Гинекология бөлімшесі

Гинекология    бөлімінде  15 қызметкер жұмыс жасайды. Қызметкерлердің ішінде 1 дәрігер, орта медициналық қызметкер - 7 , кіші   медициналық  6  қызметкер еңбек етеді. Ұжымдастардың  жұмыста   біліктілігі ,  мақсатқа талпынушылық, тәртіптілік, бойларында инабаттылық орын алған. Қызметтік міндеттерін  адал  орындайды, табандылық  пен   бастамашылық байқатады.   Қызметкерлер  жоғары  еңбек   қабілеттілігімен ерекшеленеді.   Қол жеткізген нақты нәтижелері үшін қызметкерлеріміз  мақтау   қағаздарымен  марапатталған
Гинекология  бөлімшесі үш қабатты типтік аурухананың 1-ші қабатында орналасқан. Бөлімше 11 төсек-орынға есептелген. Бөлімшеде 3 орындық 1 палата, 2 орындық                   4 –палата  бар. Егу бөлмесі, асхана, манипуляция бөлмесі және бөлім  меңгерушісінің бөлмесі бар. 
Бөлімшенің негізгі мақсаты: бөлімшеге келген науқастарға жоғары дәрежелі медициналық көмек көрсету, диагноздарын анықтап, стандарттарға сәйкес жоғарғы сапалы ем жасау,дәрігерлер мен мейіргерлердің білім дәрежесін шыңдау, этика-деонтологияны сақтай отырып халыққа арнайы көмек көрсетуді жақсарту. Бөлімше меңгерушісі І-ші санаттағы  Опабекова Индира Ахмеуллақызы , жұмыс өтілі - 20  жыл. Аға мейіргер   Смет Сақыпжамал Нұрыллақызы І-ші санатта жұмыс өтілі  18-жы
л 

 

7-09-2023, 10:27

Қабылдау бөлімшесі

Қабылдау бөлімшесі – аурухананың құрылымдық бөлімдерінің бірі. Бөлімшенің басты мақсаты – бөлімше қызметіне жүгінген науқастардың бәрін мүмкіндігінше ауруханаға жатқызу және ауруханаға жатпағандарға шұғыл медициналық көмек көрсету. Қабылдау бөлімшесі әрқашан аурухананың «алдыңғы шебі» болып табылады. Қызметкерлердің алдында сырқаттарға қызмет көрсетудің сапасы мен медициналық көмектің тиімділігін арттыру міндеті тұр. Қабылдау бөлімшесі аурухана ғимаратының бірінші қабатында орналасқан.


Бөлімшенің жауапты дәрігері Ырысбек Уәзірбекұлы ӘСКЕРБЕКОВ. Ол ІІ-ші санатты хирург дәрігер. Бөлімшеге жауапты мейірбике Рәш Әбжәмиқызы АЛМАҒАМБЕТОВА. Ол Түркістан медициналық училищесінің жалпы мейірбикелік бөлімін 1986 жылы үздік бітірп шыққан. Қазіргі таңда І-і санатты мейіргер еңбек өтілі – 39 жыл.
Бөлімшеде І-ші санатты 3 мейіргер, ІІ-ші санатты 4 мейіргер жұмыс істейді, 2 мейіргердің  маман сертификаты бар. 5 тазалықшы және 1 күзетші еңбек етеді


