«Қазалы стансасы локомативі» АҚ-ның жолсапар алдындағы медициналық тексеру бекеті
2-10-2014, 13:41
Автор: kazaly

Кабинетте 1-ші біліктілік санатын иеленген 1 фельдшер және 2-ші біліктілік санатын иеленген 3 фельдшер жұмыс істейді.
Тексеру локомотив бригадасының барлық мүшелерінің бір мезгілде келіп, олардың маршуттық қағазды ұсынғанда ғана жүргізіледі. Медициналық тексеру алғашқы сапарға шығар алдында және сапардан соң өткізіледі.
Медициналық тексеру сұраудан, қараудан және локомотив бригадалары қызметкерлерінің атқарымдық көрсеткіштерін өлшеуден, сырт көрінісіне, жүрісіне, тексерушінің кейпіне, мінез құлқы мен сезімдік реакцияларының сама-сай келуіне құралады. Шағымдар, сапар арасындағы демалыс пен ұйқының ұзақтығын айқындау, артериялық қысым, тамырдың соғу жиілігі анықталады.

Вернуться назад