Тай елінің дәрігерлері Эболаға қарсы дәрі ойлап тапты

Тай елінің дәрігерлері Эболаға қарсы дәрі ойлап таптыАстана. 30 қыркүйек. Baq.kz - Таиландық дәрігерлер адамдарды қырып жатқан Эбола вирусына қарсы екпе ойлап тапты.
Бангкоктың Сирирадж емханасының ғалымдары ашқан жаңалықтары туралы әзірге толық айтпай отыр.
Белгілісі, зерттеу жүргізу үшін қатерлі вирусты бұл елге әкелмеген дәрігерлер геморрагиялық қызуды көтеретін басқа ұқсас вирусты пайдаланған. Соңғы мәліметтер бойынша, Эбола індетінен 3091 адам көз жұмды, 6 жарым мыңға жуығы жұқтырған.
 
Хабар


30-09-2014, 21:46

255 дәрігердің 120-сы сынақтан өте алмай қалды

255 дәрігердің 120-сы сынақтан өте алмай қалды Шымкент қаласында аттестация тапсыруға жіберілген 255 дәрігердің 120-сы сынақтан өте алмай қалды. Биылғы жылы аттестация қабылдауда өзгешелік енгізіліп, дәрігер алдына манекен қойылған. Оларға ауызша сұрақтан гөрі, жарақат алған адамға алғашқы көмек көрсету секілді іспен жасалатын әрекеттер тапсырылды. Алайда дәрігерлердің бірқатары жүрек тоқтап қалған уақытта не істеу керектігін білмей састы.

ЕРЛАН ҚУАНДЫҚОВ
тілші:
Аттестация тапсыруға барлығы 420 дәрігерден өтініш түскен болса, оның 255-і сынаққа жіберілген. Олардың бірқатары екінші сатыда «сүрініп», тек 135-і ғана біліктілігін дәлелдей алған. Сонымен қатар 46 дәрігер себепсізден сынақ тапсыруға келмей қалғанға ұқсайды.

Сынақ тапсырғандардың ішінде 20-дан астам дәрігер «кенеттен жүрек тоқтап қалған уақытта адамға не істеу керек?» деген сұрақты алдына қойылған манекенге жасап көрсете алмай мүдірсе, ал бес дәрігер жарақат алған адамға жасалатын көмекті манекенге жасап көрсете алмаған. Құзырлы орындағылар бұл жағдайды сынақ қабылдаудағы әдіс-тәсілдердің өзгертілуімен түсіндірді.

СҮЛЕЙМЕН БЕККУЖИНОВ,аттестация, аккредитация және лицензиялау бөлімінің басшысы:
Бұл жерде жағдай көптеген дәрігерлердің сынақтағы өзгерісті білмей қалуынан, яғни муляжда көрсету әрекетін білмегеннен. Екіншісі, ол адами фактор, алдына тапсырма беріледі, адам қобалжудан жауап бере алмай қалуы әбден мүмкін.

Терапевт, хирург, педиатр және акушер-гинеколог секілді мамандар аттестация тапсырып, сынаққа жіберілгендердің жартысына жуығы ғана талаптан мүдірмей өткен. Бұл жағдайға қала тұрғындары да таңданыстарын білдірді.

БЛИЦ:
Дәрігерлер сынақтан сүрініп жатса, бұл алдымен олардың біліктілігін көрсетсе керек. Әрине, сынақ тапсырғанда адамда қобалжу да болады. Бұл жерде себеп әртүрлі болуы мүмкін.
Аттестация өткізу деген дұрыс нәрсе. Әсіресе, бұл дәрігерлер үшін қажет. Аттестациядан сүрінсе, ол сұрақтарды білмейді деген сөз.

Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің облыстық департаменті мамандары аталмыш сынақ - ерікті түрде өтетін аттестация, сондықтан аса дабыра етудің қажеті жоқ, ал сынақтан өте алмағандары қайта тапсыру құқығынан айырылған жоқ дегенді жеткізді. Ал, тұрғындар жағы болса, мәселе аттестацияның міндетті немесе ерікті өтетін түрінде емес, оның түпкілікті нәтижесінде, сондықтан қандай сынақ болмасын - ол маманның біліктілік өлшемі деген пікірде.  
- See more at: http://www.31.kz/video/show/id/4108/model/Video/show/vi#sthash.NLk1f35v.dpuf


24-09-2014, 10:59

Бүгінгі таңда отандық медицинаға 6 мың дәрігер қажет

Бүгінгі таңда отандық медицинаға 6 мың дәрігер қажетАстана. 23 қыркүйек. Baq.kz – Әсіресе бұл саладағы маман тапшылығы бас шаһарда ерекше байқалады. Жаңа емханалар бой түзеп, ауруханалар көбейгенімен, дәрігерлердің саны артпай отыр.  
Қазірдің өзінде Астанадағы медициналық мекемелерде 900-дей дәрігердің орны бос тұр. Денсаулық сақтау басқармасы мамандарының айтуынша, бұл олқылықтың орнын толтыру мақсатында бірқатар шаралар қолға алынғанымен, мардымды нәтиже жоқ.
Мәселені түпкілікті шешу үшін Еуропадағыдай жалпы отбасылық дәрігерлерді дайындау қажет екен. Бүгінде ақ халаттылардың жалақысы төмен.
 
Фаддей Майзельс, ҚР Денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағы төрағасының бірінші орынбасары:
- Қазір медицина қызметкерлерінің жалақысы көңіл көншітпейді. Бақандай 20 жыл қызмет еткен дәрігердің айлығы 50 мың теңгеден аспайды. Әрі үй-жаймен де қамтылмайды. Сондықтан басқа саладан нәпақа іздеп кететіндерде жоқ емес.
 
Хабар
http://khabar.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/6254-b-gingi-ta-da-otandy-meditsina-a-6-my-d-riger-azhet



23-09-2014, 13:51

Қызылорда облысында құтырма белгілері бар адам анықталды

 Қызылорда облысында құтырма белгілері бар адам анықталдыҚызылорда облысы Қазалы ауданында құтырма белгілері бар адам анықталды. Кәукей елді мекенінің тұрғыны қасқырға жем болған сиырын сойып, оның сүйегіне қолын жарақаттап алған. Сөйтіп ауруханадан бірақ шыққан. Ал бұған дейін малшы бұл етті ауылдың 14 тұрғынына сатқан. Олар да қазір құтырма жұқтыруы мүмкін деген есепке алынған.

Арзықали Әлиұлы жыртқыш аңға таланған сиырын  бауыздап жатқан уақытында сүйек жаңқасы қолына кіріп кетіп, зақымдап алады. Жарақат алған қолының қолтық безі шошып, ыстығы көтерілген соң дәрігерлерге көрінеді. Ал ақ халаттылар одан құтырма белгілерін анықтап, арнайы екпе егеді. Бүгінде науқастың жағдайы бір қалыпты.

АРЗЫҚАЛИ ӘЛИҰЛЫ, науқас:
Аудандық аурухананың дәрігерлері толық тексеріп, барлық емін жасап, антибиотигін екті. Барлық жағдайын жасады. Рахмет дәрігерлерге. Қазір жақсымын.

Құтырмаға күдікті науқастың өз малының етін 14 адамға сатқаны да белгілі болып отыр. Олар да бүгінде дәрігерлердің жіті қадағалауында. Өйткені ауру ас қорыту жолдары арқылы да жұғуы мүмкін деген  қауіп бар.

БАҒДАГҮЛ ЖАНҰЗАҚ, тұрғын:
Етті біз алдық. Қақтап тұздаған өзім. Тағамдар жасап жедік. Халықтың, елдің адал малы ғой. Сондықтан алдық, пайдаландық. Тексеруден өттік, бәрі жақсы.

