Гинекология бөлімшесі

Гинекология бөлімінде 15 қызметкер жұмыс жасайды. Қызметкерлердің ішінде 1 дәрігер, орта медициналық қызметкер - 7 , кіші медициналық 6 қызметкер еңбек етеді. Ұжымдастардың жұмыста біліктілігі , мақсатқа талпынушылық, тәртіптілік, бойларында инабаттылық орын алған. Қызметтік міндеттерін адал орындайды, табандылық пен бастамашылық байқатады. Қызметкерлер жоғары еңбек қабілеттілігімен ерекшеленеді. Қол жеткізген нақты нәтижелері үшін қызметкерлеріміз мақтау қағаздарымен марапатталған Гинекология бөлімшесі үш қабатты типтік аурухананың 1-ші қабатында орналасқан. Бөлімше 11 төсек-орынға есептелген. Бөлімшеде 3 орындық 1 палата, 2 орындық 4 –палата бар. Егу бөлмесі, асхана, манипуляция бөлмесі және бөлім меңгерушісінің бөлмесі бар. Бөлімшенің негізгі мақсаты: бөлімшеге келген науқастарға жоғары дәрежелі медициналық көмек көрсету, диагноздарын анықтап, стандарттарға сәйкес жоғарғы сапалы ем жасау,дәрігерлер мен мейіргерлердің білім дәрежесін шыңдау, этика-деонтологияны сақтай отырып халыққа арнайы көмек көрсетуді жақсарту. Бөлімше меңгерушісі І-ші санаттағы Опабекова Индира Ахмеуллақызы , жұмыс өтілі - 20 жыл. Аға мейіргер Смет Сақыпжамал Нұрыллақызы І-ші санатта жұмыс өтілі 18-жыл 
|