КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ
Қай тұстан қандай қатер төніп тұрғанын ешкім біліп, болжай алмайды. Адамдарды күтпеген жерден түрлі жағдай алқымнан алуы мүмкін. Әрине, бар жамандық атаулының беті арман. Алайда жанталасқан бүгінгі уақытта қан қысымының көтерілуінен, жүрек талмасынан, тіптен жол жүру қауіпсіздігін ескерместен жүйіткіген жылдамдықтың зардабынан қаншама жан ауруханаға ауыр халде түсіп жатады. Мұндайда медицина саласының қызметкерлері науқасты аман алып қалуға барлық мүмкіндікті жасайды.Сондай жағдай тамыз айында теміржол ауруханасында орын алды. Отыз үш жастағы зіңгіттей жігіт бас сүйегінің жарақатымен өте ауыр күйде аудандық ауруханадан ауыстырылып әкелінді. Себебі теміржол ауруханасында арнайы Байқоңыр қаласынан шақыртылған Темірхан Мұратов пен арнайы оқу курсынан өткен Кенесары Баспаев есімді нейрохирург мамандары бар еді.
Мәселенің мәнісіне қаныққан дәрігерлер дереу ота жасауға бел буады. Өйткені, ес түссіз түскен Аманкелді Кенжеғараевтың миы соғылып, оң жақ маңдай бөлігі бас қауашағының ішіне ұйыған қан жиылып, бас сүйегінің тігісі ұзынша жарылған еді. Миға қысымды азайту үшін бас сүйегінің оң жақ бөлігінің қауашағы алынады. Бұлай отаны дер кезінде жасамаса ми ісінеді екен.
Аманкелдінің туыстары жандарын шүберекке түйіп, оның аман қалуын тіледі. Бірнеше сағатқа созылған операция сәтті өтті. Қазір оны жансақтау бөлімінің меңгерушісі Жасұлан Қуанышбаев өз бақылауына алған. Ол А.Кенжеғараевтың ішкі ағзаларын қалыпқа келтіруде жүйелі ем жүргізді.
Бір айға жуық күн-түн бақылауда ұстағанның нәтижесі болар, жағдайы біршама жақсарып келеді. Бұл басшымыз Құбыл Ршымбетовтың қолдауы, бүкіл аурухананың, оның ішінде қарқынды емдеу бөлімі мен ондағы медбикелердің еңбегінің арқасы деуге әбден лайық. Бұрын нейрохирургті Қызылордадан шақыртатынбыз, енді ауданда қолға алынуда. Кадрлар әкелінді, қажетті жаңа аппараттармен қамтылған. Аурухана мен медицина қызметкерлерінің және науқастардың бар жағдайлары жасалуда. Сәтін салса, 2015 жылы теміржол ауруханасында нейрохирургия бөлімін ашу жоспарлануда, - дейді Жасұлан Қуанышбаев.
Жағымды жаңалықпен қаныққан соң әдейілеп мекеме басшысына да жолықтық. Сәлемдесіп, жөн сұрасқаннан кейін Қ.Ршымбетов жақында Үндістаннан сапар шегіп келгендігін, онда медицина саласына орай тәжірибе алмасып қайтқандықтарын қуана жеткізді. Үндістанның емдеу саласында халықтық, тибеттік медицинамен стационарлы қызмет жасау түрлері бар. Шөптермен ас дайындап, ағзаны тазалайды және массаж бен ине қолдану арқылы да ем жасайды.
17 миллиондай халқы орналасқан астанасы Делиде үлкен клиника ақылы қызмет көрсетеді. Он бес қабатты клиникалық орталықта қызмет көрсетудің барлық түрі бір жерге шоғырланған. Диагностикалық тексеруден өткізіп, емдеу жүргізетін, бүйрек, жүрек, бауыр алмастыратын, донорлық ағзаны дайындайтын бөлімдері жұмыс атқарады.
Жалпы Үндістанда қалталылардың үлес салмағы 25 пайызды құраса, 40-50 пайызы өте нашар тұратындар. Тұрмыс жағдайы төмендерге бюджеттік емханалар мен госпитальдар қызмет атқарады. Бірақ бұл мекемелердің қаржысы жеткіліксіз болғандықтан, науқасты қарау мүмкіндігі өте нашар. Сондықтан олар көбіне халықтық медицинаны қолданады, - деп сөзін түйіндеді Қ.Ршымбетов.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
«Қазалы» газетінің тілшісі
Аудандық "Қазалы” газетінен
24-09-2014, 07:50
Жаппай улану жағдайындағы алғашқы медициналық көмек
Жүйелер мен ағзалардың жылдам зақымдануымен сипатталатын қатты улану жағдайының барлық кезеңі, ауруханаға жатқызуға дейінгі кезеңнен бастап бірден жедел интенсивті медициналық көмекті қажет етеді. Бұл пікір кез келген қиын жағдайға (жарақат, ауру, бақытсыз оқиға) келеді десек те, улану жағдайында уақытымен көмек көрсету өте маңызды. Бұл токсиндердің фармакокинетикалық ерекшеліктері мен олардың зат алмасу үрдісіне араласуына байланысты, сонымен қоса көмектің кешеуілдеуі ағзадағы гомеостаздық кері айналмайтын өзгерістерге әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан медициналық көмек көрсетудің қарапайым ұстанымдарын нақты білу, зардап шегушілердің өмірін құтқарып, денсаулығын сақтап қалу үшін өте маңызды. Қатты улану барысындағы алғашқы медициналық көмек арнайы у қайтаратындарды салуға бағытталады, ағзаны удан тазартуға, адам өміріне маңызды зақымдалған ағзалардың жұмысын демеп отыру. Жедел медицина көмегі келгенге дейін терінің умен ластанған жерлері мен шырышты сумен жууға, асқазанды жууға, 30-50г. активтенген көмір (ересек адамға) беруге, немесе іш жүргізетін (20-30г. магний сульфаты, 50-100г. майсана майын) беруге болады. Дем алысы бұзылған (құсу, тілінің көмейге кетіп қалуы) жағдайда, зардап шегушінің басын ыңғайлы етіп қойып, тілін шығару керек, дем алысы тоқтап қалған жағдайда – қолдан дем алдыру (тұрмыстық химиялық заттармен және өндірістік улармен уланған жағдайда ауздан ауызға дем алдыру қауіпін естен шығармаған жөн, өйткені көмек беруші өзі уланып қалуы мүмкін) қажет. Зардап шегуші есінен танып қалған жағдайда оны төсекке немесе кушеткаға жатқызып, басын тілі көмейіне кетіп қалмайтындай қылып және тыныс алу жолдары құсықпен немесе шырышпен бітеліп қалмайтындай етіп жатқызу керек. Денесін қырына жатқызып, басын денесінен сәл төменірек салған дұрыс болады. Елестеушілікке ұшыраған науқасты медицина көмегі келгенге дейін бөлмеде ұстауға тырысу керек және терезеден, басқыштан, қылтимадан құлап түспеуін қадағалау керек. Сипатталған алғашқы көмек шаралары жалпы болып есептеледі және уланудың барлық түрлерінде өткізіледі. Өйткені көбінде удың түрі мен атауы белгісіз болады. Сондай-ақ бұл шаралардың кешені уланудың сыртқы белгілерімен анықталады, олар ағзаға түскен токсиннің механизміне байланысты болады. Күттірмейтін көмек. Тамақ арқылы уланған жағдайда, уды қайтаруға, су-электролит балансы мен қан айналымын орнына келтіруге бағытталған, патогенетикалық терапия жүргізіледі. Ем жүргізу аурудың этиологиясына емес оның өту күрделілігіне қарай анықталып жүргізіледі. Алғашқы күттірмейтін емдік шара асқазанды 2-3 л жылы сумен жуу болып табылады, 2% натрий гидрокарбонат немесе 0,1 % калий перманганат ерітінділерімен шайынды су тазарғанға дейін жуу қажет. Осы мақсатта асқазандық зондты пайдаланған жөн. Науқастың жүрегі айнып, құсқысы келген жағдайда аурудың басталғанына қанша уақыт өткеніне қарамай, міндетті түрде асқазанды шаю қажет. Науқасқа ыстық тәтті шай ішкізу керек. Сондай-ақ аяқ-қолын жылыту қажет (аяғына жылытқыш қою). Аурудың бас кезінде сорбенттер қолдану ұсынылады (активтенген көмір, энтерополисорб, энтеродез т.