Ақ халатты жандарға ризамын
Сондағы көргенімді айтпай кетуді лайық демей, газетіміз арқылы халыққа жеткізуді жөн көрдім. Қайсыбір шаруашылық болмасын, көріп жүргеніміздей, мекеменің жақсы болып, халыққа көріне білуі оның басшысына байланысты екені анық. Аурухана басшысы Құбыл Ршымбетов ерте демей, кеш демей науқастардың жағдайларын сұрап, бірнеше рет келіп, әрқайсымызға тоқталып өтуі қызметкерлерге өнеге болардай. Мұндағы Сейілхан Артықбаев, УЗИ, уролог, кардиолог дәрігерлерінің жүйелеп жағдайымызды сұрап өтуі бұл емхананың қалыптасқан үрдісіндей көрінді.
Бізді емдеуші бірінші санатты дәрігер Бақыт Айжарықованың әрбір науқасқа егілген дәрілерді сұрап, қадағалап тұруы оның білікті маман, өз жұмысына берілген жан екендігін байқатады.
Жақсы сөздер мен алғыс алған аға медбике Райкүл Жақсылықова, медбикелер Сәуле Досанова, Алуа Игілікова, Гүлназ Әжімбетова, Ләззат Айнағұлова, Жамал Маманова сияқты жандардың бізге деген қызметтеріне риза болдық.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей, өзіміздің сүйікті газетіміз арқылы үлгілі ұжымның жұмыстарына толағай табыс, отбасыларына аманшылық, дендеріне саулық тілеп, әрқашан биіктен көріне берулеріне тілектестігімді білдіремін.
Ертас Садуақасұлы.
тыл ардагері
"Қазалы” газеті, 14 ақпан 2015 жыл
Вернуться назад