  1. Қабылдау бөлімшесінде Қазақстан Республикасында стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қабылдау бөлімшелерінде шұғыл медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы
    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 2 сәуірдегі № ҚР ДСМ -27 бұйрығы
    Қабылдау бөлімшесінің құрылымында:
    1. тіркеу бекеттері (тіркеу бөлімі 
    2. пациенттерді бақылауға арналған пост;3. Диагностикалық палата;
    4. Хирургиялық кіші операцияларға арналған және хирургиялық емдік шараларды жасауға арналған бөлме. Бөлме хирургиялық құрал-жабдықтармен және стерильді материалдармен қамтамасыз етілген.
    5. Балаларды қабылдау бөлмесі.
    6. Шұғыл түрде қабылдау бөлмесі. 
    -Бөлме электронды салмақ өлшегішімен бой өлшегішпен бірге, 
    -электрлік сорғымен, 
    -оттегі балоншасымен, 
    -«Невулайзер» аппаратымен,
    - «Амбу» ауа қапшығымен және 
    -пульксометрмен жабдықталған.
    Сондай-ақ бөлімшеде ЭКГ аппараты, 
    -дефибриллятор аппараты, 
    -кішігірім УДЗ аппараты, 
    -ЭХО-энцефалограф аппараты мониторымен бірге, 
    -SOS аппаратымен жабдықталған. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 26 тамыздағы № ҚР ДСМ-92 бұйрығына сәйкес «Анафилактикалық шок кезіндегі шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдар тізбесі», «Ауыр эклампсия, эклампсия кезіндегі шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдар тізбесі», «Акушерлік қан кетудегі шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдар тізбесі» талаптарына сәйкес, ОКС, анафилактикалық шокқа қарсы қобдишалармен жабдықталған.  
    7. Жоспарлы қабылдау бөлмесі. Бұл бөлмеде ауруханаға жоспары түрде келген науқастар қабылданады. Сырқаттар компьютерде КМИС бағдарламасы бойынша тіркеліп отырылады.
    8. Аса қауіпті ауруларға күмән болған кезде оқшаулау бөлмесі сырттан бөлек кіру есігімен, душ, әжетханамен жабдықталған.
    9. Санитарлық тазалаудан өткізу бөлмесі. Мұнда ауруханаға түскен науқастардың жеке бас тазалығы қаралып, педикулезге тексеріліп, қажет жағдайда олар душ, ванна қабылдайды. Бұл бөлме орталықтандырылған ыстық және салқын сумен қамтамасыз етілген.
    10. Қабылдау бөлімшесінің қасында жедел-жәрдем бөлімшесі орналасқан. Оның құрамында: дәрігер, фельдшер, диспетчер жұмыс істейді. Шақыртулар «КӨМЕК» бағдарламасы арқылы қабылданып, тіркеліп отырылады.
    Жедел түрде жатуға тиіс науқастар тәулік бойына еш кідіріссіз қабылданады. 
    Жоспарлы науқастар – жұмыс уақытында қабылданып, ауруханаға жатқызылады.
    «Жедел жәрдем» қызметі қабылдау бөлімшесіне науқасты жеткізгеннен кейін кезекші мейіргер медициналық көрсетілімдерді ескере отырып, түскен сырқаттарды топтарға бөледі (Триаж жүйесі бойынша медициналық іріктеу). Триаж жүйесі бойынша медициналық іріктеу үздіксіз және сабақтастықпен жүргізіледі. Бір пациенттің жағдайын бағалау процесі 60 секундтан аспайды. Бағалау аяқталғаннан кейін пациенттер арнайы түрлі-түсті бирка немесе түрлі-түсті лента түріндегі іріктеу санатының бір түсімен белгіленеді. Медициналық іріктеуге сәйкес пациенттер шартты түрде 3 топқа бөлінеді:
    - бірінші топ (жасыл аймақ)– медициналық көмекті аздап қажет ететін және одан әрі амбулаториялық емделу үшін үйіне жіберілген пациенттер мен жоспарлы емдеуге жатқызылған пациенттер.
    - екінші топ – (сары аймақ)-  қабылдау бөлімшесінде төсекте жатқан шұғыл немесе кезек күттірмейтін көмек көрсетуді қажет етпейтін (немесе қабылдау бөлімшесінде бірнеше сағатқа бақылауға қалдырылған пациенттер), сондай-ақ диагнозын нақтылау мен саралауға қалдырылған пациенттер;
    - үшінші топ (қызыл аймақ) – қабылдау бөлімшесінде шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетуді қажет ететін пациенттер.
    Триаж жүйесінің медициналық іріктеу нәтижелері бойынша пациент дәрігердің қарап-тексеруі үшін қабылдау бөлімшесінің тиісті аймағына жіберіледі.
    Ауыр жағдай келіп түскен науқастар үшінші топ қызыл аймаққа өткізіліп, сол жерде алғақы медициналық көмек көрсетіліп, жағдайы тұрақталғаннан кейін пациент бейінді бөлімшеге емделуге жатқызылады.
    Пациентті стационарға емдеуге жатықызғаннан кейін мейіргер №175/2020 бұйрықпен бекітілген 001/е нысаны бойынша стаицонарлық науқастың медициналық картасын толтырады және пациентті бейінді бөлімшеге алып жүреді. 
    Стационарға емделуге көрсетілімдер болмаған жағдайда қабылдау бөлімшесінің дәрігері пациентке қарап-тексеру, консультация беру және диагностикалық зерттеулер нәтижелерін көрсетумен бірге қабылдау бөлімшесінде болуы туралы қорытындыны және одан әрі МСАК жағдайында емделу туралы нұсқаулықтар береді. Бір уақытта мейіргер МСАК ұйымының тіркеу бөліміне пациенттің жағдайы туралы хабарлама жібереді және учаскелік дәрігерге №175/2020 бұйрықпен бектіліген №110-1/е нысан бойынша белгі парағын тағайындайды. Науқастың диагнозы анқыталғаннан кейін бойы, салмағы өлшеніп, санитарлық тазалаудан өткізіліп бөлімшеге жеткізіледі.
    Ауруханада емделіп жатқан науқастармен туыстарының кездесу уақыты:
    11.00 – 13.00 – Кездесу
    15.00 – 17.00 – Түскі үзіліс
    17.00 – 19.00 – Кездесу.
    Барлық бөлімдермен тікелей хабарласатын ішкі және сыртқы телефондар бар. Ауруханаға жедел түрде түскен науқастар аурухананың 2-ші және 3-ші қабатына арнайы лифтпен жеткізіледі. 
5-02-2021, 23:20

