2-ші жалпы тәжірибелік аймақ дәрігері
Қазалы теміржол емханасында 2-ші жалпы тәжірибелік аймақ өзіне қарасты тұрғындарға қызмет атқарып келеді.
Аймақ дәрігері Оразымбетова Сая Дуйшембіқызы 1-ші санатты дәрігер. Еңбек өтілі – 12 жыл. 2009-2013 жылдар аралығында Қазалы аудандық туберкулезге қарсы күрес диспансерінде фтизиопедиатр болып қызмет атқарған.
2014 жылдан бастап Қазалы темір жол емханасында жалпы отбасылық дәрігер болып қызмет атқарып келеді.
Қарамағында 1-ші санатты 2 мейірбике,1 фельдшер жұмыс істейді.
Аймақ ересектер мен балаларға медициналық қызмет көрсетеді. 14 жасқа дейінгі балаларға алдын–ала егу жұмыстары ұйымдастырылып, жыл сайын скринингтік тексеруден өткізіледі. Ересектерге науқастардың алдын-ала белгілі-бір ауруларын ерте анықтау мақсатында скринингтік тексерулер жүргізу, туу жасындағы әйелдерді жылына бір рет профилактикалық тексеруден өткізу, екіқабат әйелдерді бақылау, қатерлі ісікті ерте сатысында анықтау мақсатында 60 жастан асқан адамдарға жылына бір рет медициналық тексеру жүргізу, диспансерлік есепте тұратын науқастарды емдеу және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттармен қамтамасыз ету, флюорографиялық тексеруден өткізу, ауырып келген науқастарға дәрігерлік қызмет көрсету, үйге шақыртуларға бару күнделікті атқарылатын жұмыстар.
Денсаулық - зор байлық. Әр адамның денсаулығын нығайтуға үлес қосу біздің мақсатымыз.
Аймаққа көрінуге келген науқастар тексеріліп, қаралып, қан қысымы және температурасы өлшенеді. Одан соң «Д» есепке алынған науқастар тексеріліп, қан қысымы өлшеніп, анализ тапсырып белгіленген диагнозы бойынша керекті дәрі-дәрмегі беріледі. Бұл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы №666 бұйрығымен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қамтамасыз етілуі, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар азаматтардың жекелеген санаттарының амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен қамтылуы бойынша атқарылады. Науқасқа берілген дәрі-дәрмек компьютерге енгізіледі.
ҚР ДСМ №174/2020 бұйрығына сәйкес 0-18 жас аралығындағы балаларды профилактикалық байқаудан өткізу жоспарын орындауды қадағалау және олардың бағдарлама бойынша компьютерлік базаға түсіру бойынша жұмыс атқарылады. Скрининг - бұл ауруларды және қауіп факторларын ерте сатыда анықтау үшін дер кезінде емдеу, асқынулардың дамуының алдын-алу мақсатында белгілі бір жастағы дені сау адамдарды профилактикалық-медициналық тексерулерден өткізу.
Скрининг науқастардын белгілі бір ауруларын ерте анықтау мақсатында жүргізіледі. Яғни 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы ересектер жүрек қан-тамыр жүйесінің, қант диабеті ауруларын табу мақсатында медициналық байқаудан өткізіледі.
40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы әйелдер сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу мақсатында маммографиялық тексеруден; 30, 34, 38, 42, 46, 50, 54, 58, 62, 66, 70 жастағы әйелдер жатыр мойны ісігін алдын-алу мақсатында медициналық тексеруден өткізіледі.
40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы ересектер глаукоманың алдын-алу мақсатында медициналық тексеруден өткізіледі.
50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы ересектер тоқ және тік ішек қатерлі ісігінің алдын-алу мақсатында медициналық тексеруден өткізіледі.
Профосмотрдан анықталған науқас диспансерлік есепке алынып, тиісті емі беріліп және бақыланады.
Дәрігерге дейінгі кабинетте антропометриялық өлшемдерін тексеру, шкала Кетлені анықтау, көз қысымын өлшеу, экспресс әдіспен қаннан холестерин, қантты анықтау мақсатында жұмыс жүргізіледі.
ҚР ДСМ №452/2012 бұйрығына сәйкес жүкті, босанатын, босанған әйелдерге және ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдерге медициналық көмекті жетілдіру шаралары бойынша жұмыс атқарылады және 15-49 жас арасындағы әйелдер өткізіледі. Бұл бұйрық белгіленген топтар бойынша жұмыс атқарылады.
Бұйрық мақсаты:
1. Ана және бала өлімін болдырмау.
2. Перинаталдық өлім көрсеткішті азайту.
3. Түсік тастау деңгейін төмендету.
4. Экстрагенитальды ауруы бар әйелдерге жүктілік уақытын анықтау.
ҚР ДСМ №618 бұйрығы бойынша асқазан және өңеш жолдарының қатерлі ісігін ерте сатыда анықтау мақсатында жылына 1 рет медициналық тексеру жүргізіледі.
Вернуться назад