Ауруханада өткен Дүниежүзілік Денсаулық күні
"Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары”
Акционерлік қоғамының филиалы – "Қазалы теміржол ауруханасында” 7 сәуір – Дүниежүзілік Денсаулық күніне орай 2016 жылдың 1-7 сәуір аралығында «Мен жұқпалы аурулардан сақтана аламын!»
ұранымен апталық ұйымдастырылып, өткізілді.
УДЗ, ЭКГ, глюкометр аппараттарының қызметі, скринингтік тексеру, қан қысымын анықтау, салмақ өлшеу, қауіп-қатер факторларына түсіндірме жұмыстарын жүргізу және кеңес беру шаралары ұйымдастырылып, олармен барлығы 347 адам қамтылды. Көрнекті жерлерге салауатты өмір салтын және жұқпалы аурулардың алдын алуды насихаттайтын ақпараттық-танымдық материалдар, санбюллетендер, стендтер ілінді. Емхананың қызмет аймағында орналасқан «Ақбота» балабақшасы мен №165 және №204 орта мектептерде таңертеңгіліктер, көңілді эстафеталық сайыстар мен спорттық шаралар ұйымдастырылып, ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.
Аурухана қызметкерлері Әйтеке би кентінің орталық стадионында медициналық қызметкерлер арасында ұйымдастырылған спорттық ойындарға белсене қатысып, оның 7 түрі бойынша жарыстар қорытындысымен жүлделі орындарға және жалпы командалық есепте бірінші орынға ие болды.
Серік ЕРДАЛИЕВ
Вернуться назад