Терапия бөлімшесі

  1. Терапия бөлімшесі-10 төсек, кардиология -10 төсек орынға арналған. Бөлімше жаңа типті аурухананың 3-ші қабатында орналасқан. Онда 1, 2, 3 орындық палаталар бар. Сонымен бірге егу бөлмесі, асхана, аға медбике, бөлім  меңгерушісі бөлмелері орналасқан. Ардагерлер, соғыс ардагерлеріне және мүгедектерге арналған палата да бар. Терапия бөлімінде гастроэнтерологиялық, кардиологиялық, кардиоревматикалық,
    пульмонологиялық, гемотологиялық, жалпы терапиялық науқастар емделеді.
    Бөлімшеге 1-ші санатты дәрігер терапевт Айжарикова Бакыт  Шалғынбайқызы менгерушілік етеді. Жұмыс өтілі - 30 жыл, аға медбике Абильдаева Дамира Карасаевна, жұмыс өтілі - 12 жыл. Бөлімшеде 1 санатты 3 медбике   жұмыс істейді, 2 мейіргердің маман сертификаты бар.
    Барлық науқастарға 3 тәулік ішінде диагноз қойылады, ем алушыларға түскеннен кейін 20-30 мин ішінде ем басталады, әрі қарай емге түзетулер, қосымша мамандар кеңесі емдері қосылады. 
    2020 жылы бөлімде 4 оттегі  концентраторы іске қосылды.
    Кардиоревматикалық науқастарды тексеруде мына аппараттар арқылы тексеру жүргізіледі: ЭКГ, ЭХОКГ, СМАД, Холтер мониторы, УЗДГ, ИФА. 
    Пульмонологиялық науқастарға компьютерлік томография,
    рентгенография, қақырық МБТ-ға, антибиотикке сезімталдығына тексеріледі. Гастроэнтерологиялық науқастарды тексеруде  ФГДС, УЗИ,  хеликобактерийге ИФА, асқазан рентгеноскопиясы пайдаланылады. 
    Сырқаттарға диагноз қоюда ФГДС, УЗИ, Rº графия, ЭКГ, ИФА, УЗДГ, Холтер   мониторы, СМАД, компьютерлік томография тәсілдері кеңінен қолданылады.
    Барлық науқастарды тексеруде клиникалық, биохимиялық сараптамалар, соның ішінде КШС, тропонин, электролиттер, КФК және серологиялық байқаулар пайдаланылады. Барлық науқастарға өзінің диагнозына байланысты физиопроцедуралар жасалады: УВЧ, Электрофорез, соққылы-толқынды терапия, ЕДШ (ЛФК), массаж, кварц, биоптрон, экран, ультратон, емдік ванналар, кедр бөшкесі, вибромассаж және т.б. Емдеу барысында стандарт бойынша жаңа технологиялық дәрі-дәрмектер пайдаланылады.
    Осы тексерулер мен емдеудің нәтижесінде науқастарға уақытылы және сапалы медициналық көмек көрсетіледі.

  көрсетіледі.
4-02-2021, 16:25

Неврологиялық бөлімше

Теміржол ауруханасының неврологиялық (жүйке) бөлімшесі типті аурухананың 2-ші қабатында орналасқан. Бөлімше 10 төсек-орынға арналған. Бөлімшеде бас ауруы, бел ауруы, ми қан тамырларының зақымдалуымен ауырған науқастар емделеді. Бөлімшеде 1 дәрігер жұмыс істейді. 
Бөлімше меңгерушісі – Өтеулі Шолпан Қарақұлқызы, аға мейірбикесі – Маханбеталиева Айнур Тоғаймұратқызы. 
Жауапты мейірбике, ауысымдағы мейірбикелер және кіші мейірбикелер жұмыс атқарады. Бөлімшеде дәрігерлер, егу бөлмесі, санитарлық бөлмелер, шаруашылық бөлмесі, асхана бар. Палаталары 5, 4 және 2 адамдық бөлмеде сервистік палаталар жұмыс жасайды.  Науқас жататын бөлмелер тұрмысқа қажетті барлық заттармен қамтамасыз етілген. Емдеу барысында стандарт бойынша жаңа технологиялық  дәрі-дәрмектер қолданылады.
Барлық науқастарға өз диагнозына сәйкес физиопроцедуралар жасалады: ультражоғары жиілікті (УЖЖ-УВЧ), электрофорез, соққылы–толқындық терапия, емдік дене шынықтыру (ЕДШ), массаж, кварц, «Биоптрон», «Экран», «Ультротон» жабдықтары арқылы ем, емдік ванналар қолданылады. Бұл тексерулер мен емдеу нәтижесінде науқастарға дер кезінде және сапалы медициналық қызмет көрсетіледі. Бөлімше қызметкерлері өз білім деңгейлерін ұдайы жетілдіріп тұрады. Бөлім қызметкерлері аурухананың дамуына барынша өз үлестерін қосуда.
4-02-2021, 16:11