Әзірге бір малдың етін жеген ауыл адамдарынан айтарлықтай белгілер байқалмады. Бірақ құтырма дертінің ұзақ уақыттан кейін де қылаң беруі әбден мүмкін дейді мамандар.

ОРАҚ КЕУБАСОВ, дәрігер-инфекционист:
Ол ауруларға профилактика жүргізіп жатырмыз. Бірақ медицинада 100 процент ешқандай кепілдік берілмейді. Себебі құтыру ауруының инкубациялық уақыты бір жылға дейін созылады. Бір жылдың ішінде ол аурудың денсаулығына байланысты, иммунитетіне байланысты, сосын жарақатының қай жерде орналасуына байланысты әр уақытта ауру шығуы мүмкін.  

Бұл жолы Арзықали Әлиұлын да, ауылдастары  аман қалды. Бірақ қауіп  жоқ емес. Өйткені күз айларында қасқыр атаулы бөлтірігін ертіп, малға жиі шабатыны белгілі. Ал жыртқышқа жем болған ірі-қарасын ысырап болмасын деп сататын малшыларға ешкім тосқауыл бола алмайды.
 
-    See more at: http://www.31.kz/video/show/id/4063/model/Video/show/vi#sthash.A56s76ht.dpuf



19-09-2014, 19:08

Қызылорда облысында 33 мұнайшы уланып қалды

Қызылорда облысында 33 мұнайшы уланып қалды Өздерін жайсыз сезініп, ауруханаға жеткізілген «Арысқұм» кенішінің мұнайшыларына гастроэнтерит (ішек жұқпасы) деген диагноз қойылған. Әзірге олардың неден ұшынғаны белгісіз. Жұмысшылар әдеттегідей барлығы бір асханадан ас ішкендерін айтады.
 
Қаракөз Балабекова, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері: - Бүгінгі сағат 10:00-дағы жағдайлары орташа деуге болады. Әлде де әлсіздік бар. Жиі дәретке барулары байқалады. Дене бұлшықтары, бастары ауырып, улану белгілері сақталуда. Дәрі-дәрмек жеткілікті. Барлық эпидемиологиялық жағдайларға қарасты шаралар жасалынып, ем жасалуда.
 
Ғалымжан Қуантаев, емделуші: - Нақты неден екенін біле алмай жатырмыз. Күнделікті жеп жүрген тамақ. Мұндай жағдай бірінші рет болып тұр.

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/ajma-tar/item/25737-yzylorda-oblysynda-33-m-najshy-ulanyp-aldy



15-09-2014, 23:19

Құтқарушылардың төтенше жағдайға дайындығы пысықталды

Құтқарушылардың төтенше жағдайға дайындығы пысықталды Өскеменде «Жер – 2014» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде. Онда Шығыс Қазақстанда болуы мүмкін жер сілкінісінің салдарын жою әрекеттері пысықталды. Құтқарушылар тұрғындарды баспаналарынан шығарып, оларды орналастыру үшін шатырлы лагерлер тұрғызды. Жараланғандарға медициналық алғашқы көмек көрсетіліп, халыққа киім-кешек, азық-түлік таратылды.
Құтқарушылар барлығын рет-ретімен, жедел орындап, төтенше жағдайға дайын екендіктерін көрсетті. Мұндай оқу-жаттығу республиканың сейсмикалық аймақтарында 3 жылда бір рет өткізіледі. Ал Шығыс Қазақстанда бұл шара тұңғыш рет ұйымдастырылды.
 
Евгений Шатурный, ШҚО ТЖД бөлім басшысы: - ШҚО-да жер сілкінісі болуы мүмкін деген дабыл соғылды. Белгі берілісімен оқиға орынына лдің барлық аймағынан құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдар келді. Қазіргі уақытты бұл оқу-жаттығуға жеке құрамдағы 753 адам және 193 техника бірлігі жұмылдырылды.

