Теміржол ауруханасының неврологиялық (жүйке) бөлімшесі типті аурухананың 2-ші қабатында орналасқан. Бөлімше 10 төсек-орынға арналған. Бөлімшеде бас ауруы, бел ауруы, ми қан тамырларының зақымдалуымен ауырған науқастар емделеді. Бөлімшеде 1 дәрігер жұмыс істейді.
Бөлімше меңгерушісі – Өтеулі Шолпан Қарақұлқызы, аға мейірбикесі – Елюбаева Іңкәр Уликпанқызы.
Жауапты мейірбике, ауысымдағы мейірбикелер және кіші мейірбикелер жұмыс атқарады. Бөлімшеде дәрігерлер, егу бөлмесі, санитарлық бөлмелер, шаруашылық бөлмесі, асхана бар. Палаталары 5, 4 және 2 адамдық бөлмеде сервистік палаталар жұмыс жасайды. Науқас жататын бөлмелер тұрмысқа қажетті барлық заттармен қамтамасыз етілген. Емдеу барысында стандарт бойынша жаңа технологиялық дәрі-дәрмектер қолданылады.
Барлық науқастарға өз диагнозына сәйкес физиопроцедуралар жасалады: ультражоғары жиілікті (УЖЖ-УВЧ), электрофорез, соққылы–толқындық терапия, емдік дене шынықтыру (ЕДШ), массаж, кварц, «Биоптрон», «Экран», «Ультротон» жабдықтары арқылы ем, емдік ванналар қолданылады. Бұл тексерулер мен емдеу нәтижесінде науқастарға дер кезінде және сапалы медициналық қызмет көрсетіледі. Бөлімше қызметкерлері өз білім деңгейлерін ұдайы жетілдіріп тұрады. Бөлім қызметкерлері аурухананың дамуына барынша өз үлестерін қосуда.