б.). Көрсетілім бойынша антисептикалық препараттар да пайдаланылады. Бұл шаралар тамақ арқылы улану жеңіл өткен жағдайда жүргізіледі. Асқазанын шайғаннан кейін науқастың жүрек айнуы, құсуы, ішінің өтуі басылмаса, сусызданудың І-ІІ деңгейінің белгілері және шамалы немесе орташа уланудың белгілері білінсе, ауз арқылы регидратация және у қайтаратын терапия жүргізіледі, осы шараларды бүгінгі күні госпитальға дейінгі кезеңде өткізу ұсынылады. Бұл терапия тамақ арқылы жаппай улану жағдайында өте тиімді. Науқастарды емдеу үшін 1л қайнаған суға 3,5 г натрий хлорид, 2,5 г натрия гидрокарбонат, 1,5 г калия хлорид және 20 г глюкозасы бар тұз-су ерітінділерін қолданады. Дайын ерітінділерді 12-18 сағаттан артық сақтауға болмайтындықтан, құрамы осындай пакеттелген глюкосолан препаратын пайдаланған тиімді. Сақтауға төзімді препараттардың бірі регидрон мен цитраглюкосолан, олардағы натрий гидрокарбонат гидроцитратпен алмастырылған. Пакеттің ішіндегіні 0,5 немесе 1 л қайнаған жылы суға еріту қажет. Науқас ерітіндіні бірнеше сағат ішінде ішуі қажет, соңғы 4-6 с. ішіндегі нәжіспен жоғалтқан сұйықтың 1 мөлшеріне ерітіндінің 1,5 мөлшері есебінде ішілуі қажет. Құсуы қайталанған жағдайда ерітіндіні назогастралды зонд арқылы құюға болады. Тұз-су терапиясы бірден жағымды регидратация мен у қайтару тиімділігін арттыруға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Тамақ арқылы уланудың ауыр жағдайында, немесе удың әсерінен естен танып қалған жағдайда, құсуы тиылмағанда, сусызданудың ІІІ, кей кезде ІҮ деңгейінде регидратацияны көк тамыр ішіне жылы «Трисоль», «Хлосоль», «Квартасоль» полиион ерітінділерін жылдамдығы 80 - 120 мл/мин. құю арқылы да іске асырады. Полиион ерітінділерінің жалпы мөлшері сусыздану деңгейіне байланысты болады. Осы орайда анамнез мәліметтері, клиникалық көрініс, гомеостаздың шұғыл лабораториялық зерттеу нәтижелері, науқастың дене салмағының мөлшері, қан айналымының көрсеткіштері және диурез есепке алынады. Тұз ерітіндісін құйған кезде реакция пайда болса, сұйықты құю жылдамдығы азайтылады және қосымша ретінде көк тамырға инфузия жүйесі арқылы 60 - 90 мг преднизолон, 2 % промедол ерітіндісімен бірге 5 % пипольфен ерітіндісін немесе 1 % димедрол ерітіндісін ( 1- 2 мл) құяды. Теңгерілмеген ерітінділерді (изотоникалық натрия хлорид ерітіндісі, 5 % глюкоза ерітіндісі) немесе коллоидті қаналмастырғыштарды (реополиглюкина полиглюкин) пайдалану ағзаның көп шамада сусызданған жағдайында бүйрек үсті безінің жетімсіздігі дамуына әкеліп соғады. Тамақ арқылы уланған патогенездер ерекшеліктеріне қарағанда, антибиотиктер мен химио препараттарды тағайындау тиімсіз болып табылады, өйткені олар эндотоксиндердің көптеп босап шығуына ықпал етіп, ішек дисбактериозының дамуына әкеледі. Тамақ арқылы улану жағдайында ауруханаға жатқызу мәселесі індеттік жағдай мен клиникалық көрсетілімдерге байланысты әр жағдайда жеке шешіледі. Жеңіл түрде аурған науқастарды үй-ішілік жағдайда емдеуге болады. Жұқпа бөлімшелеріне орташа ауыр және ауыр түрде тамақ арқылы уланып, қосымша аурулары бар науқастар мен жатақханада жататын адамдар жатқызылуы қажет және декреттелген контингентке жататын: қоғамдық тамақтану, сауда, балалар тамақ блогі, емдік және денсаулық сақтау мекемелер жұмыскерлері госпиталдануы қажет. Тамақ арқылы уланған науқастарды аурухананың жұқпа бөлімшелерінен басқа регидратация терапиясын өткізуге қажетті препараттар мен жабдықтары бар бөлімшелерге де жатқызуға болады, өйткені тамақ арқылы улану контагиозды ауру болып есептелмейді. Науқастарды арнайы көлік арқылы тасымалдайды. Соңғы жылдары күштіәсерлі улы заттармен улану (КӘУЗ) жағдайлары жиі кездеседі, олар жаппай уланудың себепкері болуы мүмкіндігімен қауіпті. Улардың бұл тобына өндірісте (химиялық, мұнайгазөңдеу, металлургия, фармацевтика), ауыл шаруашылығында (улы хмикаттар) мен басқа салаларда пайдаланылатын түрлі токсинді заттар жатады. Адамдарды, жануарларды жаппай уландыру жағынан және топырақты, суаттарды уландыру мүмкіндігі жағынан қауіп төндіретіндер көбінде газдар, булар және аэрозольдар. Түрлі апаттар нәтижесінде қоршаған атмосфераға шығып, олар улану аймағын құрайды, оның мөлшері мен қауіптілігі заттың түріне, ауа райының жағдайына (желдің болуы, ылғалдылық пен ауа температурасы) байланысты болады. Бұл заттардың көбі ауадан ауырырақ болады да бұлт ретінде төмен жерлерде, жер асты қоймаларында шоғырлануы мүмкін. Уланған бұлт орнынан қозғалып жаңа жерлерді уландыруы мүмкін. Қатты жел бұлттың тез тарқауына ықпал етіп, улы заттың шоғырлануын азайтады, ал жаңбыр удың жерге сіңуіне ықпал етеді. Күштіәсерлі улы зат (КӘУЗ) деп әдетте шоғырлану мүмкіндік шегі (ШМШ) асып кеткен жағдайда, белгілі мөлшерде адамдарға, ауыл шаруашылығы малдарына, өсімдіктерге зиян келтіріп, оларға түрлі деңгейде зақым келтіретін химиялық қосындыларды атайды. Өндірістің түрлі саласында бүгінгі күні КӘУЗ-дің 100-ден астам атауы пайдаланылады. Хлор, аммиак, фосген сияқты КӘУЗ-ді пайдаланатын немесе өндіретін химиялық өнеркәсіптер, апаттық жағдайға ұшырағанда жұмыскерлер мен қызметкерлерге, ал ірі апат жағдайында тұрғындарға да қауіп төндіреді. Хлор –тыныстарылтқыш өзіндік күшті иісі бар сарғыш-жасыл газ, ауадан 2,5 есе ауыр, суда, спиртте, эфирде жақсы ериді. Хлор өндірістің түрлі салаларында кеңінен қолданылады. Оны маталарды ағарту үшін пайдаланады, целлюлоза мен қағаз өндірісінде, каучук (резеңке) түрлерін жасауда, суқұбырлары стансасында залалсыздандырғыш құрал ретінде суды зарарсыздандыру үшін пайдаланады. Зақымдалған құбырлардан атмосфераға шыққан кезде түтіндейді. Буға айналу барысында және ауада су буымен қосылу барысында жер бетіне жасылтым-ақ түсті тұман ретінде төселеді, төменгі қабаттарға жер асты қоймаларына кіруі мүмкін. Хлор буы тыныс алу ағзаларына, көз бен теріге қатты әсер ететді. Хлор ағзаға негізінен тыныс алу жолдары арқылы енеді. Хлормен улану белгілері: кеуденің қатты ауыруы, құрғақ жөтел, құсу, қозғалыс координациясының бұзылуы, демікпе, көздің ашуы, жас ағу. Жоғары концентрациямен дем алған жағдайда өлімге әкелу мүмкіндігі бар. Хлормен уланған жағдайдағы көмек. Хлормен уланған адамға «В» немесе «М» маркалы өндірістік газтұтқышын, ГП-5 азаматтық газтұтқышын кигізу қажет, жоғары концентрация жағдайында – айырғыш газтұтқышын кигізіп, жедел умен ластанбаған жерге шығарып, қысатын киімдерден босату қажет. Дем алысы нашарласа немесе тоқтаса «ауыздан ауызға» әдісімен қолдан дем алдыру қажет. Көз, ауыз, мұрынжұтқыншақты кішкене 2-5 %-дық ас сода ерітіндісі қосылған таза сумен шаю керек. Уланған адамға көп сұйық ішкізу қажет: жылы сүт, шай, кофе. Суық мерзімде оны жылыту қажет және толық тыныштықты қамтамасыз ету керек. Аммияк – мүсәтір иісті түссіз газ, ауадан жеңілірек. Ол тоңазытқыш қондырғыларында хладогент ретінде, тыңайтқыштар және басқа химиялық өнімдерді жасауда қолданылады. Құрғақ түрі ауамен 1:3 қатынаста араласқан кезде жарылыс әкеледі. Суда жақсы ериді. Зақымданған құбырлардан шыққан кезде түтіндейді. Демге тартқан жағдайда қауіпті. Аммияк буы дем алу ағзаларын, көз бен теріні қатты тітіркендіреді. Аммиякпен улану белгілері: жүрексоғуының жиіленуі, тамыр соғуының бұзылуы, жөтел, мұрын бітелу, көздің ашуы мен жасаурауы, дем алудың қиындауы, қатты уланған жағдайда – жүрек айнып, қозғалыс координациясының бұзылуы, сандырақтау. Аммиякпен уланған жағдайдағы көмек. Аммиякпен уланған адамға «КД» немесе «М» маркалы өндірістік газтұтқышын, жоғары концентрация жағдайында – айырғыш газтұтқышын кигізіп, жедел умен ластанған жерден таза ауаға шығару қажет. Ластанбаған жерде уланған адамға су буымен дем алдырады. Дем алысы нашарласа немесе тоқтаса «ауыздан ауызға» әдісімен қолдан дем алдыру қажет. Аммияк асқазанға енген жағдайда бір стақан суға бір шай қасық сіркесуы қосылған бірнеше стақан су ішкізіп құстыру қажет. Аммияк көзді зақымдаған кезде, мол сумен шаю қажет.Әдебиет:
1.Будагян Ф.Е. Пищевые токсикозы, токсикоинфекции и их профилактика. —М.: Медицина, 1972. —216 б. 2. Козярин И.П., Слободкин В.И. Неотложная помощь при пищевых отравлениях // Скорая и неотложная медицинская помощь. Под ред. Зозули И.С. и Чекмана И.С. —К.: Здоров'я, 2002. —С. 699—720.