Хирургиялық бөлімше

Қазалы темір жол ауруханасының хирургиялық бөлімшесі үш қабатты типтік аурухананың 2-ші қабатында орналасқан. Бөлімше 10 төсек-орынға есептелген. Бөлімшеде 3орындық 3 палата, 2 орындық 2 палата, 1 орындық  3 палата,
Таңу №1 бөлмесі, таңу №2 бөлмесі, егу бөлмесі, асхана, дәрігерлер бөлмесі, залалсыздандыру сұйықтығын жасау бөлмелерінен тұрады. Операция жасау бөлімі, трансфузиология бөлмесі, стерилизация бөлімі бөлек қанатта орналасқан. Сол себепті қазіргі кездегі стандарттарға сай ота жасау мүмкіншілігі бар. 
Операция жасау бөлімі үлкен және кіші зал, операция алды бөлмесі, дәрігерлер бөлмесі, мейіркештер бөлмесі, стерильді аспаптарды сақтау бөлмелерінен тұрады. Операциялық құралдардан: видеолапароскопиялық қондырғы, травматологиялық, жалпы хирургиялық, нейрохирургиялық жиынтықтармен толық жабдықталған.  
Хирургия бөлімшесінің меңгерушісі екінші  санатты дәрігер-хирург Жасанов Ерболат Ермекбаевич, жұмыс өтілі – 19 жыл. Травматолог-ортопед дәрігер Әскербеков Ырысбек Уәзірбекұлы, жұмыс өтілі - 8 жыл. Хирург дәрігер Әбиболла Ислам Сәдуақасұлы, жұмыс өтілі – 
3 жыл.
Бөлімшеде  травматологиялық-ортопедиялық көмек көрсетілуде. Осы аралықта жамбас буындарын ауыстыру, сынған сүйектерді интрамедуллярлық остеосинтездің қазіргі заманғы әдістерімен қалпына келтіру оталары жасалады. «С-дуга» құрылғысы 2016 жылы алынып, ота барысында кең қолданылуда. Лапароскопиялық   қондырғы 2002 жылы алынып жұмыс істеуде. Лапароскопиялық оталардан холецистэктомия, асқазан ойық жарасын тігу, аппендэктомия оталары жасалуда. 
2020 жылы хирургиялық бөлімшеде күрделі жөндеу жұмысы жасалды. Барлық есік, терезелер пластикке ауыстырылды, палаталардың едендеріне паркет салынды.
Осы қабатта реанимация бөлімі 8 орындық болып жұмыс істеп тұр. Реанимация бөлімі 8 төсек орынға есептелген. Реанимация бөлімі орталықтандырылған оттегі орталығына қосылған. Барлық құрал-жабдықтармен: мониторлар, дефибриллятор, тыныс алдыру аппараттарымен және дәрі –дәрмектермен толық қамтамасыз етілген. 2021 жылы «Фабиус» атты операция кеізнде жасанды тыныстандыру аппараты алынды

