» » «Саламатты Қазақстан» пойызы шығыстағы шалғай аудандарға барды

«Саламатты Қазақстан» пойызы шығыстағы шалғай аудандарға барды

«Саламатты Қазақстан» пойызы шығыстағы шалғай аудандарға барды

 

07.06.2017

 

«Саламатты Қазақстан» пойызы Шығыс Қазақстанның шалғайдағы елді мекендеріне барды. Облыс орталығынан ұзақта жатқан ауыл тұрғындары үшін білікті дәрігерлер мен заманауи құрылғылар қол жетімсіз екені белгілі. Пойыз шілденің басына дейін аймақтағы 18 бекетте болып, жергілікті халықты қабылдайтын болады. Жылдағы дәстүр бойынша «Саламатты Қазақстан» пойызы Зырян ауданына ат басын тіреді. Жергілікті халық ақ халатты жолаушылар пойызын ерекше көңіл-күймен қарсы алып, ән мен биден шашу шашты.

 

Ольга Ермолаева, Зырян ауданының тұрғыны:

– Ауданымыз үшін керемет сәт болып жатыр. Кәсіби дәрігерлер келіп, қуанышқа бөлендік. Ауырып қалсақ, Өскеменге жету бізге қиындық тудырады. Ал бұл жерде мен бір сағаттың ішінде сараптама үшін қан тапсырып, нәтижесін де біліп отырмын. Үлкен рақмет! Денсаулық пойызында 20 білікті маман бар. Шалғайдағы ауыл тұрғыны Толғанай Кезеңбаева үшін бұл үлкен мүмкіндік. Себебі ол бірнеше жылдан бері бел ауруынан жапа шегіп келеді. Дерті, әсіресе түн мезгілінде дендейді екен. Аудан орталығына баруға жол ұзақтығы кедергі әрі ол жердегі мамандар ауруына мардымды ем-дом жасай алмаған секілді. Енді ол дертіне шипаны денсаулық пойызымен келген білікті дәрігерлерден іздейді.

 

Толғанай Кезеңбаева, Зырян ауданының тұрғыны:

– Білікті дәрігерлер келіп жатқанына өте қуаныштымыз. Әр саладағы мамандар бар. Сол саладағы мамандарға жергілікті тұрғындар қаралуда. Мен өзім невропотолог-дәрігерге кіріп шықтым. Диагнозын қойып, алатын дәрі-дәрмектері жазып берді. Ары қарай да дәрігерлерге қараламыз. «Саламатты Қазақстан» пойызы Зырян ауданындағы үш бекетке тоқтайды. Зубцовск ауылының өзінде науқастарға 2000-нан аса медициналық қызмет көрсетіледі.

 

Нариман Сейітхамзанов, статистик дәрігер:

– Бұл пойыздың мақсаты – алдын ала ауруларды анықтау. Бұл жерде міндетті түрде флюорографиялық тексеру жасаймыз және керек болса, рентген суретін жасаймыз. Электрокардиография, содан кейін терапевт қарауы, невропотолог қарауы сияқты шаралар бар. Салауатты ұлт – ел ертеңі. Ал денсаулық пойызы аймақ бойынша 18 елді мекенге тоқтайтын болады.

 

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Аслан Төлепов

Источник:http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/180948-salamatty-aza-stan-pojyzy-shy-ysta-y-shal-aj-audandar-a-bardy?utm_source=facebook-news-makbal

 


7-06-2017, 21:36
1 377 просмотров
Нашли ошибку?