DataLife Engine > Ақылы қызмет > Ақылы бөлімше

Ақылы бөлімше


8-01-2021, 16:11
Автор: key-studio.kz

Ақылы бөліменің басты мақсаты - ауруханаға келген әрбір науқасқа сапалы әрі білікті мамандандарылған және заманауи технологиялар арқылы қызмет көрсету. Қазалы темір жол ауруханасының ақылы қызмет бөлімшесі   04.07.2007 жылдан бастап өз қызметін «Ақылы бөлімше» болып бастады. Пациенттерді стационарға емдеуге жатқызу тәулік ішінде жүргізіледі. Емдеуге жатқызу күні түскен уақытына қарамастан емдік-диагностикалық ем-шаралар тағайындалады және емдәмдік тамақтандыру ұйымдастырылады.

Ақылы  бөліме   3 қабатты ғимараттың 1-ші қабатында орналасқан. Науқастардың қолайлы емделуі үшін 1 орындық стандартты 2 палата және 2 адамдық 4 палата бар. Олар себізгімен,  тазалық - торабымен,  теледидармен, тоңазытқышпен жабдықталған және барлық палатада  әжетхана орналастырылған, ыстық сумен жабдықталған. Барлық палаталар жарық, бөлмелердің бәріне пластикалық есік, терезелер орнатылып, едендері паркетпен жабылған.

Көк тамырға және бұлшық етке егу үшін ем қабылдау бөлмесі бар. Ол барлық қажетті құралдармен, дәрі-дәрмекпен жабдықталған.
 Емдеудің ең бір негізгі құрылымы дұрыс емдік тамақтану болып табылады. Оны аурухананың кәсіби аспаздары дайындайды. Науқастар асты әдемі, жарық, таза асханада қабылдай алады. Асханада ыстық су үнемі үзіліссіз ағып тұрады. Онда науқастарға арналған  «Денсаулық дастарханы» деп аталатын диеталық тағамдар тақтасы бар.
 Қарыштап алға басқан медицина саласы білім жетілдіруді қатал талап етері сөзсіз. Ауруханада емделу кезінде қолайлы жағдайлар жасау, аурухана ғимаратындағы мінсіз тазалық пен тәртіп, дәрігерлердің мүлтіксіз  кәсібилігі, медициналық қызметкерлер тарапынан моралдық көмек пен мейірімді қарым-қатынасты барлық ақылы сервистік қызмет бөлімінде  емделген науқастар атап өтуде.
 Қиын жағдайға тап болған жағдайда адамдар көбінесе осы  ақылы қызмет бөлімшесінде ем қабылдауға тырысады. Себебі олар өздеріне стационарда ауруларын жеңіп шығатындай сапалы кепілдендірілген көмек көрсетілетініне сенімді.
 Емделушілерге қамқорлық көрсету — бұл үлкен құрмет және жауапкершілік. Өз денсаулықтарын ауруханамыздың кәсіби мамандарына сеніп тапсырып, мыңдаған адамдар күн сайын денінің саулығына, болашақтағы еңбек қабілеттігіне деген сеніммен өмір сүреді.

«Қазалы теміржол ауруханасы» ел талғамынан табылып жүрген іргелі мекеме. Нарықтың сынағынан сүрінбей өтіп, қалыптасуына бас дәрігердің сіңірген еңбегі ерекше. Ол «өзіне талап қоя білу, ұстамдылық пен мақсат қоюшылық – нағыз медициналық қызметкердің сапасын анықтайтын қасиеттер» - дейді. Мекеме табысының кепілі ұжымның жоғары кәсіби біліктілігі, қызметкерлер білімдерін жетілдіру, оның ішінде науқастарға деген мейірімділік пен қамқорлық қарым-қатынастың жасалуы екенін атап көрсетеді.
 Талмай ізденетін басшы өзгелерден де соны талап етеді. Ауруханадағы дәрігерлердің басым бөлігі жоғарғы  және бірінші санатты болуы сөзіміздің дәлелі.

Ақылы бөлімшеде: бірінші санатты невролог дәрігер Жиенкулов Талғат Алданұлы, бірінші санатты терапевт дәрігер Айжарикова  Бақыт Шалғынбайқызы, бірінші санатты невролог дәрігер Өтеулі Шолпан Қарақұлқызы, бірінші санатты  хирург-уролог дәрігер Жасанов  Ерболат Ермекбайұлы, үшінші санатты терапевт дәрігер Қайырбаева Маржан Жарекқызы және Сайрамбек Айшолпан Сайрамбекқызы жұмыс істейді. 

Бес медбике,олардың ішінде жоғары санатты медбике Мусаева Хадиша Абди-Камаловна, Абильдаева Баян, бірінші санатты медбике Өтеп Мақпал, Жұбатқанова Рауза, екінші санатты медбике Сәрсенбай Жұлдызай, үшінші санатты медбике Ауезханова Асылзат сынды орта буынды  қызметкерлер қызмет атқарады.

Бөлімшеде терапиялық бейін бойынша жүрек-қан тамырлар ауруларын, асқазан, жүйке ауруларын жоспарлы емдеу, алдын-алу шаралары жүргізіледі.

Аурухана заманауи технологиялармен, оның ішінде УДЗ кабинеті, компьтерлік томография, ФГДС, рентген кабинеттерімен жабдықталған. Ақылы бөлімеге келген науқастар өз диагноздарына сәйкес физиотерапевтік кабинетте массаж, кедр бөшкесі, емдік ванна, парафин, т.б. токпен әсер ету және массаж түрлерін қабылдай алады.


Вернуться назад