Міндетті медициналық сақтандырудың пайдасы қандай? (ВИДЕО)

Міндетті медициналық сақтандырудың пайдасы қандай? (ВИДЕО)Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың пайдасы қандай? Бұл жүйе қалай жұмыс істейді? МӘМС-нің жалақыға әсері қандай? Медициналық қызметтің сапасы мен бағасына қаншалықты оң ықпалы бар? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын мына қызықты видеороликтен біле аласыз.

https://baq.kz/kk/news/ult_sauligi/mindetti_meditsinalik_saktandirudin_paidasi_kandai_video


7-07-2016, 13:01

Ақ халатты абзал жандар балаларды мерекемен құттықтады

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бүгінде жасөспірімдерге ерекше көңіл бөлуде. Осы орайда басқарма басшылары медицина орталығында емделіп жатқан бүлдіршіндерді аралап, хал-жағдайын біліп, айтулы мерекелерімен құттықтап, сыйлықтарын ұсынды.

Ақ халатты абзал жандар балаларды мерекемен құттықтады

1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл күні барлық жерде мерелік шаралар өткізіліп, түрлі атракциондар балалар үшін жұмыс жасайды. Алайда, дәл осы күні кейбір бүлдіршіндердің ауруханада болатыны тағы бар. Осы орайда Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшылары ауруханаларда ем алып жатқан балаларды құттықтап, сыйлықтарын ұсынды. Біраздан бері ауырып жатқан балалардың бірі Гүлназ Серік. Өмірге құштар, белсенді қызды қуанту үшін басқарма басшылары арнайы үйіне барып, жылы лебіздерін білдірді. Айтулы мерекені балалар ауруханасындағы емделушілерде ұмыт қалдырған жоқ. Арнайы ұйымдастырылған мерекелік шарада әсем әуендер айтылып, мың бұралған бишілер өнер көрсетті. Балаларға ұйымдастырушылар тарапынан тәттілер таратылып, сыйлықтар табысталды. Бүгінде сәбилер үйінде ата-анасының қамқорлығынсыз тәрбиеленіп жатқан балалардың саны 60 қа жеткен. Басшыларымыз оларды да назардан тыс қалдырмады. «Әрбір баланың қуанышты жүзін көру бәрімізге бақыт сыйлайды»-дейді облыстық мамандандырылған сәбилер үйінің бас дәрігері.

http://kogamtv.kz/aқ-xalatty-abzal-zhandar-balalardy-merekemen-құttyқtady/


2-06-2016, 14:46

Президенттің пәрменінен кейін Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі ауыл-аймақтарды араламақ

Президенттің пәрменінен кейін Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі ауыл-аймақтарды араламақПрезиденттің пәрменінен кейін Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі ауыл-аймақтарды араламақ. Мемлекет басшысынан қатаң сын естіп, амалдың жоғынан отставкаға кеткен Досаевтың тағдырын қайталамас үшін Тамара Дүйсенова әр адамға медициналық сақтандыруды тәптіштеп түсіндіретін сияқты.

 

Түсіндіруді тілшілерден бастап кеткен министр міндетті медициналық сақтандырудан шошымау керектігін айтты. Әлем тәжірибесінде бар жүйе бойынша әр адам енді жалақысының белгілі мөлшерін сақтандыруға салады. Жұмыс берушілер де өз үлесін қосуы тиіс. Ал екі қолға бір күрек таппағандар мен әлеуметтің әлжуаз тобы, яғни 8 миллионнан астам адамға сақтандыруды мемлекет өзі төлемек.

 

ТАМАРА ДҮЙСЕНОВА, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі:

- Біз көбінше мына медициналық мекемелер, денсаулық сақтау жөніндегі қоғамдық ұйымдармен бірге бұл жұмыстарды алып жүрдік. Медицина саласындағы адамдармен бірге алып бардық. Енді осыны ары қарай облыстардың көлемінде, аудандарда, содан кейін ауыл әкімшіліктеріне дейін жеткізу мәселесін қарастырамыз.