3. Мельникова И.П. Оказание первой помощи при химических отравлениях. 2009 ж.
Ганюкова О.В,
анестезиолог-реаниматолог дәрігер,
Глухов Л.В,
хирург дәрігер
«Көліктің медициналық қызметі» АҚ Павлодар филиалы,
анестезиолог-реаниматолог дәрігер,
Глухов Л.В,
хирург дәрігер
«Көліктің медициналық қызметі» АҚ Павлодар филиалы,
6-09-2014, 12:29
Жарақат кезіндегі алғашқы көмек
Жарақаттар – бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененiң сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жайттардың әсерiнен ұлпалар мен органдар тұтастығы мен қызметiнiң бұзылуы.
Алғашқы көмек – зардап шеккен адамның жарақатын асқындырмай, оған әртүрлi медициналық көмек шараларын дұрыс көрсетiп, оның өмiрiн сақтап қалуға бағытталған iс-әрекет. Сондықтан да жарақаттанған адамның өмiрi мен патологиялық процестердiң одан арғы салдары көбiнесе апат болған жердегi алғашқы көмектiң көрсетiлген уақыты мен оның сапасына тығыз байланысты.Ашық зақымдалу, немесе жара, кiлегейлi қабықша мен терi жамылғысының тұтастығының бұзылуы — бұл сыртқы жара, ал iшкi жара қан кетумен сипатталады (көкiрек, құрсақ қуысы, ми сауытында).Жаралардың зақымдануына жарақаттаушы зат формасына, құрал түрлерiне қарай бiрнеше түрі бар.
Жарақаттардың түрлері:
1. Тері бүтіндігінің бұзылуы бойынша жарақаттар бөлінеді: ашық және жабық жарақаттар. Ашық жарақатқа ұлпа мен ағзалардың анатомиялық тұтастығының бұзылуы жатады: жара, сынық, күйік, буынның таюы. Жабық жарақатқа - терінің сыдырылуы, сіңірдің созылуы, бұлшық еттің жаншылуы, аяқ - қолдың буыннан шығуы, сүйектің жабық сынуы.
2. Жедел және созылмалы жарақаттар. Жедел дегеніміз ағза ұлпасында бір сәтте қатты әсер ету нәтижесінде пайда болған зақымдану. Созылмалы дегеніміз аз күштің көп мәрте және тұрақты әсерінен пайда болған зақымдану.
3. Тікелей және тікелей емес жарақаттар. Тікелей жарақаттар соққы тиген жерде пайда болады. Тікелей емес жарақаттар, ағзаның басқа жерінде пайда болған жарақаттар.
4. Қайтымды және қайтымсыз жарақаттар.
Жарақаттың себебі - механикалық факторлар (соғылу, ауыр салмақты плитаның астында қалу, биіктен құлау).- химикалық факторлар (қышқылдардың, улағыш заттардың әсері).- физикалық факторлар (ыстық, суық, қысым, электр тогының, рентген, иондаушы сәулелердің әсері).- биологиялық факторлар (бактериялардың, вирустардың, басқа макро және микроағзалардың әсері)- психикалық факторлар (қорқу, ренжу, абыржу салдарынан).
Жарақаттанушылықтың түрлері:
1) транспорттық (автокөліктік, темір, әуе, су жол көліктік),
2) өндірістік (өнеркәсіптік, ауылшаруашылық),
3) балалық,
4) тұрмыстық,
5) спорттық,
6) көшелік,
7) әскерлік,
8) жасандық (суицидтік) жарақаттанушылық.
Жергілікті белгілері: дененің зақымданған бөлігінің ауырсынуы, бозаруы, ісінуі, қан кетуі, қызметінің бұзылуы.
Жалпы белгілер: ес-түсінен айырылуы, ыстығы көтерілуі, тамырдың нашар соғуы, артериалық қысымның төмендеуі, тыныс алудың, зат алмасудың бұзылуы және т.б.
Жарақаттардың асқынуы: жарақаттық шок, талықсу; қансырау, қан кету; жара инфекциясы; өмірге маңызды мүшелердің қызметінің (жүрек, бүйрек, өкпе) бұзылуы.Әсiресе ауыр зақым алғанда, оқ тигенде есiнен танады. Зақымданған кезде миға келетiн қан күрт азаятын болса да адам ес-түсiн бiлмей қалады. Мұндай жағдайда естен тануды шок деп атайды.
Шоктың төрт дәрежесi бар.
І дәрежелi шок – орташа жарақат алған кезде болады. Мұндайда терi бозарады, кейде көгередi, бұлшық еттерi дiрiлдейдi. Тыныс алу минутына 90-100-ге қан қысымы сынап бағанасынан 100/60 мм-ге дейiн төмендейдi.
ІІ дәрежелi шок — ауыр жарақат алғанда пайда болады. Мұндай жағдайда шырышты қабаты мен терi бұзылады.Адам сүлесоқ жатады, айналасына көңiл аудармайды, жай баяу сөйлейдi. Тыныс алу минутына 30-ға, тамырының соғуы 120-ға дейiн жиiлейдi, қан қысымы, дене қызуы едәуiр төмендейдi.
ІІІ дәрежелi шок. Көп зақым немесе көп жарақат алған кезде пайда болады. Мұндайда аурудың жалпы жағдайы ауырлайды, терiсi бозарады, көгередi, есiнен танады, қойған сұраққа естiлер естiлмес жауап бередi. Тамыр соғуы минутына 120-140-қа жетедi, дене қызуы төмендейдi. Қан қысымы 60-30 мм-ге дейiн төмендейдi.
ІV дәрежелi шок кезiнде ауру есiнен танады, тамыр соғуы бiлiнбейдi, қан қысымы өте төмен болады, тыныс алуы сирек әрi үстүрт болады.Денеден қан көп кетсе немесе ағза салқындаса, шаршап қалса, тасымалдағанда қосымша зақым келтiрiп алса, тасымалдағанда көлікпен селкiлдесе, ауруын басатын дәрi берiлмесе, адам естен танады. Мұны жарақаттық шок деп атайды.Мұндай жағдайда әуелi алғашқы көмек көрсетiп алу керек. Қан ақса, тез уақытта тоқтату керек. Егер кеуде жотасы үңiрейiп тұрса, ондай жағдайда герметикалық таңғыш салады. Ал сүйек сынса, сүйек қозғалып кетпейтiндей етiп таңады, зақымданған болса, онда ыстық кофе мен шай беру керек. Жарақат қай жерде болса да, ол түрi мен ауырлығына қарай жанға батады. Ауру қатты болған сайын зақым алған адамның хал-жағдайы нашарлайды, ауруы асқынады.
Зардап шегушiнiң ауруын азайту үшiн мына тәсiлдер қолданылады:
1. Зардап шегушiнiң үстiн жауып, салқындап қалмауын қадағалау.
2. Сынғанда иммобилизация жасау (жақтау қою).
3. Зембiлге жатқызу.
4. Құрғақ, сұйық заттарды қолдану (полиэтилен қалтасына салынған мұз, қар, мұздай су) жүйке жүйелерiн механикалық тiтiркенуден қорғайды, iсiгiн және жарақаттың қабынуын азайтады.
5. Дәрi-дәрмектен амидопириндi 0,5 г., анальгиндi 0,5-1,0 г., ацетилсалицил қышқылын 0,5-1,0 г мөлшерiнде қолданған дұрыс.
6. Тасымалдағанда ауруханаға көп селкiлдетпей, ұқыпты түрде жеткiзген жөн.
Көмек көрсетушi адам жарақаттың түрiн оның ауырлығын анықтап, тыныс жолдары мен жүрек қызметiнiң бұзылғанын ескерiп жедел шара қолдана бiлу қажет. Зақымданған адам қаны тоқтамай ағып жатса, оны тоқтатып, жарасын таңа бiлу, сынған жерiне жақтауды дұрыс қойып байлау, ауруды орнынан қозғаған кезде оны дұрыс көтерiп, тасымалдай бiлу, зардап шегушiнi қауiптi аймақтан уақытында алып кету, үстiндегi киiмiн дұрыс шешiп, көлiкке отырғыза, жатқыза бiлу, жүрекке массаж жасау және қолдан дем алдыру сияқты шараларды жүзеге асыра бiлу әр адамның мiндетi, әрi парызы. Алғашқы көмектi көрсеткен кезде жараға тиетiн нәрселер – инфекция жұқтырмас үшiн асептикалық таңғыш салады. Өйткенi, бұл таңғыш жараны микробтардан қорғайды. Жараларды сумен жууға болмайды. Оны таңар алдында айналасын иодпен немесе спиртпен тазартып сүрту керек. Содан соң жараға зарарсыздандырылған таңғыш салады. Қолда бар болса дербес пакет салған дұрыс. Таңғыш үшiн мақта мен дәке қолданылады. Бинт пен мақтадан таңғыш жасалады. Оның ылғал жұтқыш қасиетi жоғары. Қан тоқтатуға арналған дәкелер антисептикалық заттармен байытылған, мұндай дәкелер қанды 2-7 минут аралығында тоқтатады.
Қолданылған әдебиеттер:
1. М.Мырзабеков. Жазатайым жарақат алсаңыз. Алматы, 1987 ж.
2.О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова. Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. "Ғасыр-Ш”, 2005 ж.
3. Шаңырақ: Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы: Қаз.Сов.энцикл. Бас ред., 1990 ж.