Источник: http://www.24.kz/kz/zha-aly-tar/t-tenshe-zha-daj/item/25200-t-arushylardy

 


13-09-2014, 15:25

Калачи ауылындағы адамдарды тағы да ұйқы қыса бастады

Ақмола облысы, Калачи ауылындағы адамдарды тағы да ұйқы қыса бастады. Індет жайлаған ауылда соңғы күндері бір мезетте 8 бала мызғып кеткен. Ең қорқыныштысы, ойнап жүрген жерінде қалғып кеткен оқушылар оянғаннан кейін өздерін біртүрлі ұстап, құлай бастаған. Шошынған ата-аналары балаларды төсекке байлап қоюға мәжбүр болыпты. Бүкіл ауылды тағы да дүрліктірген дерттің емі бар ма? Калачи ауылы картадан жойылуы мүмкін бе? Астаналық әріптестеріміз анықтап көрген еді.

Ақмола облысына қарасты Калачи ауылына жұртты жаппай ұйықтатып тастайтын түсініксіз дерт осыдан үш жыл бұрын келген. Содан бері 600-дей тұрғыны бар елдімекенде 60-тас астам адам осы қауіпті індетке шалдығыпты. Айта кетерлігі, адамды аяқ астынан қалғытып жіберетін ауру жас талғамайды екен. Ауырғандар арасында 2 жастағы сәби де, сексеннің сеңгіріне шыққан қарттар да бар. Ал осы қыркүйектің басында алғашқы қоңыраудан шыққан 8 бала ойнап жүрген жерінде қалғып кеткен. Балалар өздерін белгісіз бір күш келіп құлатып кеткендей көрінді деп қорқады. Аяқтарынан тұра алмай, есінен адасқандай күйге түскен сәбилер бірінен кейін бірі құлаған.

АНДРЕЙ КУХТА, Калачи ауылының тұрғыны:
Я стал вот так вот. Меня шатала. Мама меня положила на кровать. Патом Паша зашел. Он тоже не в сознаний. Не был в сознаний. Только его как меня шатала. Кружила.

Андрейдің өзі ұйқыдан бір күннен кейін оянса, тоғыз жастағы бауыры екі тәуліктен кейін ғана есін әрең жиыпты. Ең қорқыныштысы, дәрігерлер қолды-аяққа тұрмай, шырқыраған баланы төсекке таңып қоюға мәжбүр болған. Қос ұлының адам аярлық күйге түскенін көрген анасы жұмбақ сырқат жайлаған ауылдан көшіп кеткісі келетінін айтады. Өйткені, қауіпті дерт жыл өткен сайын асқынып барады дейді.

ЕЛЕНА КУХТА
, Калачи ауылының тұрғыны:
Симптомы страшнее еще стали. Раньше люди заснули и проснулись. А потом начилось галюцинаций, не адекватоност. Дети агрессивные, буйность. Агрессия страшная. Моего ребенка привязали к кровати. 9-летнего. Что бы успокоить.

Аяқ астынан апыр-топыр болып, қалғып кетуден жүректері шайлыққан калачиліктер ақырындап ұйқы басқан ауылдан көшіп жатыр. Алайда, көбісінің қоныс аударуға жағдайы жоқ. Ал қауіпті дерттің қайдан шыққанын анықтауға келіп жатқан сансыз комиссияға сенбейтін болған. Өйткені, сан рет келіп сараптама жасаған мамандар жұрттың жаппай қалғуының себебін әлі күнге тапқан жоқ. Жағдайдың ушыққанын естіген радиологтар енді ауылдағы топырақ пен су, ауа құрамын зерттеп жатыр.

ВИТАЛИЙ РОМАНЕНКО, Ұлттық ядролық орталықтың маманы:
Біз қазір бұл ауру мүмкін ауа болмаса су арқылы тарайтын деген нақты болжам жасай алмаймыз. Сондықтан қазір су мен ауадан, топырақтан сынама алдық. Тұрғындарды қалғытып жатқан не нәрсе екенін сараптама қорытындысы шыққаннан кейін ғана айта аламыз.   