   
3-02-2021, 16:13

Ақылы бөлімше

Сервистік бөліменің басты мақсаты - ауруханаға келген әрбір науқасқа сапалы әрі білікті мамандандарылған және заманауи технологиялар арқылы қызмет көрсету. Қазалы темір жол ауруханасының ақылы қызмет бөлімшесі   04.07.2007 жылдан бастап өз қызметін «Ақылы бөлім» болып бастады. Пациенттерді стационарға емдеуге жатқызу тәулік ішінде жүргізіледі. Емдеуге жатқызу күні түскен уақытына қарамастан емдік-диагностикалық ем-шаралар тағайындалады және емдәмдік тамақтандыру ұйымдастырылады. Барлық науқастарға өз диагнозына сәйкес физиопроцедуралар жасалады: ультражоғары жиілікті (УЖЖ-УВЧ), электрофорез, соққылы–толқындық терапия, емдік дене шынықтыру (ЕДШ), массаж, кварц, «Биоптрон», «Экран», «Ультротон» жабдықтары арқылы ем, емдік ванналар қолданылады. Бұл тексерулер мен емдеу нәтижесінде науқастарға дер кезінде және сапалы медициналық қызмет көрсетіледі. Бөлімше қызметкерлері өз білім деңгейлерін ұдайы жетілдіріп тұрады. Бөлім қызметкерлері   аурухананың   дамуына барынша өз үлестерін қосуда. Ақылы  бөлме   3 қабатты ғимараттың 1-ші қабатында орналасқан. Науқастардың қолайлы емделуі үшін 1 орындық стандартты 2 палата және 2 адамдық 4 палата бар. Олар себізгімен,  тазалық - торабымен,  теледидармен, тоңазытқышпен жабдықталған және барлық палатада  әжетхана орналастырылған, ыстық сумен жабдықталған. Барлық палаталар жарық, бөлмелердің бәріне пластикалық есік, терезелер орнатылып, едендері паркетпен жабылған.
Көк тамырға және бұлшық етке егу үшін ем қабылдау бөлмесі бар. Ол барлық қажетті құралдармен, дәрі-дәрмекпен жабдықталған.
Емдеудің ең бір негізгі құрылымы дұрыс емдік тамақтану болып табылады. Оны аурухананың кәсіби аспаздары дайындайды. Науқастар асты әдемі, жарық, таза асханада қабылдай алады. Асханада ыстық су үнемі үзіліссіз ағып тұрады. Онда науқастарға арналған  «Денсаулық дастарханы» деп аталатын диеталық тағамдар тақтасы бар.
Емделушілерге қамқорлық көрсету бұл үлкен құрмет және жауапкершілік. Өз денсаулықтарын ауруханамыздың кәсіби мамандарына сеніп тапсырып, мыңдаған адамдар күн сайын денінің саулығына, болашақтағы еңбек қабілеттігіне деген сеніммен өмір сүреді.
«Қазалы теміржол ауруханасы» ел талғамынан табылып жүрген іргелі мекеме. Нарықтың сынағынан сүрінбей өтіп, қалыптасуына бас дәрігердің сіңірген еңбегі ерекше. Ол «өзіне талап қоя білу, ұстамдылық пен мақсат қоюшылық – нағыз медициналық қызметкердің сапасын анықтайтын қасиеттер» - дейді. Мекеме табысының кепілі ұжымның жоғары кәсіби біліктілігі, қызметкерлер білімдерін жетілдіру, оның ішінде науқастарға деген мейірімділік пен қамқорлық қарым-қатынастың жасалуы екенін атап көрсетеді.
Талмай ізденетін басшы өзгелерден де соны талап етеді. Ауруханадағы дәрігерлердің басым бөлігі жоғарғы  және бірінші санатты болуы сөзіміздің дәлелі.
Ақылы бөлімшеде: бірінші санатты невролог дәрігер Балдақов Нұрдаулет Серікұлы, 
Айжарикова  Бақыт Шалғынбайқызы, бірінші санатты невролог дәрігер   Өтеулі Шолпан Қарақұлқызы, бірінші санатты  хирург-уролог дәрігер Жасанов  Ерболат Ермекбайұлы, бөлім меңгерушісі  дәрігер   Ашикбаева Асия Алиханқызы. және  Сейдахметова  Перизат   Сериккызы - Екінші санаттағы терапевт -инфекционист дәрігер.
Бес мейіргер, олардың ішінде - Мусаева Хадиша Абди-Камаловна- жоғары санатты мейіргер ,Өтеп Мақпал -бірінші  санатты   мейіргер,  Абилдаева Баян,   Нарегеева Гулшат -екінші санатты медбике,    Кезекші медбикелер: Оразхан Саяжан , Әміре Айзере .                                     Орта жас  буынды  қызметкерлер қызмет атқарады. Кіші  буын қызметкерлері  жауапты аға тазалықшы ҚожахА, тазалықшылар  Байназарова А, Көпбай  А, Қалжанова Б, Здан А. бөлімнің және науқастардың жағдайына, тазалығына   қызметік міндеттерін, тазалау жұмыстарын талапқа  сай орындайды.
Бөлімшеде терапиялық бейін бойынша жүрек-қан тамырлар ауруларын, асқазан, жүйке ауруларын жоспарлы емдеу, алдын-алу шаралары жүргізіледі.

3-02-2021, 11:00

Аурухана дәріханасы

Теміржол ауруханасының дәріханасы типті аурухананың 1-ші қабатында орналасқан. Ауруханаішілік дәріханада 2 провизор, 2 фармацевт және 2 тазалықшы жұмыс істейді. 


Дәріхана жұмысына жауапты жоғары санатты провизор дәріхана меңгерушісі Қарабала Кулайша Жалиқызы. 2018 жылы болған  Республикалық «Жылдың үздік провизоры» сайысына қатысып 1-ші орын иегері атанды. ДС министрі Біртановтың атынан «Үздік провизор» статуясымен және дипломмен марапатталды. Сонымен қатар дәріханада провизор аналитик Қабылова Салтанат, фармацевтер Айтмырзаева  Асем,   Демекбай Гулбақыт жұмыс істейді. Дәріханада ыдыс жуу бөлмесі, заласыздандыру бөлмесі, ассистент бөлмесі және асептикалық  бөлмесі, санитарлық бөлмелер, шаруашылық бөлмесі, демалыс орны бар. 