Асатаев С.,
ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Астана қ. бойынша филиалының
апаттар медицинасы дәрігері
Сурет http://allchallenge.ru/ сайтынан алынды
http://emer.gov.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=25196%3A2014-07-24-09-20-12&catid=70%3A2&Itemid=133&lang=kz
25-08-2014, 12:22
Артериалды гипертензия
Гипертониялық ауру немесе артериалды гипертензия — жүрек-қантамырлары жүйесінің ең кең тараған ауруларының бірі. Оның белгісі - тамыр тонусы реттелуінің бұзылуынан туған артериялық қысымның (гипертензия) көтерілуі. Гипертония ауруы көбінесе жүйке жүйесіне ұдайы күш түсуінен, психикалық зақымданудан, шамадан тыс артық тамақтанудан, жүріс-тұрыстың, жалпы қимылдың аздығынан болады. Ол әдетте 40 жастан кейін дамиды, бірақ жас кезде де кездесе береді. Гипертония ауруының бастапқы сатысында артериялық қысымның уақытша көтерілуі, оның үстіне бастың оқтын-оқтын ауруы, жүректің жиі соғуы, кейде жүрек тұсының ауруы, желке тұстан ауырлық сезінуі мүмкін. Одан әрі бас айналады, қолдың саусақтары мен аяқ бақайлары ұйып, баста қан тасу сезімі, көз алдында «шіркейлердің ұшып жүруі» байқалғандай болады. Науқас тез шаршайды, ұйқысы бұзылады. Артериалды қысымның уақытша көтерілуі : 130/85 ммсынбағ, 139/89 мм сынап бағанасы бойынша болса, одан жоғары көтерілсе және ұзақ уақыт түспесе жүрекке және ми, бүйрек, көз қантамырларына салмақ түсіріп артериялық гипертония ауруына әкеп соғады.Гипертония ауруы артериялық қан қысымының көрсеткіші және адамның жай-күйіне байланысты 3 сатыға бөлінеді. Алдымен уақытша көтерілу - 130/85 ммсынбағ – 139/89 ммсынбағ аралығында бағаланады.I – саты: Артериялық қан қысымы сынап бағанасы бойынша 140/90 – 159/99 ммсынбағ аралығында болуы. Адамның ұйқысы бұзылып , шаршау, жүрек қағу, мазасыздық пайда болады. Бұл жағдайлар дұрыс дем алып , тыныштандыратын дәрілерден кейін қалпына түседі.ІІ – саты : Артериялық қан қысымы 160/100 – 179/109 ммсынбағ аралығында және бас ауру, жүрек айну, жүрек шаншу, бас айналуы мүмкін. Мазасыздық, шаршау, ұйқы бұзылу арта түседі. Бұл жағдайда жүрек, ми қан тамырларында өзгерістер пайда болады және қан қысымын төмендететін дәрілер қабылданған соң қалпына келгенімен, тұрақты бір көрсеткіште тұрмайды.ІІІ – саты: Артериялық қан қысымы 180/110 ммсынбағ - дан бастап және одан жоғары көрсеткіште үнемі болатын жоғарғы қан қысымынан жүрек бұлшық еттері мен қан тамырлары қабырғаларында болған қауіпті өзгерістерге (атеросклероз) байланысты ауытқулар болуы мүмкін. Олар: инсульт (ми қан тамырларының зақымдануы), миокард инфарктісі (жүрек қан тамырларының зақымдануы), бүйрек жұмысының жеткіліксіздігі (бүйрек қан тамырдарының зақымдануы), соқырлық (көз қан тамырларының зақымдануы).
Гипертония ауруының қауіптілігі көптеген адамдар өз қан қысымының жоғары екенін білмегендігінде. Сондықтан бір рет қан қысымы көтерілген болса, туыстарында қан қысымы жоғары ауруы болса, жасы 35 - тен асса және артық салмақ болған жағдайда, қант диабетімен ауыратын болса, климакс уақыты болса, темекі шегетін, ішімдік пайдаланатын әдет болса, жүйке жүйесіне артық салмақ түссе және ішкі жай – күйінде жайсыздық болса, осы жағдайлардың бірі байқалса дәрігерге көрініп, қан қысымды өлшету керек.
Жалпы 18 жастан 30 жасқа дейін қан қысымын жылына бір рет, 30-дан 45 жасқа дейін жылына екі-үш рет, 50 жастан кейін – қан қысымы жоғары ма, жоқ па, оған қарамастан әр ай сайын өлшетіп тұру керек. Ауруды уақытында анықтау, дер кезінде емдеу аурудың асқынуынан сақтайды. Гипертония ауруынан адам бір жолата жазылып кету өте қиынға соғады, тек өмір сүру бағытын өзгерту және үнемі дәрігердің белгілеуі бойынша дәрі қабылдап отыру арқылы ғана қан қысымын бір мөлшерде ұстауға аурудың асқынуынан сақтануға болады. Сондықтан ең бастысы аурудың алдын алу, ол үшін: темекі шегу, ішімдікке салыну сияқты зиянды әдеттерден аулақ болу.
Біздің дастарханымыздағы майлы, ащы, тұзды тағамдардың молдығы шектен тыс семіруге соқтырып қоймай, тамырларымыздың серпінді қызметіне де кері әсерін тигізеді, қан айналымы бұзылады. Әсіресе, гипертензия кезінде ас тұзының мәселесі өте күрделі, мұндай жағдайда ас тұзын дастарханымыздан алып тастау ең бірінші қажеттілік болып табылады. Бірақ басқа сау адамдар да жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу үшін осы қағиданы ұмытпағандары абзал, ал тұзды тағамдарды тек мерекелік дастарханға қойсақ жеткілікті. Адам ағзасындағы тұздың көп болуы бүйрек жұмысына кері әсерін тигізіп, ағзадағы сұйықтықтың сыртқа шығуына кедергі келтіреді, осылайша тамырларымыз бен жүрегімізге артық салмақ салады.Артық дене салмағы да зиян екенін естен шығармаған жөн.
Салмақтың азаюы тек қана артериялық қан қысымын төмендетіп қоймайды, холестерин мөлшерін азайтады және қан тамырларында атеросклероздық өзгерістерді төмендетеді. Мысалы: артық салмақты 5 кг – ға азайтса қан қысымы 5,4/2,4 ммсынбағ-на төмендейді. Сондықтан дене салмағын күнде таңертең өлшеп тұрған артық болмайды. Артық салмақ Кетле индексі бойынша есептеледі. Егер 25 тен жоғары болса артық салмақ, ал 30 дан жоғары болса семіру деп есептеледі. Сонымен бірге, жүрек-қан тамырлары жүйесіне тікелей әсер ететін тағамдар да кездеседі. Сондықтан күнделікті тамақтан қантты, тәттілерді, ұн – нан тағамдарын , малдың майын, сары май, майлы етті, қою шай, кофені, қою сорпаны шектеу қажет. Күніне 3 -4 рет тамақтану қажет. Соңғы тамақ ұйқының алдында 2 -3 сағат бұрын, ал ертеңгі тамақ пен кешкі тамақтың арасы 10 сағаттан артық болмауы керек. Тамаққа ас тұзы аз мөлшерде қосылуы керек. Әр адамға күніне 3,5 – 5г ( 1 шай қасық ) тұз жеткілікті.
Майлы ет тағамдарын өсімдік - көкөніс тағамдарына алмастыру қажет. Күніне бес дана көкөніс өнімдерін жеу шетелдерде жақсы көрсеткіштер берген. Жүрек қан тамырларына қажетті калий – магний тұздары бүтін піскен картопта, фасольде, бұршақ, өрік – мейіз, қара өрікте, сұлыда, қызыл қызылшада, қарақатта, сәбіз, асқабақ, алмұрт, апельсинде, тауық етінде, балықта көбірек болады.Қан қысымын түсіруде алманың да пайдасы бар, қышқыл сорты диабет пен семіздікке, ал тәтті түрлері бүйректегі тасты түсіруге көмектеседі. Дәрігерлер күніне екі рет банан жеген қан қысымын төмендетіп, инсульттің дамуына кедергі болады дегенді айтады. Сондай-ақ күніне тек банан ғана жесеңіз, артық салмақтан арылуға да болады. Лимонды кесіп алып, шайға салып, ішіп жүрсе, қан жүрісі реттеледі, қан қысымының көтерілуі бәсеңдейді. Лимонмен шай ішкен адамның жүйкесі бірқалыпты болады. Сүт және майсыздандырылған сүт өнімдерінің де маңызы зор. Адам ағзасына сүт, айран, ірімшік, құрттың шипалық әсері күшті. Гипертонияға шалдыққандар күніне екі рет тамақ ішкеннен кейін жарты сағат өткенде бір стақан айранды асықпай, баптап ішетін болса, бірнеше күннен кейін қан қысымы төмендеп, өзін жақсы сезінетін болады.Салауатты тамақтану, дене шынықтыру жаттығулары, таза ауда серуендеу, күніне 40 мин жаяу жүру, еңбек және дем алу тәртібін сақтау, әр кезде артериялық қан қысымын өлшетіп тұру және алкогольдік ішімдіктерді пайдалану, темекі шегу сияқты зиянды әдеттерден бас тарту – артериалды гипертонияның алдын алудың басты тәсілдері.
Айсұлу Жақсылыққызы ҚАПАШ,
"Қазалы темір жол ауруханасы” –
"Апаттар медицинасы темір жол госпитальдары” АҚ Қазалы филиалы,
аймақтық терапевт дәрігері,
Әйтеке би кенті,
Қазалы ауданы
"Қазалы темір жол ауруханасы” –
"Апаттар медицинасы темір жол госпитальдары” АҚ Қазалы филиалы,
аймақтық терапевт дәрігері,
Әйтеке би кенті,
Қазалы ауданы
http://med-kz.ucoz.com/publ/d_riger_ma_alalary/arterialdy_gipertenzija/2-1-0-235
23-08-2014, 12:20
Төтенше жағдай ошағындағы зақымданушыларға және зардап шеккендерге қолданылатын реанимациялық шаралар
Жасанды дем алдыруЖасанды дем алдыру зардап шегуші дем алмайтын немесе нашар (сирек, терең, өксігендей етіп) дем алатын кезде, сондай-ақ оның дем алуы: электр тоғымен зақымдануына, улануына, батуына байланыстылығына қарамастан үнемі нашарлаған болса жасалады.
