Ақпараттық-насихаттық топ жұмысы туралы
«Апаттар
медицинасының теміржол госпитальдары» Акционерлік Қоғамының
Қазалы филиалы - «Қазалы теміржол ауруханасында» Қазақстан Республикасы
Президентінің «Ұлт жоспары - елдің 5 институционалды реформаларын орындауға
бағытталған 100 нақты қадам»
Бағдарламасын денсаулық сақтау мен әлеуметтік даму саласы бойынша халық
арасында насихаттауды күшейту мақсатында іс-шаралар ұйымдастырып, жүргізуде.
Аталған бағдарламаны насихаттау үшін филиал директорының 11.08.2015 жылғы №147-НҚ бұйрығымен аурухана бойынша ақпараттық-насихаттық топ құрылған. Есепті кезеңде қызмет аймағындағы тұрғындармен, теміржолшылар және олардың отбасыларымен кездесулер, аурухана ұжымы мүшелерімен жалпы жиналыстар өткізіліп, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу (80-қадам), жекеменшік медицинаны дамыту, медициналық мекемелерге корпоративтік басқаруды енгізу (81-қадам), ДСӘД министрлігі қасынан медициналық қызмет сапасы бойынша бірлескен комиссияны құру (82-қадам) жөнінде көтерілген мәселелер мен жолданған сауалдар бойынша ақпараттық насихаттық топ мүшелері тарапынан жауаптар мен түсіндірмелер берілді.
Сурет shymkent.inform.kz сайтынан алынды
Филиал директоры Қ. Ршымбетов
Вернуться назад