелі шаңырақты халық жақсы біледі. Демалыс күндері Құбылдың өзі келіп, палаталарды аралап, емделіп жатқандардың жағдайын сұрап кеткеннен кейін олардың: «Шіркін-ай, болса екен басшылардың бәрі осындай» – деп ағынан жарылып айтқан сөздерін көзбен көріп, өз кұлағымызбен естідік.

Әрдайым алға қойған мақсат­тарың сәтті болып, ұжымның ынтымағы одан сайын нығая берсін дейміз.

Оразғали БЕКБАНОВ,

Қазақстан Республикасының құрметті ардагері,

аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

http://qazaly.kz/bolsa-eken-basshylardy-b-ri-osyndaj/
13-05-2017, 17:45