Жасанды дем алдырудың ең тиімді тәсілі болып «ауыздан ауызға» немесе «ауыздан мұрынға» тәсілі табылады, себебі мұнда зардап шегушінің өкпесіне жеткілікті ауа көлемінің түсуі қамтамасыз етіледі. Ауаны үрлеуді дәке, орамал, «ауа үрлегіш» - арнайы құрылғысы арқылы жүргізуге болады.Жасанды дем алдыруды жүргізу үшін зардап шегушіні арқасына жатқызады, дем алуына кедергі жасайтын киімді шешеді.
Сонымен қатар ауыз қуысында тыс (құсық массасы, орнынан шығып кеткен жасанды тістер, егер адам суға батқан болса құм, лай, шөп) болуы мүмкін, оларды орамалмен (матамен) немесе дәкемен оралған саусақпен алып тасталады. Осыдан кейін көмек көрсетуші зардап шегушінің басының жанына орналасады, бір қолын зардап шеккеннің мойынының астына салады, екінші қолының алақанымен барынша басын артқа итере отырып, оның маңдайын басады. Мұндай кезде тілдің түбі көтеріледі және көмейге ауаның кіруіне жол ашылады, ал зардап шегушінің аузы ашылады. Көмек көрсетуші зардап шегушінің бетіне еңкейеді, ашық аузымен терең дем алып, зардап шегушінің ашық аузын толығымен мықтап жабады, ауызға ауаны күшпен үрлеу арқылы бір мезгілде зардап шегушінің мұрнын маңдайдағы қолдың саусақтарымен немесе бетпен жаба отырып, жігерлі түрде дем шығарады. Міндетті түрде зардап шегушінің көтерілетін кеуде қуысын бақылайды. Кеуде қуысы көтерілген кезде ауа жіберу тоқтатылады, көмек көрсетуші бетін басқа жаққа бұрады, зардап шегуші жігерлі түрде дем шығарады.
Егер зардап шегушінің тамыры жақсы соқса және бірнеше қолмен дем алдыру қажет болса, онда қолмен дем алу арасындағы аралық 5 с (минутына 12 дем алу циклі).
Кеңейтілген кеуде қуысынан басқа қолмен дем алдырудың тиімділігінің жақсы көрсеткіші болып тері қабаты мен шырыштың қызғылттануын, сондай-ақ науқастың ессіз күйден шығу мен оның өздігінен тыныс алуы табылады.
Жасанды дем алдыруды жасау кезінде көмек көрсетуші ауаның зардап шегушінің асқазанына түспеуін қадағалайды. Ауа асқазанға түскен кезде, бұған себеп ретінде іштің «төс шеміршегі асты» кебуі дәлел болатын жағдайда алақанмен ақырын ғана кеуде мен кіндік арасындағы ішін басады. . Егер зардап шегушінің жақтары мықты жабылған болса және ауызы ашылмаса ауызды толық жауып отырып, «ауыздан мұрынға» дем алдыруды жасайды.
Кішкентай балаларға ауаны өзінің аузымен бір мезгілде баланың аузы мен мұрнын қоса жауып отырып, үрлейді. Бала қаншалықты кішкентай болса, оған соншалықты дем алу үшін аз ауа қажет және үлкен адаммен салыстырғанда үрлеуді (минутына 15-18 дейін) соншалықты жиілетеді. Сондықтан зардап шегушінің тыныс алу жолдарын зақымдап алмау үшін үрлеу толық емес және барынша баяу болады.
Қолмен дем алдыруды зардап шегушінің жеткілікті терең және өзіндік ритмді тыныс алуын қалпына келтіргеннен кейін тоқтатады.
Жүрек сыртына массаж жасау
Зардап шегушінің тек тыныс алуы ғана емес, сонымен қатар жүрек қан тамырлары арқылы қан айналымын қамтамасыз етпеген кезде оның қан айналымы да тоқтауы мүмкін. Мұндай жағдайда көмек көрсету кезінде бір ғана қолмен дем алдыру жеткіліксіз болады. Себебі оттегі өкпеден қан арқылы басқа мүшелер мен ұлпаларға өтпейді, қан айналымын жасанды түрде қалпына келтіреді.
Егер төс сүйекті басса, жүрек көкірек қуысы мен омыртқа ортасында қысылады да оның қуысынан қан тамырларға сығылады. Бұл жасанды түрде қан айналымын қалыпқа келтіретін жүрек сыртына (тікелей, жабық түрде емес) массаж жасау деп аталады. Осылайша қолмен дем алдыруды жүрек сыртына массаж жасаумен үйлестіру кезінде тыныс алу, қан айналу қызметтері жасанды түрде жүргізіледі.Осы шаралардың жиынтығы реанимация (яғни ағзаны тірілту) деп, ал шараларды – реанимациялық деп атайды.
Реанимациялық шараларды жүргізу қажеттілігінің көрсеткіші мынадай белгілер: тері қабатының бозыңқырауы немесе көгеруі, есін жоғалту, ұйқы күре тамырының соқпауы, демалуының тоқтауы немесе терең дұрыс дем алмауы тән болып жүрек қызметінің тоқтауы табылады. Жүрек тоқтаған кезде бір секундты да кетірмей зардап шеккенді тегіс қатты жерге: орындықтың, еденнің, болмаған жағдайда арқасына (иығы мен мойынының астына жұмсақ жастық қоюға рұқсат етілмейді) тақтай қойып жатқызады.
Егер көмекті бір адам көрсетіп жатса, ол зардап шеккеннің жанына орналасады және еңкейіп екі рет жігерлі түрде («ауыздан ауызға» немесе «ауыздан мұрынға» тәсілі бойынша) үрлейді, содан кейін кеудесін көтеріп, зардап шеккеннің жанында отырып, төс сүйегінің төменгі жағына саусақтарын көтере бір қолының алақанын қояды. Екінші қолының алақанын бірінші алақанының үстіне көлденең немесе жанына қойып, денесімен ырғағымен септігін тигізе отырып, басады. Басу кезінде қолдың шынтағы бүгілмейді.
Басуды жылдам төс сүйекті 4-5 см итере отырып, басу ұзақтығы 0,5 с аспайтындай, бөлек басу арасындағы ұзақтық 0,5 с кезде жүргізіледі. Үзіліс жасаған кезде қолды төс сүйектен алмайды, саусақтары түзу қалпында болып, қолдың шынтақтары бүгілмейді.
Егер тірілтуді бір адам жүргізсе, әр екі үрлеуге ол 5 рет төс сүйекті басады. 1 минут ішінде кемінде 60 рет төс сүйекті басу және 12 үрлеу, яғни 72 іс-әрекет жасалады. Сондықтан реанимациялық шаралардың шапшаңдығы жоғары болады. Реанимацияны жүргізуге екі адам қатысқан жағдайда «дем алдыру мен массаж» қатынасы 1:5 құрайды.
Егер реанимациялық шаралар дұрыс жүргізілсе тері қабаты қызғылттанып, қарашықтары жіңішкереді, өздігінен дем алу қалпына келеді. Егер массаж жасау кезінде басқа адам ұйқы күре тамырының соғуын бақыласа онда ол анық сезіледі. Жүректің қызметі қалпына келтірілгеннен және тамырдың соғуы анық сезілгеннен кейін, жүрек сыртына массаж жасауды дер кезінде тоқтатады, зардап шегуші нашар дем алған кезінде қолдан дем алдырудың қалыпты және қолмен дем алдыруы сәйкес келетіндей етіп жалғастырылады. Сондай-ақ, қалыпты өздігінен дем алу қалпына келтірілген кезде қолмен дем алдыруды тоқтатады. Жасанды дем алдыру мен жүрек сыртына массаж жасаудың тиімділігі болмаған кезде, (тері қабаты көгерген-күлгін түсті болса) қарашықтар жалпақ, массаж жасау кезінде тамырдың соғуы сезілмесе реанимациялық шараларды жүргізуді 30 минуттан кейін тоқтатады.
12 жасқа дейінгі балаларға жүргізілетін реанимациялық шаралардың өзіндік ерекшеліктері бар. Бір жастан он екі жасқа дейінгі балаларға жүрек сыртынан массаж жасау бір қолмен және жасына қарай минутына 70-100 дейін төс сүйегін басу, бір жасқа дейінгі балардың көкірек ортасын екі (екінші және үшінші) саусақпен минутына 100-120 басу арқылы жүргізіледі. Үрлеу көлемін баланың жасына байланысты жүргізеді. Жаңа туылған балаға үлкен адамның ауыз қуысындағы ауа көлемі жеткілікті болады.
http://www.kazaksha-referat.kz/load/kazaksha_referattar_tegin/apat_medicinasy/t_tenshe_zha_daj_osha_ynda_y_za_ymdanushylar_a_zh_ne_zardap_shekkenderge_oldanylatyn_reanimacijaly_sharalar/5-1-0-145
Сурет massaget.kz сайтынан алынды
Сурет massaget.kz сайтынан алынды
12-08-2014, 10:19
Төтенше жағдайлардағы психологиялық аспектілер
Төтенше жағдайға тап болған адамның одан аман-есен шығуы сирек. Кейбіреулер өмірмен мәңгілікке қоштасады, кейбіреулер ауыр жарақат алады және мертігеді, ал кейбіреулері бірінші көргенде білінбейтін бірақ ауруы асқынып, тез жазыла қоймайтын дертке шалдығады. Ол адамзаттың психикасы мен санасының жарақаттануы. Бұл адам неғұрлым қорқынышты жағдайды басынан өткізсе, солғұрлым күрделі бола түседі.Төтенше жағдайдың алғашқы минутінде адамды сан алуан түрлі үрей билейді.
