Медицина қызметі мен сапасына қатысты шағымдар қабылданады

Медицина саласының қызметі мен сапасына көңілі толмаған тұрғындар шағымдарын енді 23-70-22 сенім телефоны арқылы жолдай алады.
Денсаулық саласындағы жетістіктер
14:40, 23 тамыз 2017
Соңғы бір жарым жылда аймағымызда ана өлімі тіркелгенжоқ. Сондай-ақ, алты айдың қорытындысымен сәби өлімі 53 пайызға төмендеген. Ақ халаттылар көрсеткіштіңжақсаруы жүйелі жұмыстыңнәтижесі дейді.
http://qyzylorda.kaztrk.kz/kz/news/society/densaulyk-salasyndagy-zhetistikter
Бастау керек. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

Источник:https://www.youtube.com/watch?v=nSTTkeFNhXQ
Ақ халатты абзал жандарға құрмет
Бүгінде Сыр медицинасындасоны серпіліс бар. Дәрігерлікемдеу мекемелері заманауи құрал-жабдықтарменжабдықталып, қызмет көрсету сапасы жақсарды. Нәтижесінде, аймақ тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы 72 жасқа жетті. Ана өлімі 86 пайызға азайса, сәби өлімі екі жарым есеге төмендеді. Әрине, бұл жетістіктердің артында Гиппократ антынан айнымаған ақ халатты абзал жандар тұр. Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай еңбегімен ел алғысына бөленген сала үздіктерімарапатталып, құрмет төрінен орын алды.
«Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы. 19 маусым 2017 жыл.
Дереккөз: http://kyzylordatv.kz/kz/news/society/ak-halatty-abzal-zhandarga-kurmet
«Саламатты Қазақстан» пойызы шығыстағы шалғай аудандарға барды
07.06.2017
«Саламатты Қазақстан» пойызы Шығыс Қазақстанның шалғайдағы елді мекендеріне барды. Облыс орталығынан ұзақта жатқан ауыл тұрғындары үшін білікті дәрігерлер мен заманауи құрылғылар қол жетімсіз екені белгілі. Пойыз шілденің басына дейін аймақтағы 18 бекетте болып, жергілікті халықты қабылдайтын болады. Жылдағы дәстүр бойынша «Саламатты Қазақстан» пойызы Зырян ауданына ат басын тіреді. Жергілікті халық ақ халатты жолаушылар пойызын ерекше көңіл-күймен қарсы алып, ән мен биден шашу шашты.
Ольга Ермолаева, Зырян ауданының тұрғыны:
– Ауданымыз үшін керемет сәт болып жатыр. Кәсіби дәрігерлер келіп, қуанышқа бөлендік. Ауырып қалсақ, Өскеменге жету бізге қиындық тудырады. Ал бұл жерде мен бір сағаттың ішінде сараптама үшін қан тапсырып, нәтижесін де біліп отырмын. Үлкен рақмет! Денсаулық пойызында 20 білікті маман бар. Шалғайдағы ауыл тұрғыны Толғанай Кезеңбаева үшін бұл үлкен мүмкіндік. Себебі ол бірнеше жылдан бері бел ауруынан жапа шегіп келеді. Дерті, әсіресе түн мезгілінде дендейді екен. Аудан орталығына баруға жол ұзақтығы кедергі әрі ол жердегі мамандар ауруына мардымды ем-дом жасай алмаған секілді. Енді ол дертіне шипаны денсаулық пойызымен келген білікті дәрігерлерден іздейді.
Толғанай Кезеңбаева, Зырян ауданының тұрғыны:
– Білікті дәрігерлер келіп жатқанына өте қуаныштымыз. Әр саладағы мамандар бар. Сол саладағы мамандарға жергілікті тұрғындар қаралуда. Мен өзім невропотолог-дәрігерге кіріп шықтым. Диагнозын қойып, алатын дәрі-дәрмектері жазып берді. Ары қарай да дәрігерлерге қараламыз. «Саламатты Қазақстан» пойызы Зырян ауданындағы үш бекетке тоқтайды. Зубцовск ауылының өзінде науқастарға 2000-нан аса медициналық қызмет көрсетіледі.
Нариман Сейітхамзанов, статистик дәрігер:
– Бұл пойыздың мақсаты – алдын ала ауруларды анықтау. Бұл жерде міндетті түрде флюорографиялық тексеру жасаймыз және керек болса, рентген суретін жасаймыз. Электрокардиография, содан кейін терапевт қарауы, невропотолог қарауы сияқты шаралар бар. Салауатты ұлт – ел ертеңі. Ал денсаулық пойызы аймақ бойынша 18 елді мекенге тоқтайтын болады.
Авторлары: Мерей
Мұратханқызы, Аслан Төлепов
Источник:http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/180948-salamatty-aza-stan-pojyzy-shy-ysta-y-shal-aj-audandar-a-bardy?utm_source=facebook-news-makbal
Ақ халатты абзал жандар
Мемлекеттің басты байлығы адам десек, әрбіріміздіңаман-саулығымызды бақылайтынол әрине, ақ халатты абзал жандар. Бір қызығы, адам жанының арашасы болатын ең күрделі саланың басым бөлігін ару аналар құрайды. Бұл да бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді әлдилеген әйелдер қауымының нәзік бола тұра, мықты екендіктерін көрсетсе керек.
«Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы. 9 наурыз 2017
Дереккөз: http://kyzylordatv.kz/kz/news/medicine/ak-halatty-abzal-zhandar
Гидротерапияның пайдасы туралы не білесіз?
Су толтырылған балқарағай бөшкесі мен гидротерапияның адам ағзасына тигізер пайдасы қандай? Гидротерапиядан кейін тағы қандай процедураларды қабылдаған жөн?
«Балқарағай бөшкесінің адам ағзасына пайдасы мол. Ол иммунитеттікөтереді, буын ауруларына, ұйқыны тыныштандыруға, жүйке ауруларына шипа. Сонымен қатар, суық тию ауруларының алдын алуға жақсы. Балқарағай бөшкесінде адам терлейді. Ал, терлеу арқылы денеден токсиндер, шлактар шығады.
Мамандардың айтуынша,күйзелістенарылу үшін де гидротерапияның пайдасы зор.
«Қазақстан» ұлттық телеарнасы. «Таңшолпан» бағдарламасы Сс, 02/21/2017
Сілтеме: https://kaztrk.kz/kz/a/19174
Міндетті медициналық сақтандырудың маңызы
Мемлекеттің басты байлығы - адам. Сондықтан халық
денсаулығын жақсарту маңызды міндет саналады. Бұл ретте Елбасы ұсынған «100
нақты қадам» Ұлт жоспарындағы міндетті медициналық сақтандырудың маңызы зор.
«Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының 2017 жылдың 5 қаңтарындағы хабары.
Дереккөз: http://kyzylordatv.kz/kz/news/medicine/mindetti-medicinalyk-saktandyrudyn-manyzy