АПАТ ЗАРДАПТАРЫН ЖОЮҒА АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУ
Шиелі ауданындағы "Семізбай-U" ЖШС-нің "Иіркөл" филиалы кенішінде аудандық арнайы-тактикалық оқу-жаттығу шаралары өтті. Облыс әкімі орынбасары С.Сүлейменовтің 2017 жылғы 30 мамырдағы № 04/1-5/3437 нұсқаулығына сәйкес ұйымдастырылған оқу-жаттығуда Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті аға офицерлері Ж. Жүгінісов пен А. Ибраев кеніште радиациялық апат зардаптарын зардаптарын жою тақырыбында жұмысшыларға түсіндірме жасады. Азаматтық қорғау қызметтерінің болуы мүмкін төтенше жағдайларға әрекет ету бойынша дайындығы пысықталды.
С. СЫЗДЫҚ,
азаматтық қорғаныс бөлімінің
бастығы, подполковник
ТЖД САЛАСЫНДАҒЫ ҮЗДІК МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» Қызылорда облысы бойынша филиалы мен ТЖД Азаматтық қорғаныс бөлімі біріге отырып медицина күніне орай Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінде «Үздік медицина қызметкері» атты сайыс өткізілді.
Өзін-өзі таныстырып, тестілеуден өткен үміткерлер практикалық тапсырма аясында (жасанды тыныс беру, жүрекке жанама массаж жасау, қан кеткенде, аяқ – қол жарақаттанғанда көмек көрсету) шұғыл медициналық көмек көрсетуден сайысқа түсті.
Сайыс қорытындысымен ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы теміржол госпитальдары» АҚ филиалының дәрігері Берік Мәдиев 1-ші орынға ие болды. 2-ші орынды ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесі Қызылорда облысы бойынша филиалынының бөлім басшысы, дәрігер Азамат Есахаев иеленсе, 3-ші орынға ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы теміржол госпитальдары» АҚ филиалының дәрігері Ақмарал Құланбаева лайық деп танылды.
http://aqmeshit-aptalygy.kz/tzhd-salasynda-y-zdik-meditsina-yzmetkeri-any-taldy/ҚАЗАЛЫДА МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің
негізгі қағидаларын түсіндіру мақсатында құрылған ақпараттық топ Қазалы
ауданындағы халықпен жүздесуде. Топ құрамында облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы С.Байкенжеев, облыстық психоневрологиялық аурухананың бас дәрігері А.Медетбаев, Қызылорда қаласының №5 емханасының бас дәрігері С.Рысалдиев, облыстық наркология орталығының бас дәрігері Г.Нысанова, Қазалы аудандық ауруханасының бас дәрігері К.Әбілов, аудандық емхананың бас дәрігері Ғ.Баймаханов, аудандық аурухана дәрігерінің орынбасары Р.Қалуова бар.
Ақпараттық топ мүшелері сақтандыру жүйесінің мүмкіндіктері туралы айтып, қатысушылардың сауалдарына жауап берді.
Кестеге сәйкес 15 мамырда басталған түсіндірме жұмыстары 19 мамырда аяқталмақ. Жалпы аудан бойынша 24 кездесу өтті. Оған 16 273 тұрғындар қатысып, 14 000 брошюралар таратылды.
АҚ ЖЕЛЕҢДІЛЕР АРДАҚТАЛДЫ
Р.Бағланова атындағы аудандық мәдениет үйінде 12 мамыр – Халықаралық мейіркештер күні аталып өтті. Салтанатты жиынды ашқан аудан әкімінің орынбасары Арман Қаржаубаев мейірбикелерді төл мерекелерімен құттықтады.
– Ежелден дәрігерлік қызмет адамгершілікті ту еткен кәсіп болып саналады. Айтулы мерекені адам тәнінің қиналысын жүрегімен сезіне білетін медбикелердің ерен еңбегінің бағаланатын кезі деуге болады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының төртінші басымдығы адами капитал сапасын жақсартуға арналған. Бұл – денсаулық сақтау саласын дамыту жөніндегі жүйелі көзқарас.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы өз Жолдауында денсаулық сақтау саласының алдына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу, денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру және дәрілік заттардың бағасына реттеу міндеттерін қойып отыр. Өйткені, еліміздің бәсекеге қабілеттілігі дені сау ұлт арқылы жүзеге асырылады.
"Медицина кәсібі – адамгершіліктің асылы” дейді ұлы ойшылдар. Аудан тұрғындарының денсаулығын жақсарту жолындағы игілікті еңбектеріңіз бен өз кәсіптеріңізге деген адалдықтарыңыз үшін зор алғысымды білдіремін, – деді А.Қаржаубаев.