Яғни, Калачи ауылындағы ұйқы ауруына сараптама жасауға өзге өңірден 12 маман келген. Қорытындысы қыркүйектің ортасынан кейін дайын болуы тиіс. Алайда, тұрғындар аурудың ошағы ауыл шетіндегі бұрын уран өндіріп, қазір қаарусыз қалған кеніште деп болжайды. Сондықтан денсаулық министрлігінен келген комиссия жұмысы ауыл жұртының бойындағы мезгілсіз ұйқы мен үрейді сейілте алмайтын секілді.

Гүлбану Әниятқызы, Нұркен Тоқмурзин.  
- See more at: http://www.31.kz/video/show/id/3890/model/Video/show/vi#sthash.tJN8JdrA.dpuf



10-09-2014, 20:08

Құтырма ауруына шалдыққан әйел қайтыс болды

Қызылордада құтырма ауруына шалдыққан әйел қайтыс болды.  Алдын- ала болжам бойынша қауіпті дертті науқас жабайы мысықтан жұқтырған.

Ажал құшқан адам қала іргесінде Қоғалыкөл елді мекенінің 40 жастағы тұрғыны. Қауіпті кеселге ұшырамас бұрын ол  соңғы бір жарым ай көлемінде иесіз жануарды асырап алғаны белгілі болды. Кейін есігінің алдынан мысықтың өлі денесі де табылған. Ауруы асқынған азаматша бүгін ауруханада жан тапсырды.

ҚАРАКӨЗ БАЛАБЕКОВА, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері:
Күдік мысықтан деп отырмыз. Бірақ қорытынды диагноз паталоганатомдық сараптама дайын болғаннан кейін қойылады.
 
- See more at: http://www.31.kz/video/show/id/3874/model/Video/show/vi#sthash.8cHmsNxP.dpuf


8-09-2014, 22:24

Түрлі емдік қасиеттері бар өсімдік саудаға салынды

Шиеліліктер қызыл мия тамырының келісін 10 теңгеден сатып пұлдайды. Ал пысқай кәсіпкерлер оны Қытайға жоғары бағамен жөнелтетін көрінеді. Жергілікті шенеуніктер мен табиғат қорғау органдары болса, қауқарсыздық танытып отырғандай. Ақ жағалылар түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ықпал жасап отырмыз дейді.
Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы Алмалы, Жөлек және Бала би ауылдарының тұрғындары  қызыл кітапқа енген қызыл мияны аяусыз отап, сатып жатыр. Дертке дауа болатын қасиетт іөсімдіктің тамырын жұлып, саудағ ашығарған жұрттың басқа табысы жоқ. Өйткені ауылдард ажұмыссыздық дендеген.
 
Бибігүл Орманова, ауыл тұрғыны:
Бір жылдан кейін бастығы ауысып еді өзінің адамдарын алды да баламыз қазір жұмыссыз қалды. Мия да тереді арасында, қайтеді енді?
 
Темірбек Нарымбетов, ауыл әкімі:
Ықпал жасағанда біз ардагерлер кеңесі төрағасы бар, ардагерлер бар, мал шаруашылығымен айналысып отырған жігіттер бар ел болып жиналып өткен жолы келістік. Отауғаболмайдыдепауылішіндеөзімізшешіпжатырмыз.
Қызыл мия - түрлі емдік қасиеттері бар өсімдік. Оның тамырынан жүрек, бауыр, өт жолдары, асқазан ауруларына шипа болатын дәрілік заттар дайындалады. Бірақ соңғы кезде өсімдіктің азайып бара жатқандығын былай қойғанда соңғы уақытта оны трактормен келіп, тамырымен қопаратындар көбейген.  Табиғат қорғаушылардың айтуынша мұндай бассыздық жердің құнарлы қабатының эррозияға ұшырауына әкеледі.
 