Дәріханада егуге арналған, құюға арналған сұйық дәрілер, ішуге және сыртқа қолдануға арналған сұйықтар, жақпа майлар, ұнтақтар және көз дәрілері – барлығы 40-қа жуық түрлі дәрілер дайындалады.
 Оған қоса аурухананың 3-ші қабатында дәріхана қоймасы орналасқан. Онда сангигиена бөлімі, дайын дәрілер бөлімі, дезинфекциялық заттар қоймасы, , спиртті сақтайтын бөлме орналасқан. Аурухананың 1-ші қабатында дәріхана мен ақылы бөлімде науқастарға берілетін дәрілер сақтайтын бөлме. есірткілік және психотроптық заттарды сақтайтын бөлме орналасқан. Дәрілерді бөлімшелерге және медпунктерге дәріхана меңгерушісі береді. Ай сайын "1-С” бағдарламасы бойынша айлық есеп жүргізіледі, материалдық есеп құрастырылады. Дәріханада өрт қауіпсіздік дабылы мен есірткі және психотропты дәрілер сақтайтын бөлмеде жарықты дыбыстық дабылы орналасқан және ол аудандық күзет бөліміне қосылған.
 Ауданда су сапасының өте нашар болуына байланысты дәріханада "Гейзер” сүзгіші сорғышымен қосылған және сүзгіден аққан суды жинау үшін 2000 и 1000 литрлік  су жинайтын құты орналасқан.
 Стерильді дайындаған дәрілердің "К-2” және "К-3” қақпағын жабатын аппарат қолданылады. Оның біреуі 1994 ж. Болгарияда жасалған, ал екіншісі – 2010 ж Тюменде жасалған. 2010 ж жаңадан электронды таразы алынды ұнтақ өлшеуге.
 Дәріханада негетоскоп "УК-2” бар, дайындалған дәрілердің ішіндегі қосалқы түйіршіктерді тексеру үшін арналған.
 Дәріханада  2010 ж алынған рефрактометр. Рефрактометрмен дайындаған дәрілердің концентрациясы тексеріледі.
 Дәріханада дайындалған дәрілерге толық фармхимиялық тексеру жасалады, сонымен қатар тазартылған залалсыздандырған судың сапасы күнделікті тексеруден өткізіледі.
 Екі  "ВК-75” – 2010 ж және 2016 ж автоклавтары бар, дистиллятор "АЭ-25” – 2009 ж және 2020 ж алынған АЭ-25 дистилляторлары бар. Натрий хлориді ұнтағы мен шыны құтыларды залалсыздандыруға арналған термостат бар.

3-02-2021, 00:10

Қазалы теміржол ауруханасының нейроинсульт орталығы

 Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 2016 жылғы №178 бұйрығына сәйкес 2016 жылдың 15 ақпанында 20 төсек орынды нейроинсульт орталығы Қазалы теміржол ауруханасынан ашылды. 
Негізгі мақсат: бөлімшеге келген науқастарға жоғары дәрежелі медициналық көмек көрсету, диагноздарын анықтап, стандарттарға сәйкес жоғарғы сапалы ем жасау. Дәрігерлер мен мейіргерлердің білім дәрежесін шыңдау, деонтологияны сақтай отырып халыққа арнайы көмек көрсетуді жақсарту.
Қабылдау бөлімінде науқасты қабылдағаннан кейін науқастың маңызды тіршілік қызметтері, жалпы жағдайы, Глазго комасы шкаласы бойынша науқас санасының деңгейін, неврологиялық статусы бағаланып, лабораториялық және аспаптық тексеру ұйымдастырылады.
Витальды қызмет бұзылысы (санасының бұзылысы, тыныс, жүрек - тамыр қызметінің бұзылысы (аритмия, жүрек тоқтауы) бар жоғы ескеріліп, ЭКГ, кубитальды катетер қою, гематологиялық тексеру (20 мин.), тромбоцит, гематокрит, АЧТВ, ПВ - МНО, фибриноген, қансырау уақытын анықтау, гемоглобин, лейкоцит, қандағы қант деңгейі анықталады. 
Оксигенотерапия, ИВЛ, оро - немесе назотрахеальды интубация, АҚҚ коррекциясы, антиаритмиялық терапия (реанимациялық шаралар) жасалады. Қабылдау бөлімінде 24 сағат бойы қызмет ететін ми КТ-сы (20 мин.) жасалып, инсульт түріне байланысты, ишемиялық инсульт болған жағдайда медикаментозды реперфузионды терапия жүргізу жөнінде мәселені шешу (алғашқы 3 сағатқа терапиялық терезе уақытына сай болғанда), реанимациялық палата жағдайында. 
Геморрагиялық инсульт болған жағдайда науқас нейрохирургпен қаралғаннан кейін егерде жедел гидроцефалия, хирургиялық қолжетімді ауқымды бас ми ішілік гематома анықталса науқасқа жедел түрде нейрохирургиялық ота жасалады. Қалған геморрагиялық инсульттар реанимация бөліміне жатқызылып, гемодинамикалық көрсеткіштері, бас ми ісінуі мен шемені басылған кезде инсульт бөлімінің интенсивті терапия палатасына жатқызылады, барлық жалпы милық және ошақтық неврологиялық белгілер басылғаннан кейін, науқас жағдайын қалпына келтіру мақсатында науқасты ішкі лимит арқылы нейрореабилитация бөліміне ауыстырылады.
Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Ш.Әлназарованың №178 бұйрығына сәйкес 2016 жылдың 15 ақпан айынан бастап Қазалы теміржол ауруханасынан ашылған инсульт орталығы қызметін жоғары сапалы медициналық көмектер көрсетуде. 
Ауруханада инсульт орталығының ашылу себебі ауруханада:
1. Тәулік бойы КТ диагностика тексерулері.
2. Тәулік бойы лабороториялық қызмет.
3. Экстракраниальды тамырларды дуплексті сканерлеу.
4. Мамандандырылған дәрігерлер (невролог - 3, реабилитолог - 1, Реаниматолог - 5, нейрореаниматолог - 2, нейрохирург - 1, кардиолог - 1, окулист - 1, функциональды диагностика дәрігері - 1, логопед - 1, психолог - 1).
5. Тәулік бойына кезекшілікпен қамтамассыз етілген реанимациялық бөлімше.
Ауруханада тәулік бойы КТ диагностика, лаборотория, Экстракраниальды тамырларды дуплексті сканерлеу, невролог, нейрореаниматолог, кардиолог мамандарымен толық қамтамасыз етілген.
Науқасқа 20 - 40 минут көлемінде бүкіл тексерулер жүргізіп, мамандармен кеңес алынып, нақты диагноз қойылып тромболизистік немесе оперативті ем жүргізіледі.
Дәрігерлермен, мейіргерлермен және кіші буын медицина қызметкерлерімен толық қамтамасыз етілген.
Сонымен қатар Инсульт орталығында қазіргі таңда ерте оңалту бөлімі -10 төсек, кеш оңалту бөлімі - 10төсек жұмыс істейді. Онда науқастарды жоспарлы түрде қабылдап, емдеу іс-шаралары жүргізіледі.
Қазалы теміржол ауруханасы ЖШС нейроинсульт орталығын 1 категориялы невролог Шолпан Қарақұлқызы басқарады, жауапты мейіркеші Маханбеталиева Айнур Тогаймураткызы.