Мерейлі сәтте аудан әкімінің орынбасары А.Молдабайұлы бір топ медбикелерге аудан әкімінің және облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Алғыс хаты» мен Құрмет грамотасын табыс етті.
Бұдан соң амбулаториялық-емханалық қызметі бар Қазалы аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Күншығар Әбілов мереке иелерін айтулы күнмен құттықтап, еңбегімен еленген қызметкерлерді «Алғыс хатпен» марапаттады.
Мерекелік шара аудандық аурухананың мейірбикелері арасындағы «Үздік мейірбике» кәсіптік байқауына ұласты. Ережеге сәйкес 6 кезеңнен сүрінбей өткен Қожабақы ауылдық дәрігерлік амбулаториясы бірінші орынды жеңіп алды. Аудандық емхана екінші орынға тұрақтаса, қалалық емхана үшінші орынды қанжығасына байлады. Жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар берілді.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА.
http://qazaly.kz/a-zhele-diler-arda-taldy/
«Үздік мейірбике -2017» конкурсы өтті
|
«Медициналық пойыздар» мамандары 394 мың ауруды тіркеді
2017 жылғы 28 сәуір 13:33
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдан бастап «Медициналық пойыздар» кең ауқымды әлеуметтік жобасы іске қосылды, оның аясында шалғай жатқан елді мекендердің тұрғындары тегін тексеріліп, жоғары білікті мамандардан (терапевт, стоматолог, офтальмолог, лор, хирург, уролог, маммолог, педиатр) ем қабылдауда. Пойыз заманауи диагностикалық және емдеу құрылғыларымен (УДЗ, флюорографиялық құрылғымен және т.б.), шағын-операциялық, зертханалық, байланыс құралдарымен және телемедицина конференцияларын өткізу үшін - Интернетке қосылу мүмкіндігімен жабдықталған. Медициналық пойыздар медициналық кабинеттері мүлдем жоқ өңірлерді қамтиды. 2017 жылы «Денсаулық» және «Саламатты Қазақстан» медициналық пойыздары өз жұмыстарын бастады:11 сәуірден 6 қарашаға дейін «Саламатты Қазақстан» пойызы орталық, солтүстік, шығыс және батыс өңірлерде медициналық көмек көрсететін болады. Ал 18 сәуірден 20 желтоқсанға дейін «Денсаулық» пойызы оңтүстік және батыс өңірлерді қамтиды. 2010-2016 жылдар аралығында медициналық пойыздар 1052 шалғай жатқан станцияларды қамтып, 299 мың тұрғынды, соның ішінде 71,5 мың баланы тексеруден өткізді. 1,5 миллион диагностикалық емдеу шаралары, 4 мың кіші амбулаторлық ота жасалып, 19 телемедициналық консультация ұйымдастырылды. Маммологтар 44 мың әйелді қарап, 73 мың тұрғынға стоматологиялық көмек көрсетілді. Пойыздардағы мамандардың тиімді жұмыстарының нәтижесінде 394 мың ауру тіркелді.
Дереккөз:http://www.inform.kz/kz/medicinalyk-poyyzdar-mamandary-394-myn-aurudy-tirkedi_a3021761Медициналық қызметтердің қолжетімділігі артады
АНАЛАР МЕН БАЛАЛАР ЖАНАШЫРЫ
Денсаулық сақтау саласында бір мезетте екі бірдей адамның өмірін қауіп пен қатерден қорғап, ана мен бала денсаулығына жауапты болатын акушер-гинекологтарға қойылар талап жоғары. Адам жанына араша болып, қос бірдей тағдыр жауапкершілігін мойнына жүктеп, жұмысыменөрілген уақытын бақытына балайтын дәрігер Шолпан Есекееваныңесімі көпке мәлім.
Арын ақ халатындай кірлетпеген аяулы жан аудандық аурухананың перзентхана бөліміне жас маман болып қабылданып, бүгінде отыз бес жыл ғұмырын осы мекемеде өткізген, тәжірибесі толысқан бөлім меңгерушісі.
