2019 жылға арналған ақылы қызмет прейскуранты

2-08-2019, 10:29
Плазмаферез

Плазмаферез арқылы көптеген ауруларды емдеп, көмек көрсетуге болады. Оның ішінде:
1. Тері қабатының аурулары: псориаз, аллергиялық аурулар, дәріге, шаңға, тамақтарға аллергия, түрлі аллергиялар.2. Қан тамырлары, жүрек аурулары жүректің ишемиялық кеселі ЖИК-ИБС, артериалды гипертензия, жүрек инфаркті.
3. Тыныс жүйесінің аурулары: бронхиалды астма, өкпе қабынуының ауыр түрлері.
4. Ас қорыту жүйесінің аурулары: бауыр, ішек қабынуы, ұйқы безінің қабынуы.
5. Бүйрек аурулары.
6. Қан аурулары.
7. Әр түрлі уланулар.
8. Екі қабат кезіндегі токсикоз, улану, жатырдың іріңді септикалық қабынулары.
9. Эндокринды кеселдер.
10. Жұқпалы аурулар – сепсис, гепатит.

10-09-2014, 23:34
Скрининг

Сіздің денсаулығыңыз – өз қолыңызда!
Скрининг (screening – сараптау, іріктеу) – бұл ерте сатыда ауруларды және қауіпті факторларды анықтау үшін белгілі бір жастағы дені сау адамдардың алдын ала медициналық қаралудан өтуі.
Алдын ала медициналық қаралу – уақытылы емделу мен алдын алу, ауруларды ерте анықтау және ескерту мақсатында адамның денсаулық жағдайын бақылап отыру үшін жүйелі түрде дәрігерге қаралу әдісі.
Халықтың белгілі тобын скринингті қаралудан өткізудің мақсаты ауруды және оның пайда болуына септігін тигізетін қауіпті факторларды ерте сатыда анықтау болып табылады.
Сіздің жасыңыз скринингті тексерілуге тиісті болса, Сізді міндетті түрде тұрғылықты жеріңіздегі емхананыздан медициналық тексеруден өтуге шақырамыз!

АҚФ"Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары"-
Қазалы темір жол емханасы,
скринингке жауапты дәрігер,
Әйтеке би кенті,
Қазалы ауданы
16-08-2014, 14:04
Гемодиализ бөлімшесі

Бұл бөлімшеде Арал, Қазалы, Сексеуіл, Төретам станциясы тұрғындары расындағы науқастарға қызмет жасалады. Қазіргі таңда барлығы 14 науқас, күнара ем алуда. Гемодиализ алуға көрсетілімі - жедел және созылмалы бүйрек жетіспеушілігі немесе тапшылығы.

Гемодиализ бөлімі "Ren medical” ЖШС компаниясына қарасты.
Қазалы теміржол ауруханасындағы гемодиализ бөлімшесі – соның бір филиалы болып есептеледі. 5 төсектік бөлімше, 1 ауысымда 5 науқас қабылданады.
11-07-2014, 19:37
Барокамера

2007 жылдан бастап, ауруханада барокамера бөлмесі ашылды, ақылы бөлімнің ішінде І – қабатта орналасқан.
Онда бір орындық барокамера ОКА-мт халыққа қызмет көрсетеді.
Бұл салада қызмет көрсетіп жүрген мамандар: дәрігер – Жасулан Серикович Куанышбаев, инженер - Берик Аниятуллаевич Сахиев, мейіркеш - Жулдызай Бекболатовна Далиева. Аты аталған мамандар барокамераны пайдалану қыр-сырын оқып, арнайы дайындықтан өткендер.

1. Әр түрлі улану кезінде.
2. Жүрек, қан тамыр ауруы кезінде.
3. Өкпенің созылмалы қабынуларында.
4. Асқазан – ішек аурулары кезінде.
5. Бауыр ауруларында.
6. Орталық нерв жүйесі ауруларында.
7. Көз ауруларында.
8. Эндокриндік аурулар кезінде.
9. Хирургия саласында (ұзақ жазылмай жүрген жарақаттарда).
10. Екі қабат кезіндегі патологиялық жағдайларда.

Бұл әдіс тек ірі қалаларда, облыс орталықтарында қолданылады. Аудан жағдайында алысқа ақша шығындамай, тиімді көмек түрін пайдаланыңыз.
11-07-2014, 19:24
Сервистік қызмет бөлімшесі

Көк тамырға және бұлшық етке егу үшін ем қабылдау бөлмесі бар. Ол барлық қажетті құралдармен, дәрі-дәрмекпен жабдықталған.
Ем қабылдау арасында сіз тыныш холда туыстарыңызбен сұқбаттаса аласыз және медицина саласындағы, ауруханамыз жайлы барлық жаңалықтарды, бұйрықтарды холда орналасқан «Емдеушілер назарына» деген ақпараттық тақтадан оқып білуге болады.

Сервистік қызмет бөлімімен теміржол саласындағы мекемелердің келісім-шартқа отыруы дағдыға айналған. Мекеменің қаражатымен науқастанған жұмысшы-қызметкерлерге жолдама беріледі. Сонымен қатар, жеке тұлғалардың да өз қалтасынан ақы-пұл шығарып профилактика мақсатында емделуіне болады. Бұл бөлімшеге озық үлгідегі аппараттар қойылған.

Талмай ізденетін басшы өзгелерден де соны талап етеді. Ауруханадағы дәрігерлердің басым бөлігі жоғарғы және бірінші санатты болуы сөзіміздің дәлелі.

Қиын жағдайға тап болған жағдайда адамдар көбінесе осы сервистік қызмет бөлімшесінде ем қабылдауға тырысады. Себебі олар өздеріне стационарда ауруларын жеңіп шығатындай сапалы кепілдендірілген көмек көрсетілетініне сенімді.
Емделушілерге қамқорлық көрсету — бұл үлкен құрмет және жауапкершілік. Өз денсаулықтарын ауруханамыздың кәсіби мамандарына сеніп тапсырып, мыңдаған адамдар күн сайын денінің саулығына, болашақтағы еңбек қабілеттігіне деген сеніммен өмір сүреді.
4-07-2014, 16:11
Емдік ванна қабылдау бөлмелері

Сумен емдеу бөлімінде 4 ванна, 3 себізгі кабинасы, 2 джакузи орналасқан. Іші таза, жарық, демалатын, сусын ішетін орны бар. Ерлерге және әйелдерге арнайы жеке бөлмелер қарастырылған.
Әр түрлі емдік шөптер мен тұздардың түрлері бар: қылқанжапырак, шатыраш, қалақай, жасмин, түймедақ, итошаған, йод-бромды, теңіз тұзы. Олардың қабынуға қарсы, тыныштандыратын және сергітетін әсері бар, ұйқыны жақсартады, шаршағанды басады, жүйкенің асқан қозуын түсіреді.
Теріні жақсартып, оның тонусын көтеріп, қартаю үрдісінің алдын алады. Аяқты бұлау, «тырнақты нығайту үшін» бұлау түрінде және остеохондроз, артроз бен артриттердің алдын алуға, бойдағы салқынға, буын ауруларына тигізер пайдасы мол.


12-06-2014, 00:38