Үрей - бұл адамдардың биологиялық және әлеуметтік аман-саулығына қауіп төнгенде пайда болатын эмоция, уайым.
Өміріне қауіп төнгенде тұлғаның психикасына әсер ететін ауыртпашылықтың әр адамда өз диапозоны және жұмыс істеуге қабілеттілік шегі бар. Қауіптің бірінші белгілері біліне бастағанда, алдымен адам абыржиды, не болып жатқанын түсінбейді. Осы қысқа мерзімде психикасы қалыпты адамда белсенділіктің жоғарылауын байқауға болады: қозғалысы ширақ, үнемді, бұлшық еттің күші артады, бұлар қауіпсіз жерге ауыстыруға мүмкіндік тудырады.
Үрейдің күрделі түрде пайда болуында, мынандай психикалық жағдайлар орын алады: тағатсыздану, сіресіп қалу, сананың бұлыңғыр күйі, бұларда ең айқын көрінетіні адамның қозғалысының бұзылуы.
Сасқалақтап, абыржушылық. Мұндай жағдайда адамның қашып кеткісі келіп тұрады. Мұндай кезде мақсатсыз, жөн-жосықсыз ары-бері жүру, көптеген орынсыз қозғалыстар байқалады, олар дұрыс шешім қабылдап және қауіпсіз орынға көшіруге кедергі жасайды. Кей кезде байбалам салып қашу көрініс береді. Айналадағылардың ұстамдылығы төмендеп, уақыт өтпей жатқан сияқты сезім пайда болады.
Тағатсыздану, әбігерлену симптомы: бозарады, жүрек қағысы жиілейді, ентігіп дем алады, терлейді, қолы дірілдейді, сөйлеу қабілеті бұзылады, оның қарқыны жылдам болады және мүдіреді т.б.
Сирек те болса, сіресіп қалу кездеседі. Оның болу себебі бұлшық етінің тырысып тартылуы, бірден қан айналымының нашарлауы және осыған байланысты қозғалыс үйлесімділігінің бұзылуы.
Сіресіп қалу симптомы: сыртқы реакция-мелшиіп қалу, жалпы қимылсыздық, не болмаса есінен тану. Адам қоршаған ортаны сезбейді, "кішірейіп" кеткісі келіп, бір орында тұрып қалады, эмбриональды қалыпта тұрып, жүресінен отырады да, басын қолымен жауып алады. Үзік-үзік екпінсіз сөйлейді. Есте сақтау қабілетінің бұзылғаны байқалады.
Сананың көмескіленуі (аффект): адамның миына қан келу бұзылады, қыртыстар клеткасына қажетті ауа жетпейді, есте сақтау қабілетін жоғалтады, оның іс-әрекеті қорқыныштың басталған кезіне қарағанда мақсатсыз, мағынасыз, санаға симайтындай болады. Мұндай жағдайдағы адамдарды ойлауға қабілетсіз және істеген ісіне жауап бермейді деп санайды.
Осындай жағдайға тап болғанда тек қорқыныш, үрей ғана негізі рөл атқармайды, сонымен қатар, адамның психологиялық жетілмегені, өзімшілігі, байбалам салғыштығы, ызақорлығы да рөл атқарады. Психология жағынан бұл есте сақтау қабілетінен айрылу, ойлану, қызбалықта көрініс табады.
Көмескі жағдайдың симптомы: сырттан қарағанда ессіздік ұстама сияқты, жөнге келмейтін агрессия. Адамның бет әлпеті сұстанып, тұрпаты қорқыныш тудыратын кейіпте, аяғы ыңырсуға айналып кететін айқай. Мәнсіз, бей-берекет қозғалыс, ары-бері жүгіріс, кей кезде қауіпті жаққа қарай жүгіру.
Әдетте, дүрбелеңнің индукаторы, айқын қозғалатын қабілеті бар, айқайлаудың гипноздық күші бар, өзінің іс-әрекетіне сенімсіздікпен қарайтын адамдар. Төтенше жағдайларда осындай адамдар өзінің соңынан топты ертіп кетіп, бассыздықтың себепшісі болып, адамдардың өзіне-өзі және өзгелерге көмектесу мүмкіншілігінен айырып, мінез-құлықтың қалыпты нормасын сақтауға кедергі жасайды. Иланғыштық қасиеті жоғары, долы, өзімшілдігімен, ызақорлығымен ерекшеленетін тұлғалар дүрбелең салғыш болып келеді.
Төтенше жағдайлардағы адамдардың реакциясы жеке ерекшелігімен, дәлірек айтқанда қызбалығымен анықталады (қызбалардың негізгі түрлері -сангвиникалық, флегматикалық, холерик және меланхолик).
Холерик - сөз жеткісіз жылдам. Өзінің белсенділігі мен күш-қуатының көптігінен ол айналасындағыларды өздерін-өздері құтқаруда ұйымдастырушы, басшы болуы мүмкін, сонымен қатар, өзін және оның артынан ергендерді өлімге бастайтын дүрбелең туғызуы да ықтимал.
Меланхолик - ұялшақ, көңілшек, әсерленгіш адам. Қоздыру және тежеу барысы кезінде кез-келген адамның, тіпті онша ашуланбайтын адамның болса да жетегіне еретін адам. Меланхолик төтенше жағдайларда дүрбелеңді бастаушы болып табылады.
Сангвиник қауіпті жағдайларда бірден жинақыланып, ширап кетеді, батыл әрекет жасайды, бірақ энергиясының көптігінен және шешімді жылдам қабылдау себебінен іс-әрекеттің қате әдіс-амалын таңдап алуы мүмкін.
Флегматик те байсалды, жинақылыққа бейім, бірақ сангвиниктен өзгешелігі ойланып барып әрекет жасайды және бір шешімді қабылдау үшін оған белгілі бір уақыт керек.
Төтенше жағдайда адамның мінез-құлқына оның жасының да үлкен әсері бар. Бақытқа қарай, балалар мұндай жағдайда әлдеқайда орнықты, себебі олардың мұндай ақпарат жөнінде хабары жоқ, өмірлік тәжірибесі аз және жағдайдың өршуін болжай алмайды. Ал үлкен адамдарды ереже бойынша, зілзаланың, бақытсыз жағдайдың алдында қорқыныш билейді, себебі ол тек болған жағдайды талдап қана қоймайды, оны есінде сақтап қалады, сонымен қатар оның қалай өрістейтінін болжайды. Оны өзінің психикасында "ширатады" деп аталады.
Психогендік реакцияға адамның мамандығының да тигізер зор әсері бар. Адам күнде төтенше жағдайлармен кездесіп отыратын мамандықтар да бар (әскерлер, өрт сөндіргіштер, құтқарушылар, геологтар, полиция қызметкерлері, жедел жәрдем көрсету дәрігерлері, айрықша-спортсмендер және т.б.). Мұндай адамдардың психикасы күнде шынығады. Жұмысты тыныш, бірқалыпты жағдай шегінен шықпай істейтін мамандықтармен салыстырғанда (әкімдер, әртістер, сатушылар, суретшілер және т.б.) олар төтенше жағдайларға шыдамды.
«Республикалық ТЖ және АҚ саласындағы басшылық
құрамның бiлiктiлiгiн арттыру курстары» РМҚК
құрамның бiлiктiлiгiн арттыру курстары» РМҚК
http://www.kazaksha-referat.kz/load/kazaksha_referattar_tegin/apat_medicinasy/t_tenshe_zha_dajlarda_y_psikhologijaly_aspektiler/5-1-0-139
Сурет www.vkogps.kz сайтынан алынды
Сурет www.vkogps.kz сайтынан алынды
11-08-2014, 10:13
Тарихы бай, заманға сай мекеме
Екі аяқты пенденің Жаратушыдан кейінгі жақыны да, сүйенері де – дәрігер. Басы ауырса, балтыры сыздаса, бүйрегі бүлк, жүрегі зырқ етсе ақ желеңді абзал жандардың көмегіне жүгінеді. Ежелден келе жатқан тәмсіл бар: «дәрігер – адам жанының арашашысы» деген. Рас сөз.Бүгінде мемлекет медицина саласына молынан көңіл бөліп отыр. Ауруханалар мен емханаларды жаңа да заманауи, сапалы техникамен қамтамасыз етіп жатыр. Адам денсаулығы үшін, дәрігерлердің дер шағында көмек беру мақсатында жағдай жасалған. Сөзіміздің дәлелі ретінде айтайық, Қызылорданың Қазалы теміржол ауруханасында адамның ішкі құрылысынан бастап басына дейін тексеретін томографтар бар екен. Алыстағы ауданда орналасқан ауруханаға осындай жағдай жасалуының өзінен бар сырды аңғаруға болатын шығар. Осы бір жаңалықты естігесін атбасын аталған ауруханаға қарай бұрған едік.
