Оңтүстік Қазақстан облысында 7 мың жасанды түсік жасалған (видео)

Оңтүстік Қазақстан облысында 7 мың жасанды түсік жасалған (видео)Өткен жылы бір ғана Оңтүстік Қазақстан облысында 78 мың нәресте дүниеге келген. Есесіне 7 мың жүкті әйел жатырындағы шарасыз шаранасымен қош айтысты. Оның бірі денсаулығына тікелей қауіп төнгендіктен жасанды түсік жасатуға мәжбүр болса, енді бірі шалыс басқан бойжеткендер. Дәрігерлер түсіндірме жұмыстардың арқасында бұл көрсеткіштердің соңғы жылдары 30 пайызға төмендегенін айтады. Дей тұрғанмен бала сүю бақытынан өз еркімен бас тартқан қаракөздеріміздің қаншасы бедеу болып қалғаны өкінішті.
Бұл - шарананың жүрек дүрсілі. Мониторда бойжеткеннің жатырында жатқан 7 айлық тіршілік иесінің дене пішіні анық көрінеді. Сәби бірқалыпты жетіліп келеді. Дәрігер мен анасының арасындағы әңгімеден кейін жаңа ғана минутына 120 рет соғып тұрған шарана жүрегі бір сәт тоқтап қалғандай болды. Себебі, жасанды түсік жасалмақ.

Өткен жылы Оңтүстік Қазақстан облысында 7 мың жасанды түсік жасалған. Оның басым бөлігі дәрігерлердің кеңесімен әйел өміріне қауіп төнгендіктен амалсыз жасалған қадам болып отыр. Ал, өмірде шалыс басып жүкті болып қалған қаракөздеріміз досқа күлкі, дұшпанға таба болғысы келмегендіктен осындай әрекеттерге барып жатқандығын айтады. Кейбірі ойланбай жасаған ісінің соңы бедеулікке соқтырып, бармағын шайнап отыр. Біздің кейіпкеріміз 32 жастағы Гүлнәр ойланбай жасаған әрекетімнің азабын енді тартып жүрмін, - дейді.

Гүлнәр, Шымкент қаласының тұрғыны:
- Қазіргі таңда жұмысқа тұру да оңай емес. Жас маман едім, жұмыстан айрылып қалам ба деп қорықтым. Жүкті әйелдерді жұмысқа алғысы келмейді. Сол үшін жасанды түсік жасатуға бардым. Ешкіммен ақылдаспай жұмысқа тұрғаныма қуанып, сондай қадамға бардым.
Уақыт өте келе, Гүлнәр жұмыста өз еңбегінің арқасында талай жетістіктерге жетті. Шені де өсті. Жағдайлары түзелген соң жалғыз ұлына серік болар сәби сүйгісі келді. Жарының да қалауы осы болатын. Алайда, бәрі кеш еді.

Гүлнәр, Шымкент қаласының тұрғыны:
- Екінші балаға жоспарлаған кезімде көптеген қиындықтарға кезіктім. Екінші көтерген балам іште өліп қалды. Одан кейін қанша емделдім. Үшінші баламда осы жағдай тағы қайталанды. Мен ойлаймын, сол қателігімнің азабы деп.
Қазір облыстағы барлық медициналық мекемелерде жанұяны жоспарлау кабинеттері жұмыс істейді. Акушер-гинекологтар жастарға Ана деген қасиетті ұғымынан айрылып қалмаудың қаншалықты маңызды екенін түсіндіреді. Өз ұрпағынан бас тартқан әйелдерге дәрігерлер әрдайым ақыл-кеңесін беріп бұл шешімінен бас тартуға үгіттейді. Соның арқасында өңірде жасанды түсік жасау саны азайған.

Салтанат Жабағиева, ОҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
- Арнайы талдау жасалмаған. Көбіне 23-30 жас арасындағы және тұрғылықты мекенжайы жоқ, кей жағдайда студент қыз балалары арасында кездеседі. Мына әрбір бала тәрбиесі отбасынан басталады. Сондықтан, қыз бала ол біріншіден, отбасыға, оның ішінде, анасының үлкен ықпалы болады.
Атам қазақ «Қызға қырық үйден тыю» деген нақыл сөзді бекер айтпаса керек. Қандай қилы заман болса да құрсақ көтеріп көп балалы ана атанды. Отбасындағы береке-бірліктің арқасында аға буын өкілдері сол қиындықты жеңе білді. Ұрпағын ешкімнен кем қылмай өсірді. Тіпті, жесірін жылатқан жоқ. Бүгінгі медицина тілімен айтқанда, жасанды түсік жасатуға қай дін болмасын қарсы.

