Рентген және маммография кабинеті

1. Бас сүйектерін тексереді.
2. Мойын, кеуде, бел омыртқаларын тексереді.
3. Иық, шынтақ, жамбас, тізе және тобық буындарын.
4. Өкпеге – флюорография, рентгенография және томография жасалады.
5. Бауыр, өт жолдары (холецистография).
6. Гинекологиялық ауруларда (сальпингография).
7. Асқазан, өңеш, тоқ ішектерді тексереді (рентгеноскопия).
8. Ішекті тексереді (ирригоскопия).


Рентген кабинетінің ішінде орналасқан «Melody» маммограф аппараты Италиядан 2006 жылы шыққан, қосымша өңдеуші процессоры бар, сүт бездерін тексеретін аппарат.
Мұнда тиісті оқу орнында оқып, маман сертификаттарын алған дәрігер рентгенолог Ерболат Тәжібайулы Дәрібай қызмет атқарады.
12-07-2014, 11:32
Емхана зертханасы

1. Ли Надежда, жұмыс өтілі- 36 жыл.
2. Байдилдаева Каншайым, жұмыс өтілі- 34жыл.
Лабораторияда келесі құрал- жабдықтар бар: Mythic -18 (гемотологиялық аппарат), медициналық микроскоп «Микмед-5», құрғақ пісіргіш шкаф. Сонымен қатар лаборатория кабинеті бактериоцидтік кварц шамымен қамтамасыз етілген.
Қабылдау уақыты күнделікті таңертеңгі 8.00 – ден 10.30-ға дейін.
Сенбі, жексенбі күндері демалыс.

Гематологиялық:
• Жалпы қан талдауы (анализі).
Жалпы клиникалық:
• Жалпы несеп талдауы (анализі);
• Нечипоренко әдісі бойынша несепті зерттеу;
• Қарапайымдылар мен ішек құрттарын зерттеу;
• Нәжісті копрологиялық зерттеу;
• Нәжіс құрамындағы жасырын қанды анықтау;
Осы зерттеулерге қабылдау күнделікті жүргізіледі.
Зерттеу қорытындысын күнделікті және сол күні емдеуші дәрігер алады.


18-06-2014, 21:20
Әйелдер кеңесханасы

Санитарлық ағарту жұмыстары: лекциялар, әңгімелер, санбюллетеньдер шығарылады.
Әйелдер кеңесінде бірінші санаттағы акушер гинеколог Шакизада Медетбаевна Медетбаева қызмет атқарады. Еңбек өтілі 29 жыл.
Акушеркалар Ұлболсын Турдықұлова, Жанат Ізбасарова, Күлтай Жолжанова емханаға қарасты әйелдерге медициналық көмек береді.




15-05-2014, 21:11
Күндізгі стационар

Бөлімшеде дәрігер невропотолог Шолпан Өтеулі, жоғарғы дәрежелі дәрігер Айсұлу Жақсылыққызы Қапашова жұмыс істейді. Ол 1985 жылдан бері аймақтық –өндірістік терапевт-дәрігер, 1995-96 жылдары емхана бөліміндегі терапевтердің бөлім меңгерушісі болды, еңбек өтілі 30 жыл. 2013жылдан бастап күндізгі бөлімнің дәрігері.
Бөлімшеде мейіркеш Жазира Кеңесбаева, кіші буын медицина қызметкері Гүлнұр Қосжанова жұмыс жасайды .
Бөлімшеге түскен науқастар тез арада қаралып, қажетті ем-домы тағайындалады. Науқастарға қосымша кеңестер жасалып, ем –дом беріледі. Науқастарды соңғы үлгідегі ультрадыбысты диагностикалық орталық « HD 7PHILLIPS and MEDICAL SISTEMS CO» аппаратына түсіреді.
7-05-2014, 21:14