2-02-2021, 17:22

Реанимациялық бөлімше

Жан сақтау (реанимациялық) бөлімше 1995 жылы ашылған. Бөлімше ғимараттың 
2-ші қабатында бір корпуста орналасқан. Штаттық реанимациялық төсек саны – 9, 
нақты - 5. Бөлімшені І санатты дәрігер, анестезиолог реаниматолог Қуанышбаев Ж.С. басқарады.
 Жан сақтау бөлімшесінде тұрақты (штаттық) персонал саны бар: дәрігерлер-3.
 І-санатты дәрігер Қалилаев Д. Б., І санатты дәрігер Төлегенов Б. О., Бекеев А.С. Бөлімшенің 
І санатты аға мейіргері Аханова Г. Ш., орта медициналық персонал - І санатты Маханова О. О., Захар Л. Н., ІІ санатты Шәкім Ф. М., Нұрлан Р.Н.,Өтеулі Н.Б.
 
 Бөлімшенің бейіні аралас, балалар, хирургиялық, неврологиялық, терапиялық бөлімше ретінде басқа бөлімшелермен өзара байланысты және 

сабақтастықты жүзеге асырады. 2016 жылы нейроинсульт бөлімшесі ашылды. Операция алдында дәрі-дәрмекпен дайындауды және операциялар, диагностикалық және емдік рәсімдер кезінде анестезия жүргізуді, сондай-ақ наркоздан кейінгі кезеңде науқастардың жай-күйін бақылауды жүзеге асырады.
 
 Көрсетілімдер бойынша реанимация және қарқынды терапия палаталарында науқастарға экстракорпоралдық детоксикация және гипербарикалық оксигенация әдістерімен ем жүргізіледі.
 
 Жансақтау бөлімшесі заманауи аппараттармен жабдықталған:
 
 - Өкпені желдетуге арналған "Drager Savina 300" аппараты
  -Өкпені желдетуге арналған "Drager Savina " аппараты
 
 - Өкпені желдетуге арналған "Drager Fabius Tiro" аппараты
 
 -Балаларға өкпені желдетуге арналған  “Aeomed” аппараты
 
 -  УДЗ  аппараты “DP-6600”
 
 - "Поток" балалар тыныс алу аппараты»
 
 - Анестезия және қарқынды терапия кезіндегі науқастың функционалдық жағдайының "MINDRAY РМ - 7000" мониторы
 
 
-Анестезия және қарқынды терапия кезіндегі науқастың функционалдық жағдайының "Ordamed Primo i3" мониторы
Анестезия және қарқынды терапия кезіндегі науқастың функционалдық жағдайының " MARS XM10" мониторы
 
 - Балалар мониторы
 
 - "ЭЛЕМА-НАМ 1" электроаспираторлар (сорғыштар);
 
 - "YTEC ОМ-1" электр аспираторлары (сорғыштар)»
 
 - пульсоксиметрлер " Pulse Oximeter»
 
 - пульсоксиметр "OXY500»
 
 - функционалдық механикалық матрац "Armed»
 
 - Ойылуға қарсы матрацтар
 
 - ПЕРФУЗОРЛАР (шприцті сорғылар) "SEP-10»;
 
 
 -Инфузиялық  шприцті соргылар  DAIWHA DS-3000

 - Синхрондалатын дефибриллятор " ДФР-2»
 
 - ЭКГ аппараттары;
 
 Әрбір палата орталықтандырылған оттегімен қамтамасыз етілген:
 
