DataLife Engine > Жаңалықтар > ТӨТЕНШЕЛІКТЕР ДОНОР КҮНІНДЕ ҚАН ТАПСЫРДЫ

ТӨТЕНШЕЛІКТЕР ДОНОР КҮНІНДЕ ҚАН ТАПСЫРДЫ


16-06-2017, 16:31
Автор: kazaly

ТӨТЕНШЕЛІКТЕР ДОНОР КҮНІНДЕ ҚАН ТАПСЫРДЫ

 Әлем жыл сайын 14 маусымды дүниежүзілік донор күні ретінде атап өтеді. Биыл осы атаулы күнге орай Қызылорда облысы ТЖД ұжымы қан тапсырды. Жалпы облыстық төтенше жағдайлар департаменті, ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ, «Апаттар медицинасы орталығы» ММ облыстық филиалы ұжымдары үшін донор күнінде қан тапсыру дәстүрге айналған.

Қызылорда облыстық қан орталығының дәрігер-трансфузиологы О.Жұбатқановтың сөзіне сүйенсек, осы күнге дейін қанды ауыстыратын қолдан жасанды зат табылған жоқ. Сондықтан донордың қаны көптеген адамдар үшін ажалдан аман қалудың бірден-бір жолы болып отыр. Бүгін 35 адам қан тапсырды. Акция жалғасуда.

ТӨТЕНШЕЛІКТЕР ДОНОР КҮНІНДЕ ҚАН ТАПСЫРДЫ
ТӨТЕНШЕЛІКТЕР ДОНОР КҮНІНДЕ ҚАН ТАПСЫРДЫ 

Айгүл НҰРМАНОВА,

Қызылорда облысы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы

https://kyzylorda-news.kz/news/lifnews/15586-ttenshelkter-donor-knnde-an-tapsyrdy.html

Вернуться назад