» » Диагностикалық зерттеулерге науқас қалай дайындалуы керек?

Диагностикалық зерттеулерге науқас қалай дайындалуы керек?


Диагностикалық зерттеулерге науқас қалай дайындалуы керек?Спирографиялық зерттеуге дайындық

Спирограф медициналық аппаратына зерттеу аш қарынға жүргізіледі. Зерттеу алдында науқастың кем дегенде 1 сағат (15-20 минут) жатып, тынығуы керек. Зерттеу алдында темекі шегуге, кофе, шай ішуге болмайды.

Сурет IRecommend сайтынан алынды

 


 

 

 



Диагностикалық зерттеулерге науқас қалай дайындалуы керек?ЭХО-КГ- Эхо кардиограф зерттеуге дайындық

ЭХО-КГ медициналық аппаратына зерттеу үшін арнайы дайындық қажет етілмейді.

Өзіңізбен бірге: 3 ай бұрынғы ЭКГ қорытындысын және алдыңғы зерттеулер нәтижелерін, қағаз сүлгі әкелу қажет.

Ескерту: Тексерілу алдында жуынып келген жөн.

Фото Береги сердцесайтынан алынды

 

 



 

 

 

 


Диагностикалық зерттеулерге науқас қалай дайындалуы керек?Холтерлік мониторирлеу (ХМ КГ)

Өзіңізбен бірге:

- 6 ай бұрынғы ЭКГ қорытындысын;

- ЖИА және инфаркттан кейінгі кардиосклероз диагнозы қойылған науқастарға - 1 ай бұрынғы ЭКГ-қорытындысын;

- Миокард инфарктысы бар науқастарға – 6 ай бұрынғы ЭХО-КГ қорытындысын алып келу қажет.

Мақтадан тігілген таза майка киіп келу және сырқат өзінің бой өлшемі мен салмағын білуі керек. Тексерілу алдында көкіректегі түктерді қырып, шомылып келген жөн.

Сурет www.diagnos.ru сайтынан алынды

 

 

 

 


 

Диагностикалық зерттеулерге науқас қалай дайындалуы керек?Электрокардиограмма (ЭКГ)

ЭКГ – 15-20 минуттық тынығудан кейін жүргізіледі.Тексерілу алдында тойып тамақтануға болмайды

 

Фото med88.ru сайтынан алынды

 

 

 

 


 

 

 

Диагностикалық зерттеулерге науқас қалай дайындалуы керек?Колоноскопия

Колоноскопия медициналық аппаратына дайындық реттілігі

1. 3-4 тәулік бұрын жеңіл тамақтану;

2. 1 күн бұрын сағат 15.00 де 50 г зәйтүн майын ішу, егер науқастың іш қаталауы болса бұл препараттарды тәулігіне 2 рет тағайындау;

3. Тексеру алдындағы кеште және ертеңгілік диагностикалық зерттеу алдында тазалау клизмасын жасау;

4. Ем-шараны ашқарынға жүргізу.

Фото Stopgemor.ru сайтынан алынды.

13-02-2018, 14:29
2 410 просмотров
Нашли ошибку?