Бұл аурухананың тарихы XX ғасырдың басынан бастау алады. 1905 жылы Орынбор теміржол бөлімінің құрылуына байланысты Қазалы уезінде тұңғыш теміржол ауруханасы ашылады. Ал бір жыл бұрын Қазалы уезінде фельдшерлік-акушерлік амбулатория ашылған екен. Сол фельдшерлік-акушерлік амбулаторияның ізімен ашылған ауруханада алғашында 3 дәрігер қызмет көрсеткен. 5 адамды қабылдайтын орны болған. 1917 жылы аурухана 40 орынға кеңейтіліпті. Одан кейінгі ел тарихындағы ұмытылмас кезең – Ұлы Отан соғысы жылдарында теміржол ауруханасы әскери госпитальға айналып әскери науқастарды қабылдапты. Қысқасы, аурухана заман талабына сай дамып, өзгеріп, кеңейіп отырған. Бүгінде арғы беті Арал, бергі жағы Қармақшы ауданының адамдары осында емделеді десек, артық айтпағандық еді. Бүгінде онда жалпы саны 294 адам қызмет жасайды.
Жалпы, ел көлемінде денсаулық сақтау саласы кейінгі жылдары жаппай жаңаша жабдықталғаны белгілі. Осындай заманауи жабдықталудан теміржол ауруханасы да шет қалмаған. Аурухана басшысы Құбыл Ршымбетов емдеу мекемесін заманауи құралдармен жабдықтау шарасы жылма-жыл жүзеге асырылып келе жатқандығын айтады. Бұл орайда, аурухана 35-49 жас аралығындағы әйелдердің сүт безі ауруларының алдын алу мақсатындағы Италияда шығарылған «Melodv» маркалы мамограф аппаратымен, жүктіліктің 20 аптасынан бастап шарананың түрлі жұқпалы аурулары мен кемістіктерін, сондай-ақ, ересектер арасындағы жұқпалы ауруларды анықтайтын ИФА аппараты, бас, ми қабатының жабық және ашық жарақаттарынан кейінгі өзгерістерін, қысымының жоғарылауын белгілейтін «Nicolet Companion» маркалы ультрадыбысты доплерограф аппараты, жапондық сандық УЗИ, гастрофиброскоп, плазмафарез, Ресейде жасалған заманауи үлгідегі электрокардиограф аппараттары, Қытайда жасалған автоматты гемотологиялық сараптама, жартылай автоматты биохимиялық сараптама, т.б. жабдықтармен қамтамасыз етілген. Қ.Ршымбетов «жаңа тұрпатты жабдықтармен жұмыс істеу үшін мамандар білімін жетілдіріп, сертификат алған. Олардың барлығы халыққа қызмет жасап жатыр» дейді.
Қазалы теміржол ауруханасының акциясы толықтай Төтенше жағдайлар министрлігіне тиесілі екен. Көптеген жандар маңдай тірейтін бірден-бір емдеу орны Үкімет қаулысымен «тегін медициналық көмектің кепілдік берген көлемі» шеңберінде халыққа қалтқысыз қызмет жасауда. Ауруханаға қарасты емханада, ақылы бөлімшеде сапалы ем беріледі. Өз ішінен дәрі дайындайтын дәріхананың болуы да басты ерекшелігінің бірі. Мұндағы хирургия, терапия, гинекология, неврология, педиатрия бөлімшелерін тәжірибелі мамандар басқарады.
Сондай-ақ, физикалық емдеу кабинеті, қатты толқынды терапия, қол, мойын массаж құрылғысы, самырсын (кедр) саунасы, тұзды емдік ваннаның әлденеше түрі, суда көпіршік арқылы емдеу, Су-Джок терапиясы көпшіліктің көкейінен табылуда. Жансақтау бөлімшесі орталықтандырылған оттегі беру жүйесімен, барокамера, инфузиялық шприц, сорғы аппараттары, басқа да озық технологиялармен жасақталған. Алдағы уақытта олардың қатарын тағы да қосымша құралдармен толықтыру межеленуде. Ауруханадағы параклиникалық бөлімшелерде клиника-диагностикалық, бактериологиялық, биохимиялық, иммунды-ферментті зертханалар орналасқан. Компьютерлік томография облыс орталығынан жырақтағы аудан үшін өте маңызды десек жаңылмаймыз.
Аудан бойынша 20 мыңнан астам тұрғын теміржол ауруханасының есебіне алынған. Онда тәулігіне 350 адам қабылдаудан өткізіледі. Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен скринингтік тексеру тегін жүргізілуде. Оның маңыздылығы баршаға мәлім. Аурудың бастапқы кезеңін дер кезінде анықтауға, асқындырмауға, жүйелі ем қабылдауға мүмкіндік туындатады. Жүйе, әсіресе, Еуропада оң нәтижеге жетіпті. Тексерудің бұл түрі жүрек-қан тамыры, жыныстық аурулар, сүт безі қатерлі ісігі, суқараңғылық, «В», «С» вирустік гепатит тәрізді зардабы мол кеселдердің жолын кесуге бағытталған. Қазір скринингтік тексеру ауданда кеңінен етек алуда. Кінәраты нақты-ланғандар арнайы тіркеліп, ем-домын қабылдауда.
Бүгінгі таңда жұртшылықтың қалаған емдеу мекемесін таңдауға құқығы бар. Мұның өзі бәсекелестік ортаны қалыптастыратыны даусыз. Теміржол ауруханасының материалдық жабдықталуы көңіл қуантады. Біздегі деректе денсаулық сақтау департаменті конкурс арқылы аудан тұрғындарына «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі» шеңберінде көмек көрсету, ем алуына жергілікті, республикалық бюджеттен қаржы бөлінгені жазылыпты. Үлкен жетістік. Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті де мұқият зерделеп, жоғары бағалапты. Нәтижесінде мамандандырылған көмек саласы бойынша қаржы қаралуы бірауыздан мақұлданыпты. Осындай қадам ұжымның сенімін нығайтуда. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасымен жігерленген аурухананың тізгінін ұстағандар қоғамның құнды байлығы – дені сау адам екенін қашанда жадынан шығармайды. Сол тұрғыда қызмет аясы жандандырыла түсуде.
– Жамбас ұршығына гемипротез орнату сынды ауыр операция еліміз бойынша санаулы жерде ғана қолға алынған. Мұның өзінен теміржол ауруханасының деңгейі қаншалықты биік екендігін саралауға болады. Оған қоса, денені кеспей эндоскопия аппаратымен ота жасалады. 2012 жылдың күзінен бастап іске қосылған компьютерлік томографиямен бірсыпыра сырқаттардың диагнозы анықталды. Облыста компьютерлік томографияны біздің аурухана ғана сатып алғанын айту ләзім. Кадр даярлау да күн тәртібінен түспейді. Бұған дейін аурухананың қаржысы есебінен жоғары оқу орнын бітірген 3 дәрігер еңбекке орналасқан еді. Биыл тағы да 2 маман келмекші. Сондай-ақ, тұрмысы төмен отбасының перзенті Ақтөбе медициналық академиясында білім алып жатыр. Бәрінің қызмет орны дайын тұр. Бүйрегі істен шығып, алмастыруды күтіп отырған Арал, Қазалы, Байқоңырдың тұрғындары біздің ауруханадағы германиялық аппараттан тұрақты ем қабылдады, – дейді Құбыл Ршымбетов. Сондай-ақ, аурухана тарапынан «Дипломмен – ауылға!» барған мамандарға аға буын дәрігерлер тарапынан кеңес беру, медициналық кеңестерге, конференция, семинарларға қатыстыру, білімін жетілдіру мақсатында курстарға жіберу шаралары жасалатындығы айтылды. Шындығында да, емдеу ісінен тәжірибесі жоқ, мүмкін теориялық білімі де тиісті деңгейде емес жас маманға халық денсаулығына қатысты үлкен жауапкершілікті жүктей отырып қарастырылатын шара емес пе?
Ең бастысы, шалғайда жатқан ағайын компьютерлік томография арқылы ішкі ағзадағы дертті анықтау үшін облыс орталығына сабылмайды. Сәулелі диагностиканың жетілген түрі осы ауруханада бар екенін айттық. Осы аппарат арқылы диагнозды уақтылы қойып, медициналық орталықтан нейрохирург шақырып, инсульт алған адамдарға операция жасалған. Алдымен қалаға сабылып, одан тыңғылықты тексеруден өтіп, сонан соң ғана ота жасалатынын ескерсек, онда аурухана қызметкерлері бірнеше адамның өмірін ажалдан аман алып қалғанын сеземіз.
Аурухананың ақылы бөлімі де жолға қойылған. Теміржол саласындағы мекемелер арнайы келісімшартқа отырып, аурухананың қызметіне жүгінуі сөзіміздің дәлелі. Яғни, мекеменің қаражатымен науқастанған жұмысшы-қызметкерлерге жолдама беріледі. Сонымен қатар, жекелеген тұлғалар да өз қалтасынан профилактика мақсатында емделуге болады. Бұл бөлімге де озық үлгідегі аппараттар қойылған. Қазалы теміржол ауруханасы жұртшылықтың талғамынан табылып жүрген іргелі мекеме. Нарықтың сынағынан сүрінбей қалыптасуына бас дәрігердің сіңірген еңбегі ерекше. Шалғай ауданға соңғы үлгідегі аппараттарды алдыртып, қабырғалы қауымның игілігіне жарату оңай емес. Талмай ізденетін басшы өзгелерден де соны талап етеді. Ауруханадағы дәрігерлердің басым бөлігі бірінші санатты болуы сөзіміздің дәлелі.
«Нағыз дәрігер үшін сырқаттың шынайы ризашылығынан асқан бақыт болмайды», дейді Қазалы теміржол ауруханасының бас дәрігері Құбыл Ршымбетов. Ел ағасы жасындағы басшының өңінен парасаттылықтың лебі еседі. Байыпты мінезді, нағыз істің адамы тәрізді. Әрбір сөзін балғамен соққандай нық айтуынан темірдей тәртіптің иесі екені білінеді. Ал тәртіп бар жерде – жұмыс та нәтижелі болмақ.