Александр Могилевский, Никольский кафедралды соборының протоиерейі:
- Шіркеу жасанды түсік жасатуға үзілді-кесілді қарсы. Өйткені, ол адам өлімімен пара пар. Әлі туылмаған сәбидің өмірін жалмау деген сөз. Нәресте Құдайдың жаратқан пендесі. Бұл бақыт барлығымызға беріле бермейді. Жаратушы әрбірімізге өмір сыйлап, тіршілік иесі етіп жан берді. Әлі дүние есігін ашпаған шақалақ іште жатып-ақ бәрін сезеді.
Ал, исламда бұл ұғым, тіпті харам болып саналады екен. Кейбір отбасы бір перзентке зар болып жүр. Сондықтан, ойнап жүріп от басқан жастардың жасанды түсік жасатпағаны дұрыс,-дейді мешіт қызметкерлері.

Мұхамеджан Естеміров, ОҚО имамының орынбасары:
- Бұл аборт мәселесі бұл дүние жүзінде қасіретті жағдайлардың бірі десек болады. Бір жылда стастистикаға сүйенсек, 300 мыңнан астам бала жарық дүниені көрмей кетеді екен. Іштегі болашақ адам баласы болғандықтан баланы алдырып тастау немесе дәрі егу арқылы медициналық жолмен түрлі тәсілмен алдыру, ол харам етілген. Қазір оңалту орталықтары ашылып жатыр. Шымкентте екі жерде ашылды. Басқа облыстарда да ашылып жатыр. Сондықтан баланы дүниеге әкелген дұрыс деп есептейміз.
Монитордан ішіндегі шаранасының қимылын көріп, жүрек қағысын естіген жас ананың қуанышында шек жоқ. Ол сәбиінің әрбір қылығын сезінеді. Содан рахат алады. Қазір болашақ ананың жүктілігі 14 аптадан асқан. Нәресте күн санап өсіп келеді. Егер дәрігерлер бойжеткенді дер кезінде өз ойынан бас тартуға көндірмегенде бұл шарана да жарық дүние есігін аша алмайтын еді.

Тілші: Қанат Жүнісбеков

Оператор: Нұрмахан Мұсатов

http://khabar.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/4879-o-t-stik-aza-stan-oblysynda-7-my-zhasandy-t-sik-zhasal-an


3-09-2014, 10:10

Ауыл тұрғындары емханаға мұқтаж

Ауыл тұрғындары емханаға мұқтаж Ауыл-аймақ тұрғындары тұрақты түрде дәрігерге барып, тексерілуге құлықсыз. Басы ауырып, балтыры сыздаса да мал-жан, шаруасын тастап кете алмай, күйбең тірлікпен үйде емделіп жүре береді. Бұған «Денсаулық жолы» акциясы аясында Қызылорда облысының барлық ауданын аралап, скринингтік тексеруден өткізген мамандар көз жеткізді. Денсаулық керуені Қазалы ауданының ең шалғай Бекарыстан би ауылына табан тіреді. Жүрек қан тамыр, көз және қант диабеті ауруларын ерте бастан анықтау – негізгі мақсат. Дәрігерлер аурудың пайда болуына әсер ететін қауіпті факторларды анықтап, тексеруден дер кезінде өту керектігі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Толқын Мұхамбетқызы
, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының скринингке жауапты дәрігері: - Бүгінге дейін Қармақшы, Сырдария, Жалағаш аудандарында өткізіліп келді. Керуенді өткізуге келген бригада құрамында окулист, кардиолог, эндокринолог және де скрининг дәрігер бар. Бекарыстан би ауылында 3 мыңға жуық тұрғын қоныс тепкен. Іргелес тағы бірнеше елді мекен жапсарлай орналасқан. Ауылдағы ағайын ауруханаға зар.

Болат Сәдуов, ауыл тұрғыны: - 1969 жылы мұнда 20 төсектік аурухана болатын, ол 75 койкіге дейін көтерілген. 2009 жылдан бері ешқандай аурухана жоқ. Көрші Түктібаев, Майдакөл, Бекарыстан би ауылдарын есептегенде 5,5 мыңнан астам халық тұрады. Оған бір аурухана керек. Ауыл тұрғындарының айтуынша, көбінің аудан орталығына қатынауға қалтасы көтермейді. Оның үстіне Сырдариядан өтетін көпір жоқ. Қалқымалы өткел қыс түсіп, мұз қата бастағанда алынып тасталады, сонымен қатынас тіпті қиындайды.

