Хирургиялық бөлімше

Қазалы темір жол ауруханасының хирургиялық бөлімшесі үш қабатты типтік аурухананың 2-ші қабатында орналасқан. Бөлімше 10 төсек-орынға есептелген. Бөлімшеде 3орындық 3 палата, 2 орындық 2 палата, 1 орындық  3 палата,
Таңу №1 бөлмесі, таңу №2 бөлмесі, егу бөлмесі, асхана, дәрігерлер бөлмесі, залалсыздандыру сұйықтығын жасау бөлмелерінен тұрады. Операция жасау бөлімі, трансфузиология бөлмесі, стерилизация бөлімі бөлек қанатта орналасқан. Сол себепті қазіргі кездегі стандарттарға сай ота жасау мүмкіншілігі бар. 
Операция жасау бөлімі үлкен және кіші зал, операция алды бөлмесі, дәрігерлер бөлмесі, мейіркештер бөлмесі, стерильді аспаптарды сақтау бөлмелерінен тұрады. Операциялық құралдардан: видеолапароскопиялық қондырғы, травматологиялық, жалпы хирургиялық, нейрохирургиялық жиынтықтармен толық жабдықталған.  
Хирургия бөлімшесінің меңгерушісі екінші  санатты дәрігер-хирург Жасанов Ерболат Ермекбаевич, жұмыс өтілі – 19 жыл. Травматолог-ортопед дәрігер Әскербеков Ырысбек Уәзірбекұлы, жұмыс өтілі - 8 жыл. Хирург дәрігер Әбиболла Ислам Сәдуақасұлы, жұмыс өтілі – 
3 жыл.
Бөлімшеде  травматологиялық-ортопедиялық көмек көрсетілуде. Осы аралықта жамбас буындарын ауыстыру, сынған сүйектерді интрамедуллярлық остеосинтездің қазіргі заманғы әдістерімен қалпына келтіру оталары жасалады. «С-дуга» құрылғысы 2016 жылы алынып, ота барысында кең қолданылуда. Лапароскопиялық   қондырғы 2002 жылы алынып жұмыс істеуде. Лапароскопиялық оталардан холецистэктомия, асқазан ойық жарасын тігу, аппендэктомия оталары жасалуда. 
2020 жылы хирургиялық бөлімшеде күрделі жөндеу жұмысы жасалды. Барлық есік, терезелер пластикке ауыстырылды, палаталардың едендеріне паркет салынды.
Осы қабатта реанимация бөлімі 8 орындық болып жұмыс істеп тұр. Реанимация бөлімі 8 төсек орынға есептелген. Реанимация бөлімі орталықтандырылған оттегі орталығына қосылған. Барлық құрал-жабдықтармен: мониторлар, дефибриллятор, тыныс алдыру аппараттарымен және дәрі –дәрмектермен толық қамтамасыз етілген. 2021 жылы «Фабиус» атты операция кеізнде жасанды тыныстандыру аппараты алынды

   
3-02-2021, 16:13
9 483 просмотров
Нашли ошибку?