Көбіміз жүкті әйелдердің бойында жүктіліктен тыс сырқаттардың кездесетінін біле бермейміз. Оған аналардың ауруының алдын алмай, уақыт өткізіп алатынын қосыңыз. Осындайда ана мен бала өлімінің себептері, оларды болдырмаудың жолдарын жан-жақты қарастыруға ұсыныс жасап, кеңес беру, соңғы кесімді шешім қабылдау, кесір тілігімен босанатын келіншектер отасына қатысу тікелей міндетіне саналатын Шолпан Шарапатдинқызының шарапатымен бақытқа бөленгендер қатары көп. Жүзі жылы, жүрегі мейірімге толы ақ халатты жанның ісіне, әсіресе, аналар қауымы дән риза. Ұдайы білімін жетілдіріп тұратын дәрігер бөлімдегі өзге әріптестері мен орта буын қызметкерлерінен білгенін аямайды. Тәжірибесімен бөлісуді, үйретуді дағдыға айналдырған.
«Қоғамның басты байлығы саналатын адамды дүниеге әкелу – ең үлкен жауапкершілік. Бала өмірге сау келуі үшін алдымен ананың жайына алаңдаймыз. Жүкті әйел босанғанға дейін де, босану кезінде де шұғыл көмек қажет болған жағдайда әрқашан дайын болу – дәрігерлік антымыз бен мамандығымызға деген жауапкершілігіміз. Мұндайда нар тәуекелге бел буу аздық етеді, тез ойды жинақтау, дұрыс тұжырым жасау маңызды. Дәрігерлерде демалыс деген болмайды. Оның демалысы да, қуанышы да аман сау аналар мен бақытты балалар. Еліміздің қай қиырына барсақ та, «апайлап» алдымыздан шығып жататын қыз-келіншектердің ақ көңілінен шыққан алғысын көргенде өзіңнің бекер өмір сүріп жүрмегенді іштей топшылайсың», – дейді кейіпкеріміз .
Алтын ҚОСБАРМАҚОВА
http://qazaly.kz/analar-men-balalar-zhanashyry/1 наурыз - Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні
Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымы (ХАҚҰ) Бас ассамблеясының бұрыштамасына сәйкес жыл сайын 1 наурыз - Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні болып аталып өтіледі.
Жыл сайын Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні нақты ұранмен атап өтіледі. Оның биылғы жылғы таңдалған тақырыбы: «Тұрақты даму тұрғысынан азаматтық қорғаныс және зілзалалар қатерін азайту». Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан тұрғындарды қорғау және әрекет етуге дайындығы — кәсіпорындар және шаруашылық нысандарында құрылған азаматтық қорғаныс құрылымдарының, аумақтық төтенше жағдайлар органдарының негізгі міндеті болып табылады.
ҚР 11.04.2014 жылғы №188-V ҚРЗ «Азаматтық қорғау туралы» Заңына сәйкес табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және олардың зардаптарын жоюға, азаматтық қорғаныс ұйымдастыруға және жүргізуге, төтенше жағдайлар аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуге, өрттік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған жедел іс-қимылдарын жасау мақсатында «АМТГ» АҚФ- «Қазалы теміржол ауруханасы» бойынша барлығы 36 адамнан тұратын азаматтық қорғану құрылымдары құрылған. Олар: азаматтық қорғау басқару органы, обьектілік деңгейдегі жергілікті құлақтандыру жүйесі, эвакуациялық орган, өртке қарсы ерікті құралым, авариялық-құтқару қызметі.
2017 жылдың наурыз айында мекеменің азаматтық қорғану құрылымдарының жедел іс-қимылдарға дайындығын арттыруға бағытталған семинар-сабақ өткізілді.
Азаматтық қорғаныстың маңызына жұртшылықтың назарын аудару мақсатында және түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін ауруханада ашық есік күні ұйымдастырылып, медициналық, мамандандырылған техника мен қондырғылар көрмесі көрсетілді. Көрмеге Әйтеке би кентіндегі №165 және №204 мектептердің оқушылары шақырылды.
Серік ЕРДАЛИЕВ
ЖАНҒА – ШИПА, ДЕРТКЕ ДАУА СЫЙЛАҒАН
Сыр еліне келген алтын қолды, ақ халатты абзал жандар Серік Ақшолақов пен Юрий Пя аймақта екі күн болды. Алғашқы күні мәртебелі меймандарды облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қабылдады. Одан кейін облыстық медициналық орталықта қос дәрігер шеберлік сағатын өткізіп, ота жасады. Келесі күні дәрігерлер сапары облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемовпен бірге Байқоңыр қаласы мен Қармақшы ауданында жалғасты.
Біз айтып отырған дәрігерлер елімізге ғана емес,
әлем жұртшылығына таныс десек, қателеспейміз. Серік Ақшолақов – Қазақстанның
Еңбек Ері, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы, медицина
ғылымдарының докторы. Бүгінде Серік Қуандықұлы басқарып отырған орталық бас
миының өте тереңінде жатқан ісіктерге, омыртқаға ота жасауға қауқарлы.