- See more at: http://31.kz/video/show/id/12837/model/Video/show/vi#sthash.cjAcecVf.dpuf


7-05-2016, 14:03

Отандық жаңа дәрінің шипасы мол (видео)

Отандық жаңа дәрінің шипасы мол (видео)

Отандық жаңа дәрінің шипасы мол (видео)


Dari-darmek 0

Dari-darmekter

Алматылық мамандар фармацевтика саласында шетелдіктердің өніміне дес бермейтін тері ауруларына және зеңге қарсы шипасы мол отандық дәрі ойлап тапты.Сапасы жоғары, бағасы арзан. Сатылымға келесі жылдан бастап түседі,—деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

Amangeldi SadanovҚР БҒМ ҒК Микробиология және вирусология институтының бас директоры Аманкелді Садановтың айтуынша, ол анбиотиктің бір түрі. Тиімділігі клиникалық тұрғыда дәлелденген. Бұл дәрінің көмегімен түрлі тері ауруларына шалдыққан 400-ге жуық адам құлан таза айығып шыққан. Институт жанынан ашылған зауытта өндірілген өнімнің бағасы импорт өнімдерден 3 есе арзан.

Алматыдағы өндіріс 1 минутта жақпа майдың 50-60 данасын шығара алады. Осылайша, қазақстандық ғалымдар фармацевтика саласын отандық өніммен толық қамтамасыз етпек ниетте.

Gulnar Ultanbekova«Бір құтының бір сериясын жасауға бізде 1 апта уақыт кетеді. Қалай қоректік ортаға себеміз, ол өседі. Одан кейін фирминтерге егеміз. Тиімділігі жағынан өте тиімді. Қолданады. Сұраныс болады деп ойлаймыз»,- дедіҚР БҒМ ҒК Микробиология және вирусология институтының зертхана меңгерушісі Гүлнәр Ұлтанбекова.

Отандық медициналық препарат тексеру деңгейінің 3-ші фазасынан өтуде. Келесі жылдан бастап қолданысқа жіберілмек.

http://munara.kz/other/author1kaz/2016/04/08/otandukh-zhana-darinin-shipasu-mol.html


8-04-2016, 21:01

Міндетті әлеуметтік сақтандыру

Міндетті әлеуметтік сақтандыруЕлімІзде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жұмыстары басталды. Осыған орай оны халыққа түсіндіру бойынша арнайы құрылған қор өкілдері аймағымызға келді.

 

Заң жобасы екі медициналық пакеттен тұрады. Оның бірішісі базалық пакет яғни медициналық жәрдем .Ол- мемлекет тарапынан кепілдендірілген .Республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Екіншісі- қосымша қамсыздандыру пакеті.Бұл -базалық пакет ол барлық медициналық көмекті қамтиды. Оған емханалық-амбулаториялық жәрдемдер мен тұрақты медициналық жәрдемдер кіреді. Бұған тек әлеуметтік медициналық қамсыздандыру төлемдерін төлегендер ғана қол жеткізе алады. Сондықтан жаңа жобасын толық жүзеге асыру үшін коммерциялық емес арнайы қор құрылып отыр.


Когам ТВ

 

 


6-04-2016, 14:08

"Мәңгілік ел" поезының өкілі аурухана туралы

"Мәңгілік ел" поезының өкілі аурухана туралы"Мәңгілік ел" поезының өкілі Қазалы темір жол ауруханасы туралы
14-03-2016, 15:31

Елімізде адам миына пышақсыз ота жасаудың мүмкіндігі артып келеді

Елімізде адам миына пышақсыз ота жасаудың мүмкіндігі артып келеді. Алматыдағы Президенттік медициналық орталықта ашылған нейрохирурхиялық бөлім жыл басынан бері қан тамырлары арқылы 30 науқасқа осындай операция жасапты.

 

Ақтаудан келген 71 жастағы Анатолий Мавров микроинсульт алып, денсаулығы сыр берген соң дәрігерлерлер Алматыға жібереді. Шет елде мұндай операция жасату өте қымбат. Кеше ғана миына нейрохирургиялық ота жасатқан оның бүгін жүрісі ширақ, жағдайы бірқалыпты.

 

АНАТОЛИЙ МАВРОВ, емделуші:

- Мидың жұмыс істеуін қалпына келтірді. Күрделі операцияларды сәтті өткізіп жатқан жас мамандардға алғысым шексіз. Қазіроңалыпкелемін.

 

2008 жылдан бастап Астанадағы орталықта қантамырлары арқылы операция жасаған дәрігер тағы бір науқасқа тиісті көмек көрсетіп жатыр. Сан артериясының ішімен миға ота жасалуда. Операция құны 1 миллионнан 4 миллионға дейін. Бірақ науқастардың 99 пайызы мемлекеттік квота арқылы тегін емделеді дейді нейрохирург.