 - оттегі концентраторы 7F-5W Oxygen Concentrator
 
 - Oxygen концентраторы оттегі концентраторы
 
 -7 F-1L "Armed" оттегі концентраторы
 
 - "ЕРОС" газ бен электролиттердің, қан метаболиттерінің портативтік талдауышы»
 
 – Экспресс-диагностиканың" Triage Meter Pr" - "Shangrila 510" портативті наркоз жүйесі
 
 
 Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі жансыздандыру, реанимация және қарқынды 

терапияны толыққанды жүргізу үшін қажетті мөлшерде дәрі-дәрмектермен және инфузиялық құралдармен жабдықталған 
(жаппай түскен жағдайда бөлімшеде әрбір мекеме үшін саны мен номенклатурасы бойынша бекітілетін қол сұғылмайтын қор құрылады).
 Бөлімше өз қызметін ҚР ДСМ 26.04.2023 ж. № 78 нормативтік-құқықтық актілеріне (НҚА) сәйкес атқарады.
 
 
 

 

1-02-2021, 16:12

Балалар бөлімшесі

Қазалы темір жол ауруханасының балалар   

Балалар бөлімшесі үш қабатты типтік аурухананың 1-ші қабатында орналасқан. Бөлімше 12 төсек-орынға есептелген. Бөлімшеде 4 орындық 3 палата, 2 орындық  1 палата -реабилитация палатасы бар. Егу бөлмесі, асхана, ойын бөлмесі және ингаляция бөлмесі мен бөлім  меңгерушісінің бөлмелері бар. 
   Бөлімшенің негізгі мақсаты: бөлімшеге келген науқастарға жоғары дәрежелі медициналық көмек көрсету, диагноздарын анықтап, стандарттарға сәйкес жоғарғы сапалы ем жасау,дәрігерлер мен мейіргерлердің білім дәрежесін шыңдау, этикадеонтологияны сақтай отырып халыққа арнайы көмек көрсетуді жақсарту. Бөлімше меңгерушісі жоғары  санаттағы педиатр   Байбазарова Шара Кәрібайқызы, жұмыс өтілі -32 жыл.  Аға мейіргер Абдигаппарова Перуза Сайфуллақызы І-ші санатта жұмыс өтілі -31жыл 
Балалар бөлімі
Ингаляция – жөтелді емдейтін ең мықты әдіс. Оны жасайтын аппарат – небулайзер деп аталады. Небулайзер – жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарындағы қабыну ошағына дәрілік затты жеткізеді. Бұл емдеу әдісі қақырықты шығарып, жөтелді емдеуге қабілетті.
Ультрафиолет сәулесі - Жаңа туылған нәрестелердің физиологиялық сарғаюы. Жаңа туылған нәрестеде билирубин деңгейінің жоғарылауына байланысты көздің және терінің   сарғыш түске боялуы. Жаңа туылған нәрестелердің сарғаюы бар нәрестелерді жарықпен емдеуге болады, ол несеппен және нәжіспен жақсы шығарылады. Процедура барысында баланың көзі мықтап жабылуы керек. 
1)Тіркелген  балаларға алғашқы медициналық-санитарлық  көмек көрсетеді,профилактикалық шаралар кешенін өткізеді және ұйымдастырады. Дені сау балаларды динамикалық медициналық бақылайды.
2)Өкпені тиісінше кислород қосып желдету және организмнің тіршілік функцияларын қолдау (өкпені жасанды желдету аппаратының оңтайлы режимін және сәйкес параметрлерін орнату);
3)Баланың жағдайын мониторингтеу мен емдеу, аурудың  асқынудағы ықтимал себептерін қарау, ауырсынуды бақылау, қызудың көтерілуін қарау, оттегі терапиясын жүргізу және  дәрігердің берген ем шаралары бойынша орындалады.
4)Бөлімшеде оңалту палатасында  санаторий түріндегі медициналық ұйымдардың қалпына келтіре емдеу және медициналық оңалту төсектеріде жүзеге асырылған
Біздің оңалту орталығында бірнеше жылдан бері "Ана мен бала" бөлімі жұмыс істейді. Ата–аналар (аналар, әкелер, ата-әжелер) балаларымен 21 күн бірге тұрады, әлеуметтік-педагогикалық шараларға қатысады. Осыған сүйене отырып, осы бөлімде логопедиялық көмек ата-аналармен үнемі байланыста  отырып бірге жұмыс жасалады.
Оңалтуға келген балалардың көп жағдайда сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары басқа ақаулармен қатар жүретіндіктен, логопедиялық жұмыс күшейтілген күш-жігерді қажет етеді. 
Логопед келудің басында диагностикалық тексеруден өткізеді, содан кейін басқа мұғалімдермен бірге ата-аналармен әңгімелеседі және анамнестикалық мәліметтерді зерттейді, бөлім тәрбиешісіне балалардың сөйлеуін дамыту мәселелері бойынша кеңес береді.
Ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты, ойын және күнделікті жұмыс кезінде баланың мінез-құлқын бақылаудың маңызы зор.

   
1-02-2021, 16:12