Алыс-жақын шетелдіктер дертіне дауа іздеп Астанаға ат басын бұратыны сондықтан.
Әрине, бұл жетістікке Серік Ақшолақовтың маңдай терімен қол жеткенін барлығы
мойындайды.
Төрт тілде сөйлейтін ауылда туып-өскен, жерлесіміз
Юрий Пя – Қазақстанның Еңбек Ері, «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы» АҚ
директоры. Айтып өткеніміздей, Пя – Сыр елінің тумасы, Қармақшы ауданындағы ІІІ
Интернационал ауылының түлегі. Оның Қазақстан медицинасына сіңірген өлшеусіз
еңбегін қалай әспеттеуге болады? Бүгінге дейін жүрекке 40 мыңға жуық ота
жасағанын жеткізсек жеткілікті болар. Осы тұста айта кетсек, 2012 жылы
Қазақстанда алғаш рет созылмалы жүректің жетіспеушілігі диагнозы қойылған
науқасқа донорлық жүрек трансплациясы жасалды. Бұл отаны еліміздің жетекші
кардиохирургы, Юрий Владимирович Пя жасап, Қазақстан әлемдегі донорлық жүректі
ауыстырып салатын 27 елдің қатарына қосылды.
Сыр топырағына табан тіреген қос дәрігер
Байқоңырға барған сапарында алдымен «Союз МС» ғарыш кемесінің ұшырылу сәтін
тамашалады. Сонан соң, Гагарин атындағы ғарыштық музейге тоқтап, тарихтан сыр
шертер жәдігерлердің сырына қанықты.
Өткен жылы Байқоңыр қаласында көпсалалы аурухана
ашылғаны белгілі. Әуелгіде перзентхана ретінде салынып, пайдалануға берілмей
тұрған ғимарат облыс әкімінің бастамасымен қандастарымызға қызмет көрсетер
көпсалалы ауруханаға айналған-ды. Облыстық медициналық орталықтың филиалы болып
ашылған нысанның игілігін бүгінде Байқоңыр, Төретам, Ақай, Қазалы, Қармақшы,
Арал тұрғындары көріп отыр. Астанадан келген дәрігерлер аталған нысан жұмысымен
танысып, игілікті іске ризашылықтарын білдірді. Аурухананың бас дәрігері
Қарасай Нұровтың айтуынша, аурухана жыл басынан бері 160 емделушіге қызмет
көрсеткен. Қазіргі таңда терапия, реабилитация, күндізгі стационар бөлімшелері
жұмыс істеп тұр. Наурыз айында 30 орындық хирургия бөлімшесі іске қосылмақ.
Мәртебелі меймандар мұнан соң түркі елінің абызы
атанған Қорқыт бабаның кешеніне аялдап, аруақтарға құран бағыштады, мұражайды
көрді. Елбасы тапсырмасымен қайта жаңғыртудан өткен кешен қазақтың ғана емес,
тұтас түркі жұртының рухани орталығына айналып келеді. Алаштың анасы болған
елдің тарихы теңізден терең. Оған дәлелді Қорқыт баба қобызының сарнаған
даусынан-ақ табасыз.
Қармақшы ауданындағы ІІІ Интернационал ауылы –
Юрий Пяның туған ауылы. Ауылдастары қадірменді қонақтарды ауылдық мәдениет
үйінде күтіп алып, емен-жарқын әңгімелесті. Халқына жасаған қалтқысыз
қызметтері үшін алғысын айтты. Бірнеше ұлттың өкілі тұратын алақандай ауылдың
бірлігіне, берекелі тірлігіне куә болған дәрігерлер де дән риза болды. Қоштасарда
Юрий Пя басқаруындағы кардиологиялық орталық есігі қажет болған жағдайда
қызылордалықтарға әрдайым ашық екендігін жеткізді.
Осылайша еліміздің алтын қолды азаматтары Сыр елінен ерекше көңіл-күймен аттанды. Аймақтағы ауруханалар үшін қолдау көрсететінін, дәрігерлердің білім-білігін арттыруда тәжірибе бөлісуге дайын екендіктерін де жасырған жоқ. Демек, Сыр елі медицинасы Астанамен бірге серпіле берері сөзсіз.
Нағымжан САУЯЕВ.
http://syrboyi.kz/negizginews/10040-zhana-shipa-dertke-daua-syylaan.html