9-08-2014, 12:24
ҰЖЫМДАҒЫ БАСТЫ БАҒЫТ - МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫН АРТТЫРУ
Медициналық көмектің сапасы денсаулық сақтау мекемелерінде өзекті мәселелердің бірі болып есептеледі. Еліміздегі денсаулық сақтау саласының сапасын басқару жағдайы мемлекет басшысының жіті назарында екені белгілі. Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында адами әлеуеттің деңгейін көтерудегі маңызды бағыттардың бірі - медициналық қызметтің сапасы мен оның қолжетімділігін арттыру, саламатты өмір салтын насихаттау екенін атап өткен болатын. Ол денсаулық сақтау жүйесінің сапалы деңгейде дамып келе жатқанын тілге тиек етті, сондай-ақ қазіргі таңда адамдардың «жоғары деңгейде медициналық қызмет көрсететін жерлерді таңдайтынын» баса айтты.Аталған талаптар стандарттарға сай аккредиттеуден өткен медициналық ұйымдарға да қатысты екені анық. Медициналық қызмет көрсету сапасының Президенттің жіті назарында отырғанының тағы бір дәлелі - мұның «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауынан көрініс табуы. Денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесін ұзақ мерзімді жанғырту аясында елдің барлық аумағында медициналық қызметтің сапасын жақсарту үшін бірыңғай стандарттарының енгізу, медицина мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталуын жақсарту керек.
Қазалы темір жол ауруханасы мен емханасы қазіргі таңда талапқа сай аккредиттеуден өткен және онда медициналық көмектің сапасын жетілдіруде, медициналық қызмет көрсетуде бәсекелестікте жетістікке жету мақсатында біршама жұмыстар жасалуда. Атап айтқанда жаңа типті инновациялық құрал-жабдықтармен қамтылды, жаңа аппараттар алынды, 2012 жылдың қазан айынан бастап компьютерлік томограф жұмыс істейді. 2012 жылдан бастап мемлекеттік тапсырыс арқылы травматология саласынан жоғарғы медициналық көмек - оталар жасалып жатыр. Осыған орай қажетті дәрігер маман дайындалды және қажетті құрал-жабдықтар, эндопротез, медаспаптар алынды, мамандар білімін жетілдіру курстарынан өтті, шеберлігін шыңдады.
Емделушінің тең мүмкіндіктер мен сапалы медициналық қызметтерді алу құқықтарына бас назар аударылады. Аурухана, емхана ішінде емдеу үдерісі емдеу-диагностикалық хаттамаларға сәйкес жүргізіледі. Бұл үдерістерге ауруханада құрылған ішкі аудит тарапынан жіті бақылау жасалады.Пациентке емдеуден күтілген нәтижелердің өз үмітін қаншалықты ақтағаны маңызды. Күнделікті пациентке медициналық көмек сапасы деңгейін анықтауда қызмет көрсету туралы ақпарат беріліп тұрады, ол пациентке өте маңызды.
Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің тағы да бір маңызды оң тұсы - медициналық қызмет көрсетудегі жұмыстардың барынша ашықтығы.
Алтынгүл ДӘРІБАЙ,
"Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары” АҚ
«Қазалы темір жол ауруханасы» директорының емдеу жөніндегі орынбасары,
Әйтеке би кенті,
Қазалы ауданы
"Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары” АҚ
«Қазалы темір жол ауруханасы» директорының емдеу жөніндегі орынбасары,
Әйтеке би кенті,
Қазалы ауданы
Сілтеме: http://med-kz.ucoz.com/publ/d_riger_ma_alalary/uzhymdagy_basty_bagyt_medicinalyq_qyzmet_sapasyn_arttyru/2-1-0-204
2-07-2014, 22:57
Апаттар медицинасын ұйымдастыру мәселелері
Республика аумағында жанар-жағар май құралдары, жарылғыш, қатты әсер ететін улы және радиоактивті заттардың елеулі қоры, су айдындары мен су қоймалары бар өндірістік-технологиялық кешендердің көп болуы, сондай-ақ көнерген технологиялар мен құрал-жабдықтардың пайдаланылуы төтенше жағдайлар мен апаттар қаупін туғызады. Республиканың Оңтүстігі мен Оңтүстік-Шығыс аймақтарындағы сейсмикалық жағдайдың жандана түсуі, климаттың түбірімен өзгеруі, экологиялық қоршаған ортаның нашарлауы, аса қатерлі жұқпалардың (инфекциялардың) табиғи ошақтарының жандануы эпидемиологиялық оқиғалардың пайда болу қаупін туғызады.Оған қоса халықтың көші-қонының ұлғаюы жаппай жұқпалы аурулардың әкелінуіне, тіпті ірі эпидемияларға әкеп соғуы мүмкін. Қазақстанда халық денсаулығын қорғау мемлекеттің әлеуметтік саясатының аса маңызды бөлімдерінің бірі болып табылады. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдай кезiнде шұғыл медициналық көмек көрсетудi жетiлдiру Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасында айқын көрсетілген.
Атап айтқанда шұғыл медициналық-құтқару көмегiн көрсету аймағындағы тас жолдарда жол-көлік оқиғалары нәтижесiнде қайтыс болғандар санын 2013 жылға қарай 23 %-ға дейiн және 2015 жылға қарай 16 %-ға дейiн төмендету (2009 ж. - 26%); шұғыл медициналық-құтқару көмегінің келу уақытын және шұғыл медициналық-құтқару көмегiн көрсетудiң басталуын жол-көлік оқиғасы туралы дабыл келiп түскен сәттен бастап 30 минутқа дейiн қысқарту басым бағыттар болып табылады.
"Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары” АҚ«Қазалы темір жол ауруханасы» мекемесінде аталған міндеттер межесіне сай болу үшін заманауи құралдар мен жабдықтар алынып, мамандар біліктілігін жетілдіріп, тәжірибесін шыңдай түсуде. Хирургиялық бөлімшеде барлық шұғыл және жоспарлы операциялар жасалады. 2 операционных блок қажетті құралдармен жабдықталған, эндоскопиялық операциялар атқарылады. Дәріханада 49 атау бойынша дәрі-дәрмектер дайындалады. 2012 жылдан бастап компьютерлік томография қондырғысы жұмыс істей бастады.
Алтынгүл ДӘРІБАЙ,
"Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары” АҚ
«Қазалы темір жол ауруханасы» директорының
емдеу жөніндегі орынбасары,
Әйтеке би кенті,
Қазалы ауданы
"Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары” АҚ
«Қазалы темір жол ауруханасы» директорының
емдеу жөніндегі орынбасары,
Әйтеке би кенті,
Қазалы ауданы
Сілтеме: http://med-kz.ucoz.com/publ/d_riger_ma_alalary/apattar_medicinasyn_jymdastyru_maseleleri/2-1-0-208
1-07-2014, 22:51
Жаны жайсаң Жасұлан
15 маусым – медицина қызметкерлерінің күні
Қай аурухананың болмасын, реанимациялық-анестезиологиялық бөлімшесі ең күрделі құрамдас бөлігі, алғы шебі болып табылады. Мұндағы өмірдің өліммен арпалысында Жаратқан иемізден кейінгі себепкер, әрине реаниматолог дәрігер.«Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары» акционерлік қоғамының филиалы – Қазалы темір жол ауруханасының үш төсектік бұл бөлімшесін Жасұлан Серікұлы Қуанышбаев басқарады. Одан басқа бөлімшеде 2 дәрігер, 4 орта және 1 кіші буын медицина қызметкері жұмыс істейді.
Жасұлан осы ауданның перзенті, Әйтеке би кентінде дүниеге келген. Қ.Сәтбаев атындағы № 216 орта мектепті бітіргеннен соң 1995-2002 жылдары Алматы мемлекеттік медицина институтының «емдеу ісі» факультетінде оқып дәрігер дипломын алды.2003 жылы Қазалы темір жол ауруханасында хирург, 2005 жылы реаниматолог дәрігер болып жұмыс істесе, 2008 жылдан бастап бөлімше меңгерушісі.
Өз мамандығы бойынша Алматы қаласында алты рет білім жетілдірді. Ұдайы ізденісті серік еткен Жасұлан аурухана әкімшілігіне әрдайым ұсыныс жасап бөлімшенің қазіргі заманғы емдік–диагностикалық құралдармен жабдықталуына қол жеткізді. Нәтижесінде дерті бойынша ең күрделі науқастардың бетін бері қаратып, ажал тырнағынан арашалап қалды. Бөлімшеде емделген сырқаттардың Жасұланға айтар алғысы шексіз.
С.Смағұлұлы,
Әйтеке би кенті,
Қазалы ауданы
Сілтеме: http://med-kz.ucoz.com/news/zhany_zhajsan_zhasulan/2014-06-13-578
Әйтеке би кенті,
Қазалы ауданы
Сілтеме: http://med-kz.ucoz.com/news/zhany_zhajsan_zhasulan/2014-06-13-578
14-06-2014, 22:49
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
Біздің мақтаулы дәрігер Еркін Ескермесіміздің әкімнен алған алғыс хаты құтты болсын.
Біздің мақтаулы дәрігер Еркін Ескермесіміздің әкімнен алған алғыс хаты құтты болсын.Еркін қандай марапатқада лайықты деп
Теміржол емханасында узиге тустім
Теміржол емханасында узиге тустім .Доктор Наурызбек Сырымбаев алдына барсаң кішпейіл ,мейірімді дәрігер .Риза болып