Локомотив бригадаларын медициналық бақылап тексеру кабинеті санитарлық нормалар мен ережелерге сай келетін, екі бөлмеден тұрады. Локомотив депосының аумағында, ғимараттың бірінші қабатында және депо бойынша кезекшінің кабинетіне жақын орналасқан. Депо бойынша кезекшімен және локомотив бригадаларының нарядшысымен байланысатын телефонмен қамтамасыз етілген. Кабинет жиһазбен және медициналық құралдармен жабдықталған.
Кабинетте 1-ші біліктілік санатын иеленген 1 фельдшер және 2-ші біліктілік санатын иеленген 3 фельдшер жұмыс істейді.
Тексеру локомотив бригадасының барлық мүшелерінің бір мезгілде келіп, олардың маршуттық қағазды ұсынғанда ғана жүргізіледі. Медициналық тексеру алғашқы сапарға шығар алдында және сапардан соң өткізіледі.
Медициналық тексеру сұраудан, қараудан және локомотив бригадалары қызметкерлерінің атқарымдық көрсеткіштерін өлшеуден, сырт көрінісіне, жүрісіне, тексерушінің кейпіне, мінез құлқы мен сезімдік реакцияларының сама-сай келуіне құралады. Шағымдар, сапар арасындағы демалыс пен ұйқының ұзақтығын айқындау, артериялық қысым, тамырдың соғу жиілігі анықталады.
Локомотив бригадаларының алкогольдік ішімдік ішкенін және есірткі заттарды қолданғанын анықтап, тексеруден өткізеді. Бұл үшін ,,Алкотест-203’’құралы қолданылады. Есірткі заттарын тұтынуын «ИХА-5-мульти-фактор» тест тілімше арқылы тексереді. Фельдшерлер ай сайын зиянды әдеттерден сақтану, қан қысымының артуының алдын алу тақырыбында әңгіме кеңес өткізеді. Фельдшерлер тексерілудің сапасы мен локомотив бригадалары қызметкерлерінің сапарға жарамдылығы туралы тұжырымдаманы бергенін өз жауапкершілігіне алады.