Тәуелсіздіктің 25 жылдығында ақ халаттылар марапатталды
Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерей тойын аймағымыздың ақ халатты абзал жандары
да айрықша атап өтті. Мерекелік шарада «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің
25 жылдығы» медалімен 18 адам марапатталса, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрлігі тарапынан 5 дәрігер «Еңбек ардагері» медалін кеудесінен
тақты. Сондай-ақ тағы бірнеше маман облыс әкімінің Құрмет Грамотасы мен Алғыс
хаттарына ие болды. Еліміз Егемендік алған ширек ғасыр ішінде қандай белестерге
көтерілсе, бұл биікке жетуде дәрігерлердің сіңірген еңбегі орасан. 25 жыл
ішінде мемлекетіміздің денсаулық саласа елмен бірге жасасып, дами түсті. Оның
ішінде Сыр өңірінің медицинасы да қарыштап дамып, көптеген оталарды өз
жерімізде жасай алатын дәрежеге жетті. Аймақ тұрғындарының өмір сүру жасының
ұзақтығы да артып, орта жас 72 жасты құрады. Тәуелсіздіктің 25 жылдығын осындай
жетістіктерімен қарсы алған дәрігерлерді құттықтаған облыс әкімінің орынбасары
Руслан Рүстемов, облыс әкімінің Құрмет Грамотасы мен Алғыс хатын бірнеше
дәрігерге табыс етті. Тәуелсіздік тұсында облыстың денсаулық сақтау саласында
да көптеген өзгерістер мен жаңару болды. 1998 жылы облыстағы ең айтулы кезең Ел
Басы өз қолымен – облыстық медицина орталығын ашты. 2005 жылы саланы
қаржыландыру 6 жарым млрд теңге болса, 2015 жылы 32 млрд теңгеге дейін, яғни 87
пайызға өскен. Осы жылдар аралығында 119 нысан жаңадан пайдалануға беріліп, 311
нысан күрделі жөндеуден өткізілсе, емдеу мекемелері санитарлық автокөліктермен
толық жарақтандырылған. Осы істердің басы-қасында жүрген денсаулық сақтау басқармасының
басшысы Ақмарал Әлназарова әріптестерін құттықтап, тағы да бірнеше маманды
марапат мінберіне көтерді. Облысымызда 2009 жылы кардиохирургиялық орталық,
2013 жылы Нейроинсульттық орталық ашылды. 2009 жылы санитарлық авиация жұмысы
жанданды. Үлкен орталықтардан ана мен бала, облыстық балалар ауруханасы іске
қосылды. Сондай-ақ , аудандардағы емханалар түгелдей жаңартылды, жыл аяғына
дейін Жаңақорған аудандық емханасы мен 11 дәрігерлік амбулатория өз жұмысын
бастайтын болады. Бұлардың барлығы тек Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткен
толағай табыстар.
http://kogamtv.kz/t%D3%99uelsizdikti%D2%A3-25-zhyldy%D2%93ynda-a%D2%9B-xalattylar-marapattaldy/
Ақ халатты абзал жандар балаларды мерекемен құттықтады
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бүгінде жасөспірімдерге ерекше көңіл бөлуде. Осы орайда басқарма басшылары медицина орталығында емделіп жатқан бүлдіршіндерді аралап, хал-жағдайын біліп, айтулы мерекелерімен құттықтап, сыйлықтарын ұсынды.

1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл күні барлық жерде мерелік шаралар өткізіліп, түрлі атракциондар балалар үшін жұмыс жасайды. Алайда, дәл осы күні кейбір бүлдіршіндердің ауруханада болатыны тағы бар. Осы орайда Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшылары ауруханаларда ем алып жатқан балаларды құттықтап, сыйлықтарын ұсынды. Біраздан бері ауырып жатқан балалардың бірі Гүлназ Серік. Өмірге құштар, белсенді қызды қуанту үшін басқарма басшылары арнайы үйіне барып, жылы лебіздерін білдірді. Айтулы мерекені балалар ауруханасындағы емделушілерде ұмыт қалдырған жоқ. Арнайы ұйымдастырылған мерекелік шарада әсем әуендер айтылып, мың бұралған бишілер өнер көрсетті. Балаларға ұйымдастырушылар тарапынан тәттілер таратылып, сыйлықтар табысталды. Бүгінде сәбилер үйінде ата-анасының қамқорлығынсыз тәрбиеленіп жатқан балалардың саны 60 қа жеткен. Басшыларымыз оларды да назардан тыс қалдырмады. «Әрбір баланың қуанышты жүзін көру бәрімізге бақыт сыйлайды»-дейді облыстық мамандандырылған сәбилер үйінің бас дәрігері.
http://kogamtv.kz/aқ-xalatty-abzal-zhandar-balalardy-merekemen-құttyқtady/
Міндетті әлеуметтік сақтандыру
ЕлімІзде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жұмыстары басталды.
Осыған орай оны халыққа түсіндіру бойынша арнайы құрылған қор өкілдері
аймағымызға келді.
Заң жобасы екі медициналық пакеттен тұрады. Оның бірішісі базалық пакет яғни медициналық жәрдем .Ол- мемлекет тарапынан кепілдендірілген .Республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Екіншісі- қосымша қамсыздандыру пакеті.Бұл -базалық пакет ол барлық медициналық көмекті қамтиды. Оған емханалық-амбулаториялық жәрдемдер мен тұрақты медициналық жәрдемдер кіреді. Бұған тек әлеуметтік медициналық қамсыздандыру төлемдерін төлегендер ғана қол жеткізе алады. Сондықтан жаңа жобасын толық жүзеге асыру үшін коммерциялық емес арнайы қор құрылып отыр.
"Мәңгілік ел" поезының өкілі аурухана туралы

«Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі қағидалары» бейнеролигі
Таңғы жаңалықтар (2015.09.21 күнгі шығарылым)
Таңғы жаңалықтар (2015.09.21 күнгі шығарылым)
http://www.1tv.kz/kk/news/video21092015/janalyktar_09
Емдеу ісі бойынша теміржолшылар ауруханасы көш басында



Құтқарушылардың төтенше жағдайға дайындығы пысықталды

Источник: http://www.24.kz/kz/zha-aly-tar/t-tenshe-zha-daj/item/25200-t-arushylardy