» » Қарағанды облысы өрт сөндіруші-құтқарушылардың психологиялық дайындығы

Қарағанды облысы өрт сөндіруші-құтқарушылардың психологиялық дайындығы

Қарағанды облысы өрт сөндіруші-құтқарушылардың психологиялық дайындығыҚазіргі заманда көптеген түрлі апаттар мен төтенше жағдайлардың пайда болуының қарқындығы мен жиілігі арту үстінде. Қандайда бір төтенше жағдайды бастан кешкен зардап шегушіге оқиға медициналық және психологиялық сипаты бар ауыртпалықтар әкеледі. Осындай төтенше жағдай орын алған ортада өрт сөндіруші-құтқарушыларға жұмыс істеуге тура келеді.Төтенше жағдайлар мен олардың салдарын алдын-алу жұмыстарына өрт сөндіруші-құтқарушылардың психологиялық дайындығы көбінесе олардың кәсіби қалыптасу кезеңіндегі алғашқы сапалы оқыту деңгейімен тығыз байланысты.Өрт сөндіруші-құтқарушылардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында маңызды рөлді кәсіби  дайындықтың құрамды бөлігі болып табылатын психологиялық дайындық атқарады.  
Психологиялық дайындық авариялық-құтқару жұмыстарының нақты түріне дайындалу кезеңіндегі жеке құрамда психологиялық дайындық пен тұрақтылықты қарастырады. Ол жоғары эмоционалды-жігерлі тұрақтылықты қалыптастыру, яғни қорқыныш сезіміне берілмеу қабілеттігі, өмірге қауіпті жағдайларда сабырлық сақтауды қалыптастыру жолдарымен жүзеге асады. Кәсіби дағдылармен психологиялық дайындығының байланысы өрт сөндіруші-құтқарушыға өрт сөндіру және басқа да жауынгерлік тапсырмаларды жедел орындауға, белсенді, шешуші және тиімді іс-әрекеттерді жүзеге асыруға көмектеседі. Дегенмен, ол өрт сөндіруші-құтқарушының бойында өзінен-өзі пайда болмайды, оның барлық кәсіби іс-әрекетінің барысында оқыту сабақтары мен жаттығулар кезінде мақсаттылықпен жүйелі түрде қалыптасып, бекиді.  
Қарағанды облысы өрт сөндіруші-құтқарушылардың психологиялық дайындығыҚұтқарушылардың психологиялық дайындығы келесі негізгі міндеттерді шешуге бағытталған:
1. өрт сөндіруші-құтқарушылардың кәсіби маңызды қасиеттерін қалыптастыру мен дамыту;
2. өрт сөндіруші-құтқарушылардың төтенше жағдайдарда жұмыс атқару үшін психологиялық тұрақтылығын дамыту;
3. төтенше жағдайларда зардап шеккендер мен өрт сөндіруші-құтқарушыларға психологиялық жәрдем көрсету (психологтар мен медициналық қызметкерлердің жоқ болған кезінде);
4. авариялық-құтқару жұмыстарын атқару және олардың аяқталу кезеңінде бұзылған психикалық функцияларды қалпына келтіру.
Қарағанды облысының ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ психологтарының берілген бағыттағы атқаратын қызметі «КДМ курстық дайындығының тыңдаушыларын психологиялық дайындау бағдарламасына»сәйкес жүргізіледі. Берілген бағдарлама 18 сағатқа есептелеген, оның ішінде 6 сағ. – дәрістер, 12 сағ. – тәжірбиелік сабақтар (іскерлік ойындар, тренингілер). Сабақтар топ жиналысымен алғашқы үш күн ішінде жүргізіледі және келесі қағидаларға сәйкес құралған:
Оқытудың бірінші күнінде ұжымды біріктіру және тиімді командалық өзара қарым-қатынасты дамыту мақсатымен жүргізіледі. Негізгі міндеттері болып
- топтағы жағымды психологиялық ахуалды дамыту;
- топтағы қатысушылардың өзара қарым-қатынасын жасқсарту мақсатымен олардың ұқсастықтарын табу;
