Реанимациялық бөлімше

Жан сақтау (реанимациялық) бөлімше 1995 жылы ашылған. Бөлімше ғимараттың 2-ші қабатында бір корпуста орналасқан. Штаттық реанимациялық төсек саны – 9, нақты - 5. Бөлімшені І санатты дәрігер, анестезиолог – реаниматолог Қуанышбаев Ж.С. басқарады. Жан сақтау бөлімшесінде тұрақты (штаттық) персонал саны бар: дәрігерлер-3. І-санатты дәрігер Қалилаев Д. Б., І санатты дәрігер Төлегенов Б. О., Бекеев А.С. Бөлімшенің І санатты аға мейіргері Аханова Г. Ш., орта медициналық персонал - І санатты Сейтмамбет К. К., Маханова О. О., Захар Л. Н., ІІ санатты Шәкім Ф. М., Жұбанов А. Т. 

Бөлімшенің бейіні аралас, балалар, хирургиялық, неврологиялық, терапиялық бөлімше ретінде басқа бөлімшелермен өзара байланысты және сабақтастықты жүзеге асырады. 2016 жылы нейроинсульт бөлімшесі ашылды.                                                                                           Операция алдында дәрі-дәрмекпен дайындауды және операциялар, диагностикалық және емдік рәсімдер кезінде анестезия жүргізуді, сондай-ақ наркоздан кейінгі кезеңде науқастардың жай-күйін бақылауды жүзеге асырады.                                                                       

Көрсетілімдер бойынша реанимация және қарқынды терапия палаталарында науқастарға экстракорпоралдық детоксикация және гипербарикалық оксигенация әдістерімен ем жүргізіледі.                                                                                                    

Жансақтау бөлімшесі заманауи аппараттармен жабдықталған: 

- Өкпені желдетуге арналған "Drager Savina 300" аппараты 

- Өкпені желдетуге арналған "Drager Fabius Tiro" аппараты

- "РО-6-06" наркоз аппараты»;                                                                                        

- Наркоз аппараты " РО-03-06» 

- "Поток" балалар тыныс алу аппараты» 

- Анестезия және қарқынды терапия кезіндегі науқастың функционалдық жағдайының "MINDRAY РМ - 7000" мониторы            

- Балалар мониторы 

- "ЭЛЕМА-НАМ 1" электроаспираторлар (сорғыштар)

- "YTEC ОМ-1" электр аспираторлары (сорғыштар)»

- пульсоксиметрлер " Pulse Oximeter» 

- пульсоксиметр "OXY500» 

- функционалдық механикалық матрац "Armed»                                                                  

- Ойылуға қарсы матрацтар 

- ПЕРФУЗОРЛАР (шприцті сорғылар) "SEP-10»; 

- Синхрондалатын дефибриллятор " ДФР-2» 

- ЭКГ аппараттары; 

Әрбір палата орталықтандырылған оттегімен қамтамасыз етілген:                                            

- оттегі концентраторы 7F-5W Oxygen Concentrator                                                               

- Oxygen концентраторы оттегі концентраторы                                                                         

-7 F-1L "Armed" оттегі концентраторы 

- "ЕРОС" газ бен электролиттердің, қан метаболиттерінің портативтік талдауышы»

– Экспресс-диагностиканың" Triage Meter Pr"                                                                           - "Shangrila 510" портативті наркоз жүйесі 

- УДЗ аппараты. 

Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі жансыздандыру, реанимация және қарқынды терапияны толыққанды жүргізу үшін қажетті мөлшерде дәрі-дәрмектермен және инфузиялық құралдармен жабдықталған (жаппай түскен жағдайда бөлімшеде әрбір мекеме үшін саны мен номенклатурасы бойынша бекітілетін қол сұғылмайтын қор құрылады).    Бөлімше өз қызметін ҚР ДСМ 16.09.2017 ж. № 763 нормативтік-құқықтық актілеріне (НҚА) сәйкес атқарады.


1-02-2021, 16:12
7 493 просмотров
Нашли ошибку?