 

МЫҢЖЫЛҚЫ БЕРДІҚОЖАЕВ, ҚР Президенті іс басқармасының медициналық орталығының нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі:

- Бұл ауруханада республиканың бүкіл түкпірінен келетін науқастарға көмек көрсетіп жатырмыз. Бұл жылы кем дегенде 100-150-ден астам операция жасаймыз деп жоспарлап отырмыз.

 

Сондай-ақ Президент іс басқармасының медициналық орталық халықаралық стандартқа сай JCI сертификатын иеленген. Енді нейрохирургиялық бөлімшенің Қазақстанның әр түкпірінен келген науқастармен қоса, шет ел азаматтарын емдеуге мүмкіндігі бар. Қазір Германия, Израиль сияқты бірнеше елдермен әріптестік орнатқан ауруханадан көрші мемлекет дәрігерлері тәжірибеден өтіп жатыр екен.

 

Манас Қайыртайұлы, Ринат Абулхайыров.

- See more at: http://www.31.kz/video/show/id/11872#sthash.1aj0FgOB.3Bi33tse.dpuf


26-02-2016, 20:03

«Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі қағидалары» бейнеролигі

«Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі қағидалары» бейнеролигіҮйде өртті болдырмауға себебін тигізетін қарапайым өрт қауіпсіздігі шараларын ұсынамыз:

қосылған электр аспаптарын ешқашан қараусыз қалдырмаңыз;

барлық электр аспаптарының ақаусыз болуына көз жеткізіңіз;

әрбір розеткаға электр аспаптарын бір-бірден ғана қосыңыз;

майшамдарды және қандай да бір отты пайдалану кезінде өте абай болыңыз;

сіріңке мен оттықты балалардың қол жетпейтін жерлерінде сақтаңыз;

төсекте ешқашан темекі шекпеңіз және спирттік ішімдік ішіп, темекі шеккен кезде өте сақ болыңыз.

Жылу беру маусымының алдында пештің түтін шығатын мұржасын, түтіндікті және жылу беру пештері мен жүйелерінің басқа да бөлшектерін қара күйеден тазартыңыз, жылу беру маусымында – кемінде екі айда бір рет тазартыңыз.

Жылыту пештерін пайдалану кезінде:

- жағылған пештерді қараусыз қалдыруға;

- жағуға дайындалған отынды, сондай-ақ басқа да жанғыш заттарды от жағу орнының алдындағы жаймаға қоюға;

- Қатты отынды пешті жағу үшін жеңіл жанатын және жанармай сұйықтықтарын қолдануға тыйым салынады.

Пешті қатты қыздырмаңыз, оған жиһазды және басқа да

жанатын заттарды тақап қоймаңыз.

Өрт болған жағдайда эвакуациялау кезінде жабық есіктің кілттері әрқашан қолда болуы қажет.

Өрт шыққанда «101» телефонына қоңырау соғыңыз.

http://rus.emer.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=30951%3A-l----r&catid=412%3A2015-&Itemid=367&lang=kz


9-02-2016, 12:28

ҚЫТАЙДА БАС АУЫСТЫРУ ОПЕРАЦИЯСЫ СӘТТІ ӨТТІ (ВИДЕО)

ҚЫТАЙДА БАС АУЫСТЫРУ ОПЕРАЦИЯСЫ СӘТТІ ӨТТІ (ВИДЕО)Бүгін Қытайда маймылдың басын ауыстыру операциясы жасалды. Отаны италяндық хирург Серджио Канаверо мен оның қытайлық әріптесі Жэнь Сяотин өткізді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы RT-ға сілтеме жасап.

Басы ауыстырылған маймыл ота өткен соң 20 сағат өмір сүрді. Сосын дәрігерлер оны ұйықтатып тастаған.

«Біз қаншама сын-пікірлерге қарамай оларға лайықты жауап бергенімізге қуаныштымыз. Мұндай операцияға сенбейтіндер көп еді», - дейді Канавероның өзі.

Оташы 2017 жылдың желтоқсан айында әлемде тұңғыш рет адамның басын ауыстыру бойынша операция жасамақ. Хирургтің көмегіне ресейлік IT маманы Валерий Спиридонов жүгініп отыр.

«Қамшы» сілтейді

http://qamshy.kz/home/show/4728


26-01-2016, 22:52

Ұйқы өмірімізге қалай әсер етеді?

Ұйқы өмірімізге қалай әсер етеді?

Ұйқы өмірімізге қалай әсер етеді?


МИА КАЗИНФОРМ Агентство


 

29-10-2015, 23:09