Айбек Жолаханов, Қызылорда облыстық орман, аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының бас маманы:
Жердің сорлануына әкеп соқтыруы мүмкін. Сонымен қатар басқа да өсімдіктер әлемінің жойылуына әкеп соқтырады.
Түрлі медициналық препаратқа қажетті шикізат бола алатын қызыл мия тамырын өңдейтін зауыт өңірде енді салына бастады. Ал әзірге бұл өсімдік еш бақылаусыз шетелдерге асып кете бермек.
 
Гүлназ Бисен, Мұхамеджан Аяпбергенов.
- See more at: http://www.31.kz/video/show/id/3186/#sthash.DtQVMDwe.dpuf


5-09-2014, 22:20

Сал ауруының емі бар

Бүкіл әлем мамандары қанша жерден бас қатырса да, «емі жоқ» деген сал ауруын жеңуге болады екен. Оны Алматыда тұратын дәрігер Мақсат Әбдіқадыр дәлелдеді. Туғаннан айықпас дертке шалдыққан  көптеген адамның сірескен денесіне жан бітірген маман, құрал-жабдықтардың дерлігін өз қолымен жасаған.

Жасы төрт жарымға келсе де, өзі құралпы балалармен жарысып жүгірмеген, асыр сап ойнамаған Фариза Әділбекованы  қамкөңіл ата-анасының апармаған жері жоқ. Бірақ, дәрігерлер  ДЦП диагнозының  емі әлі табылмағанын айтып, көмектесе алмаған Фаризаға сал ауруын 15 жыл бойы  зерттеп жүрген Мақсат Әбдіқадыров  емдеудің жаңа тәсілін қолданып көреді. Еңбегі нәтижесіз емес. Бар болғаны екі айдың ішінде баласының аяқ қолына  жан біткенін көрген анасы,   әлі   өз көзіне өзі  сене алар емес.

Сал ауруының дауасын табу үшін жылдар  бойы  ізденіп, көз майын тауысып зерттеген   Мақсат Әбдіқадыртың емдеу  тәсілі де ерекше. Өзі құрастырған мынандай электронды тітіркендіргіштер арқылы жансыз ағзаны тірілтеді.  Сондай-ақ, ине салу, уқалау әдістерін қолданады.

Емделушілердің қарасы көбейгендіктен,  ғимарат жалдауыма тура келді дейді. Басым көпшілігі - балалар. Арасында тіпті, Ресей  мен Қытайдан қоңырау шалып, келіп жатқандар бар екен.

ДЦП деген дүниежүзі бойынша, емі  жоқтың  қасында деп есептелінеді.  Әзірге  200 науқасты емдедім осы  дцп  балалардан. Екі жүздің ішінде  17-сі жазылды. Нәтижесі жақсы.  Сөйлей алмағаны сөйледі. Отыра алмағаны отырды.

Дәрігердің айтуынша,  электронды тітіркендіргіш құралдары барлық  науқасқа  бірдей әсер етпейді. Жас шамасына  байланысты екен.
 
 Неғұрлым ертерек емделсе, ем соғұрлым жақсы қонады. Өкініштісі, орталыққа келушілердің 70 пайызы  ем қонатын қымбат уақытты жоғалтып алғандар.

МАҚСАТ ӘБДІҚАДЫР, дәрігер:
Баланың миы әдетте 8 жасқа келгенде  ересек адамдармен бірдей жетіледі. Сол себепті  алтын дәуір болып есептеледі. 8 жастан кейінде емдейміз. Бірақ өнімділі ондай жоғары болмайды.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап бір ғимаратты өз қаржысына жалға алып отырған дәрігер, ДЦП дертін емдеуге дәстүрлі медицина дәрменсіз екенін біле  тұра  енбегінің  еленбегеніне қынжылады. Егер мемлекет тарапынан қолдау болса, сал ауруларын оңалту жөнінен Алматының,  қала берді, Қазақстанның атын әлемде танытар едім дейді.

Мақсат Толықбай, Ринат Абулқайыров.
- See more at: http://www.31.kz/video/show/id/3765/#sthash.VmUNzITt.dpuf


4-09-2014, 22:18