Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 2016 жылғы №178 бұйрығына сәйкес 2016 жылдың 15 ақпанында 20 төсек орынды нейроинсульт орталығы Қазалы теміржол ауруханасынан ашылды.
Негізгі мақсат: бөлімшеге келген науқастарға жоғары дәрежелі медициналық көмек көрсету, диагноздарын анықтап, стандарттарға сәйкес жоғарғы сапалы ем жасау. Дәрігерлер мен медбикелердің білім дәрежесін шыңдау, деонтологияны сақтай отырып халыққа арнайы көмек көрсетуді жақсарту.
Қабылдау бөлімінде науқасты қабылдағаннан кейін науқастың маңызды тіршілік қызметтері, жалпы жағдайы, Глазго комасы шкаласы бойынша науқас санасының деңгейін, неврологиялық статусы бағаланып, лабораториялық және аспаптық тексеру ұйымдастырылады.
Витальды қызмет бұзылысы (санасының бұзылысы, тыныс, жүрек - тамыр қызметінің бұзылысы (аритмия, жүрек тоқтауы) бар жоғы ескеріліп, ЭКГ, кубитальды катетер қою, гематологиялық тексеру (20 мин.), тромбоцит, гематокрит, АЧТВ, ПВ - МНО, фибриноген, қансырау уақытын анықтау, гемоглобин, лейкоцит, қандағы қант деңгейі анықталады.
Оксигенотерапия, ИВЛ, оро - немесе назотрахеальды интубация, АҚҚ коррекциясы, антиаритмиялық терапия (реанимациялық шаралар) жасалады. Қабылдау бөлімінде 24 сағат бойы қызмет ететін ми КТ-сы (20 мин.) жасалып, инсульт түріне байланысты, ишемиялық инсульт болған жағдайда медикаментозды реперфузионды терапия жүргізу жөнінде мәселені шешу (алғашқы 3 сағатқа терапиялық терезе уақытына сай болғанда), реанимациялық палата жағдайында.
Геморрагиялық инсульт болған жағдайда науқас нейрохирургпен қаралғаннан кейін егерде жедел гидроцефалия, хирургиялық қолжетімді ауқымды бас ми ішілік гематома анықталса науқасқа жедел түрде нейрохирургиялық ота жасалады. Қалған геморрагиялық инсульттар реанимация бөліміне жатқызылып, гемодинамикалық көрсеткіштері, бас ми ісінуі мен шемені басылған кезде инсульт бөлімінің интенсивті терапия палатасына жатқызылады, барлық жалпы милық және ошақтық неврологиялық белгілер басылғаннан кейін, науқас жағдайын қалпына келтіру мақсатында науқасты ішкі лимит арқылы нейрореабилитация бөліміне ауыстырылады.
Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Ш.Әлназарованың №178 бұйрығына сәйкес 2016 жылдың 15 ақпан айынан бастап Қазалы теміржол ауруханасынан ашылған инсульт орталығы қызметін жоғары сапалы медициналық көмектер көрсетуде.
Ауруханада инсульт орталығының ашылу себебі ауруханада:
1. Тәулік бойы КТ диагностика тексерулері.
2. Тәулік бойы лабороториялық қызмет.
3. Экстракраниальды тамырларды дуплексті сканерлеу.
4. Мамандандырылған дәрігерлер (невролог - 4, реабилитолог - 1, Реаниматолог - 5, нейрореаниматолог - 2, нейрохирург - 1, кардиолог - 1, окулист - 1, функциональды диагностика дәрігері - 1, логопед - 1, психолог - 1).
5. Тәулік бойына кезекшілікпен қамтамассыз етілген реанимациялық бөлімше.
Ауруханада тәулік бойы КТ диагностика, лаборотория, Экстракраниальды тамырларды дуплексті сканерлеу, невролог, нейрореаниматолог, кардиолог мамандарымен толық қамтамасыз етілген.
Науқасқа 20 - 40 минут көлемінде бүкіл тексерулер жүргізіп, мамандармен кеңес алынып, нақты диагноз қойылып тромболизистік немесе оперативті ем жүргізіледі.
Дәрігерлермен, мейірбикелермен және кіші буын медицина қызметкерлерімен толық қамтамасыз етілген.
Сонымен қатар Инсульт орталығында қазіргі таңда ерте оңалту бөлімі -10 төсек, кеш оңалту бөлімі - 10төсек жұмыс істейді. Онда науқастарды жоспарлы түрде қабылдап, емдеу іс-шаралары жүргізіледі.
Қазалы теміржол ауруханасы ЖШС нейроинсульт орталығын 1 категориялы невролог Талғат Алданұлы басқарады, жауапты мейіркеші Елюбаева Іңкәр Ұлықпанқызы.