- топтағы әрбір қатысушының өз рөлі мен функциясын түсіну; командада жұмыс істей алу дағдысын дамыту;
- жалпы командалық рухты қалыптастыру мен күшейту;
- тренигі нәтижесінен эмоционалды және физикалық қанағаттану;
- өзін команда ретінде сезіну болып табылады.   
Оқытудың екінші күнінде – «Өрт сөндіруші-құтқарушылардың кәсіби маңызды қасиеттері» тақырыбында дәрістік-тәжірибелік сабақ өткізіледі. Берілген сабақ барысында өрт сөндіруші-құтқарушылардың кәсіби іс-әрекетте қажет:
тұлғалық мінездемелері:
- төтенше жағдайлардағы эмоционалды тұрақтылық, тәуекелге бару дайындығы, өзін-өзі бағалау, үрей деңгейі, темперамент түрі; психикалық процестердің динамикалық  мінездемелері:
- есте сақтау, зейін, төтенше жағдайлардағы ойлау қабілеттері сияқты психологиялық ерекшеліктері қарастырады.
Тәжірбиелік сабақтар барысында қажет кәсіби-маңызды қабілеттердің даму деңгейін, дағдылары мен қабілеттерін анықтау мақсатымен құтқарушылармен тестілеу жұмысы, соңында нәтижелерді талқылау жүргізіледі. Оқытудың үшініші күнінде – күннің бірінші жартысында «Стрестік жағдайлардағы негізгі әсер ету, көмек көрсету тәсілдері мен нышандары» тақырыбында дәрістік-тәжірбиелік сабақ жүргізіледі. Берілген сабақ барысында «шиеленіскен стресстік әсер ету» түсінігі және оның адам ағзасына тигізетін әсері тақырыбы ашылып қарастырылады, шиленіскен стресстік әсер етудің физиологиялық динамикасы, ТЖ зардап шеккендермен жұмыс істеу қағидалары сипатталған.  
Тәжірбиелік сабақ барысында ТЖ зардап шеккендермен тиімді қарым-қатынасқа түсу тәсілдерін үйретуге бағытталған, ТЖ шиеленіскен стресстік әсер етуі бар зардап шеккендерге жедел психлогиялық  көмек көрсету дағдыларын нығайту мақсатымен «Құтқарушылар мен зардап шеккендер» рөлдік ойыны жүргізіледі.
Күннің екінші жартысында – «Төтенше жағдайлардағы әрекет барысындағы құтқарушылардың психикалық күйін басқару әдістері» тақырыбындағы тәжірбиелік сабақ жүргізіледі. Берілген сабақ барысында КДМ тыңдаушылары психологиялық өзін-өзі реттеу тәсілдері, аутогенді жаттығулар, дем алу жаттығулары, өзін-өзі иландыру тәсілдеріне үйренеді.Психологтармен жүргізілетін үш күндік оқыту нәтижесінде КДМ курстық дайындық тыңдаушылары кәсіби қалыптасу барысында өзіне көмектесетін немесе кедергі келтіретін жағымды және жағымсыз қаситетерін танып біледі; төтенше жағдайлардағы тұрғындардың жүріс-тұрысының психологиялық ерекшеліктерін және алғашқы психологиялық көмек көрсетуді; өзінің психикалық күйін бақылап, оларды басқару және қолдану тәсілдеріне үйренеді.
Қарағанды облысының ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» психологтарымен берілген бағыттағы атқаратын қызметтің тиімділігін арттыру мақсатымен «Өрт сөндіруші-құтқарушылардың психологиялық дайындығы» тақырыбында әдістемелік оқу құралы дайындады.

Г.Қ. Қантбекова,
Қарағанды облысының ТЖД«ӨСжАҚЖҚ» ММ ПҚБ бастығыө/қ қызмет капитаны

Сiлтеме: http://www.emer.gov.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=24386%3A2014-06-13-05-03-58&catid=22%3A2011-06-09-13-29-10&Itemid=37&lang=kz
13-06-2014, 15:24
2 028 просмотров
Нашли ошибку?