Құтқарушылардың төтенше жағдайға дайындығы пысықталды
Өскеменде «Жер – 2014» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде. Онда Шығыс Қазақстанда болуы мүмкін жер сілкінісінің салдарын жою әрекеттері пысықталды. Құтқарушылар тұрғындарды баспаналарынан шығарып, оларды орналастыру үшін шатырлы лагерлер тұрғызды. Жараланғандарға медициналық алғашқы көмек көрсетіліп, халыққа киім-кешек, азық-түлік таратылды.
Құтқарушылар барлығын рет-ретімен, жедел орындап, төтенше жағдайға дайын екендіктерін көрсетті. Мұндай оқу-жаттығу республиканың сейсмикалық аймақтарында 3 жылда бір рет өткізіледі. Ал Шығыс Қазақстанда бұл шара тұңғыш рет ұйымдастырылды.
Евгений Шатурный, ШҚО ТЖД бөлім басшысы: - ШҚО-да жер сілкінісі болуы мүмкін деген дабыл соғылды. Белгі берілісімен оқиға орынына лдің барлық аймағынан құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдар келді. Қазіргі уақытты бұл оқу-жаттығуға жеке құрамдағы 753 адам және 193 техника бірлігі жұмылдырылды.