Құралай Бекжанова, ауыл тұрғыны: - Қыста келініміз босана алмай қатты қиналды, аудан орталығынан бригада, жедел көмек келгенше әбігерге түстік. Бірнеше төсектік аурухана ашылғанын қалаймыз. Бірнеше елді мекен тұрғындарына медициналық қызмет көрсеткен бұрынғы аурухана қазір құлаудың алдында тұр. Ауыл тұрғындары бірер жыл бұрын салынған емханадағы жалғыз дәрігерге кезекке тұрудан қажыған.

Авторлары: Қамбар Бекенов, Қанат Еңсебаев, Руслан Айтмамбетов

Источник: http://www.24.kz/kz/zha-aly-tar/densauly/item/22175-auyl-t-r-andary

 


25-08-2014, 09:34

“Жеті күн» Көліктік медицина

"Жеті күн» Көліктік медицина Хабар телеарнасы, 06.2012 ж.



19-08-2014, 19:18

Жұмысшыларға психологиялық тұрғыда жағдай жасалуда

Жұмысшыларға психологиялық тұрғыда жағдай жасалуда Жапониялық компания басшылығы өз жұмысшыларына психологиялық тұрғыда жағдай жасау үшін барын салуда. Заманауи құрылғылардың көмегімен жағажайға соққан толқындар жасап, соған тән дыбыстармен көркемдеген. Жұмыс кезінде тропикалық жұмақта отырғандай әсер алған қызметкерлер де компания басшылығына дән риза.

Куруми Ниши, BizReach компаниясындағы жұмысшы:
- Әрине, мұнда суға сүңгіп, шомыла алмайсыз. Бірақ, толқын дыбысының өзі-ақ тыныштандырады. Сондықтан да демалыс алып, бір жаққа барып қайту туралы ой басыма кіріп те шықпайды!

«Бизрич» компаниясының Токиодағы штаб-пәтерінде жасалған жағдай қарапайым кілем, дыбыс шығарғыш құрылғы – колонкалар мен үш өлшемді проекторлардың көмегімен іске асып отыр. Ұйым басшылығы жағажайға байланысты ойын жүзеге асыруды одан әрі жандандырмақ ниеті бар көрінеді. Себебі, ғимараттың бір бөлігіне 2 тоннаға жуық құм төселіп тасталған.

http://www.khabar.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/3003-zh-mysshylar-a-psikhologiyaly-t-r-yda-zha-daj-zhasaluda



6-08-2014, 10:46

“Керек дерек» Медициналық пойыздар

"Керек дерек» Медициналық пойыздар – "Хабар” телеарнасы, 06.2012 ж.

5-08-2014, 19:15

Үшем сәбилер дүниеге келген отбасы үйсіз жүр

Үшем сәбилер дүниеге келген отбасы үйсіз жүр 03 04 2014 07:28

Қызылорда облысы Қазалы ауданында жуырда үшем дүниеге келген. Қуаныш иелеріне облыс әкімі темір тұлпар сыйға тартты. Бұдан бөлек аудан әкімдігі кәсіпкерлердің басын қосып, демеу көрсеткен екен. Бірақ бір сәтте торсықтай үш ұлды болған отбасы үйсіз жүр. Олардың әзірге бас сауғалайтын жері болмағандықтан аудандағы темір жол ауруханасының басшылығы қарауына алған. Бір ай бұрын ғана жұмысқа орналасқан нәрестелердің әкесі алатын еңбекақы пәтер жалдауға да жетпейді. Перзентханадан шыққалы әр жерде көшіп-қонып жүргенде Диас, Мирас және Манас есімді бөбектер салқын тиіп, ауырып қалғандығын айтты анасы Кенжегүл Ембергенова.

Кенжегүл Ембергенова, үшемнің анасы: - Тұрып жатқан пәтеріміз салқындау болды. Жағдай жоқ. Сондан да болған шығар, балалар шамалы ауырып қалды. Күйеуім осы 1 айдай бұрын жұмысқа орналасты. Өзінің мамандығы бойынша ветеринария саласында. Бірақ оның айлығы балаларды қамтамасыз етуге жетінкіремейді. Мен - жұмыссызбын.

Құбыл Ршымбетов, Қазалы теміржол ауруханасының бас дәрігері: - Соңғы кезде кішкене қиындықтар туындап, оларды ауруханада ұстап отырмыз. Жағдайлары жаман емес. Әлде де күнделікті сол бақылауда болады.

Дереккөз: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/1181-usha
 
4-07-2014, 23:44

Озық 30 елдің қатарына ену үшін ауыл медицинасының әлеуеті жоғары болуы керек

Озық 30 елдің қатарына ену үшін ауыл медицинасының әлеуеті жоғары болуы керек1 сәуір 2014, 19:43

Енді Арал маңы тұрғындары компьютерлік томография арқылы ішкі ағзадағы дертті анықтау үшін облыс орталығына сабылмайды. Сәулелі диагностиканың жетілген түрі Қазалы теміржол ауруханасында орнатылды. Көп уақыт жоғалтпай диагнозды тез қоятын құрылғының көмегіне алғаш болып жүгінгендердің бірі – Аман Дінахметов.
 
Аман Дінахметов, Қазалы ауданының тұрғыны:
- Бұл аппаратты бұрын біз облыс орталығы, Астана немесе бөтен жерлерге барып іздеуші едік, қазір бұл өзімізде келгеніне өте қуаныштымыз. Менің омыртқамды, бөтенемді, талақ жолын тексеріп берді. Осы уақытта сол емді алып жүрмін.
 
Алтынкүл Дәрібай, бас дәрігердің орынбасары:
- Осы арқылы диагнозды уақытылы қойып, медициналық орталықтан нейрохирург шақырып, 3 операция осы жерде келіп жасап, сол инсульттарға операция жасаған жетістіктеріміз бар.
 
Аудан бойынша 20 мыңнан астам тұрғын осы емдеу орнының есебінде тұр. Олардың ішінде жүрек қан-тамырларының кінараты бар жандар сырқатының себебін анықтау үшін Қызылорда қаласындағы клиникаларға ағылатын.
 
Нұрлан Кәрібаев, ультрадыбысты зерттеу дәрігері:
- Енді біз Қызылорда қаласынан 340 шақырым жерде тұрамыз. Кейбір жүрек-қан тамырлары ауратындарға өте қиын. Соның ішінде айтатын болсақ, мысалы, біз экологиялық апат аймағы Арал, Қазалы, Төретам, оның ортасында орналасқан бекеттер бар. Соның арасындағы халықтар қазір келіп жатыр. Уақытында көрініп жатыр. Қолымыздан келгенше сапалы қызмет көрсетуге тырысамыз.
«Қоғамның құнды байлығы – адам саулығы» деген қағидаға берік дәрігерлер біліктілік арттыруға ерекше мән береді. Еліміз бойынша санаулы жерде ғана қолға алынған жамбас ұршығына гемипротез орнату сынды күрделі операциялардың ауданда жасалуынан-ақ мамандардың бүгінгі деңгейін аңғаруға болады.
 
Елеу Жолдасбай, хирург-дәрігер:
- Ауданымызда жасалатын операциялардың 60 пайызы ургентті болып жатса, 35-40 пайызы плановый. Асқазан, шек, эндокренологиялық операциялар жасаймыз. Травматологиялық операциялардың барлық түрін жасап жатырмыз.
Бүйрегі істен шығып, алмастыруды көздеп отқан науқастарға гемодиализ аппаратының маңыздылығы баршаға мәлім. Арал, Қазалы, Байқоңырдың 14 тұрғыны тұрақты түрде осы құрылғыдан ем қабылдап жүр. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында серпілген емдеу орны мемлекет пен жеке-меншік әріптестікті дамыта отырып осындай озық технологияға қол жеткізуде. Ең бастысы, заманауи үлгідегі құрылғылар шалғайдағы халықтың сапалы ем-дом қабылдауына қалтқысыз қызмет етуде.
 
Тілші: Нұрлан Жақыпбеков
 
Оператор: Руслан Айтманбетов

    "Хабар" телеарнасы



1-04-2014, 23:19

«Жол үстіндегі емхана» Сыр өңірін аралап жүр

Телеканал 24KZ

Ауыл-аймақ тұрғындарын тегін диагностикалық тексеруден өткізетін «Денсаулық» пойызы Сыр өңіріне келді. Рельстегі емхана өз жұмысын Қармақшы ауданынан бастады. Теміржол бойындағы барлық елдімекен тұрғындарына қызмет көрсетуді мақсат тұтқан білікті мамандар тобы Жалағаш кентіне аялдады. Ал Жаңақорған, Шиелі аудандарының ауылдарын жылжымалы кешен аралап жүр.